Кіші Шыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Кіші Шыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Кіші Шыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Кіші Шыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық  мемлекеттік мекемесі 

Алюминий және оның қосылыстары

Химия пәнінің мұғалімі Тишибаева Г.С

Тақырыбы: «Алюминий және оның қосылыстары»

 Мақсаты: 1) Алюминийдің табиғатта кездесуі, периодтық жүйедегі орны, физикалық, химиялық қасиеті, алынуы, қолданылуын кең көлемде түсіндіру.

2) Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін арттыру, есеп шығаруға дағдыландыру.

3) Елбасы жолдауын әр оқушы жүрегіне жеткізе білу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

 Көрнекілігі: металл үлгілері, Қазақстанның физикалық картасы, периодтық жүйе.

 Түрі: аралас сабақ

Пән аралық байланыс: география, тарих

 Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Бүгін сабағымызды Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 28 ақпан 2011 жылғы Қазақстан халқына жолдаған жолдауын қолдайық деп бастағым келіп отыр.

Естеріңе түсіріңдерші Елбасы Н.Ә.Назарбаев екбек жолын қай мамандықтан бастады? Иә, - дұрыс металлургия өнеркәсібінде бастаған. Қазақта мынадай мақал бар: «Судың қадірін, су ішкен біледі»,- деген. Экономикамыздың даму барысында металлургия саласының маңызы зор екеніне көз жеткізіп отыр. Елбасының халыққа жолдауынан қысқаша жазып келген Сағат Толғанайдың баяндамасын тыңдасақ.

Бір-екі оқушы өз ойларын айтып өтеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген тапсырма «Қазақстандағы металл кен орындары» , реферат жазып келу болған. Жазып келген оқушылардың рефераттарын оқып, талдау жасаймыз. Қазақстанның физикалық картасынан қай жерлерде қандай кен орындары бар екенін көрсетеміз.

Мысалы:Ақтөбеде хром, Өскеменде металлуршы, Шығыс Қазақстанда никель рудасы, Қостанай облысында алюминий. Алюминий қосылыстары Мұғалжарда, Арқалықта, Павлодарда зауыты бар.

ІII. Мақсат қою кезеңі.

IV. Жаңа сабақ.

«Алюминий және оның қосылыстары»

Кіші Шыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық  мемлекеттік мекемесі

Периодтық жүйеге қарап Аl элементіне жалпы сипаттама береміз.

Аl III А топ: 13 Аl )2)8)3 1S263S21

 

 

 

 

 

тотығу дәрежесі +3

Физикалық қасиеті: ақ түсті, күміс тәрізді жеңіл металл. Бүйірлі орталықтанған торы бар. d=2,7 г/см3 Vбал. = 660,24 0 С

Элетр тогын, жылуды жақсы өткізеді. Оңай созылады, жаншылады.

Табиғатта таралуы: Белсенділігі жоғары болғандықтан алюминий табиғатта бос күйінде кездеспейді. Қосылыс күйінде металдардың таралуы бойынша 1 орында.

Алюминий қосылыстарының ішіндегі негізгілері:

Аl 2О3 -корунд, рубин, сапфир

KAISi3O10– ортоклаз NaAISi3O10- альбит

Ca (AISiO4) – анортит KNaAISiO4 - нефелин

Na3AIF6 - криолит AI2O3·XH2O – боксит

 Кіші Шыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық  мемлекеттік мекемесі

Алюминий қосылыстарының коллекциясын көрсетемін. Алюминийдің алыну. Аl өндірісінде көбінесе боксит рудасынан электролиз әдісімен алады.

 Электролиз әдісімен Аl алатын зауыттар: Павлодар, Торғай, Қызылжарда бар.

Химиялық қасиеттері:

жай заттармен күрделі заттармен

әрекеттесуі әрекеттесуі

Алюминий оксиді. Аl2О3 – ақ түсті, суда ерімейді. Екідайлы қасиет көрсетеді.

Қолданылуы:






 

 

 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Аl-тері илеуде, авиацияда, автокөлікте, электротехникада, ыдыстар жасау, органикалық синтезде, су тазалауда, қағаз өндірісінде, ғимараттар салуда, айна өндірісінде.

V Кезең Сабақты бекіту.

Кіші Шыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық  мемлекеттік мекемесі

Алюминий құймалары

Қолданылуы

Магналий Al+Mn+Mg

Кеме және ғарыш кемесі

Дуралюмин (Al+Mg+Si+Cu)

Ұшақ жасау

Алюминий маргaнецті қола Al+Cu+Mn

Машина тетіктерін жасау

Al+Cu+Si

Құрылыс. Тікұшақтардың бұрмалары (винттері)

Силумин (Al+Si+Na)

Машина жасау


 

 

 
 
 
 
 
 

VІ. Қорытынды:

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылаймын.

 

Сүт өнімдерін алюминий ыдыста ұзақ сақтауға бола ма?

Алюминийдің қандай құймаларын білесіңдер?

Сызба нұсқа бойынша теңдеу құрыңдар.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: §8.1; 8.2 оқу.

Интернеттен алюминий туралы мәлімет жазып келу.

Автор: admin | 11-03-2016, 10:49
Қарау саны: 803
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :