Натурал көрсеткішті дәреже » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Натурал көрсеткішті дәреже


Натурал көрсеткішті дәреже

Мектебі: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектеп

Мұғалімі: жоғары санатты, математика пәні мұғалімі

МЕИРБЕКОВА ТӨЛЕУТАЙ

Күні:19.09.2015

Сыныбы: 7

Пәні: алгебра

Тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреже

Мақсаты:

1.«Натурал көрсеткішті дәреже» ұғымын таныстыру. Оның ережесін қорытып шығаруға үйрету, есеп шығаруда қолдана білуге баулу;

2.Әртүрлі деңгейлі есептер шығару арқылы білік дағдысын қалыптастыру;

3.Өз бетімен жұмыстануға, табандылыққа, ақыл-ой белсенділігін дамыту және пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Сабақ жоспары:

1. Ұйымдастыру бөлімі. (Ауызша жаттығулар)

2. Жаңа сабақ.

3. Жаңа сабақты бекіту.

4. Өзіндік жұмыстар.

5. Үйге тапсырма.

6. Бағалау.

7. Сабақты қорытындылау.

 

САБАҚ БАРЫСЫ

I.Ұйымдастыру бөлімі. (5 минут)

Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау. Бұл бөлімде оқушылар жаңа сабаққа дайындық мақсатында алынған ауызша жаттығулар орындайды.

1)2×2×2=

2)(1/5)×(1/5)=

3)3) 3×3×3×3×3=

4)(-10)×(-10)×(-10)=

5) а×а×а×а×а×а

жаттығуларды орындағанан кейін.

Сұрақ: Осы өрнектерді қысқаша жазуға болама?

Дәптерге жаңа сабақтың тақырыбы жазылады.

II. Жаңа сабақ. (10 минут)

Дәреже ұғымы енгізіледі. Дәреже деген ұғым бізге таныс па?» жалпыға ортақ сұрақ қойылады. Оқушылар өз ойларын айтады.

Натурал көрсеткіштің дәреженің жазылуына тоқталып, негізі, дәреже көрсеткіші туралы айтылады.

Сұрақ: Дәреже негізі қандай сандар болуы мүмкін ?
Ж: Натурал, бүтін, бөлшек.

Сұрақ: Дәреже көрсеткіші қандай сан болады?
Ж: Натурал.

Сұрақ: егер көбейткіш біреу болса, дәреже түрінде жазуға болама?
Ж: Ия. а=а1

Жауаптарын жүйелей отырып. Дәрежеге анықтама беру .

а п =а×а×а× а×а×а (n-рет) мұндағы а кез келген сан, n –натурал сан

Анықтаманың көмегімен балалар тақтадағы өрнектердің ішінен дұрысын табады.

Натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасы айтылады..

III. Сабақты бекіту. (20 мин.)

№ 43, 45 (тақтаға тек дұрыс жауаптары ғана жазылады. Оқушылар өздігінен орындайды),

44 (ауызша), 48, 64.(тақтаға орындалады)

ІV . Өзіндік жұмыс. (5 мин)

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.

 

 

А деңгейі

 

 

В деңгейі

 

С деңгейі

Өрнек түрінде жазыңдар:

а) а – дәреженегізі, в – дәрежекөрсеткіші.
б) 8 – дәрежекөрсеткіші, в – дәреженегізі.
в) 7 – дәреженегізі, 3 – дәрежекөрсеткіші.
г) 4 – дәрежекөрсеткіші, 5 – дәреженегізі.

 

Төмендегі өрнектің ішінен мәні 81-ге тең болатын өрнектерді теріп жаз:

а) З4;

б) (- 9)2;

в) - З4;

г) - 92;

д) -(-9)2;

е) -(-З)4;

ж) - (-81)1.

Жауап: А, Б, Ж

 

1-тапсырма:теңдікті қалай түсіндіруге болады. Оқушылар өз ойларын айтады.

 

2-тапсырма:Есептелер жүргізбей өрнектің мәні қандай санмен аяқталатын анықта

 

 

V. Үйге тапсырма. (2 мин.)№ 16 (4,5,6),№22(2,4,6),№20

VІ. Оқушыларды бағалау. (1 мин.)

VІІ. Сабақты қорытындылау. Рефлексия. (3 мин)

Автор: dauke | 16-05-2016, 21:22
Қарау саны: 668
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :