Химиялық көңілді тапқырлар кеші » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Химиялық көңілді тапқырлар кеші


Химиялық көңілді тапқырлар кеші

Сыныптан тыс жұмыс

Сыныбы: 8 А, 8 Ә

Тақырыбы: «Химиялық көңілді тапқырлар кеші»

Мақсаты: Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік беру. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Дамыту мақсаты: Алған білімдерін тұрмыста, еңбекте, өмірде қолданып дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, эстетикаға, шеберлікке, жинақылыққа, сөз сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Барысы:

Сайыстың жүру жоспары:

1. Әр топ өзін таныстыру (эмблема, газет шығару), 5 ұпай

2. Ойлан, тап! (Әр дұрыс сұраққа 1 ұпай)

3. Мақалдарды аяқта! ( Әрқайсысына 2 ұпай)

4. Жұмбақ арал (Әрқайсысына 3 ұпай)

5. «Химик эрудит» капитандар сайысы.

6. БІЛГЕНІҢ АРТЫҚ БОЛМАС! Тәжірибелер көрсету.

7. «Жоғалып кеткен сөздер»

8. Кім көп біледі? Сұрақтарға жауап беру. (Дұрыс жауап берген топқа 1 ұпай беріледі.)

9. . Есептер сыры ( 5 ұпай)

10.«Мен кіммін» ойыны (Әрқайсысына 3 ұпай)

11.Қызықты тәжирибе көрсету

Мұғалім:

Адамнан ғылым айла асырмаған.

Құпиясын құлыптап жасырмаған

Кел екеуіміз ғылымның тілін зерттеп,

Бір жұмбағын ашайық ашылмаған, -дей отырып, «Химиялық көңілді тапқырлар кеші» сайысын бастаймыз.

І кезең. Әр топ өзін таныстырады. (эмблема, газет шығару).

ІІ кезең. Ойлан, тап! (әр сұраққа 1 ұпай)

Төмендегі құбылыстар қай құбылыс түріне жататынын табыңдар!

1) Судың булануы (Ф)

2) Әк суының көмірқышқыл газы әсерінен лайлануы (Х)

3) Май шамның жануы (Х)

4) Металдың таттануы (Х)

5) Ағаштың жануы (Х)

6) Шегенің тот басуы (Х)

Дұрыс жауап: ФХХХХХ

ІІІ кезең. «Мақалдарды аяқта» (Әрқайсысына 2 ұпай)

1.Ескі мата сөз болмас, ескіТЕМІРбіз болмас.

2.Қойдың сүті-ҚОРҒАСЫН

3.От көмір жейді, тотТЕМІРжейді.

4.Арпа бидай ас екен,АЛТЫН –КҮМІСтас екен.

5. Аз сөз алтын, көп сөзКӨМІР.

ІҮ кезең. Жұмбақ арал (Әрқайсысына 3 ұпай)

Элементтерді, олардың латын тіліндегі атауын және оның формуласын тап.

1.Өзім газбын, менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.

ОТТЕК, ОКСИГЕНИУМ - O2

 

2.Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.

СУ, АКВА -H2O

 

3. Ең жеңіл элемент саналады, периодтық жүйе осыдан басталады.

СУТЕК, АШ –H

 

4.Ол болмаса астың дәмі кірмес,кім бар екен ортада оны білмес.

АС ТҰЗЫ, натрий хлориді-NaCL

Ү кезең. «Химик эрудит» кезеңі (Әрқайсысына 3 ұпай)

Мұғалім: Білмейтінің білем деп олжа қуар,

Кейбіреудің әр заттан болжамы бар.

Химияны болжаммен ұға алмайсын,

Формуланың оң жағы мен сол жағы бар,- дей отырып «Химик эрудит» капитандар сайсына кезек береміз.

Белгісіз затты тауып, коэффициенттерін қойып, теңестіріңіз. Қай типіне жататынын анықтаңыз.

Mg + O2 =

H2O =

Zn + HCl =

H2SO4+ KOH=

 

ҮІ кезең. БІЛГЕНІҢ АРТЫҚ БОЛМАС! Тәжірибелер көрсету.

ҮІІ кезең. «Жоғалып кеткен сөздер» кезеңі нүкте орнына «атом» немесе «молекула» сөздерін қойыңыздар. (2 ұпай)

1-команданың тапсырмасы:

1. Ауадағы газдардың құрамына оттектің.......................... кіреді. (атомы)

2. Су..................оттектің және сутектің ......................... тұрады.(молекула, атомдар)

3. Жемістің қайнатпа болуы оның құрамындағы қант ....................... байланысты. (молекуласына)

2-команданың тапсырмасы:

1. Шіріген жұмыртқаның иісі күкіртсутек .................... байланысты. (молекуласына)

2. Күкіртсутек сутек............... және күкірт ................ тұрады. (атом)

3. Қантты суда еріткенде қант ................... су ............... арасында тарайды.(молекуласы, молекула)

ҮІІІ кезең. Кім көп біледі? Сұрақтарға жауап беру. (Дұрыс жауап берген топқа 1 ұпай беріледі.)

1 .Химиялық теңдеуді теңестіру үшін қойылатын сандар? ( коэффициенттер)

2.Авогадро тұрақтысы? (6,02*1023 )

3 Ас тұзының формуласы?

4. Көмір қышқылының формуласы? (СО2)

5.Оксид дегеніміз не? (екі элементтен тұратын біреуі оттек болып келетін күрделі зат)

6. Физикалық денелерді құрайтың нәрсе? (заттар)

7. Ауаның құрамында оттектің неше пайызы бар? ( 21% )

8. Бөлінбейтін ең ұсақ бөлшек? (атом)

9. Атом-молекулалық ілімді жасаған орыс ғалымы?

( М. В. Ломоносов)

10. Мыстың латынша аты? ( купрум)

11. Заттардың өзара ұқсастығын көрсететін белгілері ?

( қасиеттері).

12. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл? ( иод)

13. Электртерістілігі ең төмен элемент (Цезий)

14. Натрийдің салыстырмалы атомдық массасы?

15. Ауаның құрамында азоттың неше пайызы бар? ( 78% )

16. Өнеркәсіпте оттекті неден алады? ( ауадан)

17. Қышқыл және сілті ортада өздерінің түсін өзгертетін заттар? (индикатор)

18. Тұз қышқылының формуласы?

19. Жылу және жарық бөле жүретін реакция? (жану реакциясы)

20. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі ? (моль)

ҮІҮ кезең. Есептер сыры ( 5 ұпай)

1. Судың формуласындағы сутектің массалық үлесін тап!

Х кезең. «Мен кіммін» ойыны (Әрқайсысына 3 ұпай)
1. Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай элементпін (Азот)
2. Бірінші бөлігім «алда бол»деген бұйрық рай,екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептейді. (Озон)
3. Бірінші бөлігім тасқын су, екінші бөлігім мал құлағына алынатын белгі. (Селен)
4. Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада, ол қандай тұз. (Алмас)
5. Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады,екінші буыны сан есім,қай элемент? (Неон)
6. Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін,керісінше оқысаңыз өткізгішпін. (Мыс-сым)
ХІ кезең. Қызықты тәжірибе. Үстел үстінде атқылаған «вулкан»
Вулканның атқылауы жөніндегі мәліметтер география сабағынан белгілі. Сол вулканды үстел үстінде атқылатуға мүмкіндік бар. Штативке бекітілген асбест торының үстіндегі қос хром қышқылы аммоний тұзына сіріңке тигізеді. Сонда одан жан - жаққа, жасыл түсті жалын шығара ұшқын атып, дыбыс шығарған вулкан атқылағандай әсері бар құбылыс байқалады. Алынған зат көлемін әлде неше өсіріп жасыл түсті күлге айналады. Сонда мынандай химиялық реакция жүреді.
Суреттегі от
Сурет салатын ақ қағазға калий селитрасының концентрациялы ерітіндісімен қылқалам арқылы сурет салынады. Бірақ суреттің ізі үзілмеуге тиіс.
Сурет салынған сызық қағаздың шетіне шығып, аяқталады, сол жерін қарындашпен белгілеп қою керек. Селитраның ерітіндісі кепкен кезде қағаз бетіне ешбір із байқалмайды. Тәжірибені көрсететін кезде қарындашпен белгіленген қағаз шетіне ағаш шоғын тигізеді. Осы кезде салынған суреттің кескіні бойымен қуалаған от суретті салып шығады. Бұл калий селитрасының айырылуына негізделген:
Ауыртпай жасалған «операция»
Оқушының білегіне «спирт» жағып, операция пышағын дезинфекциялағыш сұйықтан алып, оны кеседі (оны пышақтың сыртымен жасайды) қолдан «қан» шығарады. Артынан қолдың «қанын» тазалаған болып, суланған таза шүберекпен сүртеді, қолы жазылады, «қаны» тазарады. Бұдан кейін оқушылар жасалған «операцияның» жасырын құпиясын айтады.
«Оқушының білегін спиртпен тазалаған болып, оған 5 проценттік темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісін жағылды да, калий роданидінің ерітіндісіне батырылған операция пышағын алып, пышақтың сыртымен оның қолын кесті. Сонда оқушының білегінде темір хлориді мен калий роданиді әрекеттесіп, қан тәрізді темір роданидін түзеді». Ол реакцияның теңдеуін былай жазуға болады:
Білім деген биік шың,
Бақытқа оны жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Жастықтың оты қайдасың?
Жүректі түртіп қозғамай.
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай - деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап, білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз
  

№48 орта мектебі

8 «А», 8 «Ә» сыныптары

                                                 Өткізген: Газдрубалқызы Елік

Автор: dauke | 28-03-2016, 22:16
Қарау саны: 1195
    
Жарнама

Пікірлер -
2


Қолданушы offline herdescsip - 31 наурыз 2016 22:07
Прошу прощения, что я вмешиваюсь, но не могли бы Вы дать немного больше информации.

---

фильмы бесплатно или полицейский с рублевки смотреть онлайн все серии
--------------------
скачать фильмы торрент или вечный отпуск сериал стс

darsnakent - 31 наурыз 2016 22:22
Прошу прощения, что вмешался... Я здесь недавно. Но мне очень близка эта тема. Могу помочь с ответом.

---

Chistmas Lights или Outdoor Christmas Decorating Ideas

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :