» » Аттанамыз бала шақтан болашаққа


Аттанамыз бала шақтан болашаққа

4 сыныптың «Аттанамыз бала шақтан болашаққа!» атты бастауышпен қоштасу кешінің сценарийі

1. ФанфарыМузыка ойнап тұрады.

 2.Мұғалім:Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қымбатты қонақтар! Мектеп табалдырығын имене басып, қуаныштан жүрегі лүпілдей соққан жас бүлдіршіннің ең алғаш аттары бастауыш сынып есігі екендігі даусыз. « А» әрпін танытудан бастап, төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатар бастауыш сыныптың білім мен тәрбие берудегі орны ерекше.Олай болса, осы бастауыш сыныппен қоштасуға арналған «Аттанамыз бала шақтан болашаққа!» атты кешімізге қош келдіңіздер!

( Сахна сыртынан «Төрт жыл бұрын» деп айту)

Көрініс

( Сыныпта мұғалім отырады)

Дидар: Сәлеметсізбе, Нурзифа Кадылбекқызы? Оқушыларды 1-сыныпқа сіз қабылдап жатырсыз ғой.

Мұғалім : Иә, 1-сыныпқа мен сабақ беремін.

Дидар: Мынау менің тұңғыш балам. 1-сыныпқа әкелдім.

Мұғалім : Атың кім?

Алтай:Алтай

Мұғалім: нешедесің ?

Алтай ;алтыдамын

Мұғалім: Әріптерді танисың ба?

Алтай:Танимын

Дидар:Осы мектепте даярлық сыныбында оқыды.

Мұғалім:Жақсы екен, онда мына тақпақты жаттап, алғашқы қоңырауға дайындыққа келесің.

 Естай ата-анасымен келеді.

Анасы:Сәлеметсізбе, 1-сыныптың мұғалімі сіз боласыз ба?

Мұғалім : Кіріңіз танысып қоялық, мен Нурзифа Кадылбекқызымын.

Анасы:Атым Гулназ, балам Естай. Біз Қытай қалық Рспубликасының осы ата қонысымызға көшіп келген едік.Балам 6- жаста даярлық сыныбын оқыған жоқ.

Мұғалім: Жасы толған екен 1- сыныпқа аламыз. Әрине ауыр болады, сонда да оқытамыз, үйретеміз, тәрбиелейміз.Мына тақпақты жаттатып, алғашқы қоңырауға дайындыққа келесіздер.

 Аружан анасымен келеді.

Анасы: Сәлеметсізбе, Алғашқы қоңырауға дайындалуға келіп едік.

Мұғалім:Өте жақсы , атың кім?

Аружан:Аружан

Мұғалім: 1- сыныпты нешемен оқисың?

Аружан:Тек «5»пен оқитын боламын.

Мұғалім: Қандай өнерін бар?

Аружан:Би билеймін, өлең айтамын.

Мұғалім:Білетін бір өлеңінді оқып берші.

(Аружан өлең оқиды)

Мұғалім: Сабақты «5» ке оқуыңа тілектеспін. Осы өлеңінді алғашқы қоңырауда айтасын.

Анасы:Сау болыңыз.

Мұғалім:

Білім жалын, өзегің өртенеді

Білімді ұрпақ не деген көркем еді!

4-жыл бұрын алдыма міне, осылай

Келіп еді бір-бір үйдің еркелері

Оң мен солын таныды сол еркелер

Орындап арман мен тілегімді

Бастауышпен қоштаспақ міне бүгін

Елжіретіп менің ет жүрегімді!

 

Қимас шақта бүгін келіп жетіпті

4 жылда тым лезде өтіпті

4 көктем, 4 қыс пен 4 күз

Сағым болып белес асып кетіпті

 Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған шығар қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

Бастауыш сынып түлектерін ортамызға.

Би: «Вальс»

Ақниет: Армысың, сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім!

 Қуаныш; Бала шаққа болашақты жырлатып.

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

 Диана: Армысыздар, әжелер мен аталар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп.

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

 Рауан: Біз ғана емес, қадыр тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі.

Армысыздар, қасиетті аналар!

 Мират: Армысыздар,өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат болып кешегі сәби еркелер.

Айтолқын :Бұл күнге жәйдан-жай жете салмағанымызды ескерсек,бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз де аз емес. «Шуағын төккен 4 жыл» атты слайдқа назар аударыңыздар!

(Безендірілген хан тағында «Орта буын» хандығының ханы отырады)

Автор:-Ерте, ерте ерте ме екен, «Бастауыш патшалығы» атты кішкентай ел болған екен.Оның тұрғындары сондай ақылды, білімді, өнерлі болыпты. Ол патшалыққа жамандық атаулы мүлде жоламаған екен. Ол патшалық көрші екі хандықтпен тату қарым-қатынаста тұрған екен. Ең кіші «Бастауыш» патшалығында кішкене бүлдіршіндер өмір сүріпті. Тәп-тәтті бүлдіршіндер кез келген мейманды тәтті қылықтарымен баурап алады екен. Уақыт өте келе 10 жасқа толған бүлдіршіндер , көрші «Орта буын» хандығына өтеді. Ол хандықтан кейін алған білімдерін жалғап, сапалы білім мен өнерге баулитын «Жоғары хандыққа» өтіп отырыпты.Осындай күн 2009 жылы «Бастауыш патшалығының» табалдырығын аттаған,10-ға толған 4-сыныбының тұрғандарының басына да жеткен екен.

«Бастауыш патшалығының» ханы:

 -Уа, ханием, менің «бастауыш» патшалығымнан тағы бір қарлығаштарым сіздің «орта буын» хандығыңызға ұшқалы отыр. Тарыдай болып патшалық табалдырығын аттаған кішкене бүлдіршіндер, бүгін міне ақыл –ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды ажырыта алатын шәкірт болды.

«Орта буын» хандығының патшасы:

- Е, бауырым, уақыт деген сиқыршы ғой! Міне көзді ашып – жұмғанша кешегі кішкене бүлдіршіндер де есейген екен.

«Бастауыш патшалығының» ханы:

-Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Балдырғандар өміріне өшпес із қалдырған бастауыш патшалығымен қоштасып,- Аға өзіңнің қанатыңның астына барғалы отыр.

«Орта буын» хандығының патшасы:

-Сенің патшалығыңнан менің хандығыма өтетін балдырғандарға өте разымын. Десек те, сен білесің, менің хандығыма өту оңай емес. Мен хандығыма өнерлі, білімді шығармашыл балаларды қабылдаймын.

«Бастауыш патшалығының» ханы:

-Аға, жылдағы дәстүрді бұзбағым жоқ! Ендеше сол балалардың өнері мен білімін көрсетер сәтте келген екен. Олай болса білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына, ата- аналарына,өз өнерлерін көрсетуге дайын.

-Міне,менің патшалығымның ұшқалы отырған мақтаныштары!

 «Орта буын» хандығының патшасы: -Кел, қасыма отыр.

Менің «Орта буын» хандығыма өтуге хош келдіңдер! Сендерге қояр сұрақтарым бар.

 «Бастауыш патшалығының» ханы:

-Айтыңыз, ханием, қандай сұрағыңыз болса да жауап беруге дайынбыз.

 «Орта буын» хандығының патшасы:

«Бастауыш» патшалығында нені үйрендіңдер? Сендерді болашаққа не бастайды? Болашақта кім боласыңдар?

 «Бастауыш патшалығының» ханы:

-Біз нені үйрендік?

Естай: Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, сурет салуды,еңбектенуді, ән айтып, би билеуді.

Мұрагер:Үленді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды.

Жалғас:Халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тілін сақтауды.

 «Бастауыш патшалығының» ханы:

Біз нені сүйеміз?

Әлішер: Отанымызды, ата-анамызды, халқымызды, достарымызды, табиғытты, ел байлығын, ұстаздарымыз бен алтын ұя мектебімізді сүйеміз!

 «Бастауыш патшалығының» ханы:

Бізді болашаққа не бастайды?

Әли:Ұстаздың көрсеткен жолы, ата-ананың ақылы, болашаққа деген сенім.

 «Бастауыш патшалығының» ханы:

Біз кім боламыз?

Оқушылар: Адал азамат, ақылды ару, оқымысты ғалым, елін сүйген ер боламыз!

«Орта буын» хандығының патшасы:

-Ой, бәрекелді, көріктеріңе ақылдарың сай,тамаша балдырғандар екенсіңдер! Араларыңда бастауыш патшалғында 4 жыл бойы «5» ке оқыған, оқу үздіктері бар ма?

«Бастауыш патшалығының» ханы:

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта 4 жыл беске оқыған

Үздіктерім қане, шықсын ортаға

(Музыка ойналады. Ортаға оқу үздіктері шығады.)

(Мұғалім үздік оқушылардың жетістіктерін айтады, слайд арқылы көрсетіліді)

Әлішер:

Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы

 Ерасыл:

Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы.

 Айтолқын:

Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз.

 Аружан:

Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.

 Хормен:Білімімізді шыңдап биіктерге самғаймыз!

Айтолқын: Мен сізерге Қ.Аманжоловтың «Туған жер» атты өлеңін оқып беремін.

«Бастауыш патшалығының» ханы : Менің патшалағымда «4» пен «5»-ке оқыған оқу екпінділерімен таныс болыңыз.

(Мұғалім оқу екпінділерінің жетістіктеріне тоқталады. Слайд арқылы көрсетіліді)

Ақниет: Мектебім алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

 Рауан: Өткіздім мұнда балғын шағымды мен,

Жаныма сіңді сенің асыл киең.

Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,

Мектебім саған мәңгі басымды ием.

 Мират: Мектеп-үйім, ұстаздарым-ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

 Қуаныш: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт басын саған иеді

 Диана: Армысың, сен алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Ән «Мектебім» Аймханова .Д

«Бастауыш патшалығының» ханы:

Бастауышым – балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген білімменен

Самғап ұшсын тау қыраның.-дегендей мен өзімнің патшалықтың балдырғандарына риза болып отырмын. Әрі –қарай тамашалайық!

 «Орта буын» ханы:

Әрине, мен де риза болып отырмын!

 « Бастауыш патшалығының» ханы

-Ханием, ортаға он саусақтарынан өнері тамған, суретші, қол өнерші, ақын яғни, өз шығармашылықтарын паш ететін балғындарымызды шақырайық.

«Орта буын» ханы:-Келсін,келсін өнерлерін тамашалайық.

Жалғас:

Сурет өнері – рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл күйдің ісі.

Нұрасыл:

Өнермен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – адалдыққа қызмет ету жолында болуы шарт.

Алтай:

Өнерді меңгеру дегеніміз – өнерге қатысты мәселелерді ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру.

Естай: Өнер-адам бойындағы құдіреттіліктің ең асқақ көрінісі.

Жалғас: Құстар біздің домымыз. Сондықтан құстарға қамқорлық жасау туралы сурет салып келдім.

Нұрасыл: Мен қазақтың қасиетті домбырасын салуды жөн көрдім.

Алтай :Мен ермексаздан гүл жасадым.

Жалғас : Нұрасыл екеуіміз салған суретімізді ұстазымыз Нурзифа апайға табыс етеміз.

Нұрасыл: Біздің суреттерімізді келесі сыныптарыңызға көрнекілік ретінде пайдаланыңыз.

Алтай:Менің гүлім де сыныптағы көрмені толықтырсын.

Естай: достарым өздерінің қолдарынан шыққан қолөнерлерін тарту етіп жатса, мен өз жүрегімнен шыққан өлеңімді оқып берейін.

(Естай өз өлеңін оқиды)

«Орта буын» ханы:

-Оқушылардың жақсы оқуы, өнермен, шығармашылықпен айналысуы денсаулықтарына да байланысты ғой. Ал спорт- денсаулық кепілі. Бастауыш патшалығында спортқа қаншалықты көңіл бөлінеді?

 «Бастауыш патшалығының» ханы

-Дұрыс айтасыз, ханием, «Дені-саудың жаны сау» деген. Бастауыш патшалығының да әр күні таңертеңгілік жаттығу жасаудан басталады.Әр сабақта сергіту жаттығуларын жасаймыз.Сондай-ақ оқушыларымыз мектепте және спорт мектебінде спорттық үйімелерге қатысады.Ендеше ортаға спортшыларды шақырамыз.

(Мұғалім спортшылардың жетістіктерін айтып өтеді. Слайд арқылы көрсетіліді)

1-оқушы:

Жаңа ғасыр,жаңа заман бүгін,

Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.

Ей, балашақ саулығың өз қолыңда

Уламасын тәніңді у, санаңды мұң.

2-оқушы:

Сондықтан да салуаттық сабағын,

Шығарма естен басқан сайын әр адым.

Жаман әдет жуымасын жаныңа,

Табиғаттай таза ұлы бол даланың.

3-оқушы:

Ниетің де, тілегің де, ойың да

Сұлу болсын, таза болсын бойың да.

Адал еңбек сені алға бастасын,

Барлық бала спортпенен достассын!

4-оқушы:

Салауатты өмір салтын сақтаймыз,

Жас ұландар ерініп бос жаттпаймыз.

Болашақтың жарқын тұрған төріне

Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз.

 1-оқушы:Жақсылық ағамдай,

2-оқушы: Ермахан ағамдай

3-оқушы:Бегзат ағамдай

4-оқушы: Серік ағамдай

Хормен:Ел намысын қорғайтын біз болашақ спортшылармыз!

Ән: «Көк тудың желбірегені» Диас

«Орта буын» ханы:

-Орта буын хандығында ана тілін құрметтеуге қатты көңіл бөлеміз.Бұған не дейсіңдер?

«Бастауыш патшалығының» ханы:

«Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте» дегендей Бастауыш патшалығының оқушылары ана тілін құреттейді және орыс,, ағылшын тіліндерін меңгерген.Тыңдап көрелік.

Ақниет:

Ана тіл – кәусар бұлағым,
Қана алмас сенсіз құмарым.
Әр әрпің маған – бір-бір тау,
Шыңыңа қалай шығамын?

Тіліңе берік байланғың,
Тіл – айдын, келіп жайланғың.
Аққудай аппақ арымсың,
Ана тіл, сенен айналдым!

(Оқушылар орысша, ағылшынша өлеңдер оқиды. Ағылшын тілінде көрініс көрсетілді)

«Бастауыш патшалығының» ханы:

Өнер-білім егіз ұғым. Енді өнерпаздардың өнерлерін тамашалайық!

(Концерттік бағдарлама)

«Орта буын» хандығының патшасы:

-Шыныменен,балдырғандар өте өнерлі, білімді екен. 4 жыл бойы сендерге білім беріп,тәрбиелеп, қанаттарыңды қатайтып, осындай дәрежеге жеткізген ұстаздарың туралы не айтасыңдар?

 Оқушы: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені ұстаз оқушының көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

Оқушы: Мұғалім- зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты

Оқушы: Мұғалім-оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі.Сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.

(Оқушылар алғашқы ұстазына өлеңдер арнайды)

Хор : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!

 Ән:«Ұстазым»

Оқушы: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз!

Жан-жақты білім бергендеріңіз үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз!

Мұғалім:Ортаға бастауыш сынып мұғалімдері Лаура Матлқанқызын, Меңгүл Ерікқызын, Алмира Уалқанқызын шақырымыз.

«Бастауыш патшалығының» ханы:

Бастауыш сынып мұғалімдері Лаура Матлқанқызына, Меңгүл Ерікқызына, Алмира Уалқанқызына арналады.

 Көрмеген артық күліп, артық жүріп

Шәкірттеріңізді баулыдыңыздар тәртіпті ғып

Қоштасамыз біз бүгін сіздерменен

Шәкірттердің алғысын айтып тұрып (Гүл беріледі)

 Ата –аналар комитеті мұғалімдерді марапаттайды.

Өлең «Келе жатыр мұғалім» Айтолқын, Аружан

 «Бастауыш патшалығының» ханы:

-Біздің ата-аналарымыз, ұстазбен бірге оқып, шыдамдылық танытып,біз үшін көп еңбек етті.Бала тәрбисіне қосқан үлестеріңіз үшін мың да бір рахмет!

Жаннұр:Менің атам жақсы адам,

Деп әрдайым мақтанам.

Ер жетемін, есейемін,

Ұқсап өсем мен саған.

Аружан: Әжетайым тірегім,

Кеудемде соққан жүрегім,

Шаттансам шығып қияға,

Қиналсам сенде жүдедің.

Өзің деп білем күн көктем,

Қызметін де көрсеткен,

Бар жылылық бойыңда,

Ұлы едің әже сен неткен

Дияс: Аман болшы қашанда ана жаным,

Анашым ыстық маған алақаның.

Жан сүйсінтер жүректі елжіретіп,

Ұлым деп еркелете қарағаның

 Әлішер: Әкешім ұғып жанымды,

Ойладың әркез қамымды.

Тілегімді тілеумен,

Атқыздың талай таңыңды

Ән:«Әкелер».Аружан, Әлішер

 «Орта буын» хандығының патшасы: (Орнынан тұрып) Бастауыш патшалығының бүлдіршіндері! «Орта буын» хандығына қабылданбас бұрын ант беріңдер!

 Естай: 1.Бастауыштағы қызықты күндерді мәңгі естен шығармауға,

Жалғас: 2.Әліппе ұстатқан алғашқы ұстаздың еңбегін ақтауға,

Рауан: 3.Орта буында оқитын басқа пәндерден қорықпауға,

Алтай: 4.Бастауыш патшалығының атына кір келтірмеуге,

Хормен: Ант етеміз!

«Орта буын» хандығының патшасы:(Ортаға шығады) Бұйрық оқимын.

«Бастауыш патшалығының» 4-сынып оқушылары «Орта буын» хандығына қабылдансын!

Бастауыш патшалығының ханы:

Бастауышым –Балбұлағым

Өтті міне, қызық шағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын!

Хор:Қош бол, балғын балалық,

Қош бол, сүйікті бастауышым!

 Мұғалім: Құттықтау сөз мектеп директоры Турканова Кайнигул Чагиевнаға беріледі.

Ата-аналар атынан сөз кезегі ___________________________________

________________________________________________________беріледі.

(Ата-аналардың ыстық лебіздері)

 Мұғалім: Осымен «Аттанайық бала шақтанболашаққа!» атты кеш аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Ұстаздарыңыз, мектебіңіз саған тілекші. Жолдарыңыз болсын, түлектер!

Шығыс Қазақстан Облысы. Зырян ауданы, Серебрянск қаласы

«Серебрянск қаласының №4 орта мектебі» Хайруллина Нурзифа Кадылбековна


Автор: dauke | 13-03-2016, 22:05
Қарау саны: 3756
    
Жарнама

Пікірлер -
3


akraccap - 4 сәуір 2016 00:41
В этом что-то есть. Буду знать, благодарю за помощь в этом вопросе.

---

Украшения бижутерия здесь

Қолданушы offline licanPl - 12 сәуір 2016 10:43
Не могу сейчас поучаствовать в обсуждении - нет свободного времени. Но вернусь - обязательно напишу что я думаю.

---

Сеть салонов красоты тут
--------------------
Сеть салонов красоты здесь

diolazDype - 12 сәуір 2016 11:30
На мой взгляд, это интересный вопрос, буду принимать участие в обсуждении.

---

Такси москва здесь

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :