«Көрікті көктем аруы» сайыс » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » «Көрікті көктем аруы» сайыс


«Көрікті көктем аруы» сайыс

«Көрікті көктем аруы» сайыс

Сынып іші мерекеге сай безендірілген. Әсем музыка ойналық тұрады.

Тақырыбы: «Көрікті көктем аруы».

Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
Бүгінгі «Көктем аруы -2016» атты арулар сайысына қош келдіңіздер.
«Көктем аруы- 2016» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ақ жаулықты аналар, әжелер, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар сіздерді қар астынан қылтиып бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болған,8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші

Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.
1.Қабылханова Данагүл

2.Бисенова Аяулым
3.Мырзағалиева Айгерім

4. Жақсылықова Амина
5. Акимгалиева Назерке
6. Тұрсынғалиева Дильназ

Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
1.

2.

3.

4.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар. Сайыс 5 - бөлімнен тұрады.
1. Таныстыру. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс - тұрысы сынға түседі.
2. «Өнерлі өрге жүзеді» Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(ән айту, би билеу, ертегіден үзінді т. б. өнерлерін көрсетуге болады.)
3. «Қол өнер» аруларымыз өздері дайындап келген өнерлерін ортаға салады.

4. «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісін көрсету.
5. «Дәм - думан». Бұл бөлімде дайындап алып келген тағамды қалай жасағанын айтып қорғау.

Қатысушылар әділқазы алқасының алдынан нөмер алады да , кезекпен өздерін таныстырады.

I кезең.Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
Тақпақ

Ө.Дильназ: Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жаңасыздар.

Сәтті басса ұрпағың, - мерей тасып

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Диас:Анасыздар – Ақ Еділ, Жайықсыздар –

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздайтын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

II кезең өз өнерін көрсету.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.

( әділқазылар алқасының бағаларын білу)

А.Назерке: Өр десек те сіздерді – лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді – лайықсыздар.

Ер десек те сідерді – лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді – лайықсыздар

Нұрсұлтан: Сіздер – Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер – өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер – ана, сіздер – жар, сіздер – қыздар,

Сіздер – жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған

3 – бөлім. «Қол өнер»
Жүргізуші: Құйылған ақ сезіммен дара шыңдай
Жүрегі арулардың ақылға бай.
«Ана көрген тон пішер» деген бабам
Шеберлігі бұл қыздардың таң қалғандай.

Аяулым: Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

IV кезең. Сән үлгісі
Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қара біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
V кезең Дәм думан»

Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым, күнім дейтін

Қыздарымыздың өз қиялдарымен жасаған жұмыстарын тамашалайық.

( әділқазылар алқасының бағаларын білу)

Жүргізуші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт –береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.

 

Автор: admin | 4-04-2016, 10:42
Қарау саны: 1119
    
Жарнама

Пікірлер -
3


Қолданушы offline licanPl - 12 сәуір 2016 11:11
Весьма отличная идея и своевременно

---

Сеть салонов красоты тут
--------------------
Сеть салонов красоты здесь

grilerEl - 15 сәуір 2016 17:28
забираааююю!!! СПС ОГРОМНЕЙШЕЕ!!!!

---

Разблокировка телефона здесь

glartoNof - 21 сәуір 2016 04:48
Тема интересна, приму участие в обсуждении. Я знаю, что вместе мы сможем прийти к правильному ответу.

---

Эпиляция здесь

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :