АРМАНЫ АЙҒА ҰШЫРҒАН АЗАМАТ » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » АРМАНЫ АЙҒА ҰШЫРҒАН АЗАМАТ


АРМАНЫ АЙҒА ҰШЫРҒАН АЗАМАТ

Рахманова Еркежан Нұрланқызы

№36 ЖББОМ кітапхана меңгерушісі

Қарағанды қаласы

12сәуір –Дүниежүзілік ғарышкерлер күніне 55 жыл

Мақсаты:1.Оқушыларға ғарышты игерудегi жетiстіктері, оның ғылыми маңызы жайында бiлiм беру.

2.Жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, кұрметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу.

3.Fылыми жаңалықтардың маңызын түсiне бiлу қабілеттерiн дамыту.

Бұл сабақтан оқушылар Т.Әубәкіровтың ең алғашқы мамандығы туралы, ғарышқа ұшу айлағы қалай аталатынын, ғарышкер мен ұшқыштың айырмашылығы неде екенін ұғынды.

Көрнекіліктер: Атаулы күндер тізбесіне Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаев,А.Айымбетов ғарыш батырларының суреттері, нақыл сөздері, кітаптар, «Балдырған» журналының беттеріне жарияланған мақалалары,сөзжұмбақ,газет қиындыларымен безендірілді.

 АРМАНЫ АЙҒА ҰШЫРҒАН АЗАМАТ

 Сабақтың барысы:

 

I.Ұйымдастыру кезең Ғарышкерлердің өмірбаяндарымен таныстыру.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы Қарқаралы ауданындағы «1 Май» совхозында туды. Ол ауыл мектебінен сегізжылдық білім алды, мектепте алғыр, пысық оқушы ретінде көзге түсті.

Тоқтар жас кезінен-ақ ұшқыш болуды армандаған еді. Ұшқыштар даярлайтын оқу орнына түсудің оңай емес екендігін білген арманшыл бала өзін осы кәсіпке жасынан дайындалады.Бірақ тағдыр адамның айтқанымен жүрмейді гой. Үйдегі бас көтерер жалғыз өзі болған соң он бес жасында еңбекке араласты.

1963 жылы Тоқтар заводта жұмыс істей жүріп кешкі мектепте оқыды.Оның үстіне Қарағандыдағы Нұркен Әбдіров атындағы аэроклубта дәріс алды. 1991 жылдың 2- қазанында Алматы уақыты 11 сағат 59 минутты көрсеткенде, қазақ жігіті Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Халықаралық экипаждың құрамында «Союз ТМ-13» кемесімен сегіз тәулік ғарышқа ұшты.Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.1991 жылы 10 қазанда жерге оралды.Осылайша бар халықтың ғасырлар бойы аңсаған азаттығының көзайымындай болып,ғарышқа барып қайтты. Халықтың маңдайына жүз жылда бір бітетін Ұлы тұлға-Ғасыр адамы атанды.

Тәуелсіздігіміздің Туы желбірегенде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тоқтар Оңғарбайұлы «Халық қаһарманы» атағын берді. Батырдың мәртебесін халқы осылайша аспандатып көтерді!

Талғат Мұсабаев 1951 жылдың 7 қаңтарында Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы селосында дүниеге келген Талғат 1968 жылы Алматыдағы №58 мектепті бітіргеннен кейін Ригадағы Азаматтық авиация инженерлері институтына оқуға түседі.Бос уақытында ол Алматыдағы ДОСААФ мекемесіне келіп, ұшақ спортымен айналысатын. Сөйтіп жүріп, ол Мәскеуге хат жазып, өзін Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын орталыққа қабылдауын өтінді.1984 жылы КСРО чемпионы атанды. Қазақстаннан бұрын соңды мұндай спортшы шықпағанын ескерсек,бұл үлкен жетістік, әрине. 1986 жылы Талғаттың денсаулығын арнайы тексеру үшін Мәскеудегілер айналыса бастайды. Бұл аралықта ол қарап жүрмей Азаматтық авиацияның оқу-жаттығу жасағында оқып, азаматтық авиацияның ұшқышы деген куәлік алып үлгереді. Сөйтіп, «АН-2», «Ту-134» ұшақтарымен ұшып,оларды басқарып,тәжірибе жинақтай береді.

Талғат Мұсабаев 1994 жылы бірінші шілдесінде төртінші қарашаға дейін 16-ші негізі «Мир» орбитальды станциясында жасақталған экспедицияның бортинженері есебінде алғаш рет ғарышқа аттанды. Ғарышта ұшу мерзімі 125 тәулік 22 сағат 53 минутқа созылды.

Талғат Мұсабаев – «Байқоңыр» ғарыш айлағынан үшінші мыңжылдықта бірінші ғарыш сапарына аттанған экипаждың командирі.

Айдын Ақанұлы Айымбетов (27.07.1972, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы) - Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы. Мектепті алтын медальмен бітірген. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "ұшқыш-истребитель" мамандығы бойынша бітірген.

1993 жылдың мамырынан Қазақстанның Қарулы Күштерінің қатарында қызмет атқарады. Ұшқыш-истребитель. Ғарышкерлер отрядына таңдау алдында Талдықорған қаласы маңындағы авиабазада авиациялық бөлімшенің командирі болып қызмет атқарды. 2009 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi төрағасының кеңесшісі, агенттік департаментінің директоры. 2011 жылдың наурызынан Сұлтанғазиев атындағы ғарыштық зерттеулер институтында ғарыштық технологияларды ақпараттық-білімдік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы. 2012 жылдың көктемінен Астана қаласындағы Оқушылар сарайындағы жас ғарышкерлер мектебінде ұстаздық етеді.

1993 жылы алғаш рет ғарышкерлікке өтініш берді.

Екінші мәрте 2001 жылдың 5 мамырында қайта берді.

2002 жылы Ресей-Қазақстан мемлекетаралық бірлескен ғарышқа ұшу келісімі аясында Мәскеу қаласында медициналық комиссиядан өтті.

09.11.2002 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия мәжілісінде Қазақстан Республикасы ғарышкерлері отрядына кіргізу туралы ұсыныс жасалынды.

12.10.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының ғарышкері дәрежесі берілді.

26.05.2015 жылы Қазғарыш баспасөз хатшысы Ербол Дәулетов 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовті британдық әншінің орнына 2015 жылдың қыркүйегінде ғарышқа жіберу туралы мәселені талқылап жатқандығын хабарлады.

2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.

Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.

 

 

 АРМАНЫ АЙҒА ҰШЫРҒАН АЗАМАТАРМАНЫ АЙҒА ҰШЫРҒАН АЗАМАТ

II. Негізгі бөлім.

«Байқоңыр» - Ғарыш айлағы (шағын түсініктеме беру.)

Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды.

Оқушыларға тапсырма:Өз еріктерімен ғарышкер батыр ағаларымызға өлең жолдарын арнау,ғарыш әлеміне саяхат тақырыбында сурет салып әкелу.

АРМАНЫ АЙҒА ҰШЫРҒАН АЗАМАТ

АРМАНЫ АЙҒА ҰШЫРҒАН АЗАМАТ

 


 

 


Автор: dauke | 20-04-2016, 22:11
Қарау саны: 465
    
Жарнама

Пікірлер -
3


Қолданушы offline prodinmt - 22 сәуір 2016 23:40
Совершенно верно! Именно так.

---

сайт радиолюбителей россии srr ru или радиохулиган
--------------------
колбук радиолюбителей россии или радиохулиган

conslechMl - 6 мамыр 2016 23:34
конфеки

---

Аренда автомобиля на свадьбу в санкт петербурге тут

inrocgedo - 7 мамыр 2016 00:00
Я думаю, что это хорошая идея.

---

Окна ПВХ в Москве цены тут

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :