» » Сарқылмас қазына. Бесік жыры


Сарқылмас қазына. Бесік жыры

3 сынып

Әдебиеттік оқу

Мұғалім: Атырау облысы

Мақат ауданы

Мұса Баймұханов атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі:

Сарбалина Жумажан Сагингалиевна

Сабақтың тақырыбы: Сарқылмас қазына. Бесік жыры

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларды халық ауыз әдебиеті – халық шығармаларының түрлерімен таныстыру. Бесік жыры.

Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық әдебиет негіздері туралы білімдерін дамыту.Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде ұлтжандылыққа тәрбиелеу..Ел егемендігін, ұлттық рәміздерін қастарлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

 Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Пікірлесу:

«Сарқылмас қазына» деген сөзді қалай түсінесің? (Тақтамен жұмыс).

Оқулықпен жұмыс.

 

Өлеңмен жырланған халықтық шығарманы жыр дейміз. Ол кейде төрт түлік малға арналғандай қысқа, кейде батырлар жыры сияқты ұзақ болады.

 

Сондай жырлардың бірі - бесік жыры.

Бесік жыры не үшін немесе қай кезде айтылады?

 Оқулықпен жұмыс.

- Мәнерлеп оқып беру.

- Мазмұнын түсіндіру.

- Өлеңді оқушыларға тізбектей оқыту.

 

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

1.Анасы баласын қалай жұбатады?

2.Ол баласын жақсы көрген сезімін қандай сөздермен білдіреді?

3.Анасы баласына тілегін қай жолдарда айтады?

4.Ол баласының үлкейіп‚ адам болуын армандағанын қандай шумақтардан байқадың?

5.Анасы баласының кім болуын қалайды? Сенің кім болғың келеді?

6.Өлең неліктен «Бесік жыры» деп аталған?

1. Өлеңдегі анасының баласына кім болар екенсің деп санамалап айтқан мамандық түрлерін теріп‚ дәптеріңе жазып ал.

2. «Көп қиыннан өтерсің» жолының мағынасын түсіндіріп көр.

3. Осы өлеңнің зөіңе ұнаған шумағын жаттап ал.

 Қаз басып жүре бастаған баланың тұсауын кесерде‚ оны үш түрлі тілекпен кеседі. Бірінші баланың тұқымы шөптей көп болып өсіп-өнсін деп‚ аяғын шөптен ескен жіппен

тұсап кеседі. Екінші‚ малы көп және малы семіз‚ күйлі болсын деп‚ аяғын тоқ ішекпен тұсап кеседі. Үшінші‚ адал болсын‚ біреудің ала жібін аттамайтын шыншыл болсын деп‚ баланың аяғын ала жіппен тұсап кеседі.

 Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Әңгімені бөлімдері бойынша түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

 

Автор: dauke | 8-11-2016, 20:30
Қарау саны: 2711
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :