Мақал-мәтелдер. Қайталау сабағы » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Мақал-мәтелдер. Қайталау сабағы


Мақал-мәтелдер. Қайталау сабағы

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Ростов негізгі мектебі

Ашық сабақ

ҮІІ модуль. Менің мектебім. Мектеп ғимараты

Сыныбы: 5

Пәні: қазақ тілі

Мұғалімі: Муханбетжанова Жазира Мизамхановна

2016 жыл, наурыз

 ІІІ тоқсан. 36-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 5

Пәні: қазақ тілі

Мұғалімі: Муханбетжанова Жазира Мизамхановна

Типі: аралас сабақ

Түрі: дәстүрлі емес

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, математика, әдебиет

ІІІ модуль. Менің мектебім. Мектеп ғимараты

Тақырыбы: Мақал-мәтелдер. Қайталау сабағы

Сабақтың ұраны: Көңіл жақсы болғаны – өмір жақсы болғаны.

Настроение хорошее – и жизнь хороша.

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды «Менің мектебім. Мектеп ғимараты» модулі бойынша мақал-мәтелдермен таныстырып, түрлі тапсырмалар орындай отыра сан есім, сын есім және олардың түрлерін қайталап, еске түсіру.

2) дамытушылық: тапсырмалар арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, ойын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3) тәрбиелік: пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, сөз асылын, сөз өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау

Көрнекіліктер: тірек-сызбалар, суреттер, үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу

2.Кезекшімен сұхбат

Үй тапсырмасын тексеру. 4-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрап келу.

Мақал-мәтелдер. Қайталау сабағы

 Үй тапсырмасын бағалап аламын

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және топқа бөлу

Оқушылар түрегеп тұрады. Сиқырлы қобдишадан әр оқушы бір сөзден алып, бір-біріне сыйлайды, Қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер (мысалы: көңілді, өте ақылды, сауатты, әдемі, аса ұқыпты, әп-әдемі, ең тәртіпті). Соңында, күшейтпелі шырайдағы сын есімдерді алған оқушылар «Мақалдар» тобы, жай шырайдағы сын есімдерді алған оқушылар «Мәтелдер» тобы болып бөлінеді. Жарайсыңдар, ендеше мен сендерге мына смайлик сияқты көңіл-күй сыйлаймын. Топтарыңа барып отырыңдар.

Дайындық кезеңі: - Қане, балалар, еске түсірейікші, мақал-мәтелдер дегеніміз не? Олардың бір-бірінен айырмашылықтары қандай?

1) Пословицы – краткие, образные и народные изречения о различных явлениях жизни, содержащие, как правило, глубокий обобщающий смысл;

2) Поговорка – краткое меткое народное изречение;

3) Поговорка – суждение частного характера;

Сабақтың мақсатын таныстыру: -Дұрыс айтасыңдар, ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз – «Мақал-мәтелдер. Қайталау сабағы». Сабақтың мақсаты: модульге байланысты мақал-мәтелдермен танысып, грамматикалық тақырыптарды қайталаймыз. Сабақта барлығыңа сәттілік және мына смайликтей жақсы көңіл-күй тілеймін. Сондай-ақ, бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі – сайыс түрінде және сіздер сабақ барысында мына азық-түліктердегі сұрақтарға жауап беру арқылы екі топтың қайсысы көп жинаса сол топ жеңіске жететін болады (Себеттерін таратамын).

Жаңа білімді меңгерту кезеңі:

Мақал-мәтелдер туралы түсіндіремін

1. Сөздердің орны тұрақты.

2. Аз сөзбен көп мағына береді.

3. Адамгершілік қасиеттерге баулиды.

Мақал мен мәтелдердің айырмашылығы мынада:

Мақал көбінесе құрмалас сөйлем күйінде келеді.

Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді.

Ой неғұрлым ашық айтылады

Ал мәтел жай сөйлем күйінде келеді.

Көбіне бір бөлімді болып келеді

Мәтелде кейде баяндауышы айтылмайды.

Ой тұспалдап айтылады.

Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан болып келеді.

Мысалы: Отан, еңбек, батырлық, достық, адамгершілік, оқу-білім т.б.

Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Мақал-мәтелдерді құрастырып,бір топ мақалдарды, екінші топ мәтелдерді табады.

1. Өмір - үлкен ... . /мәтел

2. Мектеп - ... , білім - ... . /мақал

3. ... – алтын қазына. /мәтел

4. Ұстаздан ... озар. / мәтел

5. Күш - білімде, білім - ... . /мақал

6. ... – ғалым, тілсіз мұғалім. /мақал

 

Мақал-мәтелдер. Қайталау сабағы

 

 

 

2-тапсырма. Берілген сөздерді тәуелдік жалғауының III жағына қойып, үлгі бойынша сөз тіркестерін және сөйлемдер құрап, 1топ жекеше, 2топ көпше түрін жазады. Үлгі: мектептің ауласы

кабинеты /көпше

учителя / көпше

ученики / көпше

Мектептің директор /жекеше

библиотека / жекеше

столовая / жекеше

двор / жекеше

жизнь / жекеше

Мақал-мәтелдер. Қайталау сабағы

3-тапсырма.Сурет пен сөздерді пайдаланып,сөз тіркестерін құрау /сан есімдер мен сын есімдерді тап/.

жаңа, ақылды, білімді, таза, оқу, кіру, қызық, қалың, түсіңдірме, аударма, кең, жарық, сабырлы, ұқыпты, мейірімді, құрметтеу, тәрбиелеу, үлкен, үш қабатты, үш тілді./қосымша қайталау сұрақтарын қою. Мысалы: Сан есім деген не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Есептік сан есім нені білдіреді? Сын есім деген не? Сын есімнің күшейтпелі шырайы қалай жасалады? /

Диалог. 4-тапсырма. «Менің мектебім» тақырыбына сын есімнің күшейтпелі шырайын, сан есімнің түрлерін қатыстырып, диалог құрау. 2 топ бір-біріне 3-4 сұрақ құрап, сол сұраққа жауап алады.

Деңгейлік тапсырмалар /Аударма жұмысы. Сөздікпен жұмыс/ 1-топқа:

ІІІ деңгей

Мына сөздердің антонимін тауып, күшейтпелі шырай жасаңдар: жеңіл, арзан, қысқа, тәтті.

ІІ деңгей

Мына сөздерді аударып, күшейтпелі шырай жасаңдар: веселый, низкий, горячий, сильный.

І деңгей

Қазақ тіліне аудар. Наш дом очень красивый. Саша самый веселый ученик в классе. Наша учительница совсем молодая. Вова самый умный мальчик.

2-топқа:

III деңгей

Санды сөзбен жазыңдар.

5-сынып, 2007 жыл, 9 мамыр, сәрсенбі - 3-күн, 45-пәтер, I тарау.

II деңгей

Мақал-мәтелдерден есептік, реттік сан есімдерді теріп жазыңдар.

1.Болар бала бесігінде боспын дейді,

Болмас бала жиырма бесте жаспын дейді.

2.Он рет айтқанынан бір рет көрсеткені артық.

3.Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық.

4.Бес саусақ бірдей емес.

I деңгей

Қазақ тіліне аударып, реттік сан есімді бір бөлек, есептік сан есімді бір бөлек жазыңдар.

В году двенадцать месяцев. Сейчас первый урок? Семьдесят третья квартира на седьмом этаже. В словаре шестьдесят пять тысяч слов. Дай три карандаша. Двадцать первая страница.

/Мақалды бөлек, мәтелді бөлек жазу/


Мақалдар

1.Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сәулесіне зәру.

2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

3. Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер қарады.

4. Өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп.

5. Ең әдемі сөз – ең ақылды сөз.

Мәтелдер

1. Жақсы адамға жау жоқ.

2. Кәрі түлкі қақпанға түспес.

3. Екі қораз ен қораға сыймас.

4. Ұжданы ақтың жүзі ақ.

5. Қыздың көзі қызылда.

Мақал: 1.Ердің атын еңбек шығарады. – Человека прославляет труд.

2.Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. – Человек без Родины – соловей без леса.

Мәтел: 1.Құлақ естігенді, көз көреді – Что уши слышат, то и глазаувидят.

2.Ел құлағы елу – У народа пятьдесят ушей.

Үлгірімі төмен оқушымен жұмыс (үлгірімі төмен оқушыға үлестірме қағазын беремін)

1.Сан есімдер мен сын есімдерді бөліп жазу.

Аз, алты, адал, қоңыр, мейірімді, сары, төрт, қиын, биік, бес, елу, көп, жаңа, жүз, қырық, таза.

2.Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрау.

Бес Дәмді

Сабақты бекіту. Семантикалық карта арқылы

Тақырыбы

Мысалдар

Есептік сан есім

Реттік сан есім

Сын есім

Сын есімнің күшейтпелі шырайы

1

Отызыншы

 

+

 

 

2

Көкпеңбек

 

 

 

 

3

Көгілдір

 

 

 

 

4

Жиырма жеті

 

 

 

 

5

Сұлу

 

 

 

 

6

Екі жүз

 

 

 

 

7

Аппақ

 

 

 

 

8

Оныншы

 

 

 

 

9

Күлгін

 

 

 

 

10

6 кітап

 

 

 

 

11

Жап-жаңа

 

 

 

 

12

Қызыл

 

 

 

 

13

Ү сынып

 

 

 

 

14

Жарық

 

 

 

 

15

Ең сұлу

 

 

 

 

16

Сауатты

 

 

 

 

17

16 наурыз

 

 

 

 

18

Белсенді

 

 

 

 

19

2016 жыл

 

 

 

 

20

Қап-қараңғы

 

 

 

 

Үйге тапсырма. 3-тапсырма. Мәтінді оқып, көшіріп жазыңдар. Сан есімнің қасына үлгі бойынша сұрақтарын жазып қойыңдар.

Үлгі: Екі (неше?) бала келе жатып, бір (қанша?) кітап тауып алыпты.

Балалар мен ғалым

Екі бала келе жатып, бір кітап тауып алыпты. Бірінші бала:

- Бұл кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын көрдім, - дейді.

Екінші бала:

- Жоқ, бұл кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын жерден көтеріп алдым, - дейді.

Екі бала таласының үстіненшыққан ғалым оларға:

- Сендер хат танисыңдар ма? - депті. Балалардың екеуі де шынын айтып:

- Жоқ, хат танымаймыз! - дейді.

Сонда ғалым:

- Кітап сендерге неге керек? Бұл кітапты мен алайын. Қай бұрын оқу білгеніңе беремін, - депті.

өбеев)

Бағалау. Бағалау қоржынындағы жиналған көкөніс, жемістерді санау (Күнделікке баға қою)

-Бүгінгі сабақ қалай өтті? (Оқушылар смайлик таңдап, сабақтың қалай өткенінтамаша, жақсы, нашар, білмеймін деген жауап айтады)

-Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

 

 


 

Автор: admin | 4-04-2016, 10:55
Қарау саны: 1552
    
Жарнама

Пікірлер -
2


Қолданушы offline comraanat - 9 сәуір 2016 01:49
Замечательно

---

документальные фильмы про реки австралии или исторические фильмы онлайн бесплатно смотреть для взрослых
--------------------
враг людской и земля территория загадок

Қолданушы offline licanPl - 12 сәуір 2016 10:51
Это сообщение просто бесподобно ;)

---

Сеть салонов красоты тут
--------------------
Сеть салонов красоты здесь

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :