«Тапқыр достар» физикадан сайыс сабақ. » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » «Тапқыр достар» физикадан сайыс сабақ.


«Тапқыр достар» физикадан сайыс сабақ.

Тақырыбы: «Тапқыр достар»

Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін жинақтау, ойлау, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыту. Ойын элементтері арқылы пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру
Дамутышылық: Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту. Білімге қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту және дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзін еркін ұстай білуге, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдық жаңалықтардан және өзгерістерден тыс қалмауға баулу.
Ұжымдық және топпен жұмыс орындай білу дағдыларын қалыптастыру.
Түрі: Іскерліу, ойын – жарыс сабағы.
Көрнекілігі: Видеопроектор, слайдтар
Жүрісі.
Мұғалім: Армысыздар, қадірлі ұстаздар, білім мен өнерге күштар шәкірттер! Баршаңыз да «Тапқыр достар» атты ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер!
Біз бүгінгі кешімізді 7-шы сыныптардың арасында ойын түрінде жүргізуді ұйғардық. Бұл ойынға әрбір сыныптан бір-бір командадан қатынасып отыр.
Қазір ойын шартымен таныстырып өтейік.Жалпы ойынымыз 5 бөлімнен тұрады.

1. «Ғажайып ұяшық»
2. «Физикалық жұмбақ»
3. «Кім тапқыр»
4. «Ойлан тап»
Армысыздар,қымбатты төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздерде әділ баға берерсіздер-
дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтейік:
I. «Ғажайып ұяшық»
1. 10 Ғалымдар – Алма түсіп басына
Басына емес қасына
Тартылыс заңын таптым деп
Кетті ғалым асыға (И. Ньютон)
2. 20 Ғалымдар – Құрметтейік ғалымды
Ғылымды алға жылжытқан
Инерция құбылысын
Айтшы достар кім ашқан? (Г. Галилей)
3. 30 Ғалымдар – Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін зерттеген ғалым.
4. 40 Ғалымдар – Ең алғаш телескопты ойлап тапқан ғалым? Г. Галилей
1. 10 Формула – бұл қандай формула. (заттың тығыздығы)
2. 20 формула - бұл қай формула. ( Гук заңы)
3. 30 формула - қай формула. (Ауырлық күші)
4. 40 формула - бұл қай формула. (Қысым)
1. 10 аспаптар – Дененің массасын өлшейтін аспап. (таразы)
2. 20 аспаптар - Күшті өлшеуге арналған аспап. (Динамометр)
3. 30 аспаптар – Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал (барометр)
4. 40 аспаптар – Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап. (Ареометр).
ІІ. «Физикалық жұмбақ»
Барлық командаларғаға жұмбақтар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқ бір ұпайдан беріледі.
І. топ
1. Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
2. Түнгі сағат онда жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап шығуы мүмкін бе? (Мүмкін емес, жоқ түнде күн шықпайды)
ІІ. топ
1. Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)
2. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда, 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір)
ІІІ. топ
1. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)
2. Дорбадан 10 асықты 10 бала бір бірден алды, сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? (асықты бір бала дорбасымен алды)
ІV. топ
1. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді. (Күш)
2. 8- наурызда екі шешеймен екі қызына, әжеймен немересіне 3 орамал сиға таратылды, бұл қалай? (Әжесі, шешесі, қызы)
V. топ
1. Барлық денелерге тән,
Онсыз болмайды сән.
Әр затта болады әр түрлі,
Өлшеуге болады дәл. (Масса)
2. Столдың 4 бұрышы бар, бір ұшын кесіп тастаса неше бұрышы қалады? (5 бұрышы)
VІ. топ
1. Күш көбейсе артады,
Аукадан артқа тартады.
Жүзі жұқа үшкір зат,
Одан бірақ қорқады. (Қысым)
2. Екі адам тоғыз құмалақты 2сағатта ойнаса, әрқайсысы неше сағатта ойнайды? 2сағат

ІІІ. «Кім тапқыр»
Тақтада «Динамометр» деген сөз берілген. 1 минут ішінде осы әріптерді пайдаланып, өмірде нақты бар заттарды жазу керек. Кім көп жазса, сол жеңіске жетеді.

Д И Н А М О М Е Т Р

1) Тор 8) Ен 14) Тон
2) Метр 9) Ине 15) Рет
3) Ер 10) Дар 16) Мина
4) Рота 11) Ет 17) Тер
5) Нар 12) Ат 18) Ор
6) Матор 13) Отар 19) От
7) Тир
ІV. Ойлан тап.
Осы сайыста әр түрлі шарларды қолданып берілген сұраққа жауап беру керек. Мысалы: гелий атомын 3 шардан құрастыру керек.
І топ.
Сізге 4 атом берілген. Қызыл атомдар, көк атомдар, олар әр түрлі заттардың атомдары.
Диффузия құбылысы кезінде атомдар қалай орналасады?
ІІ топ.
Сізде бір заттың атомы берілген және зат бөлшегі берілген. Броундық қозғалыс кезінде атомдар қалай әрекеттеседі?
ІІІ топ.
Сізде бір заттың үш молекуласы бар. Олардың өзара орналасу қашықтығын және қозғалуын көрсет.
ІV топ.
Сізде әр түрлі атомдар бар. Осы атомдардың су молекуласын (Н2О) және тұз молекуласын (NaCl) құрастыр.
V топ.
Сізге бір заттың 3 атомы берілген. Осы атомдарды қолдана отырып, заттың үш күйіндегі молекулалардың өзара орналасу қашықтығын көрсет.
VІ топ.
Сізге 6 шар беріледі. Осы шарлардан Бор атомын құрастыр.
Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз, бүгінгі күн жеңімпазын атау өз қолдарыңызда.

Барлығы «Әнші балапан» әнімен қол ұстасып жүріп мына әнді айтады.
Электрдей ғажайып
Шештім ғажап теңдеуді
Сақтандырып бәріңді
Реттегішпін кернеуді
Қ-сы:
Амперметр, реостаттарым
Адам үшін ән бастап бердім
Үтік, плита билеп бер канекей
Қол соғады адам әнекей
2. Үтіктеймін шалбарды
Киімдерді жайнатам
Хош иісті шайыңды
Қызуменен қайнатам.
Қайырмасы:
Қол ұстасып қанекей
Тізбек құрып көрейік
Қызмет етіп адамға
Тек игілік берейік.

Қадірлі ұстаздар, оқушылар сайыскерлер үшін атсалысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңды бір рахмет айтамыз.
Ғылым дами берсін ғаламдағы
Білімді үйренейік жаңа замандағы
Аман сау тұрыңыздар осыменен
физикалық шоуымыз тәмамдалды
Ілмек сөздер: физика, сайыс, сабақ, 7 сынып
Автор: 91bibinur | 25-02-2015, 23:49
Қарау саны: 855
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :