Шеше мен бала

Теміртау қаласы әкімдігінің

«Теміртау қаласының №15 қазақ мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі Солдатхан Майгуль /қалалық ашық сабақ/

Қысқа мерзімді жоспар

Күні: 11.02.16ж.

Пәні: әдебиеттік оқу

Сыныбы: 2 «А»

Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Шеше мен бала»

Мақсаты: Оқушылардың оқыған мәтіннің мазмұнын түсінуі және негізгі ойды айқындау арқылы сыни ойлау негізінде қорытынды пікір айтуға үйрету.

Міндеттері: -Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру

-Өз ойларын еркін, дәлелді түрде ауызша,жазбаша жеткізе білуін жетілдіру

-Сыни ойлауын қалыптастыру

Қолданылған модуль: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «АКТ пайдалану», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай оқыту», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытудағы басқарушылық және көшбасшылық.

Қолданылған стратегиялар: «Ой қозғау», « Рөлдік ойын» «Джигсо» «Жұптас-ойлан-бөліс», «Insert»,«Синквейн» «Венн диаграммасы», Сергіту сәті, «Бағдаршам» бағалау, «Өзін-өзі бағалау», «Бас бармақ» бағалау /критерий арқылы бағалау/, «Ыстық орындық», хат жазу.

Күтілетін нәтиже: Кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдап мінездеме беру арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, өмірмен байланыстырады; диалогқа түседі, әңгімеге қатысады,сыни көзқарас қалыптасады.

Блум

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

 

І. Топқа бөлу. /2мин/

Психологиялық ахуал туғызу.

Патриоттық әңгіме. /Бейнефильм/

Қима қағаздар арқылы 3 топқа бөлемін.

Бауыржан Момышұлы туралы, оның ерлігі туралы айту, оқушы бойына патриоттық сезімін ұялату.

«Мейірімділік», «Қамқоршылар», «Көмекшілер» аттарды таңдап алып, шағын топтарға бөлінеді. Топтың аты туралы ойларын айтады.

 

 

 

Топтың аттары жазылған қима қағаздар.

Білу

 

ІІ. Қызығушылықты ояту сатысы. /2мин/

1.Үй тапсырмасы. Мағжан Жұмабаев «Бесік жыры» жатқа, мәнерлеп оқу.

 

«Ой қозғау» /3мин/

Сұрақ-жауап арқылы үй жұмысына қорытынды жасату.

-Ана баласына қандай жылы сөз айтады?

-Анаң сені қалай атайды?

Сурет бойынша жұмыс.

 

Сурет бойынша жұмыс. Суретке қарап өзара сөйлесу, әңгіме құрастыруды тапсырамын.

 

Сұраққа жауап беру арқылы қорытынды жасайды.

Оқушылар сурет үлгісін қолдану арқылы өзара сөйлеседі, диалог құрастырады.

Оқушылар өзара әңгіме құрастырып, сөйлесуі диалог екенін жеткізе отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

 

Мадақтау.

«Тамаша», «Жарайсың», «Керемет»

 

Белсенді тақта

Түсіну

ІІІ. Мағынаны тану сатысы.

Сабақтың тақырыбы:

«Шеше мен бала»

Оқулықпен жұмыс. «Джигсо» әдісі. /8 мин/

Мәтінмен жұмыс. Әр топ өздеріне берілген бөліктерді іштей түсініп оқып, талдайды.

Сөздікпен жұмыс.«Insert»

Тентек- бұзақы

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Автор туралы қысқаша деректі сызбадағы мәліметтер арқылы «Ыбырай» ағашына түсірту.

 

 

Мәтінді үш бөлікке бөліп, таратып беремін. Шеше мен бала мәтінін балаларға іштей оқыту, бірін-бірі оқыту.

«Ыбырай» ағашын толтырады.Флипчартқа жазады.

 

«Ойлан-жұптас-бөліс». Әр топ өздеріне берілген бөлікті іштей түсініп оқиды,жұптасып бір-біріне айтып береді.Өзара ой бөлісіп әңгімені талдайды, мазмұнын ашады.

Қиын сөздермен танысу, түртіп алу.

Әңгімедегі кейіпкерлердің өзара сөйлесуі диалог екенін дәлелдейді.

«Бас бармақ»

бағалау

Флипчарт

 

 

Оқулық, дәптер,

белсенді тақта

 

 

 

 

Қолдану

Топтық жұмыс. /20 мин/

Әрбір топ өз жазғандарын тақтаға іліп бір оқушы ауызша қорғайды.

 


 

 

 

Әр топқа тапсырма беріледі.

1.«Мейірімділік» тобы: «Рөлдік ойын» Диалог құрастыру.

2. «Қамқоршылар» тобы: Балаға бес жолды өлең құрастыру.

3. «Көмекшілер» тобы: Венн диаграммасы.

Шеше мен баланың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.

Шеше бала

Әр топ тапсырманы постер құру арқылы орындайды.

Бірігіп, пікірлесіп, тапсырманы орындайды және қорғайды.

Топ бір-бірін критерий арқылы бағалайды.

 

 

 

«Бағдаршам» «Қызыл» - төмен -3 баға

«Жасыл» - өте жақсы - 5 баға

«Сары» - орташа - 4 баға

 

Дәптер, А3 формат, маркер

 

 

Талдау

Топтарда өзара талқылайды.

 

 

Сергіту сәті. /1мин/ Жаттығу элементтері музыкамен орындалады

Талқылау сұрақтары:

Қай кейіпкер көбірек ұнады? Неге?

Әпкесі мен сіңілісінің арасында қандай айырмашылық бар? Бір-бірінен қалай ерекшеленіп тұр?

Сергіту сәтін жасатамын.

Оқушылар бірлесе отырып екі қыздың бір-бірінен ерекшеліктерін ажыратады, олардың арасындағы болған әңгімені өз ойларымен сыни ойлау арқылы талқыға салады.

Экранда берілген жаттығуды қайталап отырады

 

 

 

 

 

 

АКТ (компьютер)

жинақтау

«Ыстық орындық» /5мин/

Кейіпкерлерге хат жазуды ұсынамын.

Мәтіндегі өзіне ұнаған кейіпкерге хат жазады.

мадақтау

 

Бағалау

Қорытынды /2мин/

 

Өзін-өзі бағалау парағын толтырттым.

Бағалау кезінде әр оқушы өз пікірін айтты.

Әр оқушы өзін-өзі бағалайды.

«Өзін-өзі бағалау»

Бағалау парағы.

 

Үйге тапсырма. /2 мин/

Рефлексия

«Алла разы болсын» сөйлеу үлгісін қолдану арқылы диалог құрастырып жазу.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, тақтаға іледі.

 

 

 

стикерлер

 


 

 

 

 

Ілмек сөздер: Шеше мен бала, шеше, мен, бала
Автор: dauke | 19-05-2016, 21:55
Қарау саны: 1227
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :