» » Оқушы бойында ұлттық құндылықты қалыптастырудағы сынып жетекшісінің рөлі


Оқушы бойында ұлттық құндылықты қалыптастырудағы сынып жетекшісінің рөлі

Астана қаласы

№76 мектеп-лицейінің бастауыш мұғалімі

Карагонысова Гаухар Берикбаевна

Оқушы бойында ұлттық құндылықты қалыптастырудағы

сынып жетекшісінің рөлі.

«Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,

өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет – өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі.

Халықта«Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Ұлттық тәрбие біздің ұрпақтан- ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін үлкен тәрбие кітабы. Бұл қазына ұлттық құндылықтар арқылы бала бойына сіңетіні даусыз. Ұлттық құндылықтар дегеніміз не?

Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтар белгілі бір ұлтқа ұлт азаматына тән зат, адами қадір- қасиет, яғни ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.

Кез- келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі – тілі,екіншісі – діні, үшіншісі – дәстүрі, төртіншісі – тарихы, бесіншісі – атамекені. Құндылықтар – шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол ең алдымен адам санасында орын алады. Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді.

Оқушы бойында ұлттық құндылықты тек қана сынып жетекшісі толық қанды қалыптастыра алмайды. Міндетті түрде отбасы ықпалы қажет.

Отбасы– баланың түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесінде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негізгі қызметі баланы өмірге келтіру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжірибесін сіңіру. Ата- ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы – үлкен тәрбие мектебі. Отбасында ата- ансы және өзге де отбасы мүшелері баланың тәлімді де тәрбиелі болып өсуіне ерекше назар аударуы қажет.

Кез- келген ғалым- педагогтардың әрбір айтқан сөздерінде ұлттық құндылықтарды бала тәрбиесінде туғанға дейін, туғаннан бастап қолдану қажеттілігі анық байқалады.

Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда ата – анамен бір бөлек және оқушылармен бір бөлек жұмыс түрлерін ұйымдастыра отырып, белгілі бір нәтижеге қол жеткіземіз. Бірақ жұмыс түрлері, әдіс – тәсілдер талапқа сай, тиянақты, жүйелі әрі бір- біріне қатысты үйлесім тауып отыру керек.

Жалпы бастауыш сыныптарда тәрбие жұмыс жоспары жоспарланып бекітілерде тәрбиенің барлық салалары қамтылып, ұлттық құндылықтарды жас ерекшеліктеріне қарай қалыптастыру жолдары талқыланып жоспарланды.

Мысалы өз сыныбымда ата- аналармен мынадай бағытта жұмыс жоспарланып, жүйелі іске асып келеді.

Алғашқы жұмысымды тәрбие стильдеріндегі отбасы түрлерін анықтаудан бастадым. Оқушылардан «Менің отбасым», «Отбасыма тілегім», «Отбасылық дәстүрлер», ата- аналардан «Сіз қандай ата- анасыз?», «Өз балаңызды қалай тәрбиелейсіз?» деген тақырып аумағында әңгіме, сауалнамалар алып, әр оқушының отбасы туралы, ата- аналардың бала тәрбиелеудегі түсініктерін байқап білдім.

Жалпы отбасылар: Әкімшіл (авторитарлы) отбасы– бала қарсылығын не күйзелісі мен селсоқтығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екіжүзділіктен көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімі пайда болады.

Адамгершілікті қатынас түрі (стиль) – ата- аналардың бала тұлғасына болған сыйластық құрметімен, ой- пікірін қабылдауымен ерекшеленеді. Мұндай отбасылар балалар затына көңіл бөле алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды. Мұндай отбасында бала өзін еркін сезінеді, әрқашан өз іс- әрекетін ата- анасымен бөліседі.

Либеральды стильдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін қайтармауға, оның жауапкершіліксіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді. Мұндай отбасын баланы менмендікке, тәртіпсіздікке, моральдық жұтаңдыққа душар етеді.

Демократтық ата- аналар баланың мінез- құлқындағы дербестілік пен тәртіптілік қасиеттерін бағалайды. Олар балаға оның құқықтарын шектемей, сонымен бірге міндеттемелерін орындауын талап етіп, өмірдің кез- келген саласында дербестілік танытуына құқық береді.

Өктемшіл ата- аналар баладан сөзсіз бағынуды талап етіп, өздерінің тыйым салу мен нұсқауларының себептерін түсіндіруді қажет деп санамайды. Мұндай отбасындағы балалар әдетте тұйықталып, ал ата- аналармен қатынастары жуықтаудан гөрі алыстайды.

Осы жұмыстарды қорыта келгенде сыныбымда демократтықжәне адамгершілікті қатынас түріндегі отбасы анықталды. Тек бір ғана оқушының ата- анасы өктемшіл ата- аналар қатарындағы отбасына жатады екен. Ол балаға сыныпта мұғалімдер тарапынан да, оқушылар тарапынан да қамқорлық көрсетілуде. (Себебі ата- анасы екі бөлек тұрады ).

Өз перзентіне шынайы қамқорлық пен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата- ана, негізінен адамгершілікті (демократтық) стильді қолдана отырып, орынды жерінде әкімшіл не либералды тәрбие тәсілдерін қолдануды ұмытпауы жөн.

Сонымен ата- аналарды мынадай топтарға бөлдім.

 

Бірінші топ

Екінші топ

Үшінші топ

Баланы қалай тәрбиелеу керек екенін біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс- әрекетімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қана қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата- аналарға үлгі көрсетеді

Өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ қалай тәрбиелеу керек екенін білмейді. Мұндай ата- аналар тәрбие мақсатын білмегендіктен, олардың іс- әрекеттері балаларына кері әсер етеді.

 

Балаларды тәрбиелеудің жолын білмейді, білгісіде келмейді, яғни бұл педагогтерге қарсы тұратын төменгі топ. Сондықтан да бұл топ келе- келе «қиын» балаларды беретін отбасылар

 

 

АТА - АНА

 

 

Ашық есік күні

Пікірле-су сағаты

Жеке жұмыс, кеңес

р

Тест,са

уалнама

сауалнама

Мерекелік кеш. ұйым.

Психоло

жұмыс

Ашық тәрбие сағаты

Үлгілі отбасы. саяхат

Жұмыс түрлеріБіздің мектепте осы жұмыстардың барлығы өз сыныбымда және бастауыштың барлық сыныптарында да жүргізіледі, тек психологпен жұмыс аясы ақсап тұр. Болашақта бұлда өз шешімін табады деп ойлаймыз.

Өз сыныбымда алдағы уақытта үлгілі отбасына саяхат жұмысы көрініс табады.

Әрбір отбасындағы отбасылық құндылықтар бала бойына ұлттық тәрбиені сіңіруде үлкен рөл атқарады.

Отбасылық құндылықтарға:

-Отбасының толықтығы: Мысалы: Әкеге қарап ұл өсер,

Анаға қарап қыз өсер.

-Отбасылық сыйластық

-Отбасылық дәстүрлер

Себебі: жазушы- педагог Ж.Аймауытов: «Баланы тәрбиелегенде айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді» дейді. Өз отбасында ата- анасы мен ата- әжесінің, отбасы мүшелерінің күнделікті тәрбие тағылымы көп себебін тигізеді.

Ұлттық құндылықтарды оқушы бойында қалыптастыру мақсатында мынадай сызба бойынша түсінік бергім келеді.

 

Ұлттық ойындар

- оқушының зейінін, есте сақтау қабілеттерін арттырады;

- сыныптан тыс жұмыстарда қолдануда оқушының танымдық

қасиеттері қалыптасады.

 

Нақыл, тыйым сөздер, мақал- мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер

- Тәртіп сақтау;

- Көмек беру;

- Қарым- қатынас жасау;

- Топпен жұмыс істеу;

 

Қазақ халқының көрнекі тұлғаларының педагогикалық іс- тәжірибесі арқылы

- Кәсіби бағдар беру бағытында;

- Таным белсенділігін арттыру;

- Ғылыми ұғымдарды терең түсіну

 

Оқушы бойында ұлттық құндылықты қалыптастыруда ата- ана мен сынып жетекшісі бірлесе отырып мынадай тәрбиелік әдіс қолданса:

Ақыл айту ( мақтау, тыйым салу, түсіндіру)

-Жөн сілтеу ( бірге жасау, үйрету, көрсету)

-Жанама тәрбие (ұрандар, жарнамалар, АКТ)

Осы жұмыстарды үздіксіз жүйелі жүргізілгенде күтілетін нәтиже:

-Ұлттық құндылықты бойы игерген тұлға қалыптастыру;

-Ұлттық тәрбиені атадан балаға ұластырудың сабақтастығын тұрақты сақтау;

Қорыта келе, жалпы отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие ұстаздармен жалғасын тауып жатса, бала өте құнарлы этномәдени білім мен тағылым алары анық. Осы бала тәрбиесі саласындағы мамандар ұрпақ тәрбиесі тағылымды болсын десе, жұмысты ең алдымен, ата- анамен, яғни, отбасынан бастағаны, жүргізгені, талап еткені жөн. Бұл қазіргі замандағы ең басты қажеттілік десек болады.

Автор: dauke | 20-05-2016, 21:50
Қарау саны: 5050
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :