» » » №1 Қысқа мерзімді жоспар Дүниетану


№1 Қысқа мерзімді жоспар Дүниетану

№1 Қысқа мерзімді жоспар Нугуспанова Ш.Т.
Пәні: Дүниетану Күні: Сыныбы: 2
Сабақтың
тақырыбы Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар.
Сілтеме 1.Әдістемелік құрал 52-54 бет
2-сыныпқа арналған дүниетану оқулығы
Авторлары : Қ.Аймағамбетова, Н.А.Ким, Г.Д.Мырзақанова
Портал материалдары
Мақсаты
Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсінік беру, жан-жануарларға қамқорлық жасауға баулу, бүкіл жанды табиғаттың қорек тізбегі арқылы бір-бірімен байланысы туралы ұғым қалыптастыру.
Күтілетін
нәтижелер
Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайларды танып біледі.
Сабақтың түрі Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі
Қолданылатын әдістер Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы, АКТ. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.
Керекті жабдықтар
Демонстрациялық материалдар, «Жануарлардың көптүрлілігі», «Маған суық» ойынына керекті карточкалар.
Сабақтың барысы:
Сабақ
кезеңдері Уақыт Мұғалімәрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
1 мин
3 мин Ұйымдастыру
Топқа бөлу
Сыныптың оқушыларын пазылдар арқылы топқа бөлу

Психологиялық ахуал туғызу
«Жануарлардың көптүрлілігі» плакатымен жұмыс.
- Плакатты мұқият қарап, қандай жануарлар бейнеленгенін анықтау.
- Осылардың әрқайсысы қай топқа жатады?
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, тест жұмысы алынады. Жауап парағы арқылы көршіңді тексер.
оқушылар пазыл бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды.
Критерийлер:
«5»- 0 қате
«4» - 1 қате
«3»- 2-3 қате
Тұсаукесер
2 мин «Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. Тақтадан су, жарық, тамақ, жылу бойынша суреттер көрсетіліп, сұрақтар қойылады.
- Нелердің суреттерін көріп тұрсыңдар?
- Олардың қажеттілігі бар ма?
- Қандай маңызы бар? Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Негізгі бөлім
Білу
5 минут Плакатта көптеген өсімдіктер бейнеленген. Өсімдіктер тіршілігіне қажетті жағдайларды еске түсіру.
-Ал бүгінгі сабағымыз жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы болады.
- Ауаның қандай жерлерде болатынын болатынын есіңе түсір.
-Жауын құрты қандай пайда келтіреді?
- Балық қалай тыныс алады? 1.Оқулықпен жұмыс, 84-86 бет.
Түсіну
5 мин
Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
1.Оқулықпен жұмыс
Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу.
Мұғалім мәнерлеп оқиды. Идеясын, мазмұнын оқушылармен пікірлесе отырып талдау жүргізіледі. Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы өз тобына мәтіннің мазмұнын түсіндіреді.
Қолдану
5 мин
Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.
Топтық жұмыс.
«Аукцион» ойыны
Мұғалім өтілген тақырып бойынша сынып оқушыларына арнап сұрақтар дайындайды. Ойынды жүргізу үшін гонг керек. Жүргізуші аукцион өткізеді: сұрақтар қояды, жауаптарға түсініктеме беріп, бағалайды, жеңімпазды анықтайды. Дұрыс жауап үшін көп фишка жинаған оқушы жеңімпаз атанады. Оқушылар тапсырмаларды топпен орындайды.
Сергіту сәті
2 мин «Торғай мен мысық» өлеңі бойынша сергіту сәтін жүргізу. Оқушылар әуен сазымен қимылды орнында жасайды.
Талдау
5 мин Мақсаты:
Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру.
«Мен қандай баламын?» ойыны
«Ойтолғаныс» кезеңі
«Ауаның маңызы» шағын эссе жазу Оқушылар эссе жазады.
Жинақтау
8 мин Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау
«Маған суық» ойыны. Жануарлар суыққа қалай бейімделеді? Жануарларды олардың тұратын баспанасымен сәйкестендіріңдер. Оқушылар топпен тапсырманы орындайды, ортаға шығып қорғайды.
Оқушылар көрші топты бағалайды.
Қорытынды
Рефлексия 6 мин Өзің білетін/ үйренген 3айғақ, өзіңді толғандыратын 2сұрақты және жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қолдануға болатын 1 іс- әрекет түрін ата. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Үйге тапсырма 1мин Үй маңайына бақылау жүргізу. Қандай құстарды көрдің, олар немен қоректенеді? Өзің қалаған бір жануардың тіршілігі туралы дәптеріңе жаз.
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау 2 мин Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. Оқушылар бағалау парақшалары арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.
№2 Қысқа мерзімді жоспар Нугуспанова Ш.Т.
Пәні: Дүниетану Күні: Сыныбы: 2
Сабақтың
тақырыбы Жануарлар қалай қоректенеді?
Сілтеме 1.Әдістемелік құрал 56-58 бет
2-сыныпқа арналған дүниетану оқулығы
Авторлары : Қ.Аймағамбетова, Н.А.Ким, Г.Д.Мырзақанова
Портал материалдары
Мақсаты
Бүкіл жанды табиғаттың қорек тізбегі арқылы бір-бірімен байланысы туралы ұғым қалыптастыру, оқушылардың белсенділігін арттыру, табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтижелер
Мәтінді мазмұндайды.
Тірек сызбаларжасайды. Мәтін бойынша берілетін топтық, жұптық тапсырмаларды орындайды. Мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашады. Сөзжұмбақ шешеді.Кесте толтырады.
Сабақтың түрі Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс Музыка, өзін-өзі тану.
Қолданылатын әдістер Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.
Керекті жабдықтар
Оқулық, интербелсенді тақта, семантикалық карта, кеспеқағаздар,таратпа материалдар, ватман, стикер, маркер т.б.
Сабақтың барысы:
Сабақ
кезеңдері Уақыт Мұғалімәрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
1 мин
3 мин
6 мин Ұйымдастыру
Топқа бөлу
Сыныптың оқушыларын 1-4 санау арқылы топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
Психологиялық ахуал туғызу
«Мен саған тілеймін» тринк арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыруды ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ-жауап
оқушылар 1-4 санау бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.
Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».
Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды.
Критерийлер:
«5»- 0 қате
«4» - 1 қате
«3»- 2-3 қате
Тұсаукесер
2 мин «Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. Тақтадан жан-жануарлардың суреттері көрсетіліп, сұрақтар қойылады.
1.Адам күтіп бағатын жануарларды қалай атайды?
2.Табиғатта өз бетімен тіршілік етіп, өз қорегін өзі тауып жейтін жануарларды қалай атайды?
3.Жануарлар немен қоректенеді?
4.Тек шөппен қоректенетін жануарларды қалай атайды?
5.Басқа жануарлармен қоректенетін жануарларды ше? Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Негізгі бөлім
Білу
5 минут «Қоректік тізбек» демонстрациялық материалына сүйеніп, әңгімелесу.
Тырна немен қоректенеді? Балықпен. Балық қоңызбен.
Қоңыздар немен қоректенеді? Шөппен.
Егер осы тізбек үзілсе, не болады?
Мәтіннің бірінші бөлімін оқу.
1.Оқулықпен жұмыс, 84-86 бет.
Түсіну
5 мин
Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
«Мағынаны тану»
1.Оқулықпен жұмыс
Мәтінніңбірінші бөлімін оқып, мазмұнын түсіну.
Мұғалім мәнерлеп оқиды. Мәтінді талдау. Идеясын, мазмұнын оқушылармен пікірлесе отырып талдау жүргізіледі. Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді.
Қолдану
5 мин
Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.
Топтық жұмыс.
«Мені түсін» оқыта үйрету ойыны
Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Оқулықты жауып, мәтіннің негізгі ойын білдіретін 10 сөз жазу талап етіледі. Соңынан парақтарды жинап алып алдын-ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырылады, кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келген сөздері көп болса, сол жеңімпаз болады.
Оқушылар тапсырмаларды топпен орындайды.
Оқушылар топтағы көршілестерін тексеріп, критерийлер арқылы бағалайды.
Сергіту сәті
2 мин Жаз жыл мезгіліне қатысты іс-әрекеттерді айтқызып, орындату.
Кәне, кәне, тұрайық!
Алға, артқа бұрылайық.
Ағаштар секілді тербелейік,
Самал желдей соғайық. Оқушыларға тілдерін жаттықтыру мақсатында, жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.
Оқушылар хормен айтып, орнында жасайды.
Талдау
5 мин Мақсаты:
Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру.
«Сиқырлы сандықша» оқыта үйрету ойыны. Сандықша сұрақтармен толтырылады. Сұрақтар алдыңғы тақырыптарға құрылуы, бірнеше тақырыпты қамтуы тиіс. Әр оқушы кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып, жауап береді. 1-5 баллдық жүйемен тиісті бағасын алады.
Жинақтау
8 мин Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау
Жыл мезгілдеріне байланысты жануарлардың қоршаған ортаға бейімділігі Оқушылар кластер топпен құрастырады, ортаға шығып қорғайды
Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.
Қорытынды
Рефлексия 6 мин Мәтінде кездескен сандарды атандар. Проблемалық сұрақты талқылау. (Табиғатта бәрі бір-бірімен байланысты. Егер қоян көбейіп кетсе, онда олар бүкіл шөпті, ағаш жапырақтарын жеп құртып жіберер еді. Ауру қояндар ауру таратады. Осылайша табиғаттағы тепе-теңдік бұзылар еді.)
Смайликтер арқылы Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлерін білдіреді. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Кері байланыс жүргізеді. (смайлик арқылы)
Үйге тапсырма 1мин Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұндап келу.
Өзі білетін бір жануарды алып, оның қоректік тізбегін құрастыру.
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау 2 мин Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.
№3 Қысқа мерзімді жоспар Нугуспанова Ш.Т.
Пәні: Дүниетану Күні: Сыныбы: 2
Сабақтың
тақырыбы Жануарлар табиғатқа қалай бейімделеді?
Сілтеме 1.Әдістемелік құрал 56-58 бет
2-сыныпқа арналған дүниетану оқулығы
Авторлары : Қ.Аймағамбетова, Н.А.Ким, Г.Д.Мырзақанова
Портал материалдары
Мақсаты
Жануарлардың қоршаған орта жағдайына қарай әртүрлі жолмен бейімделуі туралы оқушылардың білімін қалыптастыру. Табиғаттың бір-бірімен байланыстылығы туралы білімдері мен біліктерін дамыту. Табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтижелер
Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді.
Сабақтың түрі Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс Музыка, өзін-өзі тану.
Қолданылатын әдістер Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.
Керекті жабдықтар
Оқулық, интербелсенді тақта, семантикалық карта, кеспеқағаздар,таратпа материалдар, ватман, стикер, маркер т.б.
Сабақтың барысы:
Сабақ
кезеңдері Уақыт Мұғалімәрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
1 мин
3 мин Ұйымдастыру
Топқа бөлу
Сыныптың оқушыларын 1-4 санау арқылы топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
Психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады:
Кәне, достар, тұрайық.
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы-жақсы тілектер
Бір-бірімізге сыйлайық!
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, семантикалық картамен жұмыс. Жауап парағы арқылы көршіңді тексер.
оқушылар 1-4 санау бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.
Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».
Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды.
Критерийлер:
«5»- 0 қате
«4» - 1 қате
«3»- 2-3 қате
Тұсаукесер
2 мин «Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. Тақтадан жан-жануарлардың суреттері көрсетіліп, сұрақтар қойылады.
-Бұлар қандай жануарлар? Неліктен үй жануарлары деп атаймыз? Олар немен қоректенеді? Жануарлар тіршілігіне қандай жағдайлар қажет? Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Негізгі бөлім
Білу
5 минут Көптеген тіршілік иелері өздерінің жауларынан қорғану және сақтану үшін маңайындағы заттарға, өсімдіктер мен жануарларға ұқсауға тырысады. Мұндай қорғаныш түс, әсіресе жәндіктерде жиі кездеседі. Көптеген жәндіктер шөптің түсінен айнымайтын жасыл болғандықтан, оларды құстар байқамай қалады. Кейбір жануарлар түлейді. Қоян күзде өзінің сұрғылт тонын қысқа қарай ақ тонға айналдырады. Сол сияқты түлкі, ақтүлкі және ақкіс те түлейді. Қоршаған орта жағдайына қарай және басқа түрлерге ұқсауға тырысу қорғаныш рең (мимикрия) деп аталады. Оның енді бір түрі – өсімдіктер мен жануарларға ұқсауға тырысу. 1.Оқулықпен жұмыс, 84-86 бет.
Түсіну
5 мин
Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
«Мағынаны тану»
1.Оқулықпен жұмыс
Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу.
Мұғалім мәнерлеп оқиды. «Аялдамамен оқу» стратегиясы бойынша мәтінді талдау. Идеясын, мазмұнын оқушылармен пікірлесе отырып талдау жүргізіледі. Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы өз тобына өлеңнің мазмұнын түсіндіреді.
Қолдану
5 мин
Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.
Топтық жұмыс.
«Мені жасыр» ойыны
Қоңыздың, көбелектің , т.б. ақ сұлбасын алады. Оларға сынып ішінде тіршілік етуге бейімделуге көмектесу керек.

Оқушылар тапсырмаларды топпен орындайды.
Неліктен бұл жолды таңдағанын түсіндіру.
Оқушылар топтағы көршілестерін тексеріп, критерийлер арқылы бағалайды.
Егер қатесіз болса, «5»;
1 қате – «4»
2 -3 қате «3» қойылады.
Сергіту сәті
2 мин Жаз жыл мезгіліне қатысты іс-әрекеттерді айтқызып, орындату.
Кәне, кәне, тұрайық!
Алға, артқа бұрылайық.
Ағаштар секілді тербелейік,
Самал желдей соғайық. Оқушыларға тілдерін жаттықтыру мақсатында, жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.
Оқушылар хормен айтып, орнында жасайды.
Талдау
5 мин Мақсаты:
Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру.
«Мен қандай баламын?» ойыны
«Ойтолғаныс» кезеңі
«Бес жолды» өлең құрастыру.
Бұл ойынды ойнату арқылы оқушылар өлеңнен өздеріне қатысты жолдарды тауып, талдайды.
Синквейн құрастырады.
1.Зат есім
2.Сын есім
3.Етістік
4.Фраза
5.Зат есімге синоним
Жинақтау
8 мин Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау
Жыл мезгілдеріне байланысты жануарлардың қоршаған ортаға бейімділігі
Оқушылар кластер топпен құрастырады, ортаға шығып қорғайды.
Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.
Қорытынды
Рефлексия 6 мин Мәтін мазмұны бойынша оқушыларға сұрақтар қойып, сабақты қорытындылау.
Сабақтың мақсатына жеттік пе?
Қай тапсырма сендерге ұнады? Неліктен?
Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар кездесті?
Жаңа сабақ түсінікті ме?
2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
Білемін. Білгім келеді. Білдім.
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.
Үйге тапсырма 1мин Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұндап келу.
Бейімделу туралы үлкендерден сұрап, қызықты ақпараттар жинап келу.
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау 2 мин Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.

№4 Қысқа мерзімді жоспар Нугуспанова Ш.Т.
Пәні: Дүниетану Күні: Сыныбы: 2
Сабақтың
тақырыбы Қайталау сабағы
Сілтеме 1.Әдістемелік құрал
2-сыныпқа арналған дүниетану оқулығы
Авторлары : Қ.Аймағамбетова, Н.А.Ким, Г.Д.Мырзақанова
Портал материалдары
Мақсаты
Туған өлкенің өсімдігі мен жануарларының алуан түрлілігі туралы оқып-үйренуді жалғастыру, білімге деген белсенділігі мен бақылағышты дамыту, жануарларға ұқыпты қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтижелер
Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді.
Сабақтың түрі Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс Музыка, өзін-өзі тану.
Қолданылатын әдістер Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау.
Керекті жабдықтар
Оқулық, интербелсенді тақта, семантикалық карта, кеспеқағаздар,таратпа материалдар, ватман, стикер, маркер т.б.
Сабақтың барысы:
Сабақ
кезеңдері Уақыт Мұғалімәрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
3 мин
3 мин Ұйымдастыру
Топқа бөлу
Түрлі –түсті стакандар арқылы топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
Психологиялық ахуал туғызу
«Жануарлар» деген тақырып бойынша сөзжұмбақ жасыру
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Тест жұмысы алынады. Жауап парағы арқылы көршіңді тексер.
оқушылар стакандарды таңдау арқылы топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.
Оқушылар сөзжұмбақтың жауабын табады.
Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды.
Критерийлер:
«5»- 0 қате
«4» - 1 қате
«3»- 2-3 қате
Тұсаукесер
2 мин «Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. Интерактивті тақтада жұмбақтар көрсетіледі.
-Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)
-Үстінен тоны түспеген,
Сонда да аразқыспенен. (Аю)
-Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
-Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс)
-Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
Оқушылар жұмбақтардың жауабын шешеді.
Негізгі бөлім
Білу
5 минут Жануарлар – тірі организмдер. Олар дала және үй жануарлары деп бөлінеді. Жануарлардың жауынан қашуы, жасырынуы, балаларын қорғауы, жауына ұсталып қалған кезде құйрығын, аяғын үзіп кетуі, сондай-ақ қорқытатын дауыс, ысылдау не пішінін өзгертіп айбат шегуі – этиологиялық бейімділігін көрсетеді.Жануарлардың қыстап шығуы – ауа райы суық және қоңыржай аймақтарда жануарлардың қыстың қолайсыз жағдайынан сақтануы. Қыстап шығудағы негізгі қиыншылық – қорегін табудың қиындауы, қорек қорының азайып, сапасының нашарлауы. Бұл қиыншылыққа бейімделу үшін балықтар, құстар, сүтқоректілер қорек іздеп бір жерден екінші жерге орын ауыстырады. Кейбір жануарлар, әсіресе, жыртқыш аңдар (қасқыр, жолбарыс, барыс) қорегін іздеп бірнеше шақырым жерге дейін кетіп қалады.
«Жануарлар» энциклопедиясымен жұмыс.
Түсіну
5 мин
Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
«Мағынаны тану»
1.Оқулықпен жұмыс
Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу.
Мұғалім мәнерлеп оқиды. «Аялдамамен оқу» стратегиясы бойынша мәтінді талдау. Идеясын, мазмұнын оқушылармен пікірлесе отырып талдау жүргізіледі. Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы өз тобына өлеңнің мазмұнын түсіндіреді.
Қолдану
5 мин
Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.
Топтық жұмыс.
«Дыбысты ажырат» ойыны
Жануарлардың дыбысын салу арқылы қай жануар екенін ажырату керек.
Оқушылар тапсырмаларды топпен орындайды.
Оқушылар топтағы көршілестерін тексеріп, критерийлер арқылы бағалайды.
Егер қатесіз болса, «5»;
1 қате – «4»
2 -3 қате «3» қойылады.
Сергіту сәті
2 мин «Қошақаным» өлеңін тыңдай отырып, жаттығу жасау. Оқушыларға тілдерін жаттықтыру мақсатында, жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.
Оқушылар хормен айтып, орнында жасайды.
Талдау
5 мин Мақсаты:
Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру.
“Ой – ойыннан басталады” десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын арттыратын – ойын.
“Сұрақ – жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.
Ойынның шарты: Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.
Сұрақтар:
Жануар сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді?
Үй жануарларына не жатады?
Дала жануарына ше?
Қыста ұйқыға кететін жануарларды ата.
Олар неге ұйықтайды?
Бұл ойынды ойнату арқылы оқушылар сұрақтарға жауап беріп, жануар туралы түсініктерін кеңейтеді.
Жинақтау
8 мин Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау
Қорегіне қарай қай жануар екенін табу.
Оқушылар кластер топпен құрастырады, ортаға шығып қорғайды.
Оқушылар топтық бағалау жүргізеді.
Қорытынды
Рефлексия 6 мин Қайталау сабағы бойынша оқушыларға сұрақтар қойып, сабақты қорытындылау.
Жануарлар туралы тақырыптар түсінікті ме?
Жануарлардың тіршілік етуіне қандай жағдайлар қажет?
Жануарлар қалай, немен қоректенеді?
Олар жауынан қалай қорғанады?
2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
-Мен білдім:.....
-Мені таңғалдырды:....
-Мен білгім келеді:..... Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.
Үйге тапсырма 1мин «Менің сүйікті жануарым» тақырыбына эссе жазу.
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау 2 мин Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.

Автор: dauke | 16-03-2015, 22:23
Қарау саны: 11800
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :