АБАЙТАНУ САЛАСЫНДА «ҰЛЫЛЫҚ ӨНЕГЕСІ», «АБАЙТАНУ» АТТЫ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ! » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » АБАЙТАНУ САЛАСЫНДА «ҰЛЫЛЫҚ ӨНЕГЕСІ», «АБАЙТАНУ» АТТЫ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ!


АБАЙТАНУ САЛАСЫНДА «ҰЛЫЛЫҚ ӨНЕГЕСІ», «АБАЙТАНУ» АТТЫ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ!

АБАЙТАНУ САЛАСЫНДА

«ҰЛЫЛЫҚ ӨНЕГЕСІ», «АБАЙТАНУ»

АТТЫ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ!

 Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы – биік парасат пен ерекше жаратылыс иесі, табиғи болмысы айырықша қазыналы кемеңгер. Абай өсиет еткен өнер-білім, адамдық, ар жолында талмай іздену қажеттігін ұға біліп, үлгі тұтсақ келешек ұрпақты тәрбиелеуде мағыналы нәтижелерге жетеміз.

Міне осындай Абайтану саласында үлгі боларлықтай нәтижелі зерттеу мен қажырлы еңбектің екі бірдей жемісі жарыққа шықты.

Жуырда "Әзірет Сұлтан” Мемлекеттік тариxи-мәдени қорық-мұражайы директоры, ф.ғ.к., доцент Ж.М.Әубәкір және Семей қаласы Т.Аманов атындағы №16 орта мектептің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.А.Кұнафинаның құрастыруымен «Әл Наир» баспасынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған «ҰЛЫЛЫҚ ӨНЕГЕСІ» атты көмекші оқу құралы оқырман назарына ұсынылды.

Ұсынылып отырған көмекші оқу құралы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірбаяны мен шығармашылығы жайында тарихи деректі әңгімелер, зерттеулер, суреттерден топтастырылған. Кітап Абайды тереңдеп тануға қызыққан зерттеушілер мен әдебиетанушыларға, мектеп, колледж, ЖОО ұстаздары мен жоғарғы сынып оқушыларына арналған.

Сонымен қатар Ж.М.Әубәкір, Г.А.Құнафинаның 5–7 сыныптарға арналған «АБАЙТАНУ» кешенді оқу құралы ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және оқу бағдарламасы бойынша құрастырылған. Бұл оқу құралында «Абайтану» факультативтік курсы бойынша оқытылатын пәннің тақырыптық негізі жүйеленген. «АБАЙТАНУ» курсының негізгі мақсаты – мектеп оқушыларына А.Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылылығы, философиясы, қоғамдық, эстетикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы, музыкалық мұрасы жайлы толық мағлұмат беру және ақын туралы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамту болып табылады.

Абайтану тарихы — бүгінде үдере дамып, өсу, өркендеу жолында. Сондықтан бұл оқулықтар бүгінде қалыптасқан Абайтану саласына қосылған үлкен үлес болып табылады. Қос қарлығаштай тізбектелген туындылар – «ҰЛЫЛЫҚ ӨНЕГЕСІ» көмекші оқу құралы мен 5–7 сыныптарға арналған «АБАЙТАНУ» оқулық хрестоматиясының жарыққа шығуы құтты болсын!

АБАЙТАНУ САЛАСЫНДА  «ҰЛЫЛЫҚ ӨНЕГЕСІ», «АБАЙТАНУ»  АТТЫ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ!

  АБАЙТАНУ САЛАСЫНДА  «ҰЛЫЛЫҚ ӨНЕГЕСІ», «АБАЙТАНУ»  АТТЫ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ!

 АБАЙТАНУ САЛАСЫНДА  «ҰЛЫЛЫҚ ӨНЕГЕСІ», «АБАЙТАНУ»  АТТЫ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ!

 АБАЙТАНУ САЛАСЫНДА  «ҰЛЫЛЫҚ ӨНЕГЕСІ», «АБАЙТАНУ»  АТТЫ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ!

Автор: dauke | 21-10-2016, 22:27
Қарау саны: 598
    
Жарнама

Пікірлер -
5


Роза Далелова - 23 қазан 2016 00:30
Авторларға шексіз алғысымды білдіремін! Мектептің мұғалімдеріне үлкен көмек. Абайға деген қызметтеріңіз табыстарға жетелесін.

Айман - 24 қазан 2016 12:07
Жақсы жаңалық екен бұл. Қаламдарыңыз ұштала берсін!

Құтты болсын ұстаздар мен оқушыларға септігі тисін. Сайтта жағымды жаналықтар көбейе берсін.

Омаров Роллан - 24 қазан 2016 17:06
Жұмыстарыңызға табыс тілейміз құрметті ұстаздар.

Ұрпақ үшін жасаған қызметтеріңіз ылайым жарқырай берсін. Абай рухы қолдасын әріптестер!!!

Балжан - 25 қазан 2016 10:17
Абайтану ғылымы ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық жолын, әдеби мұраларының мәні мен маңызын тану, тағылым алу сияқты бүгінгі күннің өзекті мәселелері жас ұрпақтың білікті тұлға болып қалыптасуына ықпал етері сөзсіз. Алғыс айта отырып, шығармашылықтарыңыз бен зерттеулеріңіз шарықтай берсін.

Данияр Құсайын - 26 қазан 2016 11:41
Бәрекелді құттықтаймыз! осындай еңбектер көбейсе, саналы ұрпақтың Абайға деген ынтасы артып, білімі толыға түсер.

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :