» » » коучинг - сессия жоспары


коучинг - сессия жоспары

ОҚО,Мақтарал ауданы, "Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебінің" жоғары санатты тарих пәні мұғалімі Алибекова Тарбия Кантургановнаның мектептегі тәжірибе кезеңіндегі өткізген коучинг - сессия жоспары.

№2 коучинг - сессия

Күні –айы

28.04.2014 жыл

 

Сабақтың

тақырыбы :

"Оқытудағы жаңа тәсілдер арқылы дарынды және талантты оқушылардың шынайы қабілеттерін анықтау"

Жалпы

мақсаты :

1.Мұғалімдерді балаларға білім беруде жоғары жетістікке жету үшін қолайлы орта жасауға үйрету.

2.Дарынды және талантты оқушылар біртекті емес,олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстауға дағдыландыру.

3.Кейбір дарынды талантты оқушылардың оқуда қиындық көруі олардың шынайы қабілеттерінің көрінуіне кедергі болатынына көз жеткізу.

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық І деңгей 18 - 30 беттер,үлестірмелі материалдар,бейнежазбалар.

Күтілетін нәтижелері:

1.Мұғалім нақты мақсат қоя алады.

2.Оқушылардың төмендегі сипаттамаларын бере алады:

- Дарынды және талантты оқушылардың қалай оқитынын,табандылығын,сыни тұрғыдан ойлайтынын,қоғамдық көшбасшылығы туралы.

Негізгі түйінді идеялар:

1.Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ емес,олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие.

2.Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие.

3.Дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер,ата- аналар немесе балалардың өздері анықай алады.

4.Дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізімін ұсынған Макэлпайн мен Рид (1996) .

Сабақта қолданылатын материалдар

Бейне жазба, үлестірмелі материалдар , флипчарт , стикер, интерактивті тақта .

Оқыту әдістері

 

 

 

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

АКТ

СТО

1.Жеке жұмыс

2.Диалог

3.Жұптық жұмыс

4Топтық жұмыс

Дерек көздері

Бейнежазбалар , слайдтар

 

Тапсырмалар

Рөлдік ойындар,сұрақтарға жауап беру , үлестірмелі материалдар орындау, постер қорғау,ОҮБ.

Сабақ   бойынша  коуч пен   мұғалімдердің іс- әрекеті 

 

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

1.Кіріспе.

Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

(10 мин)

 

 

 

1.Топқа бөлу.Мұғалімдерге қайсы жыл мезгілінде туғанына қарай қатарға тұруға тапсырма беріледі.

2.Сергіту сәті.Әр топта бірінші тұрған мұғалімге өз есіміне бір сын есімді қосып айту тапсырылады, келесі мұғалімге әрі қарай жалғастыруға тапсырма беріледі.

3.Топтың ережесін құру тапсырылады.

1. Мұғалімдер қайсы жыл мезгілінде туғанына қарай топтарға бірігеді.

2.Ортаға дөңгеленіп тұру.

Шаттық шеңберін құрып, сын есімді қолдана отырып өз есімдеріне сөз тіркесін құрастыру.

3.Топ ережесін орындайды,бір-бірін құрметтейді.

ОҮБ

5 минғ

Смайликтер арқылы бағалату

Өз көңіл-күйлерін білдіреді

2. Ой қозғау. Қызығушылығын ояту.

"Бұлақ көрсең - көзін аш"

(20 мин)

1.Интерактивті тақтадан аудандық деңгейде мектебімізден пән олимпиадаларында,жыр-мүшайра сайыстарында,ғылыми жұмыстар байқауында жүлделі орын иеленген оқушылар мен олардың жетекші мұғалімдері туралы тұсаукесерді көрсете отырып,бүгінгі коучинг сессия тақырыбы қандай екендігін сыни тұрғыдан ойлана жауап беретін сұрақ қоямын.

2.Бейнежазба ұсыну."Ақыл жастан"

"Талантты және дарынды қазақ балалары"."Бала Жамбыл".

 

Жеке жұмыс жүргізеді.

Өздерінің ой-пікірлерін айтады.Тақырыпты ашып береді.

2.Бейнежазбалар туралы ой бөліседі. Бейнежазбаларды талдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

3.Мағынаны тану.Топтық жұмыс.

(20 мин)

1.Топтық тапсырма."Дарынды және талантты балаларға сипаттама" тақырыбындағы тапсырманы флипчарт қағаздарына жазу тапсырылды.Топтық жұмысты қорғау және бір - біріне сұрақтар қою тапсырылады.

Әр топ "Дарынды және талантты балаларға сипаттама" тақырыбына өз ойларынан постер дайындайды.Дайындаған постерлерін қорғайды.Бір - бірін тыңдайды,қорғау жұмыстарына байланысты сұрақтар қояды.

Оқыту үшін бағалау

5 мин.)

"Екі жұлдыз,бір тілек" формативті бағалау

Басқа топтардың жұмысына стикерлерге "Екі жұлдыз,бір тілек" жазып бағалайды.

5.Сергіту сәті.

Топпен жұмыс.

(5 мин)

"Қара жорға" бейнежазба биін интерактивті тақтада көрсете отырып,мұғалімдерді биге тарту.

Музыка ырғағымен қимыл-қозғалыс жасайды.

-Тоқтауға болмайды!

Кері байланыс.

Жеке жұмыс.

5 мин.

Мұғалімдер сабақ соңындағы көңіл-күйлерін білдіру мақсатында "Бас бармақ" әдісімен өздерін бағалайды.

Әрбір мұғалім "Бас бармақ" әдісімен өзін-өзі бағалайды.

7. 5 мин

Қорытындылау

Сұраққа жауап арқылы сабақ қорытындыланады.

Топтар сұраққа жауап береді.

8. 5 мин.

Рефлексия

"Бүгінгі сабақ ұнады ма?"

Сабақ не туралы болды?

Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?

Бүгінгі сабақ соңында қандай сезімде болдыңыз?

Әр мұғалім жеке рефлексия парағына бүгінгі сабақ туралы сезімдерін жазады.


Ілмек сөздер: коуч, сессия, жоспары
Автор: dauke | 14-04-2015, 22:35
Қарау саны: 3528
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :