Қобыз » Қазақша білім сайты
Жарнама



Қобыз

МАЗМҰНЫ

 І.Кіріспе ………………………………………………………………………..3 бет

 ІІ. Негізгі бөлім

 2.1. Қорқыттың өмірге келуі ……………………………………………….6 бет

 2.2. Қобыздың құдіреті ……………………………………………………10 бет

 2.3. Қобыз түрлері …………………………………………………….......12 бет

 ІІІ. Қорытынды ……………………………………………………....……16 бет

 

 І.Кіріспе.Зерттеудің мақсаты:

Кеңес дәуірі тұсында көптеген қудалаушылық көрген, бақсы аспабы деп, ойнауға тыйым салынған қазақ халқының ұлттық саз аспабы қобыздың шығу тарихы мен Қорқыттың өміріне жасалған зерттеулерді зерделей отырып, скрипканың арғы атасы қобыз болса, қазіргі таңда оркестрде ойналып жүрген аспаптардың (контрабасс, альт, ішекті қобыз - прима) қобыздың түрі екендігін дәлелдеу жолдарын қарастыру.

Болжам:

Егер скрипканың арғы атасы - қазақтың қара қобызы екендігін мектеп жасындағы өзге ұлт өкілдері білсе, қазақ музыка өнеріне деген қызығушылықтары одан әрі дамып, музыка өнері арқылы қазақ ауыз әдебиетіне ынтасы артар еді.

Зерттеудің кезеңдері:

1. Алғашқы даярлық кезең. Орта Азияда музыка өнерінің дамуы туралы материалдар жинақтау.

2. Музыка өнерінің дамуындағы Қорқыт атаның орны және оның жасаған аспабы қобыздың шығу тарихын зерттеу материалдарын жинақтау.

3. Шоқан Уәлихановтың «Тәңірі» (Алтыншаһарға сапар. Алматы: Атамұра, 2006 жыл 82-бет) мақаласындағы түсінде Қорқыт атадан бата алған Қойлыбай туралы зерттеу жасау.

4.Шоқан Уәлихановтың мақаласы негізінде Мағжан Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» поэмасын зерделеу.

5. Жинақтаған материалдарды саралау, жүйелеу, ғылыми зерттеу кезеңі. Ғылыми жобалар сайысына даярлық кезеңі.

Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі:

1. Орыс тілді мектептерде қазақ әдебиеті пәні мен музыка сабағын кіріктірудің тиімді тәсілдері.

2. Музыка өнері арқылы өзге ұлт өкілдеріне қазақ ауыз әдебиетінің құндылықтарын жеткізу.

3. Скрипка аспабының арғы атасы қазақтың қара қобызы екендігін ділелдеу.

4. Қазақ ауыз әдебиетіне ғылыми зерттеу жасаған қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерімен Мағжан

шығармаларының сабақтастығы.

Зерттеудің нәтижесі мен практикалық қолдану салалары :

 1. Күтілетін нәтиже оқушыларға этномәдениттанудан білім беру нәтижесінде қазақ халқының музыка өнерінің бастауы аты аңызға айналған Қорқыт ата дәуірінен бастау алып, қазіргі күні кеңінен белгілі болып отырған скрипка аспабы - қобыздың бір түрі екендігін мойындату.

2. Мектептерде музыка және қазақ әдебиеті пәндерін оқытуда.

3. Музыка мектептерінің қобыз және скрипка сыныптары үшін.

4. Оқушыларға эстетикалық және этномәдени тәрбие беруде.

Музыка (грек. muzike, тура мағынасы - музалар өнері) - негізінен әр биіктіктегі дыбыстардан (тондардан) тұратын, адамға өзінің белгілі мен әсер ететін, өмір шындығын дыбыстық көркем образдар арқылы бейнелейтін өнердің бір түрі. Онда дыбыстардың биіктік және ырғақтық-ритмдік қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыканың әдебиеттен, театрдан айырмашылығы сол, ол образдарды түгелдей дыбыстық үн құралдары арқылы суреттейді. Ол адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Музыка бүкіл адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және берік ұйымдастырушылық роль атқарады. Музыканың тарихи эволюциясы әлеуметтік дамудың жалпы заңына бағынады. Музыка алуан құбылыстарды суреттеп, олардың эмоциялық ауқымын аша отырып, қалың бұқараның рухани өмірін қалыптастыру құралы ретінде үлкен роль атқарады.

Қазақ халқының музыка аспаптары ғасырлар бойы келе жатқан мәдени мұра. Қазіргі кезде олардың 50-ден астам түрі белгілі. Әр аспаптың өзіне тән үні (әуенділігі мен саздылығы), орындаушылық дәстүрі бар. Көптеген музыка аспаптардың аттарын халқымыздың жыр-аңыздары мен дастандарынан, 15-19 ғасырдағы орыс және шетел саяхатшылары мен ғалымдарының еңбектерінен кездестіруге болады. Ертеде музыка аспаптарын жасауға ағаш, қамыс, қурай, малдың терісі мен сүйегі, мүйізі мен қылы қолданылған. Музыка аспаптарын ерте кезден халыққа хабар бергенде, жорыққа ұран салғанда, саятшылықта, сондай-ақ ән-күйлер орындағанда, бақсылар сарынында пайдаланып отырды. Музыка аспаптары ішекті (2 және 3 ішекті домбыралар, қобыз, жетіген, шертер), үрлемелі (саз, қос, қамыс және мүйіз сырнайлар, сыбызғы, адырна, ұран, керней), шалып ойнайтын (шаңқобыз), соқпалы (даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқтың көптеген түрлері) болып бірнеше топқа бөлінеді. Музыка аспаптарының үнін жақсарту мақсатымен 1932 ж. Алматыда, 1947 ж. Осакаровкада (Қарағанды обл.), 1957 ж. Алматы консерваториясының жанында

5

шеберханалар ашылды. Халық аспаптар оркестрінде домбыра мен қобыздың жаңартылған үлгілерін пайдаланған А.Қ.Жұбанов болды. Музыка аспаптарын жасаушы шеберлер Қ.Қасымов, А.Ермеков, И.Э.Романенко, О.Бейсенбаев, А.Аухадиев аспаптардың оркестрге арналған үлгілерін жасады. Музыка аспаптарының көптеген көне түрлері Москва, Ленинград, Алматы, Семей т.б. қалалардың музейлерінде сақтаулы.

Қобыз - ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алатын, ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болған, өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын күрделі аспап. Қобызды жасап шығарған Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңіне қатысты түрлі ғылыми жорамалдар бар. Бұл зерттеуде қобыз аспабының шығутегіне тоқтала келе, оны сақтау, қорғау, дамыту, насихаттау шаралары туралы ой қозғалады. Көнеден келе жатқан қобыз дәстүрі қазақтың аспаптық музыка мәдениетінде ерекше орын алады. Қобыздың көнелігі мен жетекші аспап ретінде алдымен ауызға алынатындығы, қасиетін жан-жақты суреттейтін көптеген археологиялық қазба жұмыстары мен жазба мұраларында көрініс тапқан. Мұндай байырғы қыл қобыз сияқты синкреттік аспаптар түр­кітілдес Орта Азия, Сібір, Кавказ, Орта және Шығыс халықтарында сақталған. Қобыз дәстүрі шаман дінінің және осы дін өкілдері – бақсылардың пайда болу процесімен тығыз байланысты. Жалпы, қобыз өнері бақсы-шамандардың ажырамас аспабына айналған, ал, бақсылық өнер Орта Азиялық көшпенді елдерінің ең байырғы дін түрі (формасы) болғаны хақ. Төлтума қобыз дәстүрі синкреттік түрде бақсылардың ем-дом беруші, жырау, ақын және музыкант сияқты функцияларын қалыптасқан.

Халқымыз қобыз өнерін Қорқыт есі­мімен байланыстырады. Қорқыт Ата энциклопедиялық жинағына сілтеме жаса­сақ, қобызды аспап ретінде және онда ойнау дәстүрін Қорқыт тудырып, өзі ойнаған деген болжам бар. Қорқыт музыкасын да көшпенді елде ғасырлар бойы сақтап келген бақсы-жыраулар. Олардың істеген кәсібі, әдеті, дағдысы – музыканы жан күйімен сүюі. Бақсылар, ақын-жыраулар Қорқыттың қобызына қосып сарын айтатын, қобызбен боздатып күй тартатын [1-99]. Сондықтан, ерте заманда қазақ бақсылары Ә. Марғұланның пайымдауы бойынша өзінің білімінен керемет ой иесі атанған, ол жәй адамнан анағұрлым биік тұрған. Олар – әрі ақын, әрі сазгер, әрі сәуегей, оның үстіне емші. Елдің көбі ақын бола алмайтын тәрізді

6

қазақтың бәрі бірдей бақсы бола алмаған Ғалым Ә. Қоңыратбаевтың пікірі бойынша: «Бақсылар сарында магия, шаман, ислам ұғымдары араласып жатады. Соның ішінде, ата-баба, батырлар әруағына сыйыну сарыны күшті. Бақсылар сал, сары ауру кеселдерін емдегенде өздері сары жирен атқа мінген, барлық киелі күштердің тілін білетін адамдар ретінде ұстаған. Бақсылық сарындардың тілі де халық поэзиясына жақын».
Ал, ішекті ыспалы аспаптардың отаны Орта Азия және еуропалық скрипка аспабы қобыздан бастау алған деген пікір музыкатанушы А. Мұхамбетованың ғылыми жұмыстарында кездеседі.Қобызға көшпенді елі киелі аспап ретінде қараған, өйткені, оның емдеу функциясымен қатар аруақтармен, космоспен (ғарышпен) байланыстырып, аспапты босағаға іліп, тіл-көзден, бәле-жаладан сақтайды деген сенім болған. Мұнымен қатар, қобыз өнері эпикалық дәстүрмен де тығыз байланысты. Қобыз аспабының тарихы тек қана бақсылық дәстүрмен шектелмеген. Ол бақсы дәстүрмен қатар жыраулар шығармашылығында да үлкен орын алған. Жыршы-жыраулар өздерінің ауызша ақындық өнерін батырлар шайқасын қобызбен жырлап жеткізген. Мұндай болжамдар көптеген музыка зертеушілердің еңбектерінде: Ә. Марғұлан, А. Сейдімбек, Е. Тұрсынов, А. Мұхамбетова, Г. Омарова, т. б.көрініс тапқан..

Негізгі бөлім.2.1. Қорқыттың өмірге келуі.Ұлы Даланың ұлы перзенттерінің бірі - Орта ғасырларда өмір сүрген ірі ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт ата. Оның соңында қалған әдеби және музыкалық бай мұра ұлағатты ұрпақтар арқылы кезеңнен кезеңге ауысып, бүгінгі күнге жетіп отыр. Енді ол кім болған, қандай мұралары бар дегенге келейік. Қазақ халқының атадан балаға тараған шежіресі бойынша музыка өнерінің тууы Қорқыт есімімен тығыз байланысты. Қорқыт қобызға алғаш тіл бітіріп, үнін күй етіп сөйлеткен өнер иесі, күй атасы. Ел аузындағы аңыздардың бірі Қорқыттың елден ерекше болып дүниеге келуі және оған Қорқыт есімінің берілуі. Қорқытты туарда анасы құланның жаясына жерік болыпты. Жыл сайын бір рет толғатып, баланы үш жыл тоғыз күн көтереді. Бір күні нәрестенің дүниеге келер сәті жетеді. Анасы, туарында тоғыз күн толғатыпты, сол сәтте жер дүниеге үш күн, үш түн қараңғылық түсіпті, қара жаңбыр, дауыл соғып, біреуді біреу көре алмай, қорқыныш басыпты. Бала анасынан туа тіл қатып, сөйлей бастайды. Шілдеханасына жиналғандар: «Бұл ерекше қасиетті болып өмірге келуі арқылы біздің бәрімізді қорқытты ғой, сондықтан аты Қорқыт болсын», - деп нәрестенің атын Қорқыт қояды.

7

Қорқыт туған кезінде,

Қара аспанды су алған

Қара жерді құм алған

Ол туғанда ел қорқып,

Туғаннан соң қуанған - деген өлең жолдары Қорқыттың өмірге келуі жайында жыр. Міне осы ғажайып жағдайда туған Қорқыттың ер жеткеннен кейінгі іс-әрекеттері де ешкімге ұқсамайды. Ол жиырмаға толғанда түсінде біреулер аян беріп, «қырықтан артық жасамайсың» депті. Міне, осыдан кейін Қорқыт дүниенің көп ойлап, өлмеудің жолын іздестіреді, түйесі Желмаяға мініп, әлемнің төрт бұрышын аралайды. Ол қайда барса да, қазулы көрді көреді... бұл кімнің көрі, - деп сұрағанда «Қорқыттың көрі» деп жауап алады. Ақырында өзінің туған жері Сырдария бойына келеді, қарағайдан қобыз жасап, өлмес өмір күйін тартады. Қазақта «Күй атасы - Қорқыт» деген аңыз осылайша пайда болады. Ол Сырдария суының бетіне кілем төсеп, күй тартқанда дүниедегі жан иесінің бәрі де құлағын елжіретіп тыңдаған.Қорқыт пен қобыз.Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде де керемет ойнайды екен. Алайда, ол оған қанағаттанбай, адам және жануарлардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, тоғыз толғанды. Қарғай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ ары қарай қалай, не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жасап жатқан қобызың алты жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған түйенің терісінен жасалған шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен», - деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна сала, осы айтылғандардың бәрін жасап

«Қарағайдың түбінен

Қайырып алған қобызым,

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым,

Желмаяның терісін

Шынақ қылған қобызым,

Ортекенің мүйізін

Тиек қылған қобызым,

8

Бесті айғырдың құйрығын

Ішек қылған қобызым,

Құлағыңды бұрайын,

Осы айтқаным болмаса,

Қайырып жерге ұрайын» - деп жырлайды.

Сырдарияға кілем жайып, үстіне отырады да қобызын күндіз-түні тарта береді. Сол уақытта бүкіл жер-жиһан, жүгірген аң, ұшқан құс, бәрі-бәрі дарияның жағасына анталап келіп, күй тыңдап тұрады екен. Қорқыттың қобызы күй төгіп тұрған кезде оған ажал да батып келе алмапты. Бірде шаршағаннан көзі ілініп кеткен кезінде судан кішкентай жылан шығып, дана қартты шағып алады. Сөйтіп, Қорқыт 95 жасында жантәсілім етеді. Ел аузындағы «Ажал айтып келмейді» деген нақыл осыдан қалса керек... Кейбір ғылыми еңбектерде Қорқыт Атаның Пайғамбарға елші болып жіберілгені жазылды. Бұл қосымшалардың түріктердің ислам дінін қабылдағаннан кейін жазылуы ықтимал. Қорқыт Ата қыпшақ-оғыз түріктерінің білгіші болып табылады. «Оғыз халқының басына қайыр келетінін сөйлеген едім» деп айтқан хикметтерінен түріктерге жол көрсеткені байқалады және оның бақсы болғандығы жөніндегі ықтималды күшейтеді. Бақсылар әрі ақын болатын, әрі өткен замандардың хикаяларын сөйлейтін, келешектен хабар беретін. Бақсы болғанының тағы бір дәлелі-қолындағы қобызы. Әдетте, қобыз-әулиелердің аспабы. Қазіргі заманда түркі халықтары арасында Қорқыт Ата дастаны кең тараған. Қорқыт Атаның біздің заманымызға дейін жеткен 12 хикаясы бар. Олардың сегізі ішкі және сыртқы соғыстар туралы.Екеуі ғашық оқиғалары жайында болса, екеуі мифологиялық сипатта. Бірақ бәрі де түркі дүниесін шын сипатында көрсетеді. Түркі қауымының қаһармандығы, мәдениетін, мінезін, діни әдеттерін және тұрмыстарын ашып береді. Қорқыт Ата ертегілері мен дастандары-түркі мифологиясының қайнар көзі. Қорқыт VIII ғасырда Сыр бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Сонымен бірге ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер сипатында айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толласыз тартып,дүниеден өтеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында

9

деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар. Қорқыт ата кітабы осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Қорқыт ата кітабын VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған-Қорқыт ата. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады: - Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр, - Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр, - Оғыз қаған жыры т.б. Қорқыт ата кітабының жырлары оғыз тайпасының туған жерін, елін сыртқы жаулардан қорғау үшін қан майданға шыққан алып батырларының ерлігі туралы толғайды. Дастанда ерлік, әділдік, адамгершілік, ата-ананы құрмет тұту, уәдеде тұру сияқты ізгі қасиеттер айтылады. Оның қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа, әдіпсіздік пен сарандыққа қарсы күреседі. Қорқыт ата кітабының қаһармандары мен олардың бастан кешкен оқиғалары осы идеяларды аша түседі. Жырлардың тең жартысынан астамы Қазан бектің ел қорғаған ерлігін, ел-жұртқа жасаған ізгілікті істерін жырлауға арналған. Ерлерше қару асынып, жаумен тайсалмай соғысқан Қазан бектің әйелі Бөрілі сұлу және оның ұлы Ораз ел басқарған Баяндыр хан, Дерсе хан, оның баласы Бұқаш, т.б. кейіпкерлер ерлікпен бірге ізгілік те танытады. Қорыта айтқанда, Қорқыт ата кітабы - әр түрлі жырлардың жинағы болса да, ерлік жасау мен ізгілік көрсетуді біртұтас өріп отырады. Қорқыт ата кітабында тәрбиелік құнары мол қанатты сөздер көптеп ұшырасады. Мысалы: Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі; Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды; Ат қиналмай жол шалмас; Көңілі пасық ерде дәулет болмас; Қар қаншама қалың жауғанмен - жазға бармас; Анадан өнеге көрмеген қыз; Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді, т.б.

Қолына қобыз ұстаған ұзан (абыз,жырау) елден елге жетеді – деп Қорқыт атаның өзі айтқандай, өнер-мәңгілік, ол елден елге, ұрпақтан ұрпаққа тарайды.

Бүгінгі күні Қорқыт бабамыздың оннан астам күйлері белгілі болып отыр. ХVІІ ғасырлық тарихшы Әбілғазы Бахадүр хан өзінің «Түрік шежіресінде» баят руынан шыққан Қорқыт атаның оғыздардың елбегі (ел министрі) қызметін атқарғандығын және 95 жасында қайтыс болғандығын жазады.

- Шоқанның көзқарасынша, «Қорқыт - қазақтардың бірінші бақсы-шаманы, елге қобыз үйретуші ұстаз, күйші, өлең сазының шебері».

10

- «Қорқыт ата кітабы» 1815 жылы неміс ғалымы Х.Ф.Диц Дренден кітапханасынан «Қорқыт ата кітабының» 12 жырдан тұратын нұсқасын тауып бастырды.

- Итальяндық ғалым Е.Р.Россидің де еңбегі ерекше. Ол Ватикан кітапханасынан «Қорқыт ата кітабының» тағы бір нұсқасын тауып, 1956 жылы оны итальян тіліне аударды. Эпостың аудармалары және мәтіндері Лондонда, Белградта, Бакуде, Мәскеуде, Анкарада, Стамбұлда, Прагада, Алматыда т.б. қалаларда жарық көрді. 1999 жылы «Қорқыт ата кітабының» 1300 жылдығы дүние жүзінде кеңінен атап өтілді.

- Қорқыт ата мазары - ІХ-ХІ ғасырларда тұрғызылған күмбез. Қазіргі Қызылорда облысы Қорқыт теміржол станциясынан 3 шақырым жерде болған. ХІХ ғасырдың аяғында сүйегі басқа жерге көшірілген. Сырдария арнасының ауытқуынан Қорқыт мазарының қалдығы 1960 жылдары шайылып кеткен.

- «Қорқыт ата кешені» - 1980 жылы Бек Ыбыраев аэродинамикалық эффектіні пайдаланып тұрғызған. Дала желінің екпінімен қобыздың үні естіліп тұрады. Ішкі жағы "түйетабан” өрнектерімен нақышталған. Қазақстандағы ең үздік тарихи ескерткіш.

2.2. Қобыздың құдіреті. Қарағайдың түбінен қайырып алған қобызым

Үйеңкінің түбінен иіріп алған қобызым!

Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын-қыстау болды. Бұл аспап қазақ халқының тарихи-этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерін күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұра бола тұра, ол өзіне деген кертартпа ескілікті көзқарастан арылмай ақталмай-ақ қойды. Әу бастан-ақ қобыз бақсының, бақсылық жасаудың құралы деген пікір қалыптасқан болатын. Сондай бір түсінбеушіліктің кесірінен қобыз жаңа заман көшіне ілесе алмай ескіліктің қалдығы саналып жоғалып, жойылып кетудің алдында қалды дейді А. Затаевич. Осының салдарынан 20 ғасыр басында қобыз аспабына арналып шығармалар жазылмай сиреп ұмытыла бастады. «Әкеден балаға мұра» болып келе жатқан қасиетті өнеріміз, ұлттық салт-санамыз, отбасылық қобызшылық дәстүріміз үзіліп қалды. Классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең соңғы хас шебері19 ғасырортасында дүниеге келгенЫқылас Дүкенұлы.

Қыпшақ Қойлыбай Әбдурахпанұлы - атақты бақсы, таңғажайып тәуіп, керемет көріпкел, теңдесі жоқ қобызшы болған. Аңыздарда да, тарихи шығармаларда да Қорқыттан кейін Қойлыбайдың есімі аталады. Ақын Хамитбек Мұсабай өзінің

11

«Қойлыбайдың қоштасу күйі» деген дастанында Қойлыбайдың қобызы мен киелі қасиеттері туралы былай жыр толғайды:

Қарт Қойлыбай - қобызшының абызы,

Шежіредей сайрап жатыр әр ізі.

Қатар жүрер қос анардай қашанда,

Замананың ақиқаты, аңызы.

Ол қобызбен - қара тасты сөйлеткен,

Ол қобызбен - тал бесікті тербеткен.

Ол қобызбен - селді буып сұрапыл,

Ол қобызбен - шу асауды үйреткен.

Ол қобызбен - қара бұлтты қақ тілген,

Ол қобызбен - ақбоз үйді тіктірген.

Ол қобызбен - тілін кесіп жыланның,

Ол қобызбен - ханға тізе бүктірген.

Ол қобызбен - жанған өртті өшірген,

Жөнге салған ессіздерді есірген.

Киіз үйді жиһазымен жиюлы,

Арғы беттен - бергі бетке көшірген.

Ол қобызбен - қара нөсер жаудырған,

Ол қобызбен - жан ләззатын қандырған.

Ол қобызбен - тоқсан тоғыз күй шалып,

Ол қобызбен - мәңгіге атын қалдырған.

Ұлтымыздың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың пайымдауынша, түсінде Қорқыт атадан бата алған қыпшақ Қойлыбай бақсы шамамен XIV ғасырдың аяқ шенінде өмірге келген. Оның атақты бақсы, тәуіп, сәуегей, қобызшы ретінде есімінің алты алашқа кеңінен танылған кезі - XV ғасырдың алғашқы ширегі. Ол Қойлыбайды «бақсылардың бақсысы әрі пірі» деп бағаласа, Әлкей Марғұлан: «Қорқыттың қобызын, оның сарынын ең алғаш рет мирас еткен кісі - Қойлыбай бақсы. Ол Қорқыттың шәкірті болып саналады» деп жазады. Қойлыбай бір үлкен бәйгеге қобызын қосып, жарыс басталатын жерге алдын ала қобызды бір үлкен сексеуілге байлатады. Бәйгеден келе жатқандардың шаңы көрінгенде, Қойлыбай қолына қылышын алып, бақсылық ойынын бастап, сарын айтады. Кенет, бәйге аттары кеткен жақтан қатты дауыл тұрып, ысқырған қызыл жел соғады. Көп ұзамай, дауылдың ортасынан аттар көріне бастайды. Ал бәрінің алдында сексеуіл сүйреткен Қойлыбайдың қобызы келе жатады. Осылайша

12

Қойлыбай қобызын бәйгеге қосып бас бәйгені жеңіп алады. Мағжан Жұмабаев Шоқанның зерттеулерін негізге ала отырып «Қойлыбайдың қобызы» атты дастанын жазған.Қобыздың тағдыры бақсылардың тағдарымен бірге. Бұл жөнінде Әлкей Марғұланның өзі былай деп жазады: «Ұлы бақсы, жыраулардың, қобызшылардың көп шыққан ортасы, әсіресе, қыпшақтар арасы (ХІІІ -ХІХ ғасыр). Олардың ішінде 1299 жылы Византия тарихында жазылған Көкем бақсы, Римға, Мысырға елші болып барған. Бұлардың кейбіреуі Мысырға қобызын ала барып, Мысырдың суретшілері оларды суретке түсіріп алған. Қыпшақтың ең атақты қобызшыларының бірі - Барақ бақсы. Қобыз тартумен бірге ол қыпшақ тілінде эпикалық жыр айтып, кейде өлеңдер жазып жүрді». Рашид ад - Диннің шежіресінде қобыз сөзінің арғы түбірінің «Қыпшақ» сөзімен төркіндес екендігі айтылады.Қобыз аспабы Кеңес дәуірі тұсында көптеген қудалаушылық көрген, бақсы аспабы деп, ойнауға тыйым салынған аспап. Дегенмен де өнер адамдарының, халықтың арақасында 20 ғасырдың 70 жылдарында қайтадан жаңғырған. Жоғалып жойылып құрып кетуге жақын қалған қобыз ойнау өнерін өмірге қайта оралтып «шаң басқан уақыт» пернесін ашуға жасалған шаралармен ізденістер, талпыныстар болмай қалмады. Осындай істің басында бірегей ірі қобызшылар зор тұлғалы музыканттары болыпЖаппас Қаламбаевпен(1909—1970)Дәулет Мықтыбаев(1904—1976) тұрды. Шын мәнінде осы екеуінің арқасында музыкалық қобыз аспабының барлық құпиясымен қасиетінің қыры мен сыры сақталып өткеніміздің баға жетпес асыл мұрасын шашау шығармай жоғалтпай бізге жеткізіп жаздырып қалдырып кеткеніне шүкір дейміз.

Қобызда ойнап ең алғаш рет концерттік эстрадаға шыққан,1968жылыАлматыконсерваториясында ашылған қылқобыз класына бірінші сабақ берген де осы екі тарлан болды.

2.2. Қобыз түрлері. Қобыз- халықта қасиетті болып есептелген. Жай халық бұл аспапты қолдарында ұстауға да қорқады. Өйткені, қобыз - бұл аспаптың иесі бақсы сияқты ерекше сиқырлы қасиетке ие және адам тағдырына әсер етеді деген наным бар. Аңыз-естеліктер бойынша қобыз және қобыздық музыка адам денесінен ауыр рухтарды, аурулар мен өлімді қуған. Қобыз - екі қылды шекті, ысқысы бар аспап. Ол Сібір, Орта Азия, Повольжья, Закавказья және басқа да халықтарда сақталған, ысқысы бар аспаптар тобына жатады. Әрбір халықтың мұндай ысқылы аспаптарының

13

өз атауы бар, олардың құрылысы, қылды шектері, ойнау тәсілдері ұқсас. Ерте заманғы аспап екендігін аспап құрылымынан аңғаруға болады. Қобыз арша, қайың сияқты ағаштың тұтас бөлігінен жасалады. Аспап үш бөліктен тұрады: бас, кеуде, аяқ, негізгі бөлігі ашық кесе түрінде болады. Аспаптың төменгі бөлігі терімен тартылады. Оған тиек қойылады. Қобызға арналған шектер әлі күнге ат қылынан жасалады. Ысқы доға түрінде болады және жебені еске салады: екі жағы қайырылған бұтаққа ат қылы байланып, түйе жүнінен жасалған мықты жіппен бекітіледі. Орындаушы ысқыны алақанымен жабады. Шамандық аспап ерекше болған, оның басына үкінің қауырсыны, мүйіз тәріздес темір пластинкалар, құстардың бейнесі ілінгең олар музыка әуенімен тербелетін болған, шанақ түбіне айна орнатылады. Осының барлығы жәй сәндік безендірмелер емес, шамандық, бақсылық белгілемелер болған. Қобыз ерекше бай және әрқилы дауысты беретін аспап. Қобызбен осы аспапты өмірге әкелген Қорқыт туралы философиялық аңыз тығыз байланысты.
Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап.Қылқобызаталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылапдыбысшығаруы— шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады. Біреулер оны құс даусына ұқсатады: « - Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады»— дейді (П. Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б. Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады. Қобыз дәстүрінің тарихы өте күр­делі. Тарихқа шолу жасасақ, жыраулар XVІІІ ғасырда бірте-бірте қалып, эпикалық жыр­ларды қобыздың көмегіменен емес, домбырамен айтатын болған. Сондықтан, қобыз дәстүрін сақтап қалған бақсы-балгерлер болды. Өкінішке орай, XІX ғасырда әр салада жүргізілген алуан түрлі жаңа бастамалар өзінің кері әсерін бақсы-шамандардың өнері мен қобызға кері әсерін тигізді. Әртүрлі ауруды емдейтін, қобыз аспабынсыз жүрмейтін бақсылық процес сол кездерде терең дағдарысқа ұшырады. Соның салдарынан XX ғасырдың басында бақсылық өнер мен қобызда тартылатын сарындар мен күйлер жойылып кете жаздады. Солардың ішінде, Қорқыт пен Ықыластың (1843-1916) санаулы ғана шығармалары біздің дәуірге жеткен.Өткен ғасырдың 30-шы жылдарының

14

ортасында академик, музыкатанушы А. Жұбановтың басшылығымен күй­ші­лер мен аспапта орындаушыларды жинауға мүмкіндіктері туды. Осы ұйымдастырған іс-шаралар арқылы елдің түкпір-түкпірінен жиналған музыка шеберлері, аспапшылары өз өнерлерін қалың жұртқа таныстырып, Қорқыт пен Ықылас Дүкенұлының бай қобыз күйлерін біздің дәуірге жеткізді. Осы салада қобыз дәстүрін көзінің қарашығындай сақтап келген санаулы қобызшылар Ж. Қаламбаев (1909-1969) пен Д. Мықтыбаевтың (1905-1976) еңбектері орасан зор. Олар осы уақытқа дейін қыл қобызда ойнаудың әдіс-тәсілдерін, техникалық мүмкіндіктерін күрделендіре дамытып келді. Қыл қобыз өнері өз жалғасын 60-шы жылдары тапты. Сол жылдары белгілі композитор, халық әртісі Е. Рахмадиевтың басшылығымен Құрманғазы атындағы консерваторияда қыл қобыз класы ашылды. Дәстүрлі аспап қайта жаңғыртылып, даму жолдарына түсті. Нота сауатын білмесе де Ж. Қаламбаев пен Д. Мықтыбаев кон­сер­ваторияға ша­қырылып, шәкірттер тәр­биелей бастады. Атап айтсақ олар: Б. Қосбасаров, Ә. Жұ­мабеков, Ә. Әжімұратов, т. б. Аталмыш 30-шы жылдары қыл қобыз­дың үлгісімен үш ішекті, кейіннен төрт ішекті сым қобыздар жасала бастады. Музыкатанушылардың пікірінше осы басталған іс-шара қыл қобыздың дамуына кері әсерін тигізді деген пікірлер де болды. Бұл шараның мақсаты көне қыл қобыздың орнын ауыстыру емес, керісінше мәдениетімізде жаңа аспап сым қобыз пайда болуына септігін тигізу еді. Мұны ұлт мәдениетінің үлкен бір тапқырлығы немесе жаңалығы деп қарауы­мыз керек. Көне қобызды тарту өнерінің тек ұлттық шеңберде қалып қоймай, Еуропалық мәдениеттің жақсы жақтарын бойына сіңіріп, жан-жақты жетілуіне ықпал етіп, дәстүрлі музыка қызметінің жаңа түрлерінің пайда болуына жол ашты. Нар қобыз, қыл қобыз, шаң қобыз болып бөлінеді. Қыл қобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге - үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек.

Қобыздың оркестрде қолданылатын түрлері.Қобыз-бас, қобыз-прима, қобыз-контрабас, 4 ішекті прима қобыз, қобыз-альт. Музыка қайраткері академик А. Жұ­банов халық аспаптардың тынысын ке­ңейтіп тек қана ауылдағы киіз үйде немесе шағын жұрттың алдына ғана ойнайтын аспап емес, кең зәулім

15

сарайларда, үлкен сахнада ойнайтын аспапқа айналдырып, жаңадан құрылған оркестр ұжымын алыс-жақын шетелдерге таныстыру жолдарын қарастырды. Осы жылдары мәдениетімізде жасалған іс-шараларды екі бағытта көрсетуге болады. Біріншіден, көненің көзі – қыл қобыз ұмытылып қалмай өз жалғасын тапты, екіншіден – қобыздың тағы бір түрі сым қобыз пайда болуы. Одан ұлт мәдениетіміз ұтылмай, керісінше ұтымды болды деуге болады. Сондағы жүргізілген шаралардың мақсаттары – дәстүрлі музыканың үлгілерін белгілеу, аспаптық орындаушылықты жаңа оркестрлік формаға енгізіп, концерттерге қатыстыру арқылы дарынды өнер қайраткерлерін тәрбиелеуге бағытталды. Бұл жағдай дәстүрлі өнердің идеологиялық шырмауға түскенін және оның өз заманына сай жаңа көзқарасқа ие болғанын көрсетті. Сым қобыз оркестрдің сұранысы бойынша құрылып, өзінің сазды дыбысымен оркестрдің бояуын әсерлей түсіп, тыңдаушылардың ойынан шықты. 1952-56-шы жылдары сым қобыз аспабының диапазоны мен әуен аясын одан ары кеңейтуге бар күш-жігерін жұмсаған республикаға еңбек сіңірген ұстаз, үлкен орындаушылық тәжірибесі бар Д. Тезекбаевтың жасаған еңбегін ерекше айтып кетуге болады. Жаңартылған сым қобыз, альт қобыз, бас, контрабас қобыздар оркестрлердің құрамында негізгі музыкалық аспаптарының қатарынан орын алып, маңызды рөл атқарып келді. Сондықтан халық аспаптар оркестрінде ішекті, яғни қобыз тобы негізгі құрал болып саналып, оркестрдің кең ауқымын қамтыды. Б. Ғизатов «Казахский оркестр им. Курмангазы» атты еңбегінде қобыздың оркестрдегі маңызды рөлі туралы былай жазады: «Прима қобыз ішекті-ыспалы аспаптарының бірі болып табылады. Халық арасындағы дәстүрлі қобыз екі қыл ішегінен тұрады да, құлақ бұрауы квинта және кварта. Оркестрде қолданылғаннан бері бұл аспаптың дыбыс бояуы кеңейтіліп, құрылысы өзгерді. Қобыздың ерекшелігі оның әуенінде. Шебер орындаушының қолында қобыз қоңыр дыбыс іспеттес болып оның тембрі де жұмсарып өзгерді. Оркестрде бұл аспаптың күрделі шығар­маларды орындауға мүмкіндіктері туды. Қазақ халық аспаптар оркестрінде басты аспап ретінде қобызға жеке дауыстар берілді» [25, 41б.]. Осылайша – дауысы жоғары, дыбыс бояуы қобызбен скрипканың үн аралығындағы жаңа аспап – сым (прима) қобыз сахналық өмірге келді. Өзгертіліп жетілдірілген қобызда ең бірінші болып, белгілі қыл қобызшы Ж. Қаламбаев ойнады. Ол көптеген дарынды қобызшыларды да дайындады. Олардың ішінде: Г. Баязитова, Ф. Балғаева, А. Жаманшалова, З. Бей­сембаева, Д. Тезек­баев, т. б. болды. Алғашқыда оның оқыту әдісі, оқушының есту

16

қабілетіне және ұстаздың нақты қолына қарап, есту арқылы қабылдауына байланысты болды. Оркестр құрамындағы бастаушы орындаушылар сол кезде нота сауатын білмегендіктен, көбісі дирижёрдің қолына қарап үйренген. Қазіргі уақытта көптеген оқу орындарында, музыка колледждерінде, консерватория мен музыка академиясында қобыз сыныптары ашылып, шәкірттерді рухани байлығымыз – қазақтың музыкалық дәстүрін сақтап қалып ары қарай дамы­туға үлкен мән бөлуде. Халықтың және кәсіби музыканттардың арасында қобыз­да орындаушылық ерекшеліктерінің сақталуы, бұл аспаптың өмір ағымының өзгерістеріне бейімділігінің арқасы ретінде бағаланады. Еліміз егемендік алғалы халық бұрын-соңды бағдарына байыпты қарай бастады. Ұмыт бола бастаған тарихи мұраларды жаңғыртуға бет бұрды. Елбасымыз негізін қалаған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында музыка өнері құнды деректермен зерттеліп толықтырылды. Болашақ ұрпаққа атадан қалған мұраны жеткізуге мүмкіндіктер туды.

Қорытынды.Ұлттық болмысымызды, ұлттық өнерді қадірлейік.Қазақ музыкасына арқау болған әр түрлі музыкалық аспаптар заманымызға сай түрленіп, жаңа ұғымда, жаңа мазмұнда пайдаланылып, қазақ өнерін әлемге танытып келеді. Демек, қазақтың музыкалық аспабының қай түрі болмасын көнермейді деген сөз, керісінше ол заман ағымына сай өзгеріп, жаңарып, жаңа туынды ретінде өмір сүреді.

Қазіргі кезде музыка әрлеушілері түрлі музыка жанрларын домбыраға, қобызға және т.б. музыка аспаптарына сәйкестендіріп, ұлттық нақышта, жаңа әр беріп, жоғары талғамда орындалуын көздейді.

Бүгінгі таңда қайта көркейген, жаңа мазмұнға ие болған, өмірімізден өзінің лайықты орнын алған бұл музыкалық аспап, өткеннің ескерткіші ғана емес, күнделікті мәдениетімізді дамытатын, ажарын ашатын, рухани құндылық ретінде сақтауымыз керек.

Саналы адам баласы табиғи дарынымен ерекшеленсе, асыл мұраларамыз ата - бабаларымыздың өнерімен, өнегесімен бағалы. Бүгінгі күні Қазақстанда Қорқыт атаның ізбасарлары аз емес. Бабалар мұрасын жалғастырушылар Қорқыттың күйлерін бізге жеткізіп отыр. Қорқыттың «Қобызым» әні әнші Жанар Айжанованың орындалуында өз тыңдаушыларын тапқан. Гүлнұр Оразымбетованың орындауындағы Қорқытқа арнайы жазылған «Қорқыт - қобыз» әнінің өзі бір тарих. Ел ішінде «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны»,

 

17

«Қоңыр», «Тәңір күй», «Қорқыттың елмен қоштасуы» деп келетін қобыз күйлері, байырғы сарындар күні бүгінге дейін тартылады.

Скрипканың арғы атасы - қазақтың қара қобызы екенін әлем музыканттары мойындап та, дәлелдеп те үлгерді. Дәлелдеген - еуропалықтар. Мойындатқан - қазақтың ару қыздары. Бұл ұмытылуға жақын қалып, қудалау көрген аспапы Еуропаға халқымызды соғыс жылдары қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әйткеш Толғанбаев танытты. Қазір дүние жүзіне танылып отырған қыл ішектің шеберлері - Марат Бисенғалиев, Арман Мырзағалиев, Ақан Мейірбеков, Айман Мұсақожаева, Гауһар Мырзабекова, Меруерт Тұяқбаева, Жәмилә Серкебаева, Лана, Бұл орындаушылардың мүмкіндіктері мен жоғары орындау мәнеріне Штраус, Брамс, Шуберттердің отаны алақандары қызарғанша қол соғып, жоғарғы мәртебелі ханшайымдар, корольдер, императорлар мен графтар арнайы шақыртулар жіберетін, қазақстандық музыканттардың гастрольдік сапарын асыға күтетін болды. Ұлыбританияның, Паганинидің отаны Қорқыттың отанына жол бере бастады. Қорқыт туып-өскен қазіргі Қызылорда облысының Төретам станциясынан бес-алты шақырым жерде, Сырдарияның жағасында мазар бар болатын. Мазарды зерттеуші Ә. Диваев 1929 жылы суретке түсірген. Ол жерде Қорқыт атаға арналып, архитектуралық ескерткіш орнатылды. Ескерткіш зәулім қобыздың формасында жасалды. Авторлары - архитектор Б. А. Ыбыраев, физик С. И. Исатаев. Ескерткіш темір бетоннан жасалған 4-тік көктастан (стеладан) тұрады, биіктігі 8 м. Жоғары жағында ауыз кең түтіктер орнатылған. Аузы кең орталық тесікке келіп түйісетін 40 металл түтік жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Ол сарын Қорқыт қобызының үнін еске салғандай. Бұл жер шетелдерден келген туристердің барар жеріне айналды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 1. «Қазаққа өнер қалай қонған» Шолпан Құрманбай

2. «Паганини Қорқытқа жол бере бастады» Мұрат Әуезов

3. «Қорқыттың қобызы» М.М.Әуезов

4. «Қыпшақ Қойлыбай бақсы» Мақсұтбек Сүлеймен

5. «Алтышаһарға сапар» Шоқан Уәлиханов

6. «Қойлыбайдың қобызы» Мағжан Жұм 

<
Ілмек сөздер: Қобыз, Қобыз
Автор: admin | 28-04-2016, 13:16
Қарау саны: 2270
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :