» » Ана және Дана мектебі


Ана және Дана мектебі

Ана және Дана мектебі
Қазақ қауымында әлмисақтан бері әлеуметтік және әулеттік деп аталатын екі топтағы мектеп болған-ды.
Әулеттік мектеп-(қалың қауым,жұрт арасында,ел аузын-да,ол:-қазақтың қарадомбай мектебі аталады)-жеке отбасынан бастап,әулет,ауыл,тайпаға дейінгі адамдарға ортақ, жарық дүниеге жаңа келген сәбиден бастап, қарттарға дейін қатысатын,қазаққа тән(түрік тектес халықтардың барлығында ұқсас қалыптағы тәрбие мектебі болғанымен арасында айырмашылық бар),сан ғасыр бойында қызмет жасаған,күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан, келешекте де болатын,ұлт өкілін қалыптастыратын шынбайлы нұсқа, ерекше тәлім-тәрбиелік орта.
Қазақ танымында адам жасы:балалық,жігіттік және қарттық («Тәңертең төрт аяқпен,күндіз екі аяқпен,кешке үш аяқпен жүреді.Ол,кім?»-деген жұмбақты еске түсіріңіз.)үш кезеңнен тұрады.Өмірге келген күннен бастап,қырқына шыққанға дейінгі бала-қызылшаха кей өлкенде шарана (шақалақ) деп аталады.Ит көйлегін шешіп,қарын шашын алдырған соң,қаз-қаз басқанша-нәресте(кей өлкеде бөбек) делінеді. тұсауы қиылып, аяғын басқаннан жеті жасқа дейін-сәби(кей өлкеде балдырған)аталады.Жеті жастан он үш(15) жасқа дейін-балалық шақ.Балалық шақтың тіршілік тұрағы, тұрмыс аясы-жанұя аталған.
Отау иесі болғаннан,немере (не жиен)сүйгенге дейінгі кезең-отағасы (отанасы)аталып,тіршілік тынысының шеңбері-отбасы делінген.Немерелі-шөберелі болғаннан бақиға аттанғанға дейінгі кезең-ата(әже) делініп-тұрмыс аясы-әулет атан-ған.Осы аталған кезеңдердің тіршілік шеңберінде жүргізілген,мақсатты,жүйелі тәрбелік іс-қимыл әрекетті ,тәлімтәрбиелік үлгі-өнегені- ӘУЛЕТ МЕКТЕБІ деп отырмыз. Бұл мектеп- аты-жөнін айпарадай етіп маңдайшасына жазып қойған еңселі, ғимарат емес.(Алайда, тәрбиелік іс-әрекет белгілі ортада үйретуші- ұстазы бар,үйренуші-шәкірті бар, айқын бір нәрсені үйретіп ұқтыратын амал-айла, сабақ-дәріс меңгертетін педагоикалық іс-қимыл.Мысалы, Сұлтан деген ұстаз,Қожа деген шәкіртке, иен жонда,ат үстінде, шылым шегуді үйретіп бара жатыр.)Әулет мектебі-кім-кімге, нені, қалай үйретіп жатқаны айқын көрініп тұратын, «тұнық шыныдан жасалған»,әулет мүшелерінің көз алдында сабағын өткізетін мөлдір де, ашық мектеп.Ол талантты да озаттарды бөліп алып, оңаша оқытпайтын,кәрі-жас,ұл-қыз,бай-кедей, шенді-шекпенді,хан қараша баласы деп алаламайтын көпке ортақ мектеп.Осындай мектептің қазақ ортасында бар екенін, қазақ баласына тәлім-тәрбие беру амалына көңіл аударғандар мен арнайы зерттегендердің барлығы да айтқан болатын.
Кейбір әулет өсіп-өніп,рулы елге,тайпа дәрежесіне жеткен. Орталарынан неше түрлі дарынды,өнериелері туып шыққан. Осы негізде дамыған,тайпа арасына қызмет жасаған, өнерлік-кәсіптік мектептер де болған.Олардың ерекшелігі тарихи тұлғалардың, өнериелерінің есімімен аталуы.Мәселен, Қорқыт, Ықылас мектебі,Құрманғазы,Тәттімбет мектебі, Бұқар,Абай мектебі,шешендік,жыршылық мектебі т.б. Сондай-ақ,керейлік үйшілер мектебі, адайлық зергерлік мектебі, наймандық бақсылар мектебі.
Әулет мектебінің түрі де мол.Мәселен ата-әже немесе әке-шеше мектебі,жезде-жеңге мектебі,ақсақалдар мектебі қарашаңырақ мектебі,ана мектебі,дана мектебі, ақшам мектебі, бала думаны,құрбы-құрдас мектебі,мереке-мейрам мектебі,еңбек-өнер мектебі т.б.
Әулет мектебі қазақтың тұрмыс салтынан туындағандықтан,оны,әдет-ғұрып,дәстүрлерден айыра тану оңай емес.Былай қарасаңыз,қазақта не көп,той думан,мереке көп. Оның бәрі,асып-төгіліп,шашылып-тарату үшін жасалған, мақтаншақ-бөспенің іс-әрекеті емес,бала тәрбиесі үшін, жастарға ұлағат үшін, үлгі-өнеге беру үшін жасалады.Оларды жалпы алғанда,қазақ-жастар думаны(бала қуанышы)деп атаған.Қазақ қандай да,салтын,думанын жасаса да,оның тәрбие мектебіне айналуын көздеген
Қазақ салтанатты адам рухын асқақтату үшін жасайды Ал,ұлттық рух бала
1
жанынаділмен, тілмен,дәстүрмен, өнермен сіңетінін аңғарған халық,бала алғашқы мүшелден асқанға дейін,оның дамып жетілуі,өсіп нығаю әр кезеңін мұқият бақылап,жетістігіне жігер беріп,табысына талдау жасап,үнемі атап өтіп отырған.Мәселен,құрсақ той,ат қою, шілдехана,бесікке салу,шаш алу(қию),тұсауқияр, атқа мінгізу,сүндет той,тілашар т.б. ғұрыптарды осы кезеңдерде өткізген.Ондағы негізгі мақсат:жас баланы әлпештеумен қатар басқа балаларға берілетін тәрбие мен білімді осы шараларға сіңіріп беру ісін ұйымдастыру еді. Басқаша айтқанда; балаларға тәлім-тәрбие беру үшін,әулет мектебін осылай ұйымдастырып,оның пәндерін осылай оқытқан.Ол өз кезегінде,осы ұйымдастыру нәтижесінде , қазақтың ғұрып салтымен біте қайнасып,әдет-әдебіне ұласқан,күнделікті тыныс-тіршілігінің қалыбына айналған. Олай болса әулет мектебінің түрлері дегеніміз қазақ салтында,әдет-ғұрпында атқарылған әрбір іс-әрекеттің, ұйымдасқан,бірлескен,белгілі мақсатқа сай жүзеге асырылған шаралардың жиынтығы болмақ.
Әулет мектебінің тәрбие құралдары мен тетіктері де ерекше болған.Мәселен,тіл және сөз,ырым және әдеттер, ғұрыптар,рәсім-тәмсілдер,наным-сенімдер, мұралық және жәдігерлік дүниелер, атамекен-ел-жұрты,тұтынған ас суы,киім-кешегі,баспанасы,өскен өлке,ата-баба моласы , зираты т.б.Қей ретте,тәрбие құралдары өз кезегінде әулет
мектебіне де ұласа алады.Мысалы,жұмбақ айту,жасыру тәрбие құралы болумен қатар «Айтыс» аталатын бала думанының құрамдас бөлігі.Ал,балалар айтысы жай ғана тәрбие құралы емес.ол-әулет мектебінің бір түрі. Айталық, балалар айтысы тәжіксілесу немесе қарапайым сөз қағысы;суырып салмалыққа баулу,соған жаттықтыру айтысы;өтірік өлең айтыс;жаңылтпаш жарысы;мақал-мәтел жарысы:қара өлең айтысы;жұмбақ жасыру сайысы; сыр ашу сайысы;жұмбақ өлең айтысы,қүлдіргі айтыс , аралас айтыс сияқты оның көптеген түрі бар. Міне,осыларды өткізудің белгілі ережесі,әр түріне сай қойылатын талап бар.
Қазақ қоғамы аталы сөзді дәріптеп,оны тек қатынас құралы немесе тәрбие құралы ғана емес,өмір салтын үйлестіруші тетік ретінде пайдаланған.Осы негізде дала демократиясын қалыптастырып,жетім-жесір,қарт,мүгедек үйлерін жекелемей, түрме, қамау орындарын тұрғызбаған.Ол олма,құлдар мен күң, тұткындар мен олжаланған адамдар тағдыры ізгілікпен шешілген.Сондай-ақ,қазақ азаматын марапаттаса,«шенді шекпен жаппай-тын,төсіне жылтыратып металл тақпайтын.» Қазақтың марапаты да-сөз,жазасы да-сөз.Сол себепті әулет мектебінде негізгі тәрбие құралы міндетін сөз атқарған. Мысалы;ардақтау,ұлықтау,мадақтау,дәріптеу,қолдау қолпаштау,кешірім сұрау, тағзым ету,аяққа жығылу, көңіл сұрау,естірту,дауыс шығару,көрісу,жоқтау қатарлы әдеттер, өз рәсім-тәмсілдерімен ғұрыпқа сіңісіп, қазақтың кім екенін басқаға танытатын ерекше бір ұлттық нышанға айналған.Оған коса,тәлімдіқ сөздер,тыйымдық сөздер,өсиет сөздер,бата-тілектер,аңыз әңгімелер,ертегі- хикаялар,шешендік сөздер, өлең-жыр,толғау дастандар қазақтың телегей теңіз рухани мүрасын құрай отырып,нағыз тәрбие құралы бола алған.Бұлар ислам хадис шарифімен ұштаса келіп діни тыйымдар мен бұйрықтарға етене қабысып кеткендіктен әулет мектебінің басты да,нақты тәрбие құралына айналған.Қазақ бір ауыз сөзбен,тұрғанды отырғызған,жатқанды тұрғызған,есенгірегеннің еңсесін көтерген,еліргеннің екпінін басқан,бір ауыз сөзбен «тірілтіп»,бір ауыз сөзбен «өлтірген». Тіптен, Әулет мектебінің ең басты әлеуметтік пәні де- «Тіл өнері» болған.Осылайша,қазақ деген халықтың;сөзді тыңдау,сөзге тоқтау,сөзде тұру,сөзді ұғып оны қадірлей білу дағдысы,оның салихалы әдебіне, ерекше қасиетіне,өзгеше мінезіне айналған.Қазақ сөзбен адам жанын да,тәнін де емдеген.Қазақ тілмен тұлға,азамат тәрбиелеп қалыптастырған. Қазақтың тілі-қылыш,сөзі сойыл.
Тәрбиелеу ісі әулет мектебінде, адамның өсіп даму жас ерекшелігіне сәйкес жүргізілетін.Қазақ баланың ержету есею кезеңдерін;балбөбек,балдырған(1-5),жас(өскін) ұлан, жеткін-шек(5-13)бозбала,бойжеткен(13-18жас),отбасы мүшелерін күнделікті тұрмыста:қалыңдық,күйеу бала (күйеу жігіт), қазақ қызы,қазақ жігіті, отағасы, отанасы,
2
ата-ана,әке-шеше (балалы болғаннан бастап),ата–әже(немерелі болғаннан бастап)-деп атап келді.Ерте кезде,7-15 жас аралығындағы балалар,«бек ұл,пәк қыз немесе «айдарлы ұл,тұлымды қыз» аталатын.
Әулет мектебінде берілген үлгі-өнеге,білім мен дағдының мазмұнын пайымдасақ,жекелеген пәндерді үйрету ғана емес, жалпы әлеуметтік білімді үйрету көзделген
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ,кең байтақ өлкемізде буыннан –буынға жалғасып, ұяттылық, әдептілік, көргендік, мейрімділік салтанат құрып, үйлесім тауып жатқан.Міне, сол қымбат ,асыл қасиеттердің бәрі отбасы,ошақ қасында бүршік атып,бұтақ жайған.
ҚАРАПАЙЫМ ҚАЗАҚ ОТБАСЫ түрлі тәрбие құралдарын толық пайдалана алмаса да,өңірлік,рулық,ауылдық шеңберде өз балаларын әулет мектебінде тәрбиелеп келді.Шаруа отбасында тәрбие,үлгі өнеге көрсету іс-әрекеті,әулет пен тайпаның,рудың шынайы өмір әрекеттерінен айырмашылығы аз еді.Тәрбие құралдарының аясы атам заманнанқалыптасқан шаруа отбасының қатынастар жүйесіне,еңбек қимылдарының ауқымында жүзеге асырылатын.Ұлттық тәрбие құралдары өз жүйесін құрай отырып,тұрмыс салтында тұрақты әрекет етуші дәйекке айналған.
Қазақ қауымының қай кезеңінің алып қарасаңыз да,еңбектің көбін балалар еңсерген. Олардың тіршілік те алар орыны,әулеттегі қолғабысы орасан зор болған.Қазақ атамыз: «баланың ісі білінбес,тайдың мінісі білінбес» деген ғой. Әсіресе бақташылар мен бағбандардың,балықшылар мен дихандар үшін балалардың көмегі шексіз еді.Әрі өмірге дайындау,осы еңбекке жас өспірімді тікелей қатыстыру жолымен жүргізілетін. Сондықтан,баланың жасына сай,игертуге тиісті еңбек дағдысын уақытты ұтымды пайдаланып үлгерту ата-ана үшін қасиетті борыш,әрі парыз болған. Мәселен бала қозы жасында-қозы бағып,бұзау қайыруға тиісті болған.Тезек теріп, шөмшек отын дайындау да,осы жастағылар үлесіне тиген.Мал сауып,төл бөлу,қозы көгендеп, құлын тарту қозы жасындағы балалардың басты еңбегі еді.
Ал,ата-әже және әке-шеше үшін бала жасы оның еңбекке араласуына сай төмендегідей аталатын. Ермегім, алданышым, қолұшым, қолғанатым,серігім, сүйенішім, асыраушым. Қолқанат бола бастаған шақта олардың жасы атқаратын міндетімен аталатын. Қозы жас; қой жас;жылқы жас; патша жас;аңдушы;қағушы;суқұяр: атқосшы; көрікші; соғушы; аутартар; ескекші.Жыл бойында атқарылатын еңбек науқаны, балаларға олардың жасына сай еңбек мейрамын-(әулет мектебін) сыйлаған-ды.Төл аяқтандыру, қырқын,төл пішу, шөп шабу, егін ору,соғым сою сияқты еңбек науқандары бітісімен,қазақтар,салттық мейрам жасап, оны әулет мектебіне айналдырған.Мысалы: сірге жинар,төстік қаптар,соғым бас, көгентүп жасау,пішен той,сабан той т.б.Әулет мектебінің қай түрін алсақ та,негізгі мақсат:ЖАС ҰРПАҚТЫ көзі ашық,көкірегі ояу,парасатты жақсы АТА-АНА болуға әзірлеу,дәуір талабына сай өмірге дайындау екендігі айқын аңғарылады. Өмірге есті де,епті әке-шеше дайындау қазақ үрдісінің бірінші ерекшелігі:ұл мен қыздың өмірге келген күнінен бастап,отау тігіп бөлек шыққанға дейін,бір ғана әулет мектебінің аясында тәрбиеленуі болып табылады. Екінші,Қауымдық тәрбие мен отбасылық тәрбиесі,бірін-бірі қолдаушы ниеттес іс-әрекет арқылы жүзеге асатын Үшінші. Адамдардың тәрбие ісіндегі мақсат,мұрат сәйкестігі, ұлттық мүдде бірлігі,әдеп,тіл,дін ұксастығы ұрпақ тәрбиесінде алалық туғызбайтын.
Қазақ әулет мектебінің ішінде өзгешелегі тым молы жеңге және жезде мектебі.Балдырған шағында ұл мен қыз тәрбиесі арасында оншама айырмашылық болмаған. Тек қыз баланың киім киісі сәнді, жүріс-тұрысы әсем, сөз ырғағы биязы, жібек мінезді болудың амал-тәсілдерін ойластырып, сол үшін де оның алғашқы дағдыларын игертуге ерекше зейін қойған. Мәселен, екіден бес жас аралығындағы қыздар киіміне сылдырмақ пен түйме, түйреуіш-тана тағып, үкі қадап тақия,кестелеп пешпет, кеудеше, бүрмелеп көйлек, сырмалы жағалы жейде кигізуі, жеңіне желпілдетіп жеңұш, қолына білезік, саусағына сақина салуы, олардың нәзіктігімен үндестік тауып, әдептілік пен
3
әсемділіктің алғы шарты болған. Себебі қазақтар, қыз баланы киіміне, әсіресе, саусағына, ала-қанына,жеңіне қарап өседі деп түсінген.(Қазақтар қыз баланың /қай жастағысы болсын/ алақанын,білегін,бөтенге көрсетуге, ұстатуға құлықсыз болған) Бұл қағида –бұлтартпас ақиқат еді.«Барша халық 5 пен 7 жас мөлшеріне ерекше мән береді. Бұл кезеңде ата-аналар оларға кіші балаларды бағып-қағуды, мал-жанға қарауды,басқа да үй ішілік жұмыстарды сеніп тап-сыра бастаса,балалар бұл тараптағы міндеттерді өз мойнына жауапкерлікпен алады.Бес,жеті жаста бала естияр болады деп есептеледі де,жаңа әлеуметтік жүк арқалай алатындай орнық-ты мінезге ие болады»-деп жазған И.С.Кон.(Ребенок и общество.М.,1988.)
Мұндағы пікірлер қазақта толығымен бар екенін,оның қалай жүзеге асатынын Х.Арғынбаев, «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» атты еңбегінде:«Қыз балалар 5-6 жасынан бастап апаларынан, шешесінен, әжесінен және ауылдас әйелдерден,іс тігу,тамақ пісіру,үй жығу,үй тігу,киіз басу,өрмек тоқу,кесте тігу шеберлігін үйренеді,үй жиып,кір жуу,ән салып күй тартуға, айтысқа және қыз келіншектерге тән басқа да әдет-ғұрыптар мен жағымды қылықтарды үйренеді»-деп тамаша көрсеткен. Мұның екінші жағы,сол жас шамасындағы балалар тәрбиесінде қыз және ұлға айырмашылықпен қарау қажеттігін аңғартады.
Иә,қазақтар ұл мен қыз тәрбиесіне тым терең бойлап, олардың жас ерекшелігі мен табиғи өзгешеліктерін үнемі жадында ұстап,тәрбиелеу жолын тамаша таңдай білген.
Қазақ тәрбие ілімінде;«Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай қара,онбес жасқа дейін қосшыңдай сана,онбес жастан асқан соң досыңдай бағала» деген хас қағида бар.Баланы асырап күтудің ең ауыр кезеңі бес жасқа дейінгі мерзім.
Бала беске толысымен қазақтар атқа мінгізіп, сүндетке отырғызып, еңбекке араластырады. Бес жасқа дейінгі баланың өсіп жетілуіне, денінің сау, денесінің ширақ, ақыл - ойының ұшқыр болуына ата – анасы, ағайын – туысы үнемі мүмкіндік жасап, қадағалап мұқият бақылайды.Басқаша айтқанда, «патшасындай» қарайды.Солай етуге ата–анасы ғана емес, тайпалы ел,ауыл–аймағы міндетті болған.Екінші жағынан,бұл жаста-«ойын баласы» себепті «өзіндік еңбегі,тіршілігі бар» ересек-терден «тәуелсіз» күн кешуге тиіс.Сондықтан қазақ баласы тірі жетім, тұлдыр жетім, тастанды аталмаған.«Жетім» деп айтудың өзі қорлаумен тең болған-ды.Бес жастан кейін ұл- ұяты әкеге, қыз–ұяты шешеге жүктеледі.Әке көрген оқ жонуы, шеше көрген тон пішуі шарт.Қыз бен ұл әке–шешенің көлеңке-сіндей, жанында болуы міндет еді.5 – 15 жасқа дейінгі бала әке – шешенің назарынан тыс қалуға бірде–бір жағдаят болмауы тиіс.Оларды әке–шеше қосшысындай бағалауы қажет.Ал он бестен асқан соң олардың « досы» болуы абзал.Солай болған да еді.«Алтыға дейін атаңды таны, жетіге дейін жеріңді таны» деген қағида ұлттық тәрбиенің шымбайлы ережесінің бірі еді.Осы жаста өзінің кіндік қаны тамған жерін біліп (барып аунауға міндетті)әке –шеше, ата – баба туып өскен жер, өлкесін тануға тиісті болған. Ата- бабасының жайлауы мен қыстауын,зиратын,мекендеген жерлерін аралауға мүмкіндік туғызған.Ағайын туыстарының кімдер екенін, олардың қайда тұрып,нендей кәсіппен шұғылданатынын,ру–тайпасының арғы тегін, олардың таңба ұранын білу, малға салатын ен, басатын таңбасын ажырату осы жастағы балаларға міндеттелген. Нағашы жұртын да білуге тиісті болған.Қазақтар отбасының рулық құрамын байқасақ, нағашысына рулас қызға үйлену, тұрмысқа шығу өткен дәуірде көп болған. Оның себебі жастар ең әуелі нағашысымен танысатын, оның жегжатқа қатынасуы содан басталатындығында.Қазақтағы әкесі мен ұлы «бажа болу» осыны дәлелдейді.Өмірмен, айналасымен танысып білуге, мына таудың ар жағында,анау өзеннің арғы бетінде кімдер тұратынын, не барын танып білу 6-7 жас сәбилеріне тән болғандықтан ата - әжелер оларды ертіп қысқа сапарға шығатын,ел аралайтын болған.Той – думанда, мереке салтанатқа қатыстырып,өнер білімге құштарлығын арттырып, қызығушылығын оятатын.Жасөспірімнің тума таланты не еке-нін білу үшін, бейімділігін пайымдау үшін,ата-әжесі,әке–шешесі, білгір–тәуіп,сыншы әулиелерге ертіп апарып, келе-шегіне
4
болжам жасататын болған.Қазақтың адамтанушылары бала келешегін жан–жақты (алақан
сызығы, маңдай әжім бедері, табан сызық сұлбасы, құлақ күнқағар тамыры, саусақ тұяқтары, мең мен түйме, үн мен дыбыс, саусақ, аяқ, мойын, шаш бітімі, түр түсін т.б.) бақылап өте дәл айта алатын болды. Ал ұлды тану оның нағашысын білуден басталған. Қызды білу шешесін танудан бастау алған. «Жігіттің жақсы болуы нағашысынан», «Шешесін көріп қызын ал» деген нақылдар осының айғағы. Балаларды бұл жасында атақты адамдарға апарып аузына түкіртетін.Ұста, зергер, құсбегі, атбегі қатарлы өнерлі адамдарға апарып шәкірт болдыратын. Бейімділігі мен ептілігін байқап көріп, алғашқы қадамын бажайлап, бетін ашатын, талпыныстағы тұсауын қиятын.
Қыз бала жеті жасқа толысымен (жас өспірімдік шақтың басталуы деп есептеген),« ес біліп қалды,етек – жеңін жинайтын шақ болды” деп, қолғабыс жасау, даяшылық ету, анасына көмектесу,іс қылу сияқты еңбекке араластырып, қызға тән білік-дағдыларды игерткен.Ол үшін, олар біз ұстап кесте тігіп, ине ұстап іс қылған, білік ұстап алаша, өрмек тоқуға аралас-қан.Жүн түтіп, майдалап шүйкелеумен қатар ұршық ұстап жүн иірген.Шүйкеден жіп есіп,бау құрастырған. Киімін жамап,түйме,түймебау қадаған.Су әкеліп,самауырын қойған, шәйнек асқан, мосы көтерген, пеш жаққан, отын терген,кір жуысқан, мал сауысқан. Әрине, балалықтан аттар, жастыққа бастар аралық- бозбала(бойжеткен) сын кезең ұлға да, қызға да бірдей. Балалықтан байсалдылыққа өтер басқа өткел де,жол да жоқ. Бірақ олардың сол сыннан сүрінбей өтуіне сүйеніш болар адамдар:ата-ана,құрбы-құрдас,туыс-туған екені белгілі.Қазақ ғұрпында,ана қызға ең әуелі ақылшы,әрі жанашыр.Ана ақылынан титтей де аулақ кету, ауытқу болмаған десе болады. Баласы жылағанның анасы жылаған, баласы қуанғанның анасы қуанған.Қазақта, қызы үшін анасы отқа түсіп,суға батқан.Қыз барлық өнегені анасынан алған.Сондығы болар, «қыз ұяты шешеге" деген ғой."Қыз жағадағы құндыз”.Ол баршаның бақыты.Көптің тәлімімен өсетін, нәзік қамқорлықты таңдайтын,талғайтын абзал да аяулы ұрпақ.Оның тәрбиесі көптің ісі.Қыз елдің көркі”.Әдепті, тәртіпті қыз ауылдың мақтанышы, ал, керісінше болса, ата-анаға сор, ауыл аймаққа күйік.Бойжеткендерге "қырық үйден тию” қойып, «қыз қылығымен” дегенді ерекше ескерткен.Бірақ мұның бәрі де қыз тәрбиесі үшін жеткіліксіз(бүгінгі таңда, тіптен орыны толмай жүр).Бойжеткен қыздарға ата-әже, әке-шеше жас жағынан тым алшақтау, құрбы-құрдас кейбір жағдайды шешуде өзі тәрізді тәжірибесіздік көрсетеді.Енді кімге иек артып,сүйену қажет?.Өмірдің өзі-”Жеңге,жеңге.” деп көрсетіп,сыбырлап: тұр емес пе?! Осы негізде қазақ әулетінде "Жеңге мектебі” өмірге келген."Қызы бар үйдің қызығы бар” болатындықтан әр күн өткен сайын,өсіп келе жатқан қыздың физиологиялық ерекшеліктері сезіліп,жаңа тосын жағдайлары көбеюі рас.Осының бәрін суыртпақтап, білтелеп ұқтыратын кім еді? Әрине жеңге, ол болмаса әпекесі. Шындығында келін әулетке қосқан асыл жанды адамы,бақ береке нышаны.Сол шаңырақтың қыздары мен ұлдарына жанашыр жақын жан, жүрек сырын түсінісер ақылшы адамы.Ал, қыз үшін жеңгенің орыны ерекше."Қызың өссе қызы жақсымен көрші бол,ұлың өссе ұлы жақсымен көрші бол” дейтін қазақ атамыз келінін кейде "қызым” дейді.Келін-қыз баланың табиғи ерекшелігі,жар сүю, бала асырап-күту,отбасындағы еңбектің дағдыларын үйретуші ұстаз.Қыз бала әулетте ерекше бағаланады.Ол ең әуелі өріс кеңітер ұрпақ,ауылдың сәні, шаңырақтың шаттығы, қадірлі қонақ.Дүниеге қыз келіп,ата-анасы:«Ырыс алды-қыз»-деп қуанған.Әсіресе,қазақтар тұңғышының қыз болғанын қалаған.Оның себебі, «осы отбасына әлі талай ұрпақ келер,оларды асырап бағуға анасына жәрдемші болар,қыз туса екен!»-деп армандаған.Сондай-ақ, қазақ қыздары сәннің де,салтанаттың да ажары,табиғат сұлулығын, өз зейініне сіңіре білген,онымен үн қоса білген жаратылысынан ерекше дарын иелері.Олар-ән-күй,өлең-жыр, қолөнердің небір баға жетпес туындыларын жасаған,сақтап бізге жеткізген. Шынайы махабатты өмірінің ақырына дейін қастерлеп сақтап,ғашықтық жолында жанын пида еткен,өзінің ақ пейілді,нәзік сезімді жігіттері мен қыздарын жыр етіп,ұрпақтан-ұрпаққа таратып,ел есінде мәңгі қалдыру ата салтымыз.Қазақ жігіті мен Қазақ қызын тәрбиелеп, өмірге
5
дайындаушылар- жезделер мен жеңгелер, балдыздар мен қайындар,қайынсіңлілер болған. Олар осы салт арқылы жастарды мөлдір махаббатқа тәрбиеледі, бойжеткендерді жан-жақты түрде өмірге дайындады.Бұл тәрбие жақсы нәтиже берді.Айталық,:қазақ халқында бір елді аузына қаратқан бәйбішелер, ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірген сұңғыла шешен қыздар, жаудың жігерін құм еткен,желігін жүндей түткен адуын,асқақ,батыл әйелдер қаншама өтті!Он саусағынан өнер тамған қазақ әйелдері біздің бай қолөнеріміздің төлиесі.Кілемнен бастап түндікке дейін,басқұр мен шымшиден бастап босағаның бауына дейінгі ғажайып өрнек-оюлар, тоқылған, өрілген, сырылған бұйымдар, оқаланған, зерлен-ген, көмкерілген, жиектелген, ызылған таспалар мен құрлар, ұлттық киім-кешектер, үй жиһаздары т.б. бәрі- бәрі әйелдер қолынан шыққан асыл да, бағалы дүниелер. Бұл жеңге мектебінің сан қырлы іс-әрекетінің табысты нәтижесі. Ұлттық тәрбиелеу дәстүрінде тәрбие мұраты өте айқын, әрі баршаға түсінікті еді.Оны қарапайым тілмен жеткізсек; Өмірге, «епті де.есті ата-ана» дайындау болатын. Ал,тәр-биелеу дегеніміз-баланың ықлас- ынтасын тарта отырып, ата-ананың өз айтқанына көндіруі,діттеген мақ-сатына жетуі.Кәзірше? Сағызша созылған,шұбалаңқы ата-ана,тәрбиеші ұстаздарға түсінуі өте қиын құрмалас сөйлемдерден тілің сынбай-ақ ,көзің талады.
Айталық:«бек ұл,пәк қыз»,«айдарлы ұл,тұлымды қыз»,«иманды ұл,ибалы қыз», «айбарлы
ұл,ақылды қыз»,«батыр ұл,батыл қыз»,«ісмер ұл,істі қыз», «Ер жігіт,есті қыз»,
«шешен жігіт,ақын қыз» «Өрелі жігіт, өнерлі қыз»,«Қазақ жігіт,Қазақ қыз» т.б. Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ,бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырып, ізетті келіннен таныған,татулықты абысыннан тапқан, дархандықты даласынан,даналықты бабасынан,пәктікті баласынан алған халық.Қазақ адамгершіліктің басы-әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған.Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулап, дауға-дәру, жауға-қару,араздыққа-араша,татулыққа-тамыр,тазалыққа-нәр,пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.Нақтылы жазба дерек бойынша,түрік дәуірінде,Ұмай Ана мектебі жұмыстаған. Ұмай Ана мектебіндегі тәрбие туралы Орхон-Енисей ескерткіштері біршама мағлұмат береді..(Ана мектебінің кейбір ұлық ұстаздарының педагогикалық ой-пікірлері Батыс және Шығыс жазба әдебиеттері арқылы бізге жетті) Қазақ мектебінің басы–Ана мектебі. Оның даму тарихы тым тереңде жатыр.Ол даму тарихында Дана мектебі дәрежесіне жеткен. Қазақтың жеке ел болып,еңсе көтерген сол бір дәуірде,текті ата әулеттерінде Қарашаңырақ мектебі орнаған. Әулет,ауыл, ру,тайпа аумағында ақсақалдар мектебі тым ерте дәуірде қалыптасқан.Бұлар тіршіліктің бар саласында, өмірдің әр белесіне етене араласып, әже-ата,әке-шеше, жезде -женге мектебі аталып, қазақ қоғамында ауқымды педагогикалық іс-әрекет жүргізді,жас ұрпақты өмірге дайындады,үлгі-өнеге ұқтырды. Оларды жалпысынан Әулет мектебі деп атадық Әулет мектебі аумағында жүргізілген педагогикалық-тәлім-өнегелік тәжірибесі барысында жинақталған педагогикалық ой-сана қорын-Әулеттік мектеп педагогикасы деп отырмыз.Әулет мектебінде- білім беру, тәрбиелеу ісі әдетте, отбасылық тәрбие делініп келгені белгілі.Қазақтың ұрпақ тәрбиелеу үлгі өнегесі бір ғана отбасының міндеті болған жоқ және тек бір ғана отбасы шеңберінде жүзеге асқан жоқ. Шындығында,ол іс-әрекет оқшауланған бір ғана отбасылы- педагогикалық процесс те емес.Баланың тәрбиесі мен оның үлгі-өнеге игеруіне тек әке-шеше ғана емес,ағайын туыс, ауыл-аймақ, көрші қолаң,алыс-жақын бәрі де жауапты болған.Танысын-танымасын кез-келген ересек қазақ, баланың оғаш қимыл әрекеті-не,құлық- мінезіне ескертпе жасап,тиым қоюға міндетті болған.Дәлірек айтқанда,әрбір ересек адам,ақсақал қария,ақын-жырау,сері-сал,жүргінші жолаушы,түсел-мейман, ел кезген диуана, керек десеңіз,дала кезген жиһангер бәрі-бәрі әулет мектебіне қатысып, ұстаздық етуге тиіс болған.Сонымен қатар әулет мектебі тек жастарға тәлім-тәрбие,білім беру үшін құрылған жоқ,жасамыстар да,қарттар да бұл мектепке әрі ұстаз, әрі шәкірт болған.Қазақта үзіліссіз білім беру,тәрбиелеу ісі,осылай, әулет мектебі арқылы жүзеге асқан. 6
Түркілердің мифологиялық көне түсінігі бойын¬ша жақсылық жаршысы — аспан шамшырағы, Күн бейнелі Ұмай ана. Ұмай ана — түркі тектестердің Хауа анадан соңғы ұлы анасы(кейбір зерттеушілер Ұмай Ананы Хауа ана деп те таниды),- әйел мен баланың пірі, мейірім-шапағат шуағын шашқан күн дидарлы әулиесі.Сондықтан да қазақ елі жаңа түскен келінді табалдырықтан оң аяғымен аттата сала, «От-ана! Май-ана! Жарылқа! Жарылқа!» — деп отқа май құйғызады. Осы ізгі ниетті ақ тілеудегі «От-ана» — қазақ¬тардың мифологиялық кейіпкері Үт бикеш те, ал «Май-анамыз» — Ұмай ана екен. Қара жерді Жер-Ана деп құрметтеп, туған тілін Ана тілі деп әспеттеп, аналар мен отбасының пірі - Ұмай Ана деген наным-сенім қазақтарда да болған.Қазақ аңызында; «Ұмай ана шаруашыл, бейнетқор әйел болыпты. Ұмай Ана он екі қыз тәрбиелеп өсіріпті. Қыздарының бәрі күйеуге шығып, барған шаңырақтарына ырыс-береке мен бақыт әкеліпті. Бұл әйелдердің еңбексүйгіштігі сонша, тіпті, қажет болса, адамзаттың игілігі үшін өзендерді бөгеген, өзендердің арнасын бұрып, шөл далаға тіршілік жіберген, тау бұлақтарының көзін ашып, мөлдір су ағызған.Қыздары жұрттың қамын ойлап, үнемі қамқорлық жасап жүретінін көрген Ұмай Ана оларға ақ жол тілеп, батасын берген екен.»
Түркі қағанаты дәуірінде елдің өзіндік іргелі мәдениеті болумен қатар,жазу сызуы бар,ұрпағы хат танып,сауат ашатын мүмкіндігі толық,оқу-оқып білім алатын әулет мектебі болғандығына шек келтіре алмаспыз!Біздің пікіріміз бойынша,қайыңтозға, шүберекке, ағашқа,көнге батырылып жазған-«оқулықтар да» болған. Оларды тауып,тани алмай келеміз.Кәзірдің өзінде,металл қаңылтырға,тиын-теңгелерге жазылған,аспап-құралдарға ойылған жазулар бар ғой. Қазақтың киіз каітабының ілкі бастауы сонда жатқаны анық.Жәй ғана ақылға салсаңыз,ақын-жырау Йоллықтегін, бәдізшілер жанына келіп,ауызша айтып дастандарды тасқа таңбалатқан жоқ қой!Ол мектеп ана және дана мектебі аталғанына күдіктенуіңіз мүмкін.Ал,осы мектепте,Ұмай Ана ұстаздық еткеніне келісерсіз.Алайда,Ұмай Ана жалғыз болмағаны да анық. «Кұлтегін», «Тоныкөк» дастандарын жазып, тасқа таңбалауда бәдізшілерге басшылық еткен, жыршы-ақын -Йоллықтегін де,данагөй ақылман,әйгілі ғұлама Тоныкөк те бұдан шет қалмағаны белгілі.Дастанда жырланатын ханның ханымы да (Елбілге хатун-Білге қаған мен Құлтегіннің анасы),Ұмай Ананың сіңлілері де,қыздары да,басқа өнер иелері де бұл мектепке ұстаздық еткені анық.Үйдегі бала-шағаны,жалпы отбасын жаман рухтардан сақтап,үйге құт-береке келтіріп отыратын Анаға тағзым ету оның үлгі-өнегесімен ұрпақты өмірге дайындау дәстүрі «Көк түріктер» дәуірінде ғана емес,тіпті одан мыңдаған жылдар бұрын да болғанын дәлелдейтін аңыз-әфсаналар көп.


Әдебиеттер.
1Сартхожа Қ.Орхон мұралары Астана.2003
2.Қабдыразақ Қ. Әулет мектебі Астана 2010
3.Қабдыразақ Қ. Ұлы даланың ұлық ұстаздары Астана 2015

Қобдабай Қ. ( п.ғ.к.)
~Hobdabai@miсrosoft.com.~
Автор: Қобдабай Қабдыразақұлы | 4-02-2017, 00:09
Қарау саны: 988
    
Жарнама

Пікірлер -
1


күннұр қайратқызы - 16 наурыз 2017 00:50
Ана мектебінің дана мектебіне айналу барысында еңбек сіңірген,аналардың іс-өнгегесі көрсетілген мақалалар жазылса жақсы болар еді.Мүмкін жалғасатын шығар.Күтеміз!!

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :