Қазақстан аумағында Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Қазақстан аумағында Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері


Қазақстан аумағында Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері

Астана қаласы

№76 мектеп-лицейінің

тарих және география пәні мұғалімі

Жаппарова Гулниса Сериковна.

Қазақстан тарихы. 9-сынып. 12.12.2015ж.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағында Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері.

Сабақтың мақсаты: деректерді пайдалана отырып талдауға дағдылану.

Сабақтың міндеті: Білімділік:Қазақстан аумағында Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылық:өздігінен білім алуға дағдылану.

Тәрбиелік:адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: Тірек сөздермен жұмыс, балық қаңқасы, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдасыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа психологиялық дайындық.

Мұғалім сөзі: Оқушылар бүгін ауа-райы қандай? Несімен ерекшеленеді осы мезгіл? Ия суық, қаталдығымен ерекшеленеді. Қазақ халқы тарихында қандай қанды оқиға осы кезеңге тұспа тұс келді? (Желтоқсан оқиғасы) Тәуелсіздікке ұмтылыс қазақ халқында қаншама ғасырға созылған күрестермен ұласқаны белгілі.

ІІ. Үй тапсырмасынын сұрау.

Тірек сөзбен жұмыс. Мақсаты: тәуелсіздік халық қолына қалай келеді? /мәнін ұғындыру, үй тапсырмасына шығу/.

А)Бүгінгі сабағымыздың негізгі офаризмі: Томас Джефферсонның «Бостандық талы әрқашан патриоттардың қанымен суарылуы тиіс» деген сөзімен бастағанды жөн көріп отырмын. Сіздер қалай ойлайсыздар тәуелсіздікті тек қана осы «Елім» деген жандардың қанымен ғана алуға мүмкіндік береді ма? Өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар, мысал дәлелдермен дәлелденсе және кез келген тарихи оқиға болса да болады?

Ә)Ал бұл сөзді өткен сабақпен байланыстыра аласыздар ма?

Сонда қалыптасқан жағдай «Status gwo» «Зиялы қауымды жаппай қудалау».

«Балық қаңқасын» толтыру.Мақсаты: зиялы қауымды қудалау себебтері мен жалпы процесті жүйелеу, жаңа тақырыпқа шығу.

Б) Біз «Балық қаңқасын» толтырайық. Топтық жұмыс.7мин.

 


Қазақстан аумағында Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері

 





 

 

 


Себептері

 


 


Жауапқа тартылғандар

Нәтижесі. Жазалау қалай іске асырылды? Ату жазасы және соттау (еңбекпен түзеу лагерлеріне жіберу). Бүгін біз осы төңірегінде сөз қозғаймыз. Жаңа тақырып: Қазақстан аумағында Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері.

ІІ. Жаңа сабақ.

Сұрақ-жауап. Мақсаты: жаңа тақырып туралы оқушылар не біледі соны анықтау.

-Қазақстан аумағында Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері туралы не білесіздер?

-Не білгілеріңіз келеді?

 

Мәтін талқыланғанда мұғалім негізгі тірек сөздерді тақтаға жазып, дәптерлеріне көшіртіп отыруы тиіс.

  • Лагерьлер, орналасқан жері;
  • Жер аударлғандар саны;
  • Қазақ халқының көмегі:құрт, ет.
  • Түрлі маман иелерінің болуы.

І . Сталиндік басшылық Қазақстан аумағын елдің басқа аудандарынан ондаған мың шаруаларды «кулактық жер аудару» аймағы реінде қарастырды. Республикағы жер аударумен 46091 отбасы, 180015 адым келді. Осылайша елде алып лагерьлер ─ГУЛАГ құрылды. Оның құрамында АЛЖИР, КАРЛАГ, СТЕПЛАГ т.б.лагерьлері болды.

...ГУЛАГ құрылымындағы ең үлкен сала – Қарағанды еңбекпен түзеу лагерьлері (Қарлаг). Ол саяси тұтқындар ұсталатын 20 лагерьден тұрды. Кейін саны 70жетті. 1931 жылы 19 желтоқсанда ОГПУ – ҚазИТЛАГ-қа қараған «Гигант» совхозының негізінде құрылды. Орталығы Қарағанды обылысының Долинка селосында орналасты...

«1939 жылы НКВД-ның 42 лагерінің ішінде Қарлаг тұтқындардың саны жағынан КСРО-да тоғызыншы орын алған.»

...КСРО НКВД лагерьлерінің Бас басқармасына қарасты қапастар мен түрмелерде жалпы саны 4 миллионға жуық сотталғандар отырса, олардың 1 – 1,5 миллионнан астамы Қарлагтан өткен. Жалпы, ГУЛАГ-тың құрамында 61лагерь болса, Қарлаг соның ең ірілерінің бірі.

Бұл лагерьде жазасын өтеушілер Қарағанды көмір бассейінінде, Жезқазған және Балқаш мыс балқыту орындарда жұмыс істеді.

«Мамочкино моласы». Бұл молада «Қарлаг» тұтқындары –әйелдер мен балалардың мүрделері жерленген. Зират Қарағанды облысы, Абай ауданы, Жартас кентінің аумағында. «Қарлагта» ересектермен бірге «халық жауларының» балалары да мерзімдерін өтеді.

Жаңа туған балаларды аналарынаран тартып алып, Балалар комбинаттарына тапсырады. Оның да вахтасы, қақпасы бар. Барактары және тікенек сымдары кәдімгі зонадан еш айырмашылығы жоқ. «Қарлагта» осындай жеті мекеме болған.

Мұрағат деректері бойынша, мұндай үйлерде балалар өлімі өте жоғары еді. Мәселен, 1941–1944 жылдары 924 бала, ал 1950–1952 жылдары 1130 сәби опат болған...

Тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып диаграмма құрыңыздар.

ІІ. «АЛЖИР» лагері мен тұтқындарының тарихы. Алғашқыда бұл жерде «26-нүкте» деп аталатын орын болған. Соның негізінде 1938 жылы НКВД-ның Ақмола арнайы бөліміне (Қарағанды лагеріне) қарасты «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері» пайда болды.

Қазір Астана қаласына таяу жерде орналасқан Ақмол поселкесіндегі қуғын-сүргін құрбандарына арналған аллеяда осы лагерьдің аты жазылған тақтайшадағы «отанын сатқандар» деген сөз тырнақшаға алынған.

Тұтқындар лагерьді бір сөзбен «АЛЖИР» деп атады. Бұл лагерьге Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері мен туған-туыстары қамалды. Осынау сегіз мың әйелдің бар айыптары – «халық жауы» атанған күйеулері мен туыстарынан бас тартпағандығы еді. ГУЛАГ лагері Совет Одағының түкпір-түкпірінде қаптап кетті. «АЛЖИР» де жер бетіндегі сондай тозақтың бірі болатын.

Кейін лагерь өз алдына ауыл шаруашылық өндірісі, шеберханасы мен тігін фабирикасы бар сан-салалы шаруашылыққа айналды. 1953 жылы жабылғаннан соң тұтқындар кенті Малиновка деп аталды, кейіннен Ақмол деген атауға ие болды.

Бұл жерді тұтқындарың өзі адам тұратын қалыпқа келтірді. Барак, асхана, мал фермалары, астық қоймалары мен шеберханалардың барлығын тұтқын әйелдер өздері салды. Олардың басым көпшілігі – интеллигенция өкілдерінің қара жұмысқа үйренбеген әйелдері болатын.

Адамзаттың аймаңдай ары осында,

Рахиль Плисецкая...*

нанасың ба?!

Бейімбеттің қой бақса Күлжамалы –

Рысқұлов Тұрардың жары осында.

Тапсырма. Мәтіндегі негізгі тірек сөздерді анықта. Мәнін түсіндіріңіз.

ІІІ. «ҚҰРТ – ҚЫМБАТ ТАС»

«Отанын сатқандар» әйелдеріне арналған Ақмола лагерінің» бұрынғы тұтқындарының бірі – Гертруд Платайс. Ол 1990 жылы Германиядан Қазақстанға келіп-кеткен сапарында «АЛЖИР» мұражайының қызметкерлеріне жергілікті қазақтарды алғаш қалай көргенін, олардың тұтқын әйелдерге қалай қарағанын айтып беріпті.

Бірде тұтқын әйелдер Жалаңашкөлден қамыс будаларын арқалап келе жатады. Жолда қарттар мен балалар кездесіпті. Балалар үлкендердің айтуымен әйелдерге қарай тас лақтыра бастайды. Қарауылдар "Сендерді Мәскеуде ғана емес, ауылда да жек көретінін байқадыңдар ма!” деп қарқылдап тұрып күледі. Тұтқын әйелдер «бұлардың балаларға берген тәрбиесі осы ма» деп налиды. Бір әйел әлгі тастардың біріне сүрініп құлайды. Құлаған кезде дәл алдында жатқан тастан сүт пен ірімшіктің исін сезіп қалады. Шетінен бір тістеп көрсе, дәмі тіл үйіреді екен. Сөйтіп тастардың барлығын теріп алып, баракқа алып келеді. Барактағы тұтқын қазақ әйелдер оның тас емес, кептірілген құрт екенін түсіндіріпті.

Қойшылар бұта-бұтаның түбіне кейде нан, кейде ет тастап кетіп, әйелдерге белгі беретін. «АЛЖИР» тұтқындары жергілікті қазақтарға разы болды. Лагерьдің жақсысы жоқ, бірақ қазақстандық лагерьлерден тірі қалған адамдар көп болды.

Тапсырма. Мәтінді пайдаланып қазақ халқының мінезін сипаттаңыз. Мысылы «кекшіл» және себебін түсіндіріңіз.

ІҮ.ПЛИСЕЦКАЯ – АЛЖИР ТҰТҚЫНЫ

Ақмола лагерінде әйгілі орыс балеринасы Майя Плисецкаяның анасы Рахиль Плисецкая да қамауда отырды. Ол сегіз жылға сотталған еді. Бастапқыда Бутырка түрмесіне қамалып, «халық жауының» әйелі ретінде үкім шығарылған соң сегіз айлық ұлы Азариймен бірге Ақмола лагеріне айдалған. Рахиль Плисецкая «АЛЖИР» лагерінде ұзақ отырмады. Туған-туыстарының ізденістерінің арқасында оны Шымкенттегі еркін қонысқа ауыстырып жіберді.

Тағы бір тұтқын Брайн Лурьенің ұлы Михаил Зельцер «Бұл лагерьге кім келмеді – әртіс те, ғалым да, инженер де, мұғалім де осында».Харьковтен келген бұрынғы «АЛЖИР» тұтқыны Мария Даниленко да «қамауда отырғандардың 90 пайызы жоғары білімді адамдар еді» деп жазады осы кітаптағы естелігінде.

«Біздің арамызда ленинградтық профессорлар мен Харьков опера театрының труппасы түгелге жуық болді. Инженер, техник, құрылысшы, дәрігер, геолог, мұғалім – бас-аяғы 100-ден астам мамандық иелері бар еді... Ол өзін ағаш төсегі шала-шарпы жасалған вагонға бір топ әйелдермен бірге тиеп жібергенін айтады. Қыстыгүні тұтқындарды тасыған ондай сталиндік вагон-үйшіктердің үлгісі «АЛЖИР» мұражайының аумағында тұр.

«Лагерьде өзінің не үшін отырғанын да білмейтін әйелдер бар еді, – деп жазады Михаил Зельцер «Қайғылы тағдыр іздері» («Страницы трагических судеб») деп аталатын кітабында. – Барактағы көрші әйелдердің бірі шешесіне өзінің еш жазықсыз қамалғанын айтып шағымданушы еді. «Тергеуші: «Сенің күйеуің тракторист» деп айқайлады, ал ол ешқашан тракторист болған емес, бригадир еді», – дейтін. Байғұс әйел «троцкист» деген сөзді ешқашан естімеген ғой, «троцкист» дегенді «тракторист» деп түсініпті».

Тапсырма. Мәтіндегі Сізді таң қалдырған не? Неліктен?

Ү. «Баракта бір мезгілде 360 адам жататын еді. Ауасы тар болатын. Ашыққан әйелдер қоқыс арасынан қырыққабаттың өзегін жинап, құтыға қайнатып ішкенде барак түгел сасып кететін. Бізді әкететін қарауыл ішке кіруден жиіркеніп, кезекші кемпірлердің бірін тұтқындарды санап шығуға жіберетін. Әйелдер: «Бізді алтын күзеткендей күзетіп, б...-қа балайды» деп күлетін» деп жазады бұрынғы тұтқын Мария Даниленко.

Осы лагерде шешесі Брайн Лурьемен бірге тұрған Михаил Зельцер лагерьдің биік тікенек сыммен қоршалғанын, бұрыш-бұрыштарда арнайы баған үстінде қарауыл тұрғанын, одан әрі жыртылған жер мен арасына сым тартылған бағандар болатынын айтады.

«Ол сымға қарауыл иттерін ұзын қарғыбаумен байлап қоятын. Дәу иттерді түнде алып келеді, қарғыбауды үзіп кетуге шақ тұрған иттерді көргенде балалар түгілі үлкендердің өзінің зәре-құты қалмайтын. Бір сөзбен айтқанда, нағыз концентрациялық лагерь еді», – деп жазады Михаил Зельцер өз естелігінде.

Бұрынғы тұтқындардың кейбірі «Отанын сатқандардың» әйелдеріне арналған Ақмола лагерінен» сол күйі кетпей қалды.

Тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып лагерь суретін салыңыздар.

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту.

Кері байланыс.

«Қазақстан аумағында Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері» тақырыбы бойынша.

Сіз адам іс-әрекетінде қандай қателіктерді байқадыңыз?

Сіз қандай сабақ алдыңыз? Сіз алдын қалай ойладыңыз..., қазір қалай ойлайсыз... .

Сіздерде қандай сезім туындады?

Маңыздылық картасы.

Алжир лагерінде алғашқы кезде адамдар көп қырылуға ұшараған ол қандай себептер болу мүмкін?

Маңызыдылығына қарай орналастырыңыз. Ойыңызды дәлелдеңіз.

Ромб: 1Суық климат.

Ромб: 2Азық-түліктің жетіспеу.

Ромб: 3Тар барак.

Ромб: 4Жұмыстың ауырлығы.

Қазақ зиялыларының әрқайсысы тәуелсіздікке жету жолында өз мұраларын қалдырды. Мысалы, М.Дулатов «Оян, қазақ», С.Асфандияров «ХХ ғ.30ж.Қазақстан» Кенесары көтерілісін шынайы сипаттаған туындысын қалдырды. Сіздер тәуелсіздікті сақтап қалу үшін нені немесе ойды мұра ретінде қалдырар едіңіздер? Себеп? Нені өзгертеді?

Ү.Бағалау.

ҮІ.Үй тапсырмасы. Құжатпен жұмыс.

Маңыздылығы

Құндылығы

Шектеулілігі

Шығу тегі

Автор: dauke | 5-06-2016, 13:07
Қарау саны: 554
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :