Оқушыларға интерактивті әдіс-тәсілдерді үйрету » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Оқушыларға интерактивті әдіс-тәсілдерді үйрету


Оқушыларға интерактивті әдіс-тәсілдерді үйрету

Оқушыларға интерактивті әдіс-тәсілдерді үйрету


Астана қаласы №77 мектеп-гимназия
Байтугел Алма Байтугелқызы
Кітапхана меңгерушісі
Білімі: жоғары
Еңбек өтілі: 14 жыл


Мақсатым: оқушы шығармашылығын дамытуда интерактивті әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы ізденімпаздыққа баулу, оқушылардың білім сапасын арттыру.

Жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, келесі ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбиемен білім беруде инновациялық іс-әрекетінің ғылыми- педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру бүгінгі қажеттілік. Оқушыларды қызықтыратындай әдіс- тәсілдер қолдану арқылы баланың ойына , сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етеді.

Астана қаласы «Назарбаев зияткерлік мектептері» мектеп кітапханашыларының біліктілігін арттыру мақсатында өткізген семинарларда алған заманауи әдіс-тәсілдерді кітапхана жұмысында пайдаланып оқырмандарға интерактивті білім беру жүйесін қалыптастыру мақсатында өткізген іс-шаралардағы оқытудың жаңа әдістерді интерактивті оқыту әртүрлі сайттарға кіріп, оқушыларды кітап оқуға насихаттаудың қызықты өте тиімді пайдалануға болады. Мысалы: «Aimektep», «Bilimland», «Twigbilim», «Learning.org.apps сайттарына кіріп балаларды шығармашылық жұмысқа тартамын.

Көпфункционалды интернет-аспабы - LearningApps.org интерактивті тапсырмалар құрастырушысын қолдану арқылы жеке интерактивті білім беретін қосымшаларды жасай алатының оқушыларға ақпарат бердім.

LearningApps.org – бұл PH Bern білім беру Информатика Педагогикалық колледжі Орталығының Майнц және Циттау / Герлиц қалалары Университеттерімен бірлескен ғылыми-зерттеу жобасы.

Интерактивті білім беру қосымшасының негізгі тапсырмасы балаларды интерактивті және қызықты формада оқытатын арнайы мультимедиялық бағдарлама. Интерактивті тапсырмаларды құрастырушы LearningApps.org «Викторина»; «Сөздерді белгілеу»; «Кім миллионер болғысы келеді?»; «Топтастыру», «Картада белгілеу», «Жұпты табу», «Құрастыру» паззлдар, «Суреттерді сұрыптау», «Сөзжұмбақ», «Бұл қай жерде?» сияқты білім беруге арналған он-лайн қосымшалардың көп түрін ұсынады.

Интерактивті қосымшаны құрған кезде пән, қосымша типі мен оқушылардың жас шамасын өзіңіз таңдайсыз. Сонымен қатар, LearningApps.org сайтында әр түрлі тақырыптар бойынша дайын мультимедиялы қосымшалар бар.

Интерактивті тақтаны қолдану арқылы Learning Apps.org сайтына кіріп, интерактивті қосымшалардан викторина құрып кітапханашылармен жұмыс жасадық.

 

 

Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасына оқырмандарды қызықтыратын кітап көрмесін алмастыратын интерактивті әдістерді пайдаланыпБуктрейлер көрсеттім.

Кітапханашыларға жағдаяттан шығу әдісі арқылы тапсырмалар берілді ,

әр топ өз пікірлерін ортаға салды.

 

Пікірсайысқа арналған кітапханалық жағдаяттар

Балаларға кітапханада фильм көрсетіледі. Барлық балалар тыныш отырып көреді. Тек мұнда Таңат дұрыс отыра алмайды. Қасындағы балаларды итереді, қыздардың шашынан тартқылайды, айқайлайды. Кітапханашы бірнеше рет ескерту жасайды. Таңаттың қылығына ренжіген кітапханашы фильмді тоқтатып, шам жағады. Балаларға: «Енді көрсетпеймін. Таңат кедергі жасайды, оның осы қылығына рақмет айтыңдар», - дейді.

Кітапханашының кәсіби- педагогикалық тәсіліне баға беріңіздер. Кітапханашының орнында сіздер не істер едіңіздер?

 Пікірсайысқа арналған кітапханалық жағдаяттар

 

 

4 жасар Айнұр әжесінің қасында суретті кітапты қарап отырған. Ол бұл кітаптың неміс тілінде екенін бұрын естіген болатын. Үстел басына атасы отырды да, Айнұрдан кітаптан сұрайды. Бірақ Айнұр: «немісше кітаптарды менен басқа ешкім оқи алмайды», - деді.

Мұны естіген атасы одан сол кітапшаны оқып беруін сұрады. Ал, Айнұр болса, кітапшадағы суреттерді айқайлап айта бастады: «бұл аю, мынау түлкі ...». Атасы Айнұрдың бұл айтқандарын естіп, оны еркелетіп мақтай бастады және оған суреттерді көруге, оларды атауға көмектесті. Мұны естіп отырған әжесі қатал дауыспен: «Айнұр, сен не орысша, не немісше оқи алмайсың ғой, сөйлей бермей тыныш отыршы», - дейді.

 «Үлкендердің іс-әрекетінің қайсысы дұрыс деп ойлайсыздар?» атты пікір сайысқа арналған кітапханалық жағдаяттар.

6 жасар Жарас өзін мақтағанға әбден үйреніп алғаны сонша, сурет салып бола салысымен көрші үйлерге жүгіріп барып көрсетеді. Әжесіне кәмпит сыйлап, сосын мен «мейірбанмын» деп шаттанады. Серуеннен қайтқанда өзі заттарын жинастырып алып, анасына «Мен азаматпын, рас қой» деп мақұлдатады. Әкесіне көмектессе «Мен шебермін бе?» деп сұрайды. Ата-анасы оның бұл қылықтарын мақұлдайды, жиі мақтайды, әжесін ренжітпегені, қияңқылық жасамағаны үшін ойыншықтар сыйлайды.

Жарасты жиі-жиі мақтағандары дұрыс па?

Баланың тәрбиесіндегі осы жағдайлардан қандай жетістіктер немесе кемшіліктер көресіздер?

Қандай жағдайда баланы мақтаған дұрыс?

 Ақпараттық технологияларды игеріп, ақпаратты пайдалануға қол жеткізген әрбір адам өзінің күнделікті ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыра алады, әлеуметтік өмірге белсенді түрде қатысады , сондықтан да біз оқу мен ағартуға деген ынтаны, үздіксіз білім алуды қолдаймыз, сонымен бірге, ақпарат пен жаңа білімді пайдалануды өркендетеміз.

 

 

 

 

Автор: dauke | 5-06-2016, 13:17
Қарау саны: 913
    
Жарнама

Пікірлер -
8


Қолданушы offline moinfesbiah - 13 маусын 2016 04:45
куча графики сюжет сраный

---

Лицензия на транспортировку отходов здесь
--------------------
Получить лицензию на сбор здесь

Қолданушы offline verleftMn - 25 маусын 2016 22:23
Это можно обсуждать бесконечно

---

Эпиляция лазерная в Киеве тут
--------------------
Эпиляция лазерная Киев тут

Қолданушы offline sporifMurl - 26 маусын 2016 00:50
Это ценное сообщение

---

Купить шифер в минске здесь
--------------------
Отделочные материалы в минске здесь

Қолданушы offline eseroa - 12 шілде 2016 06:17
Полностью разделяю Ваше мнение. Мне кажется это отличная идея. Я согласен с Вами.

---

cracked scary stories а также http://attackrost.tk/sony-vegas-pro-12-crack-2015.html
--------------------
l0phtcrack free а также http://stormrot.cf/window-blinds-4-0-crack-7.html

Қолданушы offline jecbuiKt - 25 шілде 2016 00:27
Присоединяюсь. Это было и со мной. Можем пообщаться на эту тему. Здесь или в PM.

---

православный интернет магазин беларусь пишут
--------------------
православный интернет магазин храм слово пишут

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :