Зат есімнің септік жалғауларын қайталау » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Зат есімнің септік жалғауларын қайталау


Зат есімнің септік жалғауларын қайталау

Қазыбек би атындағы № 36 орта мектеп
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән мұғалімі: Исмаилова Жадыра Орынбекқызы
Пәні : Қазақ тілі
Сыныбы: 4 д
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септік жалғауларын қайталау

Сабақтың мақсаты : Қазақ тіліндегі жеті септік туралы алған білімдерін қайта жаңғырту,грамматикалық білімдерін тереңдету.Тапсырмалар арқылы септік жалғауларын практикалық жолмен меңгерту. Ауызекі сөйлеу дағдыларын дұрыс қалыптастыру. Сөздік қорын молайту. Тілімізге деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Сұрақ – жауап,дәлелдеу, мысалдар арқылы оқушылардың ойы, шығармашылығы дамиды ; Сөздік қоры, таза сөйлеу мәдениеті дамиды; Ойындар арқылы тілге деген қызығушылығы артады.
Негізгі дерек көздер Оқулық. Қазақ тілі 4- сынып. А. Қайырбекова
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, кеспе парақшалар, топқа бөлу парақшалары, бағалау парағы, оқулық, дәптер.
Уақыт Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс- әрекеті
2минут Ұйымдастыру кезеңі
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Сәлем бердік сіздерге,
Ізетпенен біз!
Сәлемдесіп,оқушыларды түгелдейді.
Ынтымақтастық атмосферасын құрады.Топқа бөледі.
Мұғаліммен сәлемдесіп, сабаққа дайындалады.
Оқушылар табиғат суреттерін құрастыру арқылы топқа бөлінеді.
3минут Тұсаукесер
Оқушылар назарын сабаққа аударады.
Өткен сабаққа шолу.Тапсырмалы кеспе қағаздары таратылады.Интербелсенді тақтада
мұғалім, аспаз, әнші, суретші, құрылысшы суреттерін көрсетеді.
Кеспе қағаздағы сұрақтарға жауап береді.Интербелсенді тақтадағы мұғалім, аспаз, әнші, суретші , құрылысшы суреттеріне қарап сөзбен айтып, көмектес септік жалғауын жалғап айтады.



4минут Миға шабуыл
Қайталау сабағы арқылы білімдерін бекіту.
Тақтада З, Т,С, М, Н, Ң , С, П, Т, Л, У,
А,Е, І, І, Е,Е, І әріптері жазылады.
Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Зат есімнің септелуі»
Ерте- ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты.Оның жеті ұлы болыпты.
Жеті септік –жеті бала,
Жетеуінің атын ата.
Атау септік кім? не? десе,
Атың менен затыңды ата.
Кімнің? ненің? деп анықтап,
Ілік септік іліп алар.
Кімге?неге?қайда барсаң,
Барыс септік біліп алар.
Кімді?нені керек етсең,
Табыс сұрап жүріп табар.
Кімде? неде?қайда? десең,
Жатыс септік сонда жатар.
Шығыс септік кімнен? неден?
Қайдан шықтың , соны айтар.
Кіммен? немен?керек болса,
Көмектес көмек беріп қайтар.
Сұрағы қызық, аттары да,
Септіктерді жатталық та.
Топтар тақтадағы әріптерден сөз құрап, тақырыпты ашады.
Қ. Мырза Әлидің «Жеті септік» өлеңін тақтадан мәнерлеп оқиды.
«Серпілген сауал» ойыны арқылы жеті септікті атап, сұрақтарын айтады. Екі топ бір-біріне сұрақ қойып , жауап береді.
Бағалау парақшасына бір –бірін бағалайды.




25минут Негізгі бөлім
«Шашылған дыбыстар» ойынын ойнату.
Мақсаты : шашылған дыбыстардан сөз құрап, баланың сөздік қорын молайту, шапшаң ойлауға тәрбиелеу.
Тапсырма:
1.Мына дыбыстардан бірнеше сөз құраңдар:
А , л , қ , й, ү, н, ы,к.
2.Құралған сөздерді септеңдер.
3. Сөздерді орыс тіліне аударыңдар.
Аударма жұмыс
Менің досым Астанадан келді.
Бесікті ағаштан жасады.
Қанат мұғалімнен келе жатыр.
Төртінші сыныпта жиырма бес оқушы бар.
Сөйлемдерді аударыңдар.Қарамен жазылған сөздердің қай септікте екенін айт.
Өзін – өзі бағалау. Тест сұрақтары.
1. « Ана» сөзі қай септікте тұрғанын тап.
2. Ілік септікте тұрған сөзді белгіле.
а) оқушы
ә)оқушыға
б) оқушының
в) оқушыда
3. Барыс септігінің сұрағын белгіле.
а) кімнің?ненің?
ә) кім?не?
б) кімді?нені?
в) кімге?неге?
4. Табыс септік жалғауын белгіле.
а) - ны, -ні, қы, - кі, -ғы, -гі
ә) - ны, -ні, ды,-ді, - ты, -ті.
б) - ны, -ні, шы, - ші,- ды, -ді.
в) - нан,- нен,- дан,- ден, -тан, -тен.
5. Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле.
Оқушымен, көктемде, далаға, мектептен.
Қалған сөздердің қай септікте тұрғанын айт.
Екі топ жарыса отырып сөз құрауды бастайды.
Көп сөз құраған топ жеңімпаз атанады.Әр сөзге түрлі- түсті стикерлер беріліп отырады.
Табылған сөздерді септейді.Бір оқушы жұмыстарын оқып береді. Екінші топ қатесін тексеріп отырады.
Құралған сөздерді орыс тіліне аударады. Мысалы: ай – луна, күн – солнце, үй- дом.
Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударады.
Астанадан - қайдан? шығыс септік.
Бесікті – нені?табыс септік.
Мұғалімнен – кімнен? шығыс септік.
Сыныпта – қайда? жатыс септік.
Бағалау парақшасына бағаларын қояды.
Тақтадағы тест сұрақтарының жауаптарын дәптерге жазады.
5 минут Қорытындылау
Сөздерді дұрыс септікке орналастыр.
А. с
І . с
Б. с
Т. С
Ж. с
Ш.с
К.с
Ұшақты , суға, далада, текемет, жаңбырдан, көмірдің, алаша, кітапты, қыста, дүкенге, арамен, театрға, оқушымен, отпен, қайыңның, сабақты, аспаннан, балғаның,шеңберді.
Тақта алдында жұмыс жасайды.
Сөздерді септіктерге орналастырады.
5минут Бағалау
Оқушыларды біліміне қарай бағалайды.
Кері байланыс Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. Оны түрлі- түсті қағазға жазып,табыс ағашына жапсырады. Өздерін және бірін-бірі бағалайды.
1минут
Үйге тапсырма: 1.«Жеті септік» өлеңін жаттау.
2. Септік сұрақтарын білу.
Оқушы, әнші сөздерін септеу.
Сөздерді септейді.
Өлеңді жаттайды.

Автор: dauke | 20-03-2015, 19:51
Қарау саны: 3412
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :