» » Әсем әнге билейміз


Әсем әнге билейміз

Күні:

Сынып: 1- сынып

Тақырыбы: Әсем әнге билейміз

Мақсаты: а) би өнері жайында оқушыларға мәлімет беру. Бишілер

жайында әңгімелеу.

ә) ән сөзінің таза естілуін, есту және есте сақтау қабілеттерін

дамыту.

б) Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Би өнеріне деген

қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер: ТСО, бейнетаспа

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс – тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ – жауап

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жана сабақ

ІV. Музыка тыңдау

V. Ән үйрену

VІ. Қорытынды

VІІ. Үйге тапсырма

VІІІ. Бағалау

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу б) сабаққа әзірлеу

ә) түгендеу в) мақсатымен таныстыру

Психологиялық тренинг (екпіндете, мақалдап айту)
Өлең айтып, күй тыңдап,
Өнермен өссін санамыз,
Оқу оқып, сусындап,
Білімнен бақыт табамыз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1.Өткенде қандай тақырып өттік?

2.Музыка қалай сөйлейді?

3.Музыка біздің өмірімізге пайдалы ма?

4.Қандай музыканы ұнатасыңдар?

5.Қандай музыка түрлері бар?

6.Қандай музыка тыңдадық?

7.Қандай ән үйрендіңдер?

8.Әнді жатқа айту.

9.Дауыс жетілдіру. «Ө- лең – ді жақ – сы ай – та – мыз »

10.Әнді хормен айту ( соло, дуэт, трио)

ІІІ. Жаңа сабақ:

Би – музыка өнерімен сабақтас халық өнерінің бір түрі. Қазақ биі– бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан елмұрасыболып табылады. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстет. болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын,дүниетанымынайшықтайтын өнер ретінде өркендеуде. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге соқпалы муз. аспаптардың көмегімен де өздерінің бақсылық,балгерлікүрдістерін күшейтіп отырған. Қазақ биі өнері синкреттік түрде дамып, басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды.

Балалар даладағы әр – түрлі ұзақтықтағы дыбыстырды есімізге түсірейік. Музыкалық дыбыстармен салыстыру.

ІV. Музыка тыңдау: «Қосалқа» Дәулеткерей

Күйді үнтаспада тыңдату.

Күй дегеніміз не?

Күйдің мазмұны мен көңіл – күйіне тоқталу.

Балалар бұл күйді тыңдап қана қоймай, оның әуен ырғағына сай билеуге де болады.

Күй қандай аспапта орындалып тұр.

Кәне барлығымыз күйдің ырғағымен қолымызды соғайықшы.

Күйді тыңдағанда көз алдыларыңа не елестеді. Әңгімелету.

Сергіту сәті:

Биле-биле, балакан,

Домбыраның күйіне.

Қане, биле, балақан,

Қосылайық биіңе,

Шапалақтап алақан.

Биле талдай бүралып,

Қанатың қақ қаз болып.

Өнеріңе қуанып,

Қол соқсын ел мәз болып.

 

V. Ән үйрену: «Кел билейік» Б. Байқадамов.

Әнді мәнерлеп орындап беру.

Мазмұны мен көңіл – күйіне тоқталу.

Бұл әннің әуені балалардың дауыс мүмкіндіктеріне сай, әрі ыңғайлы.

Әнді фраза, такт бойынша үйрету.

Әнді жақсы орындауды үйреніп алғаннан кейін оның өзіндік сипатын бейнелі түрде жеткізу.

Енді бәріміз бір орында тұрып орындалатын би қимылдары, әннің әуен ырғағына сай қол соғып, әнді демеу.

Әнді хормен айту.

VІ. Қорытынды:

1.Би дегеніміз не?

2.Бидің қандай түрлері бар?

3.Биді қай жерлерде билейді?

4.Би билейтін адамды кім дейді?

5.Қандай ән үйрендік?

6.Қандай күй тыңдадық?

VІІ. Үйге тапсырма: әнді жаттау, өзінің сүйіп тыңдайтын әуеніне би

құрастыру.

VІІІ. Бағалау.

 

 

 

 

 

Автор: admin | 28-04-2016, 13:12
Қарау саны: 2361
    
Жарнама

Пікірлер -
2


Қолданушы offline dispglycOn - 3 мамыр 2016 23:47
Давайте поговорим, мне есть, что сказать.

---

хорошее обезболивающее или мануальная терапия в Севастополе
--------------------
головная боль при беременности и Причина грыжи межпозвоночных дисков

Қолданушы offline bubbdisJar - 3 мамыр 2016 23:56
Вы очень талантливый человек

---

воздушные шары со светодиодами купить а также светящиеся шары с гелием купить
--------------------
светящиеся воздушные шары заказать на свадьбу а также гелевые шары со светодиодами цена

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :