» » ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДА ӨЗІНЕ-ӨЗІ ТАЛАП ҚОЯ БІЛУГЕ ТӘРБИЕЛЕУ


ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДА ӨЗІНЕ-ӨЗІ ТАЛАП ҚОЯ БІЛУГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДА ӨЗІНЕ-ӨЗІ ТАЛАП ҚОЯ БІЛУГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Қарағанды облысы Абай ауданы

№1 ЖББОМ

Қазақ тілі мұғалімі

Аяпбергенова Г.К.

 

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы-балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ.

Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білген, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы біздің балабақшада жүргізіліп келеді.

Өзін-өзі тану-адамгершілікке жетелейді. Өзін-өзі тану-өзін бағалау іс-әрекетін, кемшілігі мен жетістігін білу деген мағынаны білдіреді. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз-жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңе білу. Әр жеке тұлғаның өз мақсаты болуы тиіс. Жігерлі болсаң көп нәрсеге қол жеткізесің.

Егер педагог өзін адамгершілік тәрбие беру арқылы адам қалыптастыру міндетін өз дәрежесінде атқарып келе жатса, қоғамдағы жат қылықтар қайдан шығып жатыр деген сауал туындауы мүмкін. Мысалы, бала тіл алығыш, жүрегі таза, сезімі пәк болып, өсе не жоғарғы буынға келгенде өзгеріп сала береді. Сол кезде мына бала қандай еді, қалай өзгеріп кетті, мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды, неге озбырлық жасауға бейім болып алды деген сұрақтар мазалайды. Әрине оның себептерін жан-жақты іздеуге болады. Бала тәрбиесіне ата-анасы мен жүрген ортасына педагогтың да қатысы бар. Баланың қалыптасуына ықпал етіп, дамуына үлес қосатын педагогтың есте ұстар жағдайлары аз емес. Солардың ішіндегі ең негізгісі-балаға деген жүрек жылуы. Ол қашан да қажет және ешқашан артық болмайды.

Жалпы адамгершілік дегеніміз-адамның қоғамдағы моралдық нормасын орындауға белсене қатысуы және өз бойына тәртіптілік пен мінез-құлық тәжірибесін қалыптасыруы, сонымен қатар Отанға, халықына, еңбекке, қоғамдық іс-әрекетке деген жауапкершілік сезімінің тәрбиеленуі болып табылады.

Адамның өзінің ішкі жан дүниесін танып, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік рухани мүмкіндігін дамытады.

Адамның өзін-өзі тануы: Өзін-өзі тану, адамгершілік, адам, өмір, руханилық, сұлулық, даналық, ақиқат, денсаулық, үйлесімділік, қызмет ету, еңбек,достық, махаббат, қарым-қатынас жасау және тағы да басқа құндылықтарды оқып үйренуге және жеке тұлғаның үйлесімді дамуын біртұтас процесс тұрғысында ашуға бағытталған:

·Өзін-өзі тану:

·Адамның сезімі, эмоциясы және әрекеттері:

·Рухани әлем:

·Махаббат-өмір негізі:

·Жеке даралық және интеллект:

·Өмірдің мәні мен тағдыры:

·Денсаулық:

·Салауатты өмір салты;

·Шығармашылық:

·Рух, жан, тән.

Адамның өзінің ішкі жан дүниесін танытып, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік рухани мүмкіндігін дамытады.

Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе-тұлғаны рухани адамгершілік тұрғысынан дамыту, адамгершілік қасиетімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа үйрету.

Ата-анаға баланың құрмет көрсете білуі, оларды құрметтей білу, сыйлай білу, сүйіспеншілік көрсету, рақымды, мейірімді болу.

Ұрпақтың тағдыры дегеніміз-ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы оның білімді де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілігі асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтардың қолында.

Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие-балалардың адамгершілік сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері.

Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасұан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс.

Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкерлігі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады.

Жас өспірім тәлім-тәриені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көруу, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзін-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі.

Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершілік тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды.

Қорыта келгенде уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер үзіліссіз тәрбие негізі саналатын мектепке дейінгі мекемелерге отбасы тәрбиесіне де қозғау салып, баланы тәрбиелеу, қарапайым білім негіздерін меңгерудің мазмұнын жаңартуды, осы заман талабына сай үйлесімді дейгейді қайта құруды міндеттейді.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ұлттық тәрбие журналы №5 2010жыл

2.Өзін-өзі тану әдістемелік құрал «Бөбек» Алматы 2010жыл

3.Отбасы және балабақша журналы

4. Адамгершілік тәрбиенің негіздері. Р.К. Төлеубекова.

5.Бала тәрбиесі №4 2012жыл

 

 

 

 

 

СЕРТИФИКАТ

 

Қарағанды облысы Абай ауданы

№1 ЖББОМ

Қазақ тілі мұғалімі

Аяпбергенова Г.К.

 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДА ӨЗІНЕ-ӨЗІ ТАЛАП ҚОЯ БІЛУГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Тақырыбында мақаласы

 

 

Автор: dauke | 4-05-2015, 20:34
Қарау саны: 2992
    
Жарнама

Пікірлер -
4


ArthusGade - 26 қыркүйек 2015 23:01
Воть это сила!!!!

---

Зимний спорт или прокат горных лыж

Между нами говоря ответ на Ваш вопрос я нашёл в google.com

---

такси Париж – аэропорт а также трансфер из аэропорта

magfiBak - 10 желтоқсан 2015 22:34
.Мне лично не очень понравилось .Если оценивать,то где-то 3/5

---

Сайт алиэкспресс здесь

adstilKt - 29 қаңтар 2016 05:25
Толку от этого мало.

---

Фотографы белгорода тут

Бутафория выходит

---

Свадебный блог белгорода тут

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :