Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандарын табуға арналған есептер шығару » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандарын табуға арналған есептер шығару


Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандарын табуға арналған есептер шығару

Күні:

Сыныбы: 8А

Пәні: геометрия

Мұғалімі: Шайхенова Кульзада

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандарын табуға арналған есептер шығару

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандарын табу жайлы меңгерген білімдерін тиянақтау, бір жүйеге келтіру, қорытындалау.

2. Дамытушылық. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру,функционалдық сауаттылығын арттыру.

3.Тәрбиелілік. Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, өздігінен еңбек етуге, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістіктерге ұмтылуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау, қорытындылау

Сабақтың әдісі: Тест, топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар,флипчарттар, геометриялық фигуралар ( төртбұрыш, үшбұрыш түрлері), формулалар жазылған карточкалар, дайын сызбалар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. №1 –слайд . «Сабақтың тақырыбы»

ІІІ. №2 –слайд.

Адамның ақыл-ойының кеңейе түсуіне математиканың тигізетін әсерін айтып жеткізу қиын. Математика ой, ақыл шегін кеңейтеді.

О.А.Жәутіков

1. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

2. Сабақтың мақсатын айту. №3-слайд. «Сабақтың мақсаты»

3. Үш топқа топқа бөлу: «Алғырлар», «Тапқырлар», «Зеректілер», топ жетекшілерін тағайындау,

I . №4- слайд. «Сабақтың жоспары»

1) «Алғашқы қадам» 2) «Лездік тапсырма» 3) «Біліктілік» 4) «Сергіту сәті» 5) «Алғырлық кілті» 6) «Шешуші сәт» 7) Қорытынды

. «Алғашқы қадам» №5 –слайд

Үш топқа тапсырма беріледі.

Оқушылар слайдтан үшбұрыштар мен төртбұрыштардың түрлерін атап, сол фигуралардың аудандарының формулаларын жазады.

. « Лездік тапсырма»№6 -слайд

іргелес жатқан екі қабырғасының

Сәйкестік тесті

1. Үшбұрыштың ауданы ... жарым көбейтіндісіне

биіктігінің көбейтіндісіне

 

тең.

2 .Төртбұрыштың ауданы ... көбейтіндісіне

тең.

 

табаны мен биіктігінің

3. Параллелограмның ауданы оның табаны мен... тең

тікбұрышты үшбұрыштың ауданы

4. ... оның диагональдарының жарым көбейтіндісіне тең.

ромбының ауданы

5. Шаршының ауданы ... тең.

қабырғаларының квадратына

 

6. Трапецияның ауданы ... мен биіктігінің

көбейтіндісіне тең.

табандарының жарым қосындысы

7. ... оның катеттерінің жарым көбейтіндісіне тең.

 

 

Оқушылар көп нүктенің орнындағы сөз тіркестерін тауып, көрсетілген нөмірлер бойынша дұрыс жауабын табады.

 

. «Біліктілік»№ 7 -слайд

ОқушыларТест -2015 жинағынан есептер шығарады. Топ мүшелері есептерді өздері таңдайды.

№8 -слайд

2 –нұсқа №17

BK AD, AD=BK+3, BC= BK 3 C

S=100см2

AD=? BC=?A K D

№ 9 слайд

5 –нұсқа №8 C

AB: AD= 2: 3

P= 80см

S=?A D

A) 29 B) 38 C) 31 D) 30 E) 39

№ 10 –слайд

12 – нұсқа №8 B

АС=5см, BD=12см

S=? A C

A)684 B) 524 C) 325 D) 384 E) 144

« Сергіту сәті»№ 11 –слайд

 Психологиялық күйді анықтау.

Алдыңғы кезеңдегі бөлінгендері бойынша топ мүшелері түрлі –түсті дөңгелекшелерді (өздері ұнататын түстерді) таңдап алады.Сол бойынша кезекпен шығып,интерактивті тақтадағы алты сағақты жапырақтарды бояйды. Жапырақшалардың қай түске боялғанына қарап, әр топтың көңіл- күйін анықтаймыз.

 Қызыл – қуанышты көңіл

Сары – көңілді

Жасыл – салмақты

Көк – тыныштықты

Күлгін – беймазалықты

Қара –көңілсіздікті

Ақ – шаршағандықты білдіреді.

І . «Алғырлық кілті»№ 12 –сдайл

 Оқушылар флипчарттағы жазылған тапсырмаларды ауызша орындайды.

 S = ?S = ? S = ? S = ? S = 68,16 S = 4, d=?

1) Ромб S = 2) Тең бүйірлі үшбұрыш ; 3 S = 3) Тік бұрышты үшбұрыш ; S = 4) Трапеция S = 405) Тіктөртбұрыш S= ab , b= =68,16:9,6=7,1 6) Квадрат d= = , 7, d=7

«Шешуші сәт» № 13- слайд

Топ мүшелері фигураларды таңдайды. ( карточкада есептер жазылған) Топжетекшілері тақтада сол есептерді шығарып қорғайды.

№1( Трапеция пішінді)Трапеция тәрізді шабындықтың ( табандары 350 м және 620 м, ал биіктігі 322м)

әр гектарынан орта есеппен 30 ц шөп жиналды. Осы шабындықтан жиналатын шөптіңмөлшерін анықта.

Шешуі: S= 322 = 156170(м2) = 1,5617(га) 1,6(га); 30 1,6 (ц)

Жауабы: 48 ц

№2 « Тапқырлар» ( Шаршы пішінді карточкада)

Шаршы пішіндес екі жер телімінің қабырғалары 60м және 80м. Ауданы осы екі жер телімінің аудандарының қосындысына теңшаршы пішіндес жер телімінің қабырғаларын тап.

Шешуі: ;S= ; = = 100(м)Жауабы:100 м

№3 « Зеректілер» ( Тіктөртбұрыш пішінді карточкада)

Тіктөртбұрыш пішіндес жер телімінің периметрі 1408м. Оның бір қабырғасы

екіншісінен 150м қысқа. Егер бір ағаш отырғызуға 2м2жер керек болса, берілген жер теліміне қанша ағаш отырғызуға болатынын есепте.

Шешуі: х(м) – тіктөртбұрыштың ені

(х+150)м - тіктөртбұрыштың ұзындығы

P =2( ; 2x=704

S =277 2); ( ағаш)

Жауабы: ағаш отырғызуға болады

Қорытынды№ 14 - слайд

Топ мүшелеріне сұрақ: Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандарын қолданып

есептеудің өмірде керегі бар ма? Қалай ойлайсыңдар? Үй қалай салынады?

Жауап: Үй салғанда әуелі сол үйдің планын сызып алады да, сол бойынша ауданын есептеп алады.

( Тақтаға үйдің планы ілінеді, интерактивті тақтадан көрсетіледі) Қалай есептеу керек екендігі түсіндіріледі.

Келесі сабаққа орындап келесіңдер. 1) Sқ.б.= ?

13м

Қонақ бөлме

Жатын

бөлме

 

Холл

 

Ас

 

Жуынатын

бөлме3м Жылу орны

Ауызғы бөлме

 

2) Sж.б.

3) Sхолл=?

4) Sжуын.б.=?

5) Sауыз б.=?

6) Sас үй =?

 

7) Sтұрғын үй=?

.Бағалау.

Үйге тапсырма: тарау. Қайталау. Тест-2015 есептері. Үй салуға қанша жер керек екендігін есептеу есебі.

Мұғалім сөзі: Міне, балалар, өздеріңіз көріп отырғандай, төртбұрыштар мен

үшбұрыштардың аудандарының формулаларын жақсы білсеңіздер, өмірде, тұрмыста кездесетін әр түрлі жағдайларда қолдана алады екенсіздер.Өздеріңіз көріп,куә болдыңыздар, өте жауапты жұмыстар атқарылды. Сіздердің сабаққа деген ынталарыңыздың жақсы болып, көңіл- күйлеріңіздің көтеріңкі болғанына қуаныштымын.Келешекте осындай көңіл-күйде болып, үнемі білімдеріңізді жетілдіріп,оқу жылын жақсы аяқтауларыңызға тілектеспін . Рахмет! Сабақ аяқталды.

Автор: dauke | 27-05-2016, 21:59
Қарау саны: 683
    
Жарнама

Пікірлер -
1


Қолданушы offline moinfesbiah - 13 маусын 2016 04:51
Охотно принимаю.

---

Лицензия на сбор и транспортировку здесь
--------------------
Получить лицензию на сбор здесь

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :