Коучинг жоспары » Қазақша білім сайты
Жарнама



Коучинг жоспары

Коучинг- сессиясының жоспары 
Коуч: Қабақова Гүлназ - математика пәні мұғалімі, І деңгейлі мұғалім
Тақырыбы «Lesson Study»-мұғалімдердің білімін қалыптастыру және оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі. 
Мақсаты Ой-талқылар арқылы қатысушыларға «Lesson Study» әдісі туралы түсінік беріледі, идеялары мен жұмыс жасауларына өздерінің жеке түсініктерін зерттеп, қолдана алуын дамыту
Күтілетін нәтиже «Lesson Study» әдісі туралы түсінік қалыптасады, тәжірибелеріне қолдануға бағыт- бағдар алады, сыни ойлау дамиды.
Түйінді сөз Сын тұрғысынан ойлау,жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттігі уақыт күттірмейтіні дәлелді қажет етпейді
Ресурстар Постерлер, маркер, стикерлер, тарапта парақтар, видеоролик
Бағалау 1.Мұғалімдер арасында ынтымақтастық, сенімділік нығая түседі.
2.Пән мұғалімдері өзара шығармашылық топта «Lesson Study» тәсілімен жұмыс жасауды қарастыруға бағыт-бағдар алады

Сабақ барысы 
Сабақ кезеңдері Уақыт шеңбері Коучтың іс – әрекеттері және қатысушылардың іс –әрекеті 
Сәлемдесу 1минут Коуч коучингтің тақырыбын, мақсатын түсіндіреді
Жағымды ахуал 3 минут Шаттық шеңберге тұрып, жақсы тілектер айту
Топқа бөлу 3 минут Түстер арқылы түстерге қарай топтастыру.
Топ ережесін құру
Миға шабуыл 10 минут 1.Экраннан «Командалық жұмыс» атты бейне ролик көрсету
2.Топ мүшелері жеке-жеке және топта түйінді сөздер айтады.
3.Қатысушылардың ортақ шешімі.
4. Тақырыпты ашу, слайд көрсету.
Топпен жұмыс 
2+2+2 минут

4 минут
6 минут 1.«Lesson Study» тәсілі туралы мәтін беріліп, материалды оқып, жеке-жұптық-топпен жұмыс жасату
2.Топтар жеке постерге өз ойларын түсіреді.
3. Постерлерін қорғайды.
Рефлексия 10 минут Топ мүшелеріне сұрақтар қойылып, жауап алынады?
1.Коучинг –сессия басталғанда біз қандай әрекет орындадық?
2.Осы әрекетті сыныпта қолдануға бола ма?Неге?
3.Топқа бөлу әдісі сіз қолданып көресіз бе? Неге?
4.Топ болып жұмыс жасаған ұнады ма? Неге?
5. Біз қандай тәсілмен таныстық?
6.Сіз өз мектебіңізде «Lesson Study» тәсілін жүргізер ме едіңіз? Неге?
7. Бірлесіп зерттеу жұмысын жүргізер әріптес бар деп ойлайсыз ба?
8.Алдыңғы сұрақтар қою арқылы біз қатысушыларға нені үйретуге тырыстық деп ойлайсыз? 
Кері байланыс 2 минут «Плюс-Минус-Қызық» кері байланыс
Автор: Гулназ | 29-04-2015, 20:55
Қарау саны: 3203
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :