Қазақ хандығының 550 жылдығы » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Қазақ хандығының 550 жылдығы


Қазақ хандығының 550 жылдығы

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай дайындылған сахналық қойылым сценариі

Дайындаған: Хусайн Қанат қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Жәйрем кенті №30 ЖББОМ

Бірінші көрініс: ( «Саржайлау») күйі

 -Ассалаумағалейкум,ағалар.

-Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.

 Аян: (Ақсүйектер басшысы)

-Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей –берекетсіздік басып алды. Хан-екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?

 Ержан (Керей): О, халайық, халқымыздың басына қиын – қыстау кезеңдер келді. Әбілқайыр хандығы құлдырау үстінде. Шығыстан төнген жауға әйел, бала – шағамызды құлдыққа бермейміз. Осы мәселені бірлесіп шешкен жөн.

- Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

 Ернат (Жәнібек): Ел болып, өз жерімізге басқару жүргізетін кез келді. Ел болам деген жұртқа ең ыңғайлы кезең. Осы кезді пайдалана алмасақ, енді басымыз бірікпеуі мүмкін. Оның үстіне жат елдердің хандары мен патшалары да ауыздарын арандай ашып тұр. Олардың қолына түсіп, талан - тараж болып кетуіміз де мүмкін.

«Қазақ» деген атпен жеке дара мемлекет құрайық.

 Дастан: (Сұлтандар)

-Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.

 (Халық дүбірлесіп, талқылауда) «Сұлтандардың айтқаны жөн. Иә, жеке мемлкет құрайық, мемлекет қазығын қағатын кезең — осы».

 Ернат (Жәнібек): Ендеше, қазақ руларының игі жақсыларын жинаңдар. Хан кеңесін өткізейік. Қазақ рулары ендігі жерде бір тудың астында біріккен қазақ мемлекеті болсын.

Дастан: -Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді.Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?

Керей:

Ия,көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.

 Дастан: -Біз дайынбыз бастаңыздар көшті.Біз сіздермен біргеміз.

Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзіңіз бір бата беріңіз.

Керей: Бата береді.

Екінші көрініс: Ақтабан шұбырынды. (Күй «Кішкентай»)

 2 - жүргізуші: 1723 жылы қазақ халқы айтқысыз зор зобалаңға тап болды. Ата – қоныс, құтты мекен, Ақтабан шұбырынды.

2 — жүргізуші: 1723 жылы қазақ халқы айтқысыз зор зобалаңға тап болды. Ата – қоныс, құтты мекен, мал – мүлкінен айрылған, жаяу шұбырған халық қаңғырып, қыстың ақ қар, көк мұзында малы жұттан, үсіп өлді. Ашаршылыққа ұшыраған халық өсімдік тамырларын, жаужұмыр, алғыр, қозықұйрық сияқты жабайы өсімдіктерді теріп жеп, қайыршы күн кешті.

 (әйелдер, балалар, қарт пен ана шығады.)

 Аян: (Қария)

Уа, ел жұртым!мынау қандай заман болды, жұртымның тозы – тозы шықты. Көш кетіп барады. Елім аштан қырылуда.

 Шынар: (Ана)

Құдайым – ау, біз болсақ қартайдық, ең болмаса мына балаларға жәрдемдес, осылар тірі болсыншы, ұрпағымыз аман қалсыншы.

 Айбол: (1 – қария)

Адам баласы өмірінде көрген жақсылық пен жамандықтың бәрін ұмытпауы керек. Біз осы көрген күнімізді не деп атасақ екен?

 Ерасыл: (2 – қария)

Бұл ақтабан шұбырынды Алакөл сұлама болсын. Мұның мәнісі, Атамекен мал мүлкінен айырылған аш – жалаңаш, босқан ел шұбыра – шұбыра табаны ағарып, азып, тозды, ел жұртынан айырылды.

 Дәулетбек: (3 – қария)

Дұрыс айтасың, қария. Әкеден ұл, анадан қыз айрылды.

Қайран елім –ай, қайран жұртым-ай. Мынау боз далада осылай боздап қалғаның ба?

Құлдыққа бас ұрмайтын, Дұшпанға бас имейтін қайда біздің ұлдар?

(«Елім — ай» әні айтылады.) Барлығы күйзелген күйде бірінің соңынан бірі сахнадан шығады.)

Үшінші көрініс: Абылайдың ақ туының астында

(«Кішкентай»)

1 – жүргізуші:

Қазақты ел еткен Әз Жәнібек, Тәуке хан, Абылай хандар, жерін қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырларымыз. Елге ақыл айтқан, дауларын шешкен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер еді.

 Ғалымжан: (Абылай)

Уа, халқымның көсемдері, осынау қиын – қыстау заманда ел басына «жоңғар» деген атпен қара бұлт төніп тұрған жағдайда, халықты біріктірер қариялар өздеріңізсіздер. Маған сіздердің ақыл – кеңестеріңіз керек.

 Әнуар: (Төле би)

Дұрыс, ел болып біріксек, ешқандай жау бізді ала алмайды. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді». Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры биік ел едік. Іргемізді ірітпей, бір жағадан бас, жеңнен қол шығарып, атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді.

 Аян: (Қазыбек би)

Атадан ұл туса, құл болам деп тумайды. Анадан қыз туса күң болам деп тумайды. Бетегең кетсе бел қалар, билігің кетсе ел қалар, бірлігің кетсе нең қалар деген. Үш жүздің баласы атқа қонса біздің бірлігімізді кім алмақ?

Әр руға шабандоздарымызды жіберейік, халыққа хабар айтсын.

 Дастан: (Әйтеке би)

Жөн. Ел ішінен қол жинауымыз керек. Рулар арасындағы кикілжіңді артта қалдырып, айбарлы батырларымыздың басын біріктірейік. Қас жауымызға қарсы шығайық.

 Ғалымжан: (Абылай)

Туған жерді өзгелерге бермейміз, туған елді басқаларға билетпейміз. Үш жүз бірігіп, жерімізді қорғаймыз.

Ей, үш жүздің баласы. Ата жауға керегемізді қираттырып, шаңырығыңды шайқалтқызып отыратын біз емес. Талай білекті батырларым мен еңіреп туған ерлерімнің басы қас дұшпанның қанжығасында кетті. Ұлы таудың басында тұрып, мына ұлы даланы ұрпағыма аманат етуге тиіспін. Болашақ ұрпақ үшін қасық қанымыз қалғанша соғысамыз. Жанындағы батырлардың барлығы: дұрыс айтасыз хан ием. Я әруақ қолдай гөр. Абылай, Абылай! Алаш! Алаш!

 Төртінші көрініс: («Қобыз»)

Ұлт-азаттық көтеріліс

 2- жүргізуші:

1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болды.

 Айбол: (Наурызбай батыр)

Кене аға, маған екі жүз жігіт беріңіз. Жаудың шебін жарып өтейік. Ағыбай, Иман, Бұқарбай, Бұғыбай батырлар да осы ақылды құп көріп отыр.

Ернат: (Кенесары хан)

Жаудың шебін жарып өтіп аты жүйріктеріміз

құтыламыз. Ал қалған қараша халық қайтеді? Қырылады ғой. Соңыма ерген елімді жауға тастап, өз басымды құтқарсам менің кім болғаным?! Жоқ, өлсек те бәріміз бірге өлеміз, құтылсақ та бірге құтыламыз.

Айбол: (Наурызбай сұлтан)

Аз соғысқан жоқсыз ғой, ағеке. Ресей, Хиуа, Қоқан. Енді, міне, Ресейге қарсы бірікпедің деп қырғызбен де қырылысып жатырмыз.

Ернат: (Кенесары хан) Мен сен айтқан елдердің озбыр билеушілерімен ғана соғыстым. Қарапайым халықта еш өш-қасым жоқ! Әйтпесе қол астымда қырғыздар мен қарақалпақтар, түркiмендер мен өзбектер, орыстар болар ма еді? Башқұрлар келiп зеңбiрек құйысар ма еді? Жоқ! Мен жекелеген ұлт-ұлыстармен емес, қазақ елінің нақты жауларымен соғысамын... Қазақтың жауы - менің жауым

Айбол: (Наурызбай сұлтан) Аға, келіп қалды!

Ернат: (Кенесары хан) Мін атқа. Ертеңім үшін ештеңеден тайынбақ емеспін.

Бесінші көрініс: Бес арыс және Алаш арманы

«Кісен ашқан» күйі

1- жүргізуші:

1925-33 жылдары Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырығына тіреп, негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2-3 жылда малдарынан түгел айырылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. Қазақ аштықтан қырылды.

2-жүргізуші:

1937 жылы асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды.

Енді бұрынғыдай атқа мінгізіп, зеңбірекке қарсы шауып, қанға бөккеннен мән шықпайтын еді.

1 – жүргізуші:

Өткен ғасырдың басында тарих сахнасында: «Оян, Қазақ!» деп жар салған зиялылардың жаңа шоғыры шықты. Дербес мемлекет құруды аңсап, азаттық жолында бастарын бәйгеге тіккен Алаш қайреткерлерінің бәрі де тоталитарлық өктемдіктің құрбаны болды.

Дәулетбек: (Тергеуші)

(мына шалды ұстау үшін талай амал жасадық.)

Сіз Алаш өкіметін білесіз бе? Мақсаттарың не?

Дастан: (Әлихан)

Сен не деп тұрсың? Алашты білмесең, анау мұртты коммисарың сияқты мақұрым қалпыңда қаласың.

Мен Алаш партиясының төрағасымын, үкіметінің премьер-министрмін. Дұрыстап қой сауылыңды.

 Дәулетбек: (Тергеуші)

Онда Совет өкітметіне қарай қандай мәселе қозғадыңдар?

Дастан: (Әлихан)

Мен тағы қайталап айтамын, Алашорда өкіметінің премьер-министрмін. Біз халық коммисарларының төрағасы Ленинмен «Бір мемлекет екінші мемлекетті мойындады», сондықтан да Советтің құрамына кіреміз деген шарт жасастық.

Дәулетбек: (Тергеуші)

Сендер Ленин өлді деп оны ұмыттыңдар ма? Кімнің жолымен жүрсіңдер?

 Дастан: (Әлихан) Ешкімнің жолымен жүрген жоқпыз. Көне түркі заманынан бері тарихы тасқа қашалған Қазақ елі үшін күресудеміз. Және де бойымыздан жанымыз шыққанша күресе береміз

Дәулетбек: (Тергеуші)

Қарауыл қайда? Әкетіңдер мынаны! Тартындар өлім жазасына, атындар бәрін!

Дәулетбек: (Тергеуші) Қалған ұлтшылдар қайда? Сендер совет өкіметінің жауысыңдар. Өңкей байдың тұқымы. Совет өкіметі сендерді түп тамырларыңмен жояды. Егер ұрпағың қалса, бастарың түгілі сүйектеріңнің қайда қалғанын білмей дал болар.

 Дәулетбек: (Тергеуші) Ахмет Байтұрсынов

Ғалымжан: (Ахмет)

Мен өлсемде өлемін жөнімменен,

Тәннен басқа немді алар өлім менен?

Өлген күні артымда елім қалар

Жоқ болмамын көміліп тәніменен.

 Дәулетбек: (Тергеуші) Міржақып Дулатов

Әнуар: (Міржақып)

…Алаштың адал даласы

Армансыз өткен данасы

Қош, бауырым, жолдасым!

Армансыз сенің өз басың

Қабыл болып құрбаны,

Алашты құдай оңдасын.

 Дәулетбек: (Тергеуші) Мағжан Жұмабаев:

Аян: (Мағжан)

 Әй тәккапар дүние

Маған да бір қарашы

Танимысын сен мені,

Мен қазақтың баласы

 Дәулетбек: (Тергеуші) Жүсіпбек Аймауытов:

Ерасыл: (Жүсіпбек)

Шықпаса жаным денемнен

Не салса, талдыр көрем мен,

Біз үшін өлмейтін Алаш бар

Бір ғана соған сенем мен.

Дәулетбек: (Тергеуші) Әкетіңдер мыналарды үрітпей. Алашшылын өздерінің. Қайдағы елдік. Атылсын бірі қалмай!

(Жендеттер бәрін сүйреп желкелеп, жекіп алып кетеді. Тергеуші тапаншасын жұлып алып соңдарынан ере жүгіреді.)

 Алтыншы көрініс: Ұлы Отан соғысы

Левитанның дауысы Свещенная война

(Сахна артында сөз айтылады) Орысша, диктор даусы: 1941 жыл 22 маусым 3 сағат 55 минут. «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Бүгін 22 маусым кұні сағат төртте неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлкеттік шекерасын басып кірді».

 Ақбота: (1 – келіншек)

«Соғыс, соғыс» — дейді естідіңіздер ме? Естідіңдер ме деймінг?

Әйгерім: (2 – келіншек)

Не дейді? Сұмдық – ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не болар екен? О Тәңірім-ай бұл не болды тағы да? Бұл елдің жетімі мен жесірінің көз жасы кеппеген еді ғой әлі.

 Шынар: (Ана)

Қойыңдар! Жамандық шақырмандар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес па? Ер ел үшін туған жоқ па?

 Ержан: (Қария)

Ат басына күн туса, Ауыздықпен су ішер. Ел басына күн туса, Етігімен су кешер – деген.

Айбол: (Ер – азамат)

«Отан үшін отқа түс күймейсің» - деген халқымыз. Ел қорғауға ер намысымен аттанған. Біздің алдымызда үлкен белес жатыр. Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз. Ендеше, Отан үшін аттанайық!

 2 – жүрізуші: Иә, «Жеңіс» бізге оңай келген жоқ. Бұл қасіретті соғыста 70 миллион адам құрбан болса, соның 25 миллионынан астамы Кеңес Одағынан, ал 650 мыңнан астамы қазақ болды. Кеңес Одағының батырыатағын алған Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов сияқты ағаларымыз болса, Әлия мен Мәншүк сияқты апайларымыздың ерлігін ешқан ұмытпаймыз.

 1 – жүрізуші: Иә, тарих қойңауыңда тағы да бір кезең. Ол 1986 ж. 16 желтоқсандағы Алматыдағы Қазақс жастарының көтерілісі еді, Желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбекова, Ербол Сыпатев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сында қаншама жастарымыз тәуелсіздік жолында құрбан болды.

 Жетінші көрініс: Желтоқсан желі

«Көңіл толқыны» күйі ойнап тұрады

Көрініс: Ортаға дабырлай басып бір топ жастар шығады. Барлығы дабырласа:

 Естідіңдерме? Бұл не масқара? Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз? Ең болмаса ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда кім ойлайды? Жан-жаққа жатақханаларға, институттарға, қыздарға хабар барды ма екен?

 Ғалымжан: (Қайрат)

Ел болайық жасатарым, азат, жаңа,

Көргеніміз ит өмір азап қана.

Табанында басқаның езілмейміз.

Қазақты билеу керек қазақ қана.

 Дастан: (ЕрболСыпатаев)

Демократияны бұғаудан босатыңдар, әр халыққа өзінің көсемі керек.

 Әнуар: (3-жігіт)

 Желтоқсанның қариды түнгі ызғары

Совет – кісен бойнымды бұрғызбады.

Халық болып қашанға тапталамыз.

Жиналыңдар қазақтың ұл-қыздары.

 Толғанай: (Ләззат)

Достар-ау, бұл бізге ұлы сын

Еркіндік – елімнің жырысың

Қазаққа жақсылық әпермес,

Колбинің кім өзі, құрысын?!

 Ақнұр: (Сәбира)

Өгей қозы біз болдық енемізге,

Келімсектер шықты ғой төбемізге .

Ақиқат жоқ, маңайың толған аңыз,

Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.

 Осы кезде жан-жақтан милиция, солдаттар қоршай бір дөкей шығады.

 Қарулы солдаттар:

— Тараңдар әйтпесе күш қолданамыз.

 (Ешкім қозғалмайды, осы кезде жаңағы дөкей қолын сілтеп қалады. Сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай - шу, қызыл қанға боялады)

 Сегізінші көрініс: Тәуелсіздік толғауы(7-сыныптың оқушылары)

«Ата толғауы» күйі ойнап тұрады.

Айбынды Алаш сен кімнен жасқанасың?

Бүгін сен біраз ұлтқа баспанасың.

Құлан жортпас даласын гүлге бөлеп.

Құба белге тұрғызған астанасын

 Семеймен Аралға ұқсап қасіретті

Келешек күйремесін керегем еш

Қазағымның қарыштап дамуы үшін

Атомның бомбасы енді керек емес

 Нұр шуағын әлемге шаша білген

Жыр тарихын биікке қашап ілген

Барлық ұлтты баурына баса білген

Алашымның рухы құламасын

 Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға алаш деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі өзім – қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын

Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен.

Бір кезде Еуропаны тітіреткен.

Кешегі хан Шыңғыстың ұрпағына,

Талай царь, талай князь тәжім еткен.

Қазақстан!

Пай, пай, пай, ардағым-ай!

Сен менің шолпанымсың жанған ұдай,

Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,

Өлмейтін махаббатым, арманым-ай.

Мерейім – нұрлана бер, азат Күнім,

Көрейін бақытымның азаттығын.

Тауымды тамылжытқан бостандықтан

Танылды бар әлемге қазақ бүгін!

Даласынан бастау алған дастаны

Мәңгі көкшіл түпсіз терең аспаны.

Бауыр көрген бөтенді де басқаны

Бейбіт өркен – менің Қазақстаным

 «Көк тудың желбірегені» Барлық қатысушылардан құралған хор.

Автор: dauke | 9-09-2016, 22:20
Қарау саны: 452
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :