Қысқа мерзімді жоспар. » Қазақша білім сайты
Жарнама



Қысқа мерзімді жоспар.

Зейтова Анар Амантаевна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Абай ауданы ,Топар кенті, П.Корниенко атындағы жалпы білім беретін мектеп

№ 28 сабақ Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Қазақ әдебиеті Күні: Сыныбы: 8 А , 8 Б -8 \04
Сабақтың тақырыбы Мұқағали Мақатаев «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі
Сілтеме Қазақ әдебиеті. Орыс тілінде білім беретені мектептің 8- сыныбына арналған оқулық/ Әбдезұлы Қ., Тұрсынғалиева С.Ч. Астана: «Арман –ПВ», 2012. – 208 бет.
Мақсаты
Білімділік: Мұқағали Мақатаев туралы түсінікттерін кеңейту, мәтінді мәнерлеп оқуға жаттықтыру, өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру.Өлеңді оқып, талдау, өз ойларын айта білуге үйрету. Олардың психологиялық көңіл толғаныстарын байқау.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: «отанына , адамдарға жақсылық жасауды ұғына білуге, сезінуге, Отанын құрметтеуге баулу.
Күтілетін
нәтижелер
Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, анасын құрметтеу керектігін түсінеді 
Сабақтың түрі Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, тарих, сурет
Қолданылатын әдістер Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, « Жоба қорғау технологиясы», ойтолғаныс, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.
Керекті жабдықтар
Оқулық , кесте, ватман, стикер, маркер т.б. Мұқағали Мақатаев суреттері, презентация
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе


Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдеседі
Топқа бөлу
Сыныптың оқушыларын сөздерді жинау арқылы топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

Психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім жаттығу орындатады
2.Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
Ана туралы әңгімелеу Оқушылар мұғаліммен амандасады, топқа түсті қағаздар таңдап алу арқылы топқа 3 бөлінеді , топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.
Кезекші сабаққа қатыспаған оқушы бар болса тізімін айтады
Оқушылар орындарында тұрып , жаттығу орындайды
Оқушылар үй жұмысын айтады ана туралы әңгімелейді
Бағалау «Үлкен саусақ»
Тұсаукесер
Мұқағали Мақатаев
1. Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, «Қарасаз» ауылында туған
2. 10 жасынан өлең жаза бастаған
3. «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Шолпан», «Жырлайды жүрек» кітаптары шыққан.


Шығармалары: 
• өлеңдері - «Туған жерге»,«Жапырақ- жүрек, жас қайың!», «Сәби болғым келеді», «Есіңе мені алғайсың», т.б.
• Поэмалары – «Чили – шуағым менің», «Қырандар, қош болыңдар», «Аққулар ұйықтағанда», «Шекарада», «Райымбек», «Қашқын», т.б
Оқушылар мұғалімді тыңдап, өз сезімдері туралы әңгімелеседі



Автор туралы кластер жазады
«Дұрыс, бұрыс» стратегиясы арқылы бағалайды
Негізгі бөлім
Білу



Тапсырма: ақынның шығармаларының атауларын жазып алу.


Тапсырма: 140-141 бет – «Өмір сүрейік алмасып»
өлеңін мәнерлеп оқу кластер жасайды, қорғауға дайындалады, өз жұмыстарын қорғайды
Оқушылар мәнерлеп оқиды, тыңдап өз ойларын қосады, сұрақтар бойынша өз ойларын айтады 
Оқушылар өлеңненне туралы айтылған ойды тауып оқиды, жазады).
Бағалау «Дұрыс, бұрыс»




Сергіту сәті Музыка желісімен жаттығу жасау
Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасайды, сөздік қорын еске түсіреді
Талдау Тапсырма: «Сәби болғым келеді» өлеңімен таныстыру, әнімен таныстыру, мазмұнын түсіндіру
Бұл өлеңді неге жазды деп ойлайсыңдар?
Мұқағали туралы ақындардың сөздерімен танысу, жазып алу \ оқулық 140 бет\
Параллелизм \грек «қатар жүру\ екі ұдай нәрсені , құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу \анықтамамен танысу, мысалдар келтіру Презентациямен танысады
Ән тыңдайды, өз ойларын айтады

Пікірлермен танысады, жазады

Анықтаманы жазады, есте сақтау мақсат өойылады
Жинақтау Мұқағали Мақатаев кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер? Өз білімдерін ортаға салып бөлісу арқылы сұрақтарға жауап береді Өз ойларын тиянақтайды
Қорытынды
Рефлексия Кері байланыс (оқушылар өз бағаларын стикерге жазып іледі туралы жазып оқиды
Үйге тапсырма сұрақтар бойынша жұмыс, 141 бет Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. Оқушылар бағаларын койғызуға күнделіктерін береді

сабақ жоспары туралы
сабақ жоспары ұнады ма?
иә
жоқ
толықтыру керек
Барлығы жауап берді: 17
Автор: Анар | 31-05-2015, 23:33
Қарау саны: 1911
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :