» » «Кітапқұмарлар» клубы арқылы оқушылардың шығырмашылығын дамыту


«Кітапқұмарлар» клубы арқылы оқушылардың шығырмашылығын дамыту

«Кітапқұмарлар» клубы арқылы оқушылардың шығырмашылығын дамыту

«Кітапқұмарлар» клубы арқылы оқушылардың шығырмашылығын дамыту

Қ.Т . Қозыбаева, № 56 мектеп –лицей кітапхана меңгерушісі

Мақсаты : Кітапқұмарлар клуб мүшелерінің жазушылар мен оқырмандар арасындағы рухани байланысты жетілдіру және кітапқа, өлеңге деген қызығушылықтарын дамыту.

Күтілетін нәтеже :Сауатты,зерек,сөз қорына бай, сөйлеу мәдениетті жоғары,жаңа көзқарасы қалыптасқын,бәсекеге қаблетті жеке тұлға дамиды.

Кітапқұмарлар клубының ролі :

- шешім қабылдайды (тыңдайды);

- адамдармен қарым – қатынас жүйесін құрайды;

- жұмыс істейді(өздерінің шешімдерін жүзеге асырады );

- дербестілікке машықтанады;

- бағалайды.

Кітапханашының рөлі :

- Кітапқұмарлар клубының алдында мәселелерді көтеру;

- ізденуді ұйымдастыру және бағыттау ;

- шешім қабылдауда көмек қолын созу;

- ұсыну ,бақылау ,қолдау

- кеңес беру ,жұмыстың бейтаныс тәсілдерімен таныстыру ;

- Кітапқұмарлар клубының презентациясын ұйымдастыру.

Кітапханашы мен Кітапқұмарлар клубының –іс қимылдары :

-мақсаттар мен міндеттерді анықтау;

-оларды шешу жолдарын іздеу ;

-тыңдауды жүзеге асыру және дәйектеу .

Қазіргі кезеңде мектептің алдына қойылған тақырыптардың бірі жан – жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу . Ақпарат кеңістігі мен оның мүмкіндігі қандай шексіз болса , оны пайдаланушылардың оған деген мұқтажы мен сұранысы да шексіз . Мектеп кітапханасында шығармашылықпен жұмыс жасау заман талабына сай мәдениеттің түрі болып табылады . Ондай оқырмандарға ерекше назар аудару абонементке, оқырман залында , шығарма жазуға , ақпарат анықтама орындауға мерзімді басылымдарды пайдалануға библиографиялық ақпараттық қызмет ұйымдастыру қажет .

Жеткіншек ұрпақтың дүние танымымын кеңейту, жан-жақты дамуы барысында кітапханада өтетін іс – шаралардың ролі үлкен .

Біздің мектепте 2007 жылдың 7 желтоқсанынан бастап «Кітапқұмарлар клубы» жұмысын бастады. Клубтың тұсау кесерін Жазушылар одағының Астана филилалы директоры Әкім Тарази, жазушылар Әнес Сарай мен Тұрлыбек Мамасейіт,ақын Несіпек Айтұлы сынды зиялылар ашты.

« Кітапқұмарлар клубы »белсенділері ардақты ағаларымен пікір алысып , өздері

 

 

 

оқыған кітаптардан алған әсерлерімен бөлісті .

Кездесу барысында сөз сөйлеген Әкім Тарази «сендер сияқты көп оқитын балалармен кездесіп тұру біз үшін үлкен бақыт». – дей келе , ай сайын қаладағы кітапқұмарлар мен оқушылардың басын қосып, кездесу ұйымдастырып тұру жөнінде ұсыныс тастады. Алдығы уақытта «Кітапқұмарлар клубы » өзінің шеңберін кеңейтіп , жазушылар мен оқушылар арасындағы рухани байланысты жетілдіре түсуде. Кітапқұмарлар клубы мүшелерінің саны күн санап өсуде. Кәзіргі уақытта кітапқұмарлар саны 150 және шығарған өлеңдері ,ақын жазушыларға арнаулар 200 дана оларды кітапша етіп түптеп отырамыз.Оқушылардың кітапқа, өлеңге деген қызығушылықтарын дамыту және тіл мен

 

 

«Кітапқұмарлар» клубы арқылы оқушылардың шығырмашылығын дамыту

 

сахна мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында іскерлік ойын түрінде ұйымдастырылып, оқушыларды рольге кіргізе отырып өткізілген кездесуден көрініс («Аққыз» поэмасынан үзінді). Айта берсек , өткізіліп жатқан іс-шаралар,кітап көрмелері баршылық , ал біздің мақсатымыз – оларды бір атқарылды деген белгі үшін емес, жалпы оқырмандар сусындайтын , ой- пікір туғызатындай етіп өткізу , кітапхананы шынайы мәдени ошағына айналдыру.Әр бір өткізген іс-шараға папкасы және буклеттері жасалынып отырады. Жыл сайын « Кітапқұмарлар клубы» өзінің шеңберін кеңейтіп , жазушылар мен оқушылар арасындағы рухани байланысты одан әрі жетілдіре түспек. «Бабалар сөзі – ақылдың кені» , «Сөз құдіреті», тақырыбы бойынша «Клуб мүшелері » арасында пікір талас өтті. Бұл кеште «Кітапқұмарлар клубының » Жас қаламгерлері өздерінің шығармашылығымен жиналған қауымды таныстырды. Осындай қызықты кештер арқылы оқушылардың кітапқа , өлеңге деген қызығушылығын арттыруға өз үлесімізді қосудамыз.

Ақселеу Сейдімбек атаға.

 

Асқар тау басындағы қыран бүркіт,

Жер – жерді айналады ұзақ тінтіп.

Алысқа аса айғақ көзбен қарап,

Орындайды мақсатын оймен түртіп.

 Қамшының сабындай-ақ бұл өмірде,

Мәңгі шіркін сүре алмас ешқай пенде.

Жаратқанның алдына барамыз ғой,

Ерте-кешпе бәрі бір сенде –менде.

 Өмір сізді бейімдеді зор еңбекке,

Қарсы тұрдың қиындықты жеңбекке.

Адал жүрек,ақ көңіл,кең пейілді,

Халқың қимас, өзіңізді көмбекке.

 Кездескенде мектепте жарқын үнмен,

Өлең оқып алдыңызда шын пейілден.

Жүрекке әсер, қолыңыздан таңба алып,

Қалған едім қуанышты,пәк көңілмен.

 Жүрегім елжірейді сізді ойласам,

Шығармаңды оқып неше тым бойласам.

Бала екеш бала боп мен егілем,

Дара тұлға бейнеңді қолыма алсам.

 Ойсырад-ау орныңыз алып аға,

Болып ең әдебиетке жетпес жаға.

Ұрпақтарың ұмытпай еске алады,

Қағылдың төсімізге алтын таға.

 Өсиетіңмен өсеміз мойын бұра ,

Жалғастырып ісіңді дара тұлға.

Төбеміздің жарығы,жұлдызы боп,

Болашаққа қалдырдың сөнбес мұра.

 Кітапқұмарлар клубының мүшесі : Асылжан Мадияр

 

Өнерпаз тұлғаға .

( С.Сейфуллинге арнау)

Сәкен - ақын ,жазушы ол күн адам,

Елін ойлап ,қаперінде мың қадам.

Өлең жазып , сырын айтып жатсада

Ақындардың ішіндегі ірі адам .

 Қуанып ол, жүзі солғын тартса да ,

Мұңайғанын білдіртпей ол жатса да.

Ей қазағым неге қазір айтты екен,

Сол ақынның қадірін сен , бақ сана.

 Өмір деген тым қаталақ,жұмбақ қой

Естеліктер, өлеңдері көп-ақ қой,

Сондадағы жетіспейді , неге екен

Ақынымның орны ерекше ер екен.

 Елі, жері ,халқы үшін жан қиған,

Қазағымда ақындарым көп екен

Десе-дағы Сәкенімдей ақыным ,

Енді қайтып бұл өмірде ,

Келмейдіде , жоқ екен.

 Ойым түйіп ,жүрегіммен түсініп

Жеткізе алмай өлеңіммен күрсініп ,

Ақынымның өмірдегі орынын ,

Жеткізе алмай бір сөзбенен , сүйсініп.

 Сәкен ақын- мақтанатын ақыным ,

Сағынышпен, еске алатын

Кең пейілді ақыным.

Ей қазағым құрметтеңдер ,сыйлаңдар

Сыйлаңдаршы ол да сенің ақының!

 Кітапқұмарлар клубының мүшесі: Отарбаева Ұлпан

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың оқыған «Болашаққа интелектуалдық секіріс»,- атты дәрісі бойынша кітапқұмарлармен дөңгелек үстел өткізілді. Жазушы , зерттеуші – ғалым Қойшығара Салғарамен «Ұлт тарихы – ұрпақ ізденістерінде »,- атты кездесу кеші өтті.

Балаларға арналған мерзімді басылымдарды насихаттау мақсатында «Айгөлек » журналының бас редакторы Қымбат Әбдрайымқызымен жас кітапқұмарлар клубы кездесіп өз ойларын бөлісті. Жұбан Молдағалиевке 95 жыл толуына байланысты Абай – Шәкәрім клубы және Кітапқұмарлар клубы бірлесіп мектеп мұражайында

«Мен – қазақпын » Дастан – өлеңдер сайысы өткізілді.Жазушы және балалалар газет, журналдарының тілшісі Толымбек Әбдірайыммен кездесу кеші өткізілді.

«Кітап – білім бұлағы » демекші , мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар қызметі үлкен .Сондықтан біз мектеп кітапханашылары , «Білімнің бастауы – кітап »,- дей келіп , кітап мәртебесін көтерумен бірге мектептегі жаңалықтың жаршысы , елімізде болып жатқан әр бір өзгерістің насихатшысы екендігімізді өз ұстанымымызда көрсетуіміз керек.

№ 56 мектеп-лицейіндегі «Жас дарынның жан сарайын ашатын» атты «Абай-Шәкәрім» және «Кітапқұмарлар» клубының шығармашылық жұмысынан көрініс

1-бөлім: «Мектеп кітапханалары жұмысының негізгі аспектілері» атты республикалық семинарға қатысушыларды Абай ұрпақтары «Абайдың қара сөздерінің түйіндерімен қарсы алып, көрермендерді риза етті

 

 

 

 

 

2- бөлім: «Өмір-өзен» теледидар хабарының қонағы , арнайы шақырылған ақын -сазгер , Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, қоғам қайраткері, Әкім Ысқақтыңшығармашылығына арналған кездесу сағаты жыр сүйген , өз ақындарын бағалаған рухани бай адамдардың назарына ұсынылды. Телехабарды «Абай-Шәкәрім» клубының белсенді мүшесі Ақтасова Аружан жүргізді.

 

 

 «ХХІ ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі кітапхана»- деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай оқуға ұмтылған әр бір жас ұрпақтың санасын, дүниетанымын кеңейтіп, жан –жақты білім алуына және белгілі бір мамандық иесі болып шығуына көмектесетін бірден –бір оқу орталығының киелі ордасы кітапхана.

le='mso-spacerun:yes'> мүшесі, қоғам қайраткері, Әкім Ысқақтыңшығармашылығына арналған кездесу сағаты жыр сүйген , өз ақындарын бағалаған рухани бай адамдардың назарына ұсынылды. Телехабарды «Абай-Шәкәрім» клубының белсенді мүшесі Ақтасова Аружан жүргізді.
Автор: dauke | 19-05-2016, 22:20
Қарау саны: 2231
    
Жарнама

Пікірлер -
1


Кітап құмарларымыз өте көп болысн!!!!!!

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :