Оқыту мен оқуда өз тәжірибесінен енгізілгендігі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп С есебі » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Оқыту мен оқуда өз тәжірибесінен енгізілгендігі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп С есебі


Оқыту мен оқуда өз тәжірибесінен енгізілгендігі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп С есебі

Оқыту мен оқуда өз тәжірибесінен енгізілгендігі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп 
С есебі
Мен ақпаның үші күні мектептен «Өрлеу» педагог қызметкерлерлердің біліктілігін арттыру орталығына келіп, тізімнен кімнің тобына және нешінші топқа келгенімді көрдім, ІІІ топта екенімді байқадым. Сындарлы оқыту теориясының курсында бірінші бетпе-бет кезеңінде теориямен қатар көптеген әдіс-тәсілдерді: топта талқылау, презентация жасау, пікірлесу арқылы бір-бірімізді тыңдауға, сыни тұрғыдан ойлауға үйрендік. Бірінші бетпе-бет кезеңінің сабақтарында тренер орта мерзімді жоспарлауды жасау жолдарындағы мақсаты мен одан күтілетін нәтижесін жасағаннан кейін бізге бағалаудың түрлерімен мен оны қай тәсілде қолданатынын әр топтан әріптестерім түсінбей барлығымыз абдырып отырып қалдық, ал менің осы жерде түсінгенім, мақсатын құруды және одан күтілетін нәтижені жасап тренерге көрсеттім. Орта мерзімді жоспарлауды жасау барысында топтағы әріптестерімнің барлығы бағалаудың стратегиялары мен бағалаудың түрлерін ажырата алмай қиналды. Ал қысқа мерзімді жоспар жасауда орта мерзімді жоспарды басшылыққа ала отырып, қысқа мерзімді жоспар жасауға кірісіп кеттім.

Маған сұрақ қою техникаларында, сұрақ қойғанда көбінесе жабық сұрақтар қойып, оқушыларға ашық сұрақтарды қою қажетттілігі мен маңыздылығын, өзім ашық сұрақтарды қоюды түсіне бастадым. Бұрынғы кезде қарапайым сұрақтарды қойған болсақ, енді міне бұл ситуациялық және шығармашылық сұрақтар қоюды үйрене бастадым. Міне, бұл менің бірінші өзгерісім осы болды.Енді сабақ барысында топтық жұмыс жасауды әріптестеріммен бірге суреттер арқылы, мәтіндермен топтасуды біліп үйрене бастадым. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделген болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойландық болып есептеледі. Өз бастарымен жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі тиіс (Әрекеттегі RWCTфилософиясы мен әдістері, 94 б). 
Менің бойымдағы өзгерісім бірінші бет -бет кезеңінде теориямен қатар орта мерзімді жоспарлау мен қысқа мерзімді жоспар жасауды, сыни тұрғыдан ойлауға үйрену және сабақ барысында пайдалану, өзімнің бойымнан байқадым.
Екінші практикалық кезеңінде: Сындарлы оқыту идеяларын 7 модуль бойынша сабақта тиімді қолдану. Бұл тәжірибеде кезіңінде мектеп директорымен сындарлы оқыту теориясы туралы ой бөлістік. Директор Бағдарламаға оң көзқарас танытты және ол кісіге сабақ жоспарына бір мақсаттың қойылатындығы ұнады. Қазіргі заман талабына сай ұстаз жан-жақты, жаңашыл болу керектігін және мектеп әкімшілігі тарапынан барлық көмек түрлерін жасайтынын айтты. Әріптестеріме: «Сындарлы оқыту –уақыт талабы» атты семинар өткіздім. Семинарда «Сындарлы оқыту теориясының жеті модуль идеяларымен әріптестерімді таныстырып және тиімді тәсіл екен айттым. Топтық жұмыста көбелек салу әр топтан бір әріптесім шығып қорғады, кері байланыста әріптестерім қиыншылығымен қызықтыратын тәсілдері өте көп екен деген ой түйдік деп қорытындыға келді.

Мектептегі зерттеуге алған 7 сыныбымнан «Малс» сауалнамасын алдым. Малс сауалнамасының қорытындысы бойынша зерттеуге үш деңгейлі, яғни А,В,С деңгейдегі оқушыларды анықтадым. Сауалнаманың қорытындысы бойынша сыныпта позитивті оқушы-3, оңай жолмен баға алғысы келетіндер-7 оқушы, төмен мотивация -5 оқушы. 
. Бүкіл оқушының ой пікірін тыңдау арқылы оларға көп нәрсе үйретуге, оқытуға болады. Мен оқушыларға сыни ойлануға дағдыландыратын жоғары мәртебелі сұрақтар қоюға біртіндеп қалыптастым десем де болады, және осы сұрақтар арқылы оқушыларда да еркін ой, әлеуметтік көзқарас қалыптаса бастады. Сонымен бірге сыныптағы әр оқушының пікіріне құрметпен қарап, балалар сабақ үлгеріміне қарамастан, кез келген тақырыпта берілген сұрақтарға өздерінің құнды ойларын қоса алатындығына көз жеткізді. Выготскийдің атап көрсеткеніндей «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істей отырып, оқушылардың когнитивті дамуы жақсарды. Шәкірттерімнің жеткен әрбір жетістігі достарының да өзімнің де тарапымнан қолдау тауып отырды. Олардың еңбегі әрдайым формативті түрде бағаланып, көңілін көтеретіндей мақтау сөздер айтылып отырды. Формативті бағалау барысында балалардың барлығының да аз-көп демей жеткен жетістіктері мадақталып отырды. Себебі сыныптағы бағалау Александер (2011) айтқандай, тек қана техникалық тәсіл емес. Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 56-бет.) Мен өз сабағымда формативті бағалауды оқыту қолданудың өте маңызды екендігіне көз жеткіздім. Оқушылардың сабақ айту кезіндегі жіберіліп жатқан аз-кем кемшіліктеріне қарамастан, олардың еңбегін, ынтасын мақтап-мадақтап формативті бағалап отырдым. Кемшіліктерді, яғни қайсыбір қателіктерді өз беттерімен анықтауына талпындырдым. Ол үшін түрткі сұрақтар беріп, олардың әрі қарай терең ойлана жауап берулеріне, жан-жақты ізденулеріне бағыт-бағдар беріп отырдым. Топтық және жұптық жұмыстарда оқушының бойында диалогтік оқыту арқылы жүзеге асты. Оқушылар арасында өзара бірін –бірі бағалау және бақылау парағын толтыруда оқушылар ұсыныс жұлдыздарын білдірді. Осы сабақ барысында оқушылардың бойында қалыптасқан еркін ойын жетік білдіруі, бір-біріне сыни сұрақтар қою және қарым қатынастарының артқандығын байқадым. Кері байланыста оқушылардың бойында сабақ ұнады маған сабақта апайдың жылы қабақ танытқаны және оқушылар еркін ойын білдіруі, сергіту сәтінде «әуенде билету» маған қатты әсер берді. Компьютер мен жұмыста бір-бірімізді өзара бағалауымыз ұнады. Эйр өз зерттеу барысында оқу жоспарын өзгертудің акселерация моделінің үш тармағын бейімдеп жасаған. Олар мазмұнға өзгерістер енгізу, әдісті өзгерту, білім берудегі өзгерістер.Сонымен қатар кейбір зерттеулер топтық жұмыс түрінің де дарынды және талантты оқушыларға тиімділігі бар екенін топшалаған.Себебі оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс жасап, ортақ проблемаларды талқылайды, пікір алмасады,өз жауаптарын талдайды.Оның нәтижесінде өзіміздің практика кезеңіндегі өткен сабақтарымыздағы оқушылардың топтық жұмыстарынан біліп, байқадық және сөйлесуде нәтижелілікпен ынтымақтастықтың үлкен тиімділігіне қол жеткіздік. Менің байқағаным ол оқушы жан- жақты және өте қабілетті. Сонымен бірге сыныптағы әр оқушының пікіріне құрметпен қарап, балалар сабақ үлгеріміне қарамастан, кез келген тақырыпта берілген сұрақтарға өздерінің құнды ойларын қоса алатындығына көз жеткізді. Выготскийдің атап көрсеткеніндей «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істей отырып, оқушылардың когнитивті дамуы жақсарды. Шәкірттерімнің жеткен әрбір жетістігі достарының да өзімнің де тарапымнан қолдау тауып отырды. Олардың еңбегі әрдайым формативті түрде бағаланып, көңілін көтеретіндей мақтау сөздер айтылып отырды. Формативті бағалау барысында балалардың барлығының да аз-көп демей жеткен жетістіктері мадақталып отырды.
Менің өзгергенім бұрынғы дәстүрлі бағалауды кемшін екендігін және формативті бағалау арқылы оқушыларды шынайы бағалайтынын және тиімді бағалау екендігін түсіндім. Тізбектелген сабақтар топтамасының сабақтарында байқалды. Оқушы нәтижеге жету үшін өзінің мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар нәтижеге жету жолын да алдын-ала біліп отырды және оқыту үшін бағалау жүргізілді. Оқушы бойында сыныптағы талантты және дарынды балаларды оқыту мақсатында жеке жұмыста Блум таксономиясы, кеңейтілген тапсырмаларды ала отырып, инклиюзивтік тәсіл арқылы оқушылардың сыни ойлауы қалыптаса бастады. Мен өзім сабақ барысында өзгергенім, сыни тұрғыдан ойлайтын, зерттеушілік және шығармашылық сұрақтарға жауап бере алатын, таным қабілеттері бар жеке тұлға дайындай алатын мұғалім болуым қажет екендігін түсіндім. 
Екінші бетпе-бет кезеңінде мектептегі тәжірибемізде баланы сыни тұрғыдан ойлануға үйрету қалай жүзеге асқаны туралы есебімізбен бір-бірімізбен ой бөлістік. Бірінші аптаның бірінші күнінен бастап біз топ бойынша практикада жасаған жұмысымызды тізбектелген сабақтар топтамасындағы бір сабаққа арналған рефлексивті В2 есебін жаза бастадық. Бірақ сол рефлексивті есепті жазылғаны бойынша сұрақ қою арқылы жазыңдар, -деп бізге тренерлер кеңес берді. Талантты және дарынды балаларды оқыту модуліне рефлексивті есеп жазуға таңдадым. Талантты және дарынды балаларды оқытуда инклюзивтік тәсіл арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту, әр бала өзінше талант иесі біз оларды анықтай отырып, бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкіндігін байқадым. Балалар бір ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгейді көрсетуі мүмкін: мәселен әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса, басқа салаларда қиындыққа тап болуы мүмкін. Олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерде қабілеттерін танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабілеттерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттіктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін. (МАН, 73 б). Топтағы сабақ барысында көптеген әріптестерім арқылы сыни тұрғыдан ойлауға арналған тапсырмалар арқылы қабілетімді ашып, өзіме өзгеріс енгіздім. Тренерлер сабақ кезінде бірнеше тапсырмалар беру арқылы топта көптеген әріптестерім өзгердік деп айтты.Оқушылардың көпшілігінен кері байланысты алған кезде оқушының бойында бұрынғы дәстүрлі оқытудан осы сындарлы оқыту теориясы жақсы екендігін жазып өткен оқушылардың пікірлері де болды.Менің байқағаным оқушының бойында да өзгеріс болғаны байқалды.Сол арқылы Талқылаған сұрақтарымыз бойынша тренеріміз презентация жасауды тапсырды. Топтың ұйымшылдығының арқасында біз біріге тапсырма орындауға кірісіп кеттік. Топ барлық мүшелері өздерінің сыни ойлау модулі бойынша жасаған жұмыстарында кездескен қиындықтар мен жетістіктерін ортаға салды. Барлық топтың ойы бір жерден шықты. Бір-бірін тыңдап қана қоймай, бір-бірінің пікір айтуына ықпал етіп отырғандары бір тұтас ұжым болып жұмыс жасауымызға зор көмек болды. Сабақ беру кезінде сыни тапсырмаларды орындауда туындаған қиындықтар мен оларды жою жолдарын талқылау барысында ойымыз бір жерден шықты. Оқушыларым тек мұғалімнің жетегін күтіп отырмай, өздерінше сабаққа анализ жасауға, бағалауға үйренді. Және алдағы уақытта да осы модульдерді кеңінен қолдану арқылы оқушыларды одан әрі көшбасшылыққа дамытамын деген мақсат пайда болды.Ендігі уақытта осы курсты аяқтағаннан кейін дәстүрлі сабақтан арылып, мектепте осы сындарлы оқыту теориясын іске асырамын деп ойлаймын. Қазіргі уақытта оқушыларға сабақ барысында тың идеяларды іске асырмасан, оқушы сабақта жалығып кетпеуі керек. Сондықтанда да ІІІ айлық курстағы білімімді іске асырсам деймін. Бұрынғы сабақтарымызда оқушының көңілін сабаққа аудару үшін басқа да түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақтың қызықты өтуіне жұмыстандық. Бірақ Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздерін басшылыққа ала отырып өткізген алғашқы сабағымның өзінде оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, балалар оқу үдерісіне түгелдей қатысты. Оның дәлелі – сабақ барысындағы балалардың жұмысы ғана емес, әрбір шәкірт жүрегінен шыққан шынайы пікірлері. Әрине сабақтың оң нәтижеге жетіп, табысты болуы үшін мұғалім құзыры жоғары дәрежеде болу керек.


Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанып, балаға мейірім және құрмет көрсете білетін әділ жан бола білгенде ғана, шәкірт сеніміне ие болып, өзі де жасанды емес құрметке ие бола алады. Оқушы мен ұстаз арасындағы шынай қарым-қатынас орын алғандықтан өз сабағымда жоғары нәтижеге жетіп, балалардың көтеріңкі көңіл күйінің куәсі бола алдым. Осылайша Бағдарламаның жеті модулін қолдана отырып өткізген алғашқы сабағымнан-ақ өз мамандығыма деген сүйіспеншілігім арта түсті. Өкінішке орай, көпшілік оратада салғырт көзқарас тудырып, көпті тамсандыра бермейтін мұғалім мамандығының өз атына сай дәрежеге көтеріліп, ұстаздар еңбегіне жаңа леп беріп, көптен күткен серпіліс енгізіп отырған Оқытудағы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері уақыт талабына сай қажеттілік екеніне көзім жетті. Алдағы уақытта, мүмкіндігінше, бұл жаңа әдіс-тәсілдің өзім үшін әлі де болса тың тұстарын меңгере түсіп, тәжірибеме енгізуді алдыма мақсат етіп қойдым. Елбасымыз "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр” деп атап көрсеткеніндей, ұстаз алдында жауапты да, қызықты да іс пен үлкен міндет тұр. Ал, Елбасымыздың көрсетіп отырған сара жолын ұстана отырып өскелең ұрпағымызды білім шыңына бағыттау – мен үшін әрі мақтаныш, әрі өмірлік ұстанымым. Және өз білімімді жетілдіріп, кәсіби біліктілігімді арттыра отырып, оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді оқу үдерісінде орынды қолданып еңбектенуім – оқытудағы басқару мен көшбасшылығым деп түсінемін. Алдағы уақытта да көшбасшылығымды дамыту жұмыстарын жалғастырып отыру жеке жоспарыма енгізіледі. Сондықтан мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық ету қызмет ететін мектебімізде мектеп басшысының, қызметтес әріптестерімнің сенімімен өзіме жүктеліп отырғандығы да менің алдымда ашылған үлкен мүмкіндіктердің кілті деп білемін. Қызметтес әріптестеріммен бірігіп жұмыс істей отырып, Бағдарлама мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру жолында талай шәкірттің қанатын қатайтып қана қоймай, білім әлемінде еркін самғауына жол аша аламыз деп ойлаймын. Білім мен ғылым жолында жаңа көзқараспен үлкен жобаны іске асырып отырған елімізде білім ұяларындағы кездесетін кейбір қиыншылықтардың жолын табар деген үмітпен ертеңгі күнге қараймын. Еңбек сіңіріп меңгерген оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерімізді тәжірибе барысында толықтай пайдалану үшін мектептерімізде жаңа заман талабына сай АКТ құралдары жеткілікті болып, ғаламтор желісіне қосылу мүмкіндігі барлық оқу кабинеттерінде қол жетімді болса, талай арман мен мақсаттың орындалары хақ деп сенемін. 
Алдағы уақытта өзгеріс жасаудағы ұсыныстарым:
• кезгелген сайттарға өз жұмысымды жіберу;
• Пед оқуларға қатысу;
• Ғылыми жобаларға оқушыларды қатыстыру;
• Қашықтықтан оқыту олимпиадаларына қатысу;
• Қашықтан оқыту олимпиадаларына оқушыларды қатыстыру;
• Сырттай оқуға баяндамалар жіберу;
• Облыстық жарыстарға қатысу;
• Дарын ғылыми орталығымен үнемі байланыста болу;
• Обылыстық гратты ұтып алу; 
• Оқушылар жұмыстарын информатика сайттарына қатыстыруым;
• Кез келген републикалық әдістемелік журналға сабағымды жіберу;
• Өзіме веб сайт құрастыру; 
• Осыдан алған барлық жұмыстарымды және оқушы жұмысын веб сайтта көрсету; 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012ж
2 .Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж универиситетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлі деңгейлі бағдарламасына арналған глоссарий» 
«Оқу әдістемелік құрал- Астана «Назарбаев зиткерлік мектептері» ДББҰ 
Автор: roza | 29-04-2015, 15:44
Қарау саны: 6927
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :