Тапқыр болсаң – талас жоқ » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Тапқыр болсаң – талас жоқ


Тапқыр болсаң – талас жоқ

Кулшыманова Галия Кахармановна

Астана қаласы,№76 мектеп -лицейі,

информатика пәні мұғалімі

Тақырыбы: «Тапқыр болсаң – талас жоқ» /сыныптан тыс іс -шара/

Мақсаты:

1.Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

2.Әрбір оқушыны өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.

3.Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуге, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға, ұқыптылыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Дербес компьютер, презентация, Paint графикалық редакторы, стандартты бағдарлама Блокнот, бағалау жалаушалары, бағалау парағы, сайыс тапсырмалары, маркер, мақал мәтелдер.

1 жүргізуші: - Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, қатысып отырған барлық оқушыларды бізбен бірге информатика еліне саяхатқа шығуға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге тез ойлау, тапқырлық, ептілік, шапшандық қасиеттеріңізді ала жүрулеріңізді ескертеміз.

2 жүргізуші: -Сәлем бердік, құрметті ұстаздар мен қатысушылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «Тапқыр болсаң –талас жоқ» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1 жүргізуші:Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан

Біреу мініп жатқанда аптығыста.

2 жүргізуші:Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл сайыстан өтеді ғұлама ойлар.

Жеңсен де, жеңілсен де қалма жасып.

1 жүргізуші: - Ендігі кезек өз білімділігімен, алғырлығымен, тапқырлығымен танылатын оқушыларда. Сайысымызды бастамас бұрын 5 оқушыдан тұратын 4 команда құрылады. Команда құрамын сайлау үшін оқушыларға сұрақ қойылады.Дайындалу уақыты 1минут,әрбір дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі.

Сұрақтар: Көк шаршы:

1.Компьютер жанындағы өсімдік (кактус)

2.Баспаға шығару құрылғысы (принтер)

3.Бос орын қалдыру пернесі (пробел)

4.Функционалды пернелер нешеу? (12)

5.Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

2 жүргізуші: Қызыл шаршы:

1.Компьютердің негізгі негізгі құрылғыларын ата (пернетақта, монитор, жүйелік блок)

2. Компьютердің миы (процессор)

3. Информатика пәні нені зерттейді? (ақпараттық процесстер)

4. Жаңа жолға түсу пернесі (Enter)

5. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жад)

1 жүргізуші:Жасыл шаршы:

1. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)

2. Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе)

3. Қағаздағы кескінді түсіріп, мониторға шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы? (сканер)

4. Компакт дискіні басқаша қалай атайды? (лазерлік диск)

5. Ақпараттық процесстерді қандай әрекеттер жатады? (жеткізу, өңдеу, сақтау)

2 жүргізуші:Сары шаршы:

1. Монитормен көздің ара-қашықтығы қанша болу керек? (60-70 см.)

2.Компьютердің қосымша құрылғыларын ата?(тышқан,колонка,принтер, камера,джойстик,трекбол т.б.)

3. ЭЕМ – нің неше буына бар? (5 буыны)

4. Мәліметті енгізу пернесін ата? (ENTER)

5. Пернетақта қандай құрылғы? (енгізу)

Оқушылар 4 командаға бөлінді, енді әр топ өз орнына жайғасуын сұраймыз.

1 жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой саналады.

Баға берер сарапшылар ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады -

сайыскерлеріміздің білім мен өнерін саралап, баға беретін сарапшы – мамандарымызбен таныс болайық.

2 жүргізуші:


Басталық ақыл-ойдың дара кешін,
Халайық сіз де бізге жақын келші. Информатика ғылымына ұмтылғандар, Егерде кім екенін білгің келсе.

Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыңа жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама, құлама!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт!


1 жүргізуші: - Оқушының жеткен жетістігі ұстаз үшін, мектеп үшін үлкен қуаныш, мына жиналған қауым сендерді егемен еліміздің тірегі, тұтқасы болуларыңды қалайды.

2 жүргізуші: - Бақ пен бап сыналар бұл жарыста, ендеше қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз.

1 жүргізуші: - Әділ қазыларға бағалау парағы таратылып беріледі. Сіздерден әр тапсырмадан кейін топтың ұпайы туралы мәлімет беріп отыруларыңыз сұралады.

2 жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап, жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, кластас, танысқа емес.

Соқ қолыңды білімді жас талапқа.

Командалар дайын болса, сайысымыздың бастайық. Сайысымыздың турларымен таныс болайық. Экранға назар аударыңыздар.

1 – сайысымыз «Ойлан, тап»: Әр топ өз тобына берілген мақал мәтелдегі көп нүктенің орнына керекті сөзді тауып құрастыру арқылы топтың ұранын шығарады. Берілген мақалға байланысты топтың атын және ұранын айтып, қарсылас топ мүшелеріне сәттілік тілеу. Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі. Сайыс 5 балдық жүйеде бағаланады. Оқу – білім азығы

Білім – ырыс азығы

Өнер – ағып жатқан бұлақ

Білім – жанып тұрған шырақ

Ел бірлігі – ел теңдігі

Ырыс алды - ынтымақ


1 жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ тапсырма болсын.

2 - сайысымыз «Тіл өнер». Екі тапсырма беріледі. 1) Берілген сөздерден бір шумақ өлең құрастыру. 2) Құрастырылған өлеңді компьютерде Блокнот стандартты бағдарламасында басып шығу керек. Тапсырманы орындауға 7 минут уақыт беріледі.


1 – топ: Жазғытұры қалмайды қыстың сызы

Масатыдай құлпырар жердің жүзі

Жан – жануар, адамзат анталаса

Ата – анадай елжірер күннің көзі

2 – топ: Жасыл шөп, бәйшешектей жоқ бұрынғыдай

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай

Қайыршы шал – кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай

 

3 – топ: Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды

Үсті – басы ақ қырау, түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды

4 – топ: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан


2 жүргізуші: Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып – тасып, асықпа, қалыспа сен!

Уақыт деген зымыран, Зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен.

3 сайысымыз «Сәйкесін тап». Бір сәйкестік сөз – 1 ұпай. Тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі.

 

 

Құрылғылар

Қызметі

1

Жүйелік блок

А

Ақпаратты қағаз бетіне шығарады

2

Монитор

Ә

Дыбыс енгізетін құрылғы

3

Тышқан

Б

Ақпаратты енгізу құрылғысы

4

Пернетақта

В

Пернетақтаның жұмысын жеңілдетеді

5

Принтер

Г

Графикалық ақпараттарды компьютерге енгізеді.

6

Колонка

Ғ

Ақпараттық процестерді жүзеге асырады.

7

Сканер

Д

Ақпаратты шығаратын құрылғы

8

Модем

Е

Дыбыс шығаратын құрылғы

9

Микрофон

Ж

Интернет желісіне қосады.

ЖАУАБЫ: 1. Ғ 2. Д 3.В 4.Б 5. А 6. Е 7. Г 8. Ж 9.Ә

1 жүргізуші:Айналайын алға ұмтылған Дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар!

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

4 сайсымыз «Бейнелеу өнері әлемінде». Берілген жұмбақты шешіп, графикалық редактор PAINT – та суретін салу. Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі. 5 балдық жүйеде бағаланады. /Топ басшысына берілетін тапсырма/


1 – топ: Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Ең қажетті құралмын,

Білсеңдер, қане айтыңдар! /тышқан/

2 – топ: Компьютердің айнасы

Бағдарыңды таңдашы

Сурет, сөзін көрсетіп

Тиер саған пайдасы

/монитор /

 

3 – топ: Кішкене ғана саусаққа,

Ұқсайды ма білмеймін.

Сақтай алар өзіне,

Барлық қызық дүниені.

/флешка/

4– топ: Қанша тетік тізілген

Саусағыңды сезінген

Барлық сенің ойыңды

Компьютерге енгізген

/ пернетақта /


2 жүргізуші: Сіздерді сайысқа шақырамыз,

Сұрақтармен бастарыңды қатырамыз

Информатикамен ұғындырып,

Аз да болса, білімдеріңді толтырамыз.

5 сайысымыз: «Сиқырлы тізбек». Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі. Әр табылған сөз 2 ұпай.

М

Т

П

Л

О

Т

С

Ө

О

М

И

Ы

С

Е

Б

Т

П

З

Д

Е

К

Ш

Б

Т

Е

Е

Р

О

М

М

Р

Қ

А

Н

Б

Р

И

Н

И

Т

О

Т

Й

Т

И

А

Н

Ф

О

О

П

Е

Д

И

С

К

Т

Е

Р

Р

Р

Р

Н

Е

Ф

И

Т

А

М

А

О

Е

З

Т

А

Қ

Ы

Қ

П

А

Ц

Б

Е

Л

Й

Т

Ш

Б

І

Р

Е

А

Р

Е

Қ

А

П

Ю

Т

А

С

К

А

Н

К

О

М

Ь

Т

Е

С

О

Р

M

М

Е

Ң

З

Е

Р

Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, плоттер, модем, монитор, байт, бит, пернетақта, файл, қапшық, терезе, информатика, ақпарат, диск, сканер, компьютер, принтер, себет, меңзер.

1жүргізуші: 6 сайысымыз «Синонимдер». Сәйкестендіру кезеңі. Бір синоним сөз – 1 ұпай. Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі.

 

 

 

Берілген сөз

Синоним сөз

Байт

8 бит

Алфавит

Бір белгі тобы

Символ

Белгі

Монитор

Дисплей

Қатқыл диск

Винчестер

Компакт диск

Лазерлік диск

Дербес компьютер

ЭЕМ

Тышқан

Маус

2 жүргізуші: 7 сайсымыз «Иә немесе Жоқ». Сайыс ережесі: Командаларға сұрақ қойылады, сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 3 ұпай.

1 жүргізуші: - Ойынымыздың шешуші сәті – төрешілер сөз өздеріңізде. Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау.

2 жүргізуші:

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

1 жүргізуші:

Тағыда үйренеміз аман болсақ,

Шыңымыз биік болар, білім қусақ.

Өмір деген өнермен үйлеспей ме?

Жадыратар жанымызды ән тындасақ!

2 жүргізуші: Бүгінгі көріп тамашалаған " Тапқыр болсаң –талас жоқ ” сайысы өз мәресіне жетті.

1 жүргізуші: Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!!!

Қорытынды: Қазіргі өмір талабына сай ғылым жолы ауыр да қиын, әрі қызықты. Тек қана төзімділік еңбекқорлық пен тапқырлық сіздерді ғылым жолында алға жетелейді. Отанымыздың арқа сүйер азаматы болыңыздар.

 

 

 

 

Автор: dauke | 20-05-2016, 21:56
Қарау саны: 353
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :