Кәсіпкерлік негіздері » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Кәсіпкерлік негіздері


Кәсіпкерлік негіздері

Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылы №209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта мектебі

Технология пәнінің мұғалімі Досантаева Маймуна

1-санатты мұғалім

Сабақтың тақырыбы: Кәсіпкерлік негіздері .

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды экономикалық негізгі ұғымдармен таныстыру және өмірде пайдалана білуге үйрету.

А) Білімділік: Кәсіпкерлік мәні мен мақсатын түсіндіру.

Ә) Тәрбиелік : Оқушылардың іскерлік белсенділігіне таланты мен қабілеттілігін дамыта отырып, тапқырлыққа, үнемділікке , өзара жолдастыққа тәрбиелеу.

Б) Дамытушылық: Оқушының шығармашылығы мен бастамашылығын басшылыққа ала отырып, кәсіпкерлікті ұйымдастыра білуге үйрету.

Г) Сабақтың түрі: Бизнес ойын сабағы.

Д) Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс , түсіндіру , баяндау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү.Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

ҮІІ. Қорытынды.

Сабағымызды бастамас бұрын 2 топтың атын қойып алайық.

Стол үстінде гүл пішінінде, жұлдызша пішінінде гүлдер бар, жұлдызша пішінін алғандар «Бизнесмендер» тобы, гүл пішінін алғандар «Банкирлер» тобы.

1-топ. «Бизнесмендер»

2-топ. «Банкирлер» тобы.

«Ақшаны сыйласаң, ол да сені жақсы көреді», «Ақша тиыннан , тиын қиыннан құралады»- деген мақалдар бүгінгі сабағымызға қатысты айтылғандай .

Өмір сүріп отырған ортамыз көз ілестірмес жылдамдықпен өзгеруде. Осыдан жиырма жыл бұрын мамандардан басқа адамдар қолданбайтын «кәсіпкер», «бизнес» , «коммерция» деген ұғымдар қазіргі кезде күнделікті қолданылатын терминдерге айналды.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

1.Бизнес ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді.

2.Кәсіпкрлік дегніміз не?

3.Экономика сөзі нені білдіреді?

4.Кәсіпкерліктің принципі мен формасы.

5.Бәскелестікпен күрес түрлеріне нелер жатады?

ІІІ. Жаңа сабақ .

2012 жыл 27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына дәстүрлі жолдауын арнады.

«Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту-Қазақстан Дамуының Басты Бағыты » жолдауында 10 бағыттан тұратын даму жоспарын белгіледі.

Жоспарлау- Өзінің болашақта жасайтын нәрсеңді ойлану және детальды түрде талдау.

Жоспарлау процесінде сен болжау жасай аласың.Болашақта не болатынын біле отырып , сен өз қызметіңді жоспарлауға кірісе аласың.

Кәсіпкерлік- азаматтармен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі.

Кәсіпкерлік қызмет-тауар өндіру және қызмет көрсету түрлері бойынша табыс табу мақсатымен тәуекелге баратын адамның өзіндік іс-әрекеті мен қызметі.

Рыноктық экономика жағдайында жеке адамдардың табыс табу жолдары мынадай:

А) жолдама жұмысшы жалақысы

Ә) бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік сатып , табыс табу.

Б) бағалы қағаздар иегері ретінде табыс табу

В) банк пайызы негізінде табыс табу

Соның ішінде кәсіпкерлік қызметпен табыс табу ерекше орын алады. Көбінесе кәсіпкерлердің табысы өзінің бастамашылығына, шығармашылық ты және іскерлік белсенділігіне , таланты мен қабілетіне сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте тәуекелге бас тігуіене байланысты болады. Кәсіпорын иесінің өзінің кәсіпорнында жұмыс істеуі міндетті емес. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырып, жұмысты қызмет істейтін адамдар арасында дәл бөлгенде, жұмыс кәсіпкердің қатысуынсыз-ақ қалыпты жүреді.

Бизнезмен өз ісіне қандай да формада үнемі араласып, мән-жайдан хабардар болып отырады.

Шынайы кәсіпкерліктің бастамасы адамдардың бәрінде бар , бірақ әр адамда әрқалай дамыған. Егер музыкалық қабілет туа беріледі десек , кәсіпкерлік жүре пайда болатын формасы. Бұл кәсіпкерлік өз-өзінен пайда болмайтынын білдіреді. Ол үшін көбіне сенімді орта және іскерлік керек.

Кәсіпкерліктің қызмет экономиканың шағын формасына жатады әрі ол ұжымда жүзеге асады. Кәсіпкерлік қызметті кәсіпкер, кәсіпорын тұтынушы жүзеге асырады.

Кәсіпорындарды өндірістік, комерциялық және қаржылық деп бөледі.

Өндірістік кәсіпорын материалдық және рухани құндылықтарды дайындайды.

Коммерциялық кәсіпорын тауар түрлерін алып сатумен айналысады.

Қаржы кәсіпкерлігінде алып-сатудағы зат ақша болып табылады.

1-тапсырма.

Өздерің үлкен компанияның басқарушысымыз деп ойлаңдар . Компанияға ат қойыңдар. Сондай-ақ қай фермада қызмет істейтіндеріңді анықтаңдар. (өндіріс, сауда, сақтандыру және банкілік жұмыстар т.б.) Соңғы кезде жұмыскерлердің жұмысқа қызығушылығы төмендеп , еңбек нәтижесі нашарлап кетті делік . Енді мынаған жауап іздейін: Не үшін еңбек өнімділігі нашарлап кетті.?

Басшының міндеті-қызметкерлерді копания игілігі үшін жанын салып қызмет ететіндей дәрежеге жеткізу. Ол үшін қызметкерлердің еңбек нәтижесіне әсер ететін қандайда бір ынталандыру ойлап табу керек.

Ынталандыру жүйесін ойша құрып , нәтижесін көз алдыңа әкеліп көруге болады.

2-тапсырма.

Банкирлер мен бизнесмендер тобы.

Жоспарлау-жетістікке жетудің негізі.

Олай болса өздеріңнің бизнес жоспарларыңды қорғаңдар.

Жақсы бизнес –жоспар қысқа да нұсқа, пайдаланушы адамның барлық сұрақтарына жауап беретіндей болуы тиіс.

І-топ. Бизнесмендер тобы: Біз үй бюджеті отбасылық бюджет тақырыбын өткенде, біздің де отбасылық бюджетке үлес қосқымыз келді. Біз жасаған бұйымдарымызды қайда сатып, пайда табуға болатынын жоспарладық. «Батыс Европа –Батыс Қытай» жол бойына таяу орналасқан ауылда тұратынымызды пайдаланып, Бесарық ауылынан Түркістанға қарай бұрылар жолдағы бұрылыстан «Жансая» саяжайын саламыз деген шешімге келдік «Жансая » саяжайы тас жолдан 300 м қашықтықта орналасқан. Ол жаңа технология бойынша жабдықталған . Екі қабатты 200 ден астам орындық адамға лайықталып алынған әр бөлмеде торғы адамнан жатуға, дем алуға болады. Бөлмелерде теледидар, киім салатын шкаф, дивандар орналасқан. Әр бөлме екциясында ванна душы бар.

2-топ. «Банкирлер тобы», Жолаушылардың бұл салмайға тоқтап демалуының бір себебі, мұнда «Ақ дастархан» атты дәмхана бар. Дәмханада тек ұлттық тағамдар әзірленеді. Бұл саяжайдың ең басты ерекшелігі – барлық- санитарлық –гигиеналық талаптарға сай. Қонақжайлылығымен, қызметкерлерінің атқаратын істерінің мінсіз, әрі таза болуымен ерекшеленеді. Бұл саяжайға жолдан шаршап келген адамдар тынығады, сондықтан жоғары дәрежеде қызмет көрсетіледі. «Ақ дастархан» дәмханасы дәруменге бай тәтті дәмді тағамдар дайындайды. Бешбармақ, қуырдақ, қазы-қарта, бауырсақ, палау, ұн өнімдерінен жасалған тағамдар, айран, сүт, қымыз, қымыран т.б тағадар ұлттық менталитетімізді көрсетіп тұрады.

«Ақ дастархан» дәмханасында 2 ауысыммен 8 адам жұмыс істейді. Кейбір адамдар , жолаушылар емдік қасиеті жоғары қымызды ішу үшін бірнеше күн аялдайды.

Мұғалім: Кәсіп түбі- нәсіп, істерің алға басып, бақтарың жана берсін!

Сабақты бекіту.

Адамның материалдық жағдайы жоғары болу үшін.

Денсаулық Таланттылық

Ақша Тыныш өмір

Білім Жақсы бет-бейне

Сенім Жалақысы көп жұмыс

Шеберлік Бай ағайын

Сұрақтарға жауап арқылы?

1)Бизнес ұйымдастырудың неше түрі бар?

1.Жеке басты иелік бір кісі иелік етеді.

2.Серіктестік-бір немесе бірнеше ортақ иелер болады.

3.Корпарация-ашылғанда тіркеуі туралы ресми құжат аталатын кәсіпорын .

2)Бизнесмендер өз шығындарын не үшін есептейді?

1.Кез-келген өндіріс шығынды талап етеді?

2.Әр кәсіпкер өз тауарын сатудан бұрын ақшаны неге жұмсайтынын білу керек. Себебі оның шығындарының көлемі тауар намесе қызмет көрсету тағайындайтын бағаға байланысты болады.

3)Зиянға ұшырататын қателерге ұшырамас үшін өзіндік құн калкульяциясын құрайды.

Қорытынды.

Елбасымыздың «Шағын және орта бизнес бұл ел экономикасының іргетасы»-деген сөзіне тереңірек үңілсеңіздер, оны қалай түсінесіздер.

-Өркениетке аяқ басу.

-Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру.

-Дағдарыстан айналып өту

-Халықтың әл ауқатын арттыру.

-жұмыссыздықты жою.

Автор: dauke | 11-03-2016, 22:01
Қарау саны: 2024
    
Жарнама

Пікірлер -
3


crypupTox - 14 наурыз 2016 00:52
Кроме шуток!

---

Обить дверь дермантином тут

gditsoZiG - 18 наурыз 2016 03:27
Извиняюсь, но не могли бы Вы дать немного больше информации.

---

Франчайзинг предложения тут

tovenbix - 3 сәуір 2016 23:46
Замечательно, весьма забавная мысль

---

Cкачать картинки тут

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :