Аналар шеруі » Қазақша білім сайты
Жарнама



Аналар шеруі

«Аналар шеруі»

Қарағанды қаласы

№36 жалпы білім беретін орта мектеп

әлеуметтік педагог Д.Д.Ибрашева

тәлімгер Г.К.Букебаева

Кештің көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, оқушылардың өз қолымен жасаған сыйлықтары, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

Кештің барысы:Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

Мақсаты:Көп балалы, жалғыз басты, қамқоршы аналардың құрметін арттыру, отбасылық қүндылықтарды насихаттау, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыра отырып адамгершілікке тәрбиелеу.

Ашылуы Тлеужан Айсұлу, Кумекова Диляра орындауында қазақ биі

1-жүргізуші:

Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! 8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай өткізіліп отырған «Аналар шеруіне» қош келдіңіздер!

 

2-жүргізуші:Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.

Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

 

1-жүргізуші

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

2-жүргізуші:

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

Ән «Анаға сый» орындайтын Саяшева Аружан

 

1-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз өлеңдерін ұсынады.

Есмуханов Бақытжан 1 «б» сынып оқушысы

Сипат Еркетай, Газиева Айша, Сипат Қорған

1-жүргізуші: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар-дей келе ортаға 8 «а» сынып оқушыларының орындауында «флешмоб» биін тамашалаңыздар

Елубай Баянсұлу.

 

2-жүргізуші:Анасыздар— Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар– күй орындайтын Самат Бейімбет

1-жүргізуші:Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.

Ән «Асыл әжем» орындайтын Шакенова Анеля

2-жүргізуші:

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді.

Би «Өзбек биі» Қасымова Даяна, орындауында

 

Ән «Анаға сәлем» орындайтын Бейбіт Аяулым

Құттықтау сөз кезегін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тұрсынғалиев Нұрлан Кабировичке береміз.

Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8- наурыз құтты болсын!

Аналар шеруі

 

Аналар шеруі

 

Аналар шеруі

 

Ілмек сөздер: Аналар шеруі, аналар, шеру
Автор: admin | 15-04-2016, 09:25
Қарау саны: 567
    
Жарнама

Пікірлер -
2


grilerEl - 15 сәуір 2016 17:22
наконец в хорошем качестве!!!

---

Программа для разблокировки планшета тут

comceSl - 4 мамыр 2016 04:41
Вы не правы. Предлагаю это обсудить. Пишите мне в PM, пообщаемся.

---

Аренда дома в подмосковье здесь

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :