Жан жылуын іздеген... » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Жан жылуын іздеген...


Жан жылуын іздеген...

Мерзімі: 11.02.2015 ж

Сыныбы: 6 «Б» сыныбы

Іс-шараның тақырыбы:«Жан жылуын іздеген...»

Іс-шараның мақсаты:

«Қайырымдылық», «мейірімділік», адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Жан дүниесі ізгі, рухани бай тұлға қалыптастыру. Танымдық қабілеттерді, белсенділікті дамытуға жағдай жасау, ой- өрісті кеңейту, ойлануды, ұжымдық, бірлік икемділіктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;
- қамқорлық жасауға жетелеу;
- мейірімділікке тәрбиелеу;

Кіріспе бөлім

(Мұғалімнің кіріспе сөзі)

 1. Жан жылуыпсихологиялық тұрғыдан қарағанда адамдардың өзара қарым-қатынасында біріне-бірінің камқорлық көрсетіп, мейірімділігімен ықылас-ынтасынан айқын байқалатын жайттар. Ой ішінде, отбасындағы адамдардың біріне-бірінің жанашырлықпен қарап, өзара сыйласымдық пен құрметтеу сезіміне байланысты болып отырады. Үй ішіндегі ересектердің кішілеріне қамқорлық жасап, оларға тағылым берерлік ықпал етуі, үйдегі балалар мен жасы кішілердің ата-аналарына, үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдап, оларға шама-шарқы жеткенше көмектесіп отыру жалпы отбасы мен ағайын-туыс адамдар арасындағы сүйіспеншілікті жан жылуы жандандыра түседі. Ата-аналарының перзенттерін болашак ұрпағым мен өмірімнің жалғасы деп санап, олар жайында қамқорлық көрсету де жан жылуын маздата түседі. Жан жылуының көрінісі ұжым ішіндегі адамдар арасында да, қызметтес жора-жолдастар арасында да ерекше адамдардың рухани өмірін байытатын психологиялық қуатты фактор.

2. Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі 630 мың жан болса, балалар саны 56 839 болып отыр. Оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар са¬ны 48 049 .

Алла тағала әуелде адам баласын он екі мүшесін сау қылып, саналы жаратылыс қылдырып жаратқан. Өлшеулі ғұмыр берген. Алайда бүгінгі күні біздің арамызда қатардағы көпшілікке қарағанда мүмкіндігі шектеулі жандар да ортамызда жүр. Оларда жұмыс жасайды, оларда да арман қиял шексіз, өмірге деген құлшыныстары бекем, мақсаттары биік. Алған асулары бар, шыққан биіктері бар. Олардың да жүректері жомарт, жандары сезімге толы, мақсаттары өрелі, сөйлеген сөздері келелі.

Десекте, Алла тағала оларға қызықты өмір, қиындау тағдыр сыйлапты. Осындай тағдыр иесінің бірі, бүгінде арамызда ел қатарлы біреуден ілгері, біреуден кейін, қоңыраулы дүниеде қоңырқай тірлік кешіп жатқан Алдапберген деген азаматты ортаға шақырғым келеді.

 3. Ауыздықтап тұра алсын арманды кім,

Жай таптырмас жаныңа жалған бүгін.

Байыздамай өмірден біз де өтерміз,

Болашаққа қалдырып қалған жүгін.

 Армандаймыз, аңсаймыз, қиялдаймыз,

Мына думан өмірге сия алмаймыз.

Өзімізді, себебі, жиі алдаймыз,

Өзімізден-өзіміз үялмаймыз.

Дүниенің ағын да, қарасын да,

Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.

Қарасымен шамаң жоқ таласуға,

Ей, өмірім, зымырап барасың ба?

 Негізгі бөлім

 1.Мотивациясын ояту

- Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз. Сіздер көз алдарыңызға табиғаттың ең көркем жерінде тұрғандарыңызды елестеңіздер. Сіз көл жағасында, суда жалаң аяқ жалдап жүрсіз. Салқын су сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық). Сіз көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз..... (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат - анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспанның тұңғиық мөлдірлігін және өзіміз басып тұрған құмның табанымызды қалай қытықтайтынын, жылы күннің сәулелерін сезінейікші (тыныштық). Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл- күй сыйлаған Ана - Табиғатқа не деп айтуымыз керек? («Рахмет» деп айтамыз.)

2.«Жан жылуы» дегеніміз... (Оқушылармен бірге талқылау)

 3.«Табиғаттағы барлық жылу-күннен, өмірдегі барлық жылу - адамнан» депті бір ғұлама (Оқушылар топтастыру әдісі арқылы жұмыс жасайды. )

·І топ «Күн» сөзіне,

·ІІ топ «Адам» сөзіне,

·ІІІ топ«Мейірімділік» сөзіне топпен ауызша талдау жасайды.

4. Өмірдегі талантты мүгедектер туралы бірнеше видео материал көрсетіледі

· Алғысбек – термеші (Талдықорған маңындағы шағын ғана Жетісу ауылында осындай үлкен өнердің иесі тұрады. Алғысбек домбыраны құйқылжытып терме де, ән де айтады , айтыскер ақын ретінде талай додаға да түскен. Шабыты келгенде жан тебірентер әндер де шығарады.

Жарық дүниені жанарымен көрмесе де , түйсігімен сезінетін ақын жігітттің алға қойған мақсаты көп. Сазгерлік өнерін өлтірмеу үшін музыкалық білім алсам дейді.

Алғысбектің қазір 10 әні бар, енді осынша туынды қосса жеке альбом ретінде шығаруға болады.

Ата-анасы болмаса Алғысбектің бойындағы дарыны ашылмас па еді? Бірақ сол талантты одан әрі дамытуға мүмкіндің керек . Әсіресе тұрмыс мәселесі дарын иесінің жанына қатты батады. Өйткені алақандай екі бөлмелі үйде Алғысбектен бөлек 9 жан тұрады. Күнкөріс көзі аздаған ірі қара мен ұсақ мал. Ал халқымыздың өнеріне үлесін қосып жүрген Алғысбектің арманы көп және сол арманға жету жолында көп іздену керек.)

·Юлия Самойлова ( Россия арнасындағы Х Фактор музыкалық конкурсының қатысушысы.Юлиянның мүмкіндігі шектеулі болса да оған қоғамның назары ауды. Өйткені ол талантты қыз. Юлия өмірге сау болып келген. Алайда кішкентай кезінде дәрігерлердің сәтсіз салған екпесінен осындай жағдайға душар болған. Юлия Самойлова 1989 жылы Ресей федерациясындағы Коми республикасының Ухта қаласында өмірге келген. Юлия мектеп табалдырғын аттаған кезден бастап ән өнерімен арнайы мамандадың көмегңмен айналыса бастаған. Ол 2003 жылы Мәскеуде өткен бүкілресейлік «Арман қанатында» атты фестивальдің лауреаты атанады. Көптеген фестивальдердің жеңімпазы . Юлияның физикалық кемшілігі оның рухани тұрғыда биікке көтерілуіне еш кедергісін келтіре алмады.

·Бір аяқты биші.

 ·«Денелей мүгедек» пен «Рухани мүгедектің» айырмашылығын қалай түсінесіңдер? (Оқушылар пікірін білу)

 5. Кейіпкеріміз Алдапбергенмен әңгіме.

Жүргізуші: Өзіңізді толығырақ таныстырып өтсеңіз?

Оқушылар:

1.Өміріңізде осы уақытқа дейін қандай қиыншылықтарды бастан өткіздіңіз?

2.Сізді кемсітіп қорлағандар болды ма? Сіз оларға не айттыңыз?

3.Өмірде сізді қандай мәселе толғандырады?

4.Сізде бос уақыт көп пе? Қандай іспен шұғылданғанды ұнатасыз?

5.Қандай армандарыңыз бар?

6.Қашан үйленесіз?

7.Тағдырыңызға ризасыз ба?

8.Сізге бір жомарт адам келіп, барлық қаржылай мүмкіндіктеріңізді жасаймын деді. Сіз қандай іспен айналысқан болар едіңіз?

9.Кітап оқисыз ба? Егер оқысаңыз сол туралы айтып берсеңіз.

10.Елбасымен кездесаеңіз ол кісіге қандай өтініш айтқан болар едіңіз?

11.«Қайырымдылық», «мейірімділік» дегенді қалай түсінесіз?

12.Атыңызды неге Алдапберген деп қойған?

 6. Жүргізуші: Қонатың құрметіне орай оқушылар өз өнерлерін ортаға салады.

·Поэзиялық топтама

·Ақжол мен Нұрбек Күй «Қос алқа» Әлім мен Айбек «Ерке сылқым»

·Рәзия

·Данияр «Бол жанымда»

·Тұрар (пианино)

·Би (Кенжебаев Әділет)

·Баян ойнау (Жақсылықова Ақерке)

·Хор «Туған ел»

Қорытынды бөлім

1.Сынып жетекшінің қорытынды сөзі

Жер мен көктің желпініп арасында,

Желігесің, түсесің қара суға.

Құйын қуған қаңбақтай аласұра,

Ей, өмірім, зымырап барасың ба?

 Шаң шығарып ізінен құйындаған,

Барасың ба, өмірім, қиындаған?

Сыйын маған,

Ей, өмір, сыйын маған,

Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған.

2. Қонаққа алғыс білдіру, марапаттау.

3. Мектеп әкімшілігіне сөз беру

4. Іс-шараны аяқтау

 1. Өміріңізде осы уақытқа дейін қандай қиыншылықтарды бастан өткіздіңіз?

2. Сізді кемсітіп қорлағандар болды ма? Сіз оларға не айттыңыз?

3. Өмірде сізді қандай мәселе толғандырады?

4. Сізде бос уақыт көп пе? Қандай іспен шұғылданғанды ұнатасыз?

5. Қандай армандарыңыз бар?

6. Қашан үйленесіз?

7. Тағдырыңызға ризасыз ба?

8. Сізге бір жомарт адам келіп, барлық қаржылай мүмкіндіктеріңізді жасаймын деді. Сіз қандай іспен айналысқан болар едіңіз?

9. Кітап оқисыз ба? Егер оқысаңыз сол туралы айтып берсеңіз.

10. Елбасымен кездессеңіз ол кісіге қандай өтініш айтқан болар едіңіз?

11. «Қайырымдылық», «мейірімділік» дегенді қалай түсінесіз?

12. Атыңызды неге Алдапберген деп қойған?

Анама

Кеудеңде мені тербеттің,

жас шыбық енді көктеді.

Мінеки мен де ержеттім,

еңбегің бекеркетпеді.

 Өмірде мынау ең жақын,

аяулым сенсің,анашым!

Болмаса мейлі зор даңқың,

мен үшін бірақ данасың.

 Мейірім төккен нұр жүзің

тұрғандай сезем жанымда.

"Адал бол,- деуші ең, - жұлдызым",

сақталды сөзің жадымда.

 "Игі еңбек түбі осы-ау" дер

көргендер жеміс ағашын.

Қартаймай, мәңгі жасай бер

мәңгілік Күндей, анашым!

 Өміріңе немқұрайлы қарама..

 Тыңда досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден өтті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама..

Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп!

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан

Өміріңе немқұрайлы қарама..

Шақша басың айналса да бақыттан.

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де, досым қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама..

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,

Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба,

Өміріңе немқұрайлы қарама..

Тағдыр жолы қарсы алдыннан соқса да,

Күн сағатта сақтау үшін өз басын.

Сатып кетсе сеніп жүрген жолдасың,

Өміріңе немқұрайлы қарама..

Айдын көлге айналса да көз жасың

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Қанша азап көрсең-дағы бауырым,

Өміріңе немқұрайлы қарама..

Жігерлендіру

Сен жыладың, жігітім,

Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,

Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.

Сен жыладың,

Сезімің жасып ағып,

Кіп-кішкентай балаңды қасыңа алып,

Қырмызы күнім өтті деп.

Сенгенім сатып кетті деп.

 Сен жыладың:

Аңғармай қалдым орды деп,

Қадамым сәтсіз болды деп

Бір қатты соққы алдым деп

Бақытсыз болып қалдым деп.

 Сен жыладың:

Мен бірақ селт етпедім,

Білем сені тағдырдың ерке еткенін,

Білем сені – өр көңіл,жомарт едің,

Енді бүгін…қалай бұл кер кеткенің?

 Жә,жә жарар,

Өткен күн оралар ма,

Қарау керек, бауырым ,саған алға

Басыңдағы бөрік пе,

Орамал ма?!

Бөрік болса,ауыс тез басқа күйге,

Көз жасыңды көрсетпе,сұранамын,

Әй,әй,жігіт,сен маған ұнамадың.

 Жас нәресте көруге тиісті емес,

Әкесінің еңкілдеп жылағанын,

Әкесінің тым күйреп құлағанын.

Ерлік пенен ездіктің жолы қатар

Екеуінің арасы бір-ақ адым.

Көз жасыңды көрсетпе сұранамын.

Көтер, қане, басыңды,қалай бұның,

Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?

 Көтер, қане,басыңды,

Күніңді босқа өткізіп пе едің ,

Тағдырың неге сыр айтты сараң,

Өмірдің барлық сәтсіздіктерін

Бақытсыздық деп кім айтты саған?

 Кім айтты саған:

Тұлпарды сүрінбейді деп,

Асауды мінілмейді деп,

Ақ көйлекті кірлемейді деп,

Қара ешкі мүжіген ағаш

Қайтадан гүлдемейді деп

 Кім айтты саған

Жұрттың бәрі мейірбан,арайлы деп,

Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,

Биікті ардақтайды деп,

Ақылды қорлатпайды деп…

 Тоқырау білмес айбыны

Адалдық деген – әлемнің ұлы байлығы

Бетіне жиған ұяттыӘйтсе де,кейде ол кінәмшіл бала сияқты

 Тірлікте осы баланы

Өкпелететіндер бар да

Жұбататындар бар,

Жек көретіндер бар да,

Ұнататындар бар,

Арын сатып қорлайтындар бар да,

Жанын сап қорғайтындар бар.

 Қиналып бекер алаңдадың-ау,

Ойыңды шығар өріске

Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау

Жеңудің бәрі жеңіс пе?

Жігітке арман жеткізіп пе еді

Өз сорын өзі жеңбесе

Өмірдің барлық сәтсіздіктері

Бақытсыздық емес,ендеше!

Жүрек

Жұрт көзіне көрінгенмен көңілді,
Оңашада өлең болып егілді.
Сағыныштың жанарынан жаралған
Жан-тәнімен сүйіп өтті өмірді.
Айыратын алтынын да, жезін де,
Айыратын еркегін де, езін де.
Туылғаның қандай ғажап жан аға,

Жүрегі бар адамдардың кезінде!

Бір күнімді, арашалап бір күннен,

Бір түнімді, оңашалап бір түннен.
Жаралар деп, жүрегі жоқ біреулер,
Жүрегімді жасырумен жүрмін мен.
«Данышпанбыз», «данагөйміз», «батырмыз»,
Ақиқаттың ұмытқанбыз атын біз.
Аярлықтың асқынғаны соншалық,
Жүрексіз-ақ өмір сүріп жатырмыз.

Кім бар дейсіз, астарына тереңдер,

Барлығы да кердеңдеген «кемеңгер».
Жүрегі жоқ ақындардың қолымен,
Жазылуда жүрегі жоқ өлеңдер.
Үрімдей боп үн қатқанда ізгі күн,
Үлбіреген үміт жібін үзді кім?
Мыналардың бәрі қалай сыйған, – деп,
Жүрегіңе үңілеміз біз бүгін.

Әріп пен ұғым

 Көз алдымда зымырайды елік-күн,

Елік-күнге мен қалайша еріппін?!
ЖАН деген бір үш әріп кеп ғайыптан,
ӨМІР деген төрт әріпке еніппін.
Содан бері бұлдырайды сағым-күн,
Сағым күнде сабылумен жаным жүр.
АНА деген үш әріпке жаутаңдап,
БАЛА деген төрт әріпті жамылдым.
Сол атауды өтіп жатқан жеңді күн,

Жеңді күнім, менің атым енді кім?!
ӘКЕ деген үш әріптен таныдым,
ДАЛА деген төрт әріптің кеңдігін.
Жайсаң жанға шапағатын құйсын күн!
Құйсын күнім, махаббаттан күйсін мұң.
АРУ деген үш әріпті армандап,
СҰЛУ деген төрт әріпке сүйсіндім.
Ақ пен қара жолдарымның жолағы,

Жолағы да уақыттың қонағы.
ДОС деген сол үш-ақ әріп кей кезде,
ТУЫС деген төрт әріптен жоғары.
Тас төбемде жарқ еткенде жасын күн,
Жасын күнде жасағандай жасым мың.
ЖЫР деген сол үш әріпке ғашық боп,
АҚЫН деген төрт әріпке бас идім.
Тістенумен кейде көзге жас алып,

Жас алумен кете алмассың жасарып.
ЖЕР деген бір үш әріпте жүрміз-ау,
ӨЛЕҢ деген төрт әріптен өш алып.
Ғажап шақтың өтеріне ой салмай,
Ой сала алмай, тентектіктен тайсалмай.
АҒА деген үш әріпке жетіппіз,
АҚЫЛ деген төрт әріпті айта алмай

Қаражал қаласының білім бөлімі

№30 ЖББОМ

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Жан жылуын іздеген...»

Өткізген: Хусайн Ханат

 

Автор: dauke | 9-09-2016, 22:13
Қарау саны: 677
    
Жарнама

Пікірлер -
1


Қолданушы offline GregoryJinue - 22 ақпан 2017 06:31
Ты бы скачал активатора для windows, тогда и заработает
-----
скачать активатор http://aktivator-windows.net/

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :