» » Қобыз атасы - Қорқыт


Қобыз атасы - Қорқыт

Күні:

Сынып: 2 сынып

Тақырыбы: Қобыз атасы - Қорқыт

Мақсаты: а) Қорқыт ата жайында мәлімет беру, таныстыру.

ә ) музыканы мұқият тыңдай отырып, мазмұнын талдауға, өз

ойын еркін, толық, тұжырымды жеткізе білуге дағдыландыру.

б) оқушылардың ішкі жан дүниесін музыканың құдіретті тілімен

ашу. Өнерлі тұлға тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер: ТСО, Қорқыт атаның суреттері, қобыздың суреті, үнтаспа,

бейнетаспа

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс – тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ – жауап

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жана сабақ

ІV. Музыка тыңдау.

V. Ән үйрену

VІ. Қорытынды

VІІ. Үйге тапсырма

VІІІ. Бағалау

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу б) сабаққа әзірлеу

ә) түгендеу в) мақсатымен таныстыру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1.Қ.Сағырбайұлы кім?

2. Қандай күйлері бар?

3.Күйші деп кімді атайды?

4. Күйші композитор деп кімді атайды?

5.Қ. Сағырбайұлының ұстазы кім?

6.Құрманғазының қандай күйлерін тыңдадық?

Оқушылар осы сұрақтарға дұрыс жауап беріп, домбыраның суретін құрастырады.

ІІІ. Жаңа сабақ:

«Адам музыкасыз өмір сүре алады ма?»деген ой қозғайтын сұрақ төңірегінде әңгіме өрбітіледі. Музыка барлық өнердің ең құдіреттісі, оның сиқырлы үнінен шыққын сырды тілмен жеткізу мүмкін емес.

Қорқыт Ата түркі халықтарынаортақ ұлы ойшыл,жырау,қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт АтаСырдариябойында өмір сүргеноғыз-қыпшақтайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды.Рашид әд-Дин"Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атанықайытайпасынан шыққан десе,Әбілғазының"Түрік шежіресінде” оның тегібаятекендігі,оғыздардыңелбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады.Сыржағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе,Ә.Марғұланныңеңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұламаойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны барфилософ-гуманистретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, олоғыз-қыпшақұлысынан шыққан айтулыбақсы,абыз. Екіншіден –күйші,қобызсарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгіліжырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты.

Күйлері: «Желмая», «Әуіппай», «Ұшардың ұлуы», «Башпай», «Қорқыт», «Елім - ай», «Аққу», «Халқым - ай», «Тарғыл тана», т.б.

Қобызшы

 


Овал: ҚорқытҰлы ойшыл жырау

 Қобыз аспабының атасы

ІV.Күй тыңдау: «Ұшардың ұлуы»

Күйді үнтаспада тыңдату

Мазмұны мен көңіл – күйіне тоқталу.

Күйдің шығу тарихын баяндау.

«Ұшардың ұлуы» - оқушыларды жақынын құрметтеуге, кішіпейілділікке, жан – жануарларға аяушылық сезімін оятуға, оларды қорғап, қастерлей білуге, табиғатты аялауға тәрбиелейтін күй.

Есте сақтау үшін, қайталап тыңдату.

V. Ән үйрену:

Әнді мәнерлеп орындап беру.

Мазмұны мен көңіл – күйіне тоқталу.

Әндегі динамикалық белгілерге тоқталу.

Әнді фраза, такт бойынша үйрету.

Үйреніп болған соң, хормен айту

VІ. Қорытынд1.Қорқыттың күйі?

Қ 2. Қорқыт қандай аспап ойлап

О тапты?

Р 3.Қай өңірде туған?

Қ 4.Қорқыттың еліне арнаған

Ы күйі?

Т 5.Қорқыт кім?

VІІ. Үйге тапсырма: әнді жаттау, қобыз суретін салу, мазмұндау.

VІІІ. Бағалау.

 

Автор: admin | 28-04-2016, 13:08
Қарау саны: 1299
    
Жарнама

Пікірлер -
1


bibroRoxy - 8 мамыр 2016 15:44
Эта идея придется как раз кстати

---

ruigri.ru flashgames shariki а также роснефть вакансии вахтовым

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :