Қазақ тілді оқытуда жаңа технологияларды қолдану мәселелері » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Қазақ тілді оқытуда жаңа технологияларды қолдану мәселелері


Қазақ тілді оқытуда жаңа технологияларды қолдану мәселелері

Қазақ тілді оқытуда жаңа технологияларды қолдану мәселелері
Біз бүкіл Қазақстандардықтың басын
Біріктіретін басты фактор – Мемлекеттік тіл – қазақтардың туған тілін дамыту үшін барлық күш-- - жігерімізді жұмсауымыз қажет.
Н.Ә.Назарбаев
Біздің өз алдына дербес мемлекетке айналып, егемендігін алған асулы жылдарында мұғалім алдына жаңа талаптар қойылуда. Біздер айрықша кезеңде өмір сүрудеміз. Еліміздің болашағы, оның гүлдене дамуы мұғалім еңбегіне байланысты болып отыр.
1989 жылы «Тіл туралы» Заң ана тіліміздің өркендеп, қанат қағуына байланысты басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрену мәселесі ерекше қойылды. Қазақстандағы қоғамдық – саяси ахуалдың өзгеруі, елдің егемендік алуы, «Тіл туралы» Заңның қабылданып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы, сондай-ақ тіл ғылымында тілдің функционалдық-коммуникативтік ерекшеліктеріне көңіл бөліне бастауы, қазақ тілін оқыту әдістемесі идеяларының да түбегейлі жаңаруын қажет етті.
Орыс мектебіндегі қазақ тілін үйрету сабағын жалпы белгіленген мазмұн мен әдістерге сүйене отырып ұйымдастыруға болады. Қазақ тілі сабағы қазақ тілі туралы білім берумен бірге, қазақ тілінде сөйлеуге үйрету, сойлегенді ұгу, дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Тілдің ең негізгі өзіндік белгілері ұстаз елегенін өткізіліп, оқушылар ойына, білім дәрежесіне сай сипатталады. Үйретуге тиісті тілдік материал қазақ тіл білімінің соңғы жетістіктеріне негізделуі тиіс.
Педагогика саласындаи жаңа әдіс-тәсіл арқылы баланы жан-жақты дамыту, қай білім саласы болса да ол қазақ тілі ме, математика ма – мұғалім балаға тәжірибеде сол саладан білімін қолдана алатындай деңгейде білім беріп, оқытып шығару қажеттілігі негізінде жаңа технология түрлерін сабақты оқыту барысында тиімді кеңінен қолданылуда. «Техно» - грек тілінен алынған, өнер, шеберлік, ал « логос » ғылымдеген мағынаны білдіреді.
Жаңа технологияның негізгі мақсаты баланың ашылмаған қабілетін ашу, дамыта оқыту, белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін күшейту, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Қазақ тілі пәнін оқыту бойынша қолданылатын оқытудың қазіргі технологиялары:
1.Ынтымақтастық технологиясы
2.Білім беруді ізгілендіру
3.Ойын арқылы оқыту технологиясы
4.Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы
5.Дамыта оқыту технологиясы
6.Оқытудың модульдік технологиясы
7.Оқытудың компьютерлік технологиясы
8.Деңгейлік саралап оқыту технологиясы
9.Түсіндіре басқарып оза оқыту
10.Тірек сигналдары арқылы оқыту
11.Проблемалық оқыту
12.Анатолий Гиннің педагогикалық технологиясы
Аталған технологиялар ішінен Анатолий Александрович Гиннің педагогикалық технологиясынсабағымда үйлесімді қолдануға тырысамын. Бүгінгі оқушы кешегі оқушы емес, олар айналада болып жатқан құбылыстар мен өзгерістердің бәрінің себебін білгісі келеді. Ал оны түсіндіріп беру мұғалімнен білімділік пен біліктілікті талап етеді.
Өзінің саналық ғұмырын ағарту ісіне арнаған ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынұлы: «Білім –біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік-сол білімді іске асыра білу дағдысы»,-деп бағалаған еді.
Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, шығармашылық ізденіспен жұмыс жасап, өмірге еніп жатқан жаңа технологияны меңгерген, білімі мен білігі жоғары ұлағатты тұлға болуы міндетті.
Ең бастысы, мұғалім үнемі ізденіп, өз пәні бойынша шығармашылық жұмыстармен айналысу қажет. Өзім еңбек еткен аз ғана жылдардан жинақтаған тәжірибемнен түйген ойларымды ортаға салғым келіп отыр. Әр оқушы терең білім алуы үшін, өнердің қыр-сырын түсінуі үшін ана тілін терең білуі шарт. Олай болса тілдің көмегімен өнер-білімді, ғылымды игереміз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз. Өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз. Халықтың сақталуы да тілге байланысты. Мектеп партасындағы әрбір оқушыға және қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгеруге ден қойған әрбір тіл үйренушіге осыны ұқтыруға тырысып жүрмін.
Анатолий Гиннің педагогикалық техникасын үш жыл мектеп қабырғасында өзге ұлт өкілдеріне дәріс бере жүріп тиімділігіне көз жеткізсем, қазіргі таңда «Тілдерді оқыту орталығында» өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйрету барысында өзара тиімділігі зор екендігін байқадым.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА БЕС ТҮРЛІ ПРИНЦИПТЕН ТҰРАДЫ
1.Таңдау еркіндік принципі.
Кез келген оқыту және басқару
іс-әрекетінде мүмкіндігінше оқу-
шыларға таңдау еркіндігін беру
қажет, бірақ ондай еркіндік алған
оқушының алдына өз таңдауына
жауап бере алатындай шарт қоя
білу керек.
2.Нақтылық / анық, айқын / принциптері.
Оқушыға білімді беріп қана қоймай, оның сол білімді игеру шегін де айқын көрсетіп қою керек. Оқу
процесінде шешімі анық, нақты тапсырмаларды
ғана ұсынып пайдалану қа
3. Іс-әрекет принципі.
Мұғалімнің іс-әрекеті білім беруде ретсіз, шексіз
көп пайдаланылмай оқушының іс-әрекеті ғана жетекші рөл атқаруы керек. Оқушы өз жұмысында
пайдалана алатындай, бір ғана тапсырманың өзін
бірнеше түрде орындайтын жолдарын ұсыну керек.
4. Тиімділік принципі.
Аз ғана күш-жігер жұмсап, көп пайдалы әрекет
жасалса тиімділік іс-әрекеті жоғары деңгейде болады.
Оқушының мүмкіндігін шектеулі уақыт ішінде пайдалана
отырып білімді жоғары деңгейде ұсыну.
5. Кері байланыс принципі.
Бұл оқушы мен мұғалімнің өзара ынтымақтастығы,
білім беру мен қабылдау арасындағы қызметтестік.
Білім мазмұнын оқушылардың сабақ үстіндегі көңіл-
күйі, қызығушылығы, даярлығына сәйкес анықтап ұсыну.
Оқу процесінде оқушы мүмкіндігін тек қадағалаушы
түрінде ғана пайдалану.
Жаңа технологияның негізгі мақсаты: Оқушы немесе тіл үйренушінің
ашылмаған қабілетін ашу, дамыта оқыту, белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін күшейту, іздендіру және тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Аталған технологияның тиімділігін төмендегі кесте барысынан көруге болады.



АНАТОЛИЙ ГИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКАСЫ

МАҚСАТЫ
Әдіс- тәсілдерінің тиімділігі
Технологияны пайдалану жолдары – Сабақ арқылы
Сабақтың түрлері
Күтілетін нәтиже
- Оқушы немесе тіл үйренуші өз бетімен ізденеді.
- Өзіне деген сенімділік қабілеті қалыптасады.
- Тілдің қажеттілігін сезіне біледі.
- « Тілдік тұнық » ортада өз білімін жетік қолдана алады.
Сабақтың түрі деп оқу материалын игеруге байланысты ( сол оқу материалын игерту үшін) жүретін жұмыс кезеңі, сипаты, істелетін жұмыс түрінің көлемі арқылы айқын-далып, өзгеше етіп беру тәсілін айтамыз. Сабақтың бір ыңғай түрмен өткізілуі оқушылардың белсенді ойлауына кедергі жасайды. Сондықтан А.Гиннің педагогикалық тәсілдерін сабақта тиімді қолдану жетістікке жеткізеді.

1. Аралас сабақ.

1.Ұйымдастыру бөлімі 2.Үй тапсырмасын тексеру 3.Білім тексеру сәті
4.Оқу мақсатын қою 5.Жаңа білімге даярлық 6.Жаңа сабақты беру
7.Алғашқы бекіту 8.Шығармашылық жұмыс 9.Үй тапсырмасын беру
2. Жаңа білімді игеру сабағы
Берілген сабақ түрінде негізгі бөлім жаңа білімді түсіндіру сәті. Басқа сәттер ең аз шамаға дейін қысқартылып, кейде қалдырылып кетіп, негізгі бөлім жаңа тақырыпқа даярлық, оны ұсыну хабарлау болады.
Негізгі бағыт бұл сабақта оқушылардың нақты бағыт бұл сабақта оқушылардың нақты, терең, түсінікті білім қалыптастыруы болып табылады.
1.
3. 4.
5.
6. 7.
8. 9.
3. Қайталау сабағы
Негізгі мақсаты. Өз бетінше білімдерін тиянақтау, тұжырым-дама жасау, еске сақтауды қалыптастыру.
1. 2.
3.
4. 9
8..
4. Бекіту сабағы:
Мақсаты: Қайталанылған, қалыптасқан, жаттықтырылған білік пен дағдыны қалыптастыру. Оқушылардың теориялық білімдерін өз бетінше сабақтың келешегіне қолданылу мүмкіндіктеріне жаттықтыру.
1. 2.
3.
4.
7. 8.
5. Білімді тексеру және бағалау сабағы
Бұл сабақтың дидактикалық мақсаты:
Оқушы немесе тіл үйренушінің білімінің шамасы және қанша-лықты терең игерген деңгейін байқау.
1.
2.
3.
8. 9.
6. Кеңейту және жүйелеу сабағы
Негізгі мақсат: Білімді, ең өзекті мәселелерді тоқсан аяғында
қайталанып, кеңейту және жетекші идеяларды бөліп, жүйелеу болып табылады.
1. 4.
7.
8.
9
Жоғарыда сызба ретінде келтірілген әрбір сабақ кезендерінің ұзақтығын арақашықтық көлемінен байқап жоспарлауға бола-ды. Аралас сабақтың түрінде ғана барлық кезендері қамтылады, ал өзге сабақ түрлерінде сол сабақты тиімді өткізу әдіс-тәсіл-дері ғана қарастырылып, мұғалімге анық бағытбағдар көрсеті-ліп отырады. Педагогикалық техниканың элементтерінің тиімділігі де, міне, осында екеніне көз жеткізуге болады.
Жаңа технология арқылы өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде сөйлетіп, сауатты жаза алатындай дәрежеге жеткізу. Оқушылар немесе тіл үйренушілердің қазақ тіліне деген қызығу-шылығын, сүйіспеншілігін арттырып, жан-жақты дамуына жағдай жасау арқылы, қазақ халқының әдет-ғұрпын, мәдени-етін танып-білуге талпындырып, өз ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеуге болады.












Автор: dauke | 25-02-2015, 00:23
Қарау саны: 1881
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :