» » Геометриялық фигуралар


Геометриялық фигуралар

Күні: 04.05.2016 жыл.

Сыныбы: 1А

Мұғалімі: бастауыш  сынып мұғалімі

Жолдасбекова Маржан Мағазқызы

Факультатив: «Қызықты есептер»

Сабақтың тақырыбы:Геометриялық фигуралар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: геометриялық  фигуралардың атауларын үйрету, жаңа сөздерді қолдана білуге үйрету

Дамытушылық: сөздік қорын байыту; ауызекі   сөйлеу тілін дамыту; пішіндер мен сызықтардың қазақ тіліндегі атауын меңгерту.Математикалық дағдыларын  қалыптастыру.Зейіндерін дамыту,танымдық белсенділіктерін арттыру.

 Тәрбиелік: Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

ІІ.Психологиялық дайындық.

1,2,3

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.

 Топқа бөлу.

Балалар,әркім менің қолымнан келіп,өзіне ұнаған геометриялық фигураны алсын.Енді,сол алған фигуралары бойынша бірге отырсын.

Геометриялық  фигураларыңыздың нені білдіретіндігін  білесіздер ме?Олай болса біле жүрейік:Психологиялық тест бойынша:

Үшбұрыш-Көшбасшылық қасиеті басым,өздеріне өте сенімді.

Дөңгелек-өте ақкөңіл,жылы шырайлы,жан-жағына жылу таратушы,біреудің қуанышы мен ренішін өзіне жақын қабылдайды.

Шаршы-Өте ұстамды,қолға алған жұмыстарын соңына дейін аяқтайды,істеген жұмысы сапалы болады.

Әр  топтан өздерінің таңдаған геометриялық  фигураларының қасиеттерін айтып өтсек.

Үшбұрыштың үш бұрышы, қабырғалары үш кесіндіден тұрады. Үшбұрыш – тұйықталған сынық сызық. Шаршының төрт бұрышы, төрт қабырғасы бар. Шаршы - тұйықталған төрт бірдей сынық сызықпен шектелетін фигура. Дөңгелек – тұйықталған қисық сызықпен шектелетін фигура. 

 ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру.

 - Балалар , өткен сабақта  ондықтардың атауларын үш тілде үйрендік, қане есімізге түсірейік:1-10-ға дейінгі сандарды  және10-100-ге дейінгі сандарды  толық ондықтарды -қазақша,орысша,ағылшынша санап көрейікші.

Аудио жазба бойынша сөздерді тексеру.

 «Миға шабуыл».

Логикалық есептер шығару.

Әр топ мүшесі жауаптарын орысша.ағылшынша   айту.

1-топқа: 1)Текше жасау  үшін неше  шаршы қажет?(6) шесть

                2)Аулада қаздар жүрді.Дана 6 аяқ  санады.Аулада  қанша  қаз бар? (3 қаз) три

2-топқа:1)Ағашта  бірнеше  құс  отыр.Оларда 8 қанат  болды.Ағашта   неше құс отыр? (4 құс)

               2)Алма ағашта 10 алма, ал теректе 3алма артық өсіп тұр. Барлығы  неше алма? (10 алма)

3-топқа:1)Үстел бетінде төртбұрыш бар. Бір бұрышын кесіп тастады неше бұрыш бар? (5 бұрыш)

               2)Кемпірқосақта неше түс бар? (7)

 

Ал,енді,бүгінгі сабақта   геометриялық  фигураларға тоқталып, әртүрлі тапсырмалар орындап  жұпта,топтаса,бірлесе жұмыс істей отырып,бір бірімізге үйретеміз,бірімізден-біріміз үйренеміз,яғни ұйымшылдықпен бірлесе жұмыс істейміз.

Балалар, сендер 3 топқа  бөлініп отырсыңдар.Біріншіден топтың атауын айтыңдар.Өз топтарыңа ат  қойыңдар.Топтың атауы өздерің таңдап алған геометриялық фигураларға сәйкес болсын.Енді әр топ өздерінің  топтарының атын,фигураларыңның түсін 3 тілде айтсын.

(Аудио жазба бойынша тексеру)

Мұғалім:

- Балалар, айта кетейін бүгін сабағымызда кім дұрыс әрі жылдам жауап берсе, сабаққа белсене қатысса сол топ өздеріне фигураларды жинайды. Сабақтың соңында, жиналған  геометриялық фигуралар  бойынша әр топ бағаланады.

Қызыл төртбұрыш –өте жақсы

көк шаршы –жақсы

жасыл  шеңбер –қанағаттанарлық.

 Және де топпен жұмыс істейміз. Әр топ өзінің тапсырмаларын орындайды.

- Қане  біздің айналамызда, табиғатта дөңгелек пішінді қандай нәрселер бар? 

- Шаршы пішінді нелер бар?

- Тік төртбұрыш пішінді нелер бар?

 1-тапсырма:Салыстыру арқылы пішіндердің орналасу заңдылықтарын анықта.Бос орынға сәйкес пішіннің нөмірін жаз.

2 – тапсырма:

Ал енді балалар әр топтың алдына  магниттелген  құрастырғыштар арқылы 2 минуттың ішінде әр топ бірнеше геометриялық фигуралар құрастыру қажет.

Бағалау.

 Сергіту   сәті: 

Ал, балалар, енді барлығымыз орнымыздан тұрайық, сәл демалып алайық. 
- Бойыңды сергек тік ұста,
 
Емін-еркін тыныста.
 
Деміңді ішке тез ал да,
 
Сол қолыңды соз алға.
 
Қол ұшына қара да,
 
Үшбұрыш сыз ауада.
 
Оң қол да бос тұрмасын,
 
Шеңбер сызып зырласын.
 

3-тапсырма. «Мынау қай пішін?» ойыны.Мақсаты: Геометриялықпішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.

 Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.  Барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды.Мұғалім оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.

4-тапсырма..

Шаңырақ геометриялық қандай фигура болады? (Дөңгелек)

Киіз үй құрған арқандар қандай сызықтар? (Түзу және қисық сызықтар)

Киіз үйдің есігі қандай геометриялық фигура? (Төртбұрыш)

5-тапсырма.

 «Семантикалық карта»   .Жұппен тексеру.

Жұмысымыздың дұрыстығын әр жұппен жауабы бойынша шыққан геометриялық фигураның сәйкестігіне байланысты тексерейік.

 5-тапсырма:«Артық пішінді тап» постермен қорғау. «Кір жаю»стратегиясы арқылы қорғау

Әр топ өздерінің алдына берілген суреттерден артық пішінді сызып тастау.

Алдарына тастау.Жіпке әр топ постерлерін кір қыстырғыштармен ілу.                

 IV. Астана қаласы туралы видео көрсету.

Астана-Қазақстанның Елордасы.

Сонымен бірге көрікті Астанамыздың әр ғимаратына көңіл бөліп қарасақ,әр ғимаратты салу барысында қандай  геометриялық фигураларды  пайдаланғанына назар аударуларың керек.

Бәйтерек –Астананың мақтанышы.

«Астана-Бәйтерек» монументінің биіктігі 97 метр,ал шарды қоса алғанда 105 метрді құрайды.  Төменгі деңгейінде аквариум орналасқан,оның табаны  шеңберлерден жасалынған.

«Бейбітшілік және Келісім сарайы» 2006 жылы салынды.Бұл пирамиданың табаны–қабырғасының ұзындығы 62 метр болатын шаршы.Пирамиданың биіктігі 62 метр.

«Эталон орталығы» ғимараты геометриялық пішіні жағынан қарапайым,әрі көркем-куб пішіндес болып келеді.

«Қазақстан Темір Жолы» ғимараты Астанадағы зәулім құрылыстардың бірі болып табылады,оның табаны дөңгелек тәріздес салынған.

«Халықтар достығы монументі»биіктігі 8метр 3 қола мүсіннен жасалған,бұл  би үстінде шеңбер жасай айқасқан құшақ адамдардың мәңгі достығын бейнелейді.

  Осы ғимараттарды салу барысында  геометриялық денелерді пайдаланады . Бізді қоршаған  орта –көз алдымыздағы дүниенің шынайы,мінсіз геометриясы.Айналаның бәрі-үйлесімді геометрия.

Астана қаласындағы салынатын ғимараттарға қарай отырып көптеген мәліметтер алып,геометрияға деген әр адамның қызығушылығы оянады.

Қорытындылау:

Балалар, биылғы жыл біздің еліміз үшін өте маңызды жыл,себебі Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр.Ендеше біз осы мерекеге өзіміздің үлесімізді қосуымыз керек.Біздің үлесіміз жақсы оқу,үлгілі тәртіп.

   Бағалау.

Бүгінгі күні сабаққа  қай топтың қалай қатысқанын байқау мақсатында алдымыздағы геометрияық фигураларымызды санап көрейікші.

 Жиналған  фигуралар бойынша    бағаланады.

Автор: dauke | 16-05-2016, 21:16
Қарау саны: 11152
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :