» » ЖАС ДАРЫННЫҢ ЖАН САРАЙЫН АШАТЫН


ЖАС ДАРЫННЫҢ ЖАН САРАЙЫН АШАТЫН

№56 мектеп-лицей кітапхана меңгерушісі : Қ.Т. Қозыбаева


«Жас дарынның жан сарайын ашатын» атты «Абай-Шәкәрім» және «Кітапқұмарлар» клубының шығармашылық жұмысы Мақсаты:*Жас ұрпақты Абай тағылымында тәрбиелеу. Жеке тұлғаның шығармашылық құзыреттілігін дамыту бағытында жұмыстар жүргізу. *Оқушының ізденуін қалыптастыруды жетілдіру. *Мектеп кітапханасымен байланыста болып, ақын-жазушылардың шығармашылығы арқылы жастарды адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға баулып, халқына, ата-анаға, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.Өткізілетін орны: «Абай-Шәкәрім» клуб-мұражайы Көрнекі құралдар: видеобейне, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, техникалық құрал – жабдықтарҚонақтар:Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, қоғам қайраткері, ақын -сазгер Әкім Ысқақ , республикалық семинардың қонақтары, оқушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер ,кітапханашылар.

ЖАС ДАРЫННЫҢ ЖАН САРАЙЫН АШАТЫН

 

ЖАС ДАРЫННЫҢ ЖАН САРАЙЫН АШАТЫН

 

ЖАС ДАРЫННЫҢ ЖАН САРАЙЫН АШАТЫН

 

Жүру барысы: ***1-жүргізуші: «Сәлем-сөздің анасы» демекші, армысыздар семинар қонақтары!2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, «Мектеп кітапханалары жұмысының негізгі аспектілері» атты республикалық семинарға қатысушылар!1-жүргізуші: «Бір күн таныстыққа, қырық күн сәлем»деген, біз өз мектебімізді қонақтарға таныстырып жібермейміз бе?

2-жүргізуші: Иә, «Мектеп - білім мен тәрбиенің киелі ордасы» емес пе? Бұл қарашаңырақ-іскер басшы Жұмағазы Әзенұлы басқаратын жаратылыстану-математика бағытындағы №56 мектеп-лицейі.1-жүргізуші: «Миуалы ағашқа барлығы да қарайды» дегендей, бұл мектеп-лицейін өз жемісін молынан беріп келе жатқан құттыхана десек те болады.

2-жүргізуші: «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз бекер айтылмаған. Осының бәрі тек қана білікті ұстаздардың маңдай терінің арқасы.

1-жүргізуші: Ал бізді осылайша мақалдап сөйлеуге, сөз өнеріне баулитын , бізге қосымша білім беретін орын ше ? Қонақтар оны да біле отырсын.

2-жүргізуші: Иә, оның рас, Ал бұл жайында ,яғни «Абай-Шәкәрім» клубының жұмысы туралы сіздерге Аружан мен Дильнұр айтып береді.

Абай – Шәкәрім” клубын таныстыру Клубтың мақсаты: Жас ұрпақты Абай тағылымында тәрбиелеу. Жеке тұлғаның шығармашылық құзыреттілігін дамыту бағытында жұмыстар жүргізу.Практикалық мәні: "Абай – Шәкәрім” клубына мүшелікке алу, Абай мұраларын насихаттау, мұражайға саяхат, әр түрлі кездесулер өткізу, ғылыми жоба, үйірмелерге қатыстыру..«Абай-Шәкәрім» клуб- мұражайы-ұлттық құндылықтарды қастерлеудің көзі .«Абай-Шәкәрім»клубы жоғары интеллектуалды, рухани бай, өмірге әлеуметтік жағынан бейімделген тұлғаны қалыптастыру мақсатында құрылды.Клуб 3 бағытта жұмыс істейді: 1.Әдеби 2. Елтану 3. Этнография «Абай-Шәкәрім» клубыныңқұрылған уақыты: 2007 жыл, сәуір Санаты: Қосымша білім беретін «Абай-Шәкәрім» клубы Ашылуына ой тастаған: Республикалық «Абай» клубының президенті, жазушы Роллан Сәрсенбаев.Сыртқы ортамен байланыс: * «Атамекен Қазақстан Картасы» этнокешені *Астанадағы «Абайтану» орталығы * Семейдегі, Жидебайдағы мұражайлармен байланыс Клуб өз жұмысын бастағаннан бері ақын-жазушылармен, қоғам қайраткерлерімен кездесулер, түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Қалалық Абай-Шәкәрім» оқулары да осында өтеді. Қос ақын дүниеге келген Семей өңіріне, Жидебайға мектеп оқушылары барып, мұражайларын көзімен көріп қайтады.Клуб ішінен ұйымдастырылған шағын мұражайымыз экспозициялық материалдармен толығу үстінде. Мәжіліс депутаты, ақын-сазгер Әкім Ысқақ тарту еткен кілемшеге тоқылған Абай бейнесі, ата-аналар тапсырған қазақтың тұрмыстық бұйымдары, Абай мұражайынан естелікке берілген қобыз, Қорғалжын өңіріндегі көп балалы батыр ана Майқанова Гүлбадам тапсырған өрнекті тұскиіздер – клубтың алғашқы жәдігерлері.«Технология» кітабының авторы, технология пәні мұғалімі Мырзабай Зәкірұлы Қожахметов «Шебер қолдар» үйірмесі арқылы «Абай-Шәкәрім» кесенесінің жобасын ұсынды. Осының барлығы Абай арман еткен қазақы болмысты, ұлттық құндылықтарымызды сақтау мақсатын көздейді. Біз «Абайды оқы, таңырқа! Шәкәрімнен сөз таны!» ұранымен тәлім-тәрбие алудамыз.

 

 

 

//Сейдалы Ботагөз«Абай ұрпақтары» //

***1-жүргізуші: Міне, біз осы клубта өз шығармашылық қолтаңбамызды қалдырып келеміз. «Болмасаң да ұқсап бақ» деп, Абай атамыз өнегелі сөзімен ұрпағын талмас талантқа жетеледі. Біз бүгін осы залда әлем әдебиетінің жарық жұлдызы- дана Абайдың 170 жылдығына Абайдың қара сөздерінтарту етпекпіз!2-жүргізуші: Иә, Абай дегенде толғанбайтын қазақ, ойланбайтын адамзат болмайтын шығар сірә?! Олай болса, ойлы өлеңдерімен, асыл сөздерімен өскелең ұрпаққа жол сілтеген Абайдың 45 қара сөзінің түйіндерін тыңдайық! //«Абайдың 45 қара сөзінің түйіндері»/ 6-сынып оқушылары/

1-жүргізуші: Иә, біз барлық білімді кітаптан, кітапханадан,үйірме- клубтан үйренеміз. Кітап пен білім ошақтары -бірінен-бірі ажырағысыз рухани қазыналар. Кітап- сананы нұрға бөлеуші. Ал,ақын -жазушыларымыз болса, өз шығармаларын жас ұрпаққа сыйлауда.

2-жүргізуші. Сен білесің бе, сөйлеу мәдениетіне, шешендік өнерге кітаппен бірге,теледидар тіліде жетелейді. Мұнда сөйленген сөздерді жүз мыңдаған адамдар тыңдайды. Олай болса , бойға-қуат, ойға -тың серпінді білім мен өнерден іздеген шәкірттеріміздің «Өмір- өзен» хабарын қабыл алыңыздар!

...............................................................................................................................

1-жүргізуші. Міне, семинар қонақтары ! Сіздер жеке тұлғаны тәрбиелеудегі іс-әрекеттерге куә болдыңыздар. 2-жүргізуші:Өздеріңіз көргендей, олар кітапханадан, үйірме, клубтардан ақын-жазушының сөз қолданыстарын үйренеді, оң тәрбие алады . 1-жүргізуші: Енді сіздер не айтар едіңіздер? Семинар жұмысынан не түйдіңіздер?2-жүргізуші: Жақындатып жақсылардың арасын, Жақсы дәстүр тапты бүгін жарасым. Талай игі шаралардың ұйытқысы Сіздерге де жұрт қызыға қарасын, - деп өздеріңізден түйін сөзді күтеміз./Шынайы лебіздеріңізге мың алғыс!/ Сіздердің құрметіңізге шығармашылық клуб мүшесі Бидахметов Қайсар өлең оқиды.

1-жүргізуші: Міне, Абай мен Шәкәрімнің ұлағатын бағалап,әр сөзін саралау-Абай ұрпақтарының ,білікті ұстаздардың парызы. Ендеше, осы ұжымның басшысы- Жұмағазы Әзенұлы мен «Абай-Шәкәрім»клубының жетекшісі Роза Ғарифоллақызы қорытынды жасасын.

2-жүргізуші: Сіздермен қоштаса отырып, баршаңызға толағай табыс, отбасылық бақыт тілейміз! «Өмір-өзен» хабары Аружан: Қайырлы күн, теледидар көрермендері! Сіздердей жыр сүйген , өз ақындарын бағалаған рухани бай адамдардың назарына «Өмір-өзен» телехабарын ұсынамыз.Хабарды жүргізетін, мен- Ақтасова Аружан Ал бұл хабарға арнайы шақырылған ақын -сазгер , Қазақстан Жазушы-лар Одағының мүшесі, қоғам қайраткері, Әкім Ысқақ ағамызға қол соғып, қошемет көрсетіп жіберейік. Өмір-өзен, бұл -еңбекті сүйген жандарменен сырласу; Өмір-өзен, бұл- ақындар тағдырымен мұңдасу ; Өмір-өзен, бұл - «өлең-жыр» деген сырлы асу! Аружан . Олай болса, еңбектің «өмір-өзенінде» қайнаған, «қос бестікпен» шығармашылық шыңында жайнаған Әкім Ысқақ ағамыз туралы бір үзік сыр ./ Көрермендерден сұрасақ/ Аружан : Ендеше, ақынаға, балалар сіздің ең қымбат базарлығыңыз- «Күн ұлымын» атты кітабыңызбен танысыпты. Кәне, көрермендер ақынның қандай жырларын тарту етер едіңіздер? // оқушылар ақын өлеңдерін оқиды/ Аружан : Ұрпаққа арнаған осындай тамаша жырлары үшін ақын ағаға қол соғып құрмет көрсетейік. Біз ақынның өз аузынан бізге жұмбақ сырларын, әдемі жырларын тыңдауға әзірміз, солай ма? ( слайдтар көрсетіледі)Арнадым айға тіл қатып, Адамға айтпас мұңымды. Алқара түнге тыңдатып, Ашамын жұмбақ сырымды,-деп жырлаған ақын ағадан айтылмаған сыр, оқылмаған жыр сұраймыз. //Ақын өз өлеңдерін оқиды. //

Аружан: Ал,енді сұрақ қойып, бүгінгі жүздесуді қыздыра түсейік . Кімдер ,қандай сұрақ қояды? (Сұраққа жауап беріледі Аружан: Құрметті Әкім аға, біз үшін уақыт тауып, әңгімелесіп, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге мың алғыс! Бүгін сізбен болған мектептің жас оқырмандарына батаңызды беріп кетсеңіз екен.

Аружан : Кір жуып, кіндік кескен жеріңізге, Мол шарапат жасапсыз еліңізге. Аман-сау боп деніңіз жүріңізші.

Нардың жүгін көтеріп беліңізге!-деп,сізге алғысымызды білдіріп, «Өмір-өзен» хабарын аяқтаймын. Сау-саламатта болыңыздар! Хабарды жүргізген, мен- Ақтасова Аружан .Келесі кездескенше қош сау болыңыздар! Кешті ұйымдастырғандар- Халесова Р.Ғ. және Қозыбаева Қ.Т. 12.11.2015 ж

 

Автор: dauke | 19-10-2016, 21:18
Қарау саны: 1239
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :