Шамалар, оларды өлшеу » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Шамалар, оларды өлшеу


Шамалар, оларды өлшеу

Атырау облысы Мақат ауданы Мақат кентті

Мұса Баймұханов атындағы орта мектебінің

бастауыш сыныбының мұғалімі

4 сынып

Математика

Мұғалім: Нуркасимова. Какима. М

Сабақтың тақырыбы:Шамалар, оларды өлшеу (санның ондық жүйесі)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушылармен 3 сыныпта өткен материалдарды қайталау, пысықтау. Шамалар, оларды өлшеу, санның ондық жүйесімен таныстыру.

Дамытушылық: Шамалар, оларды өлшеу дағдыларын, есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік:

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..

Жаңа сабақ.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс.

1. Жаз және оқы:

- Үшінші разрядтың 6 бірлігінен, екінші разрядтың 4 бірлігі және бірінші разрядтың 7 бірлігінен тұратын сан 647

- Үшінші разрядтың 6 бірлігінен, екінші разрядтың 4 бірлігі және бірінші разрядтың 0 бірлігінен тұратын сан 640

- Үшінші разрядтың 6 бірлігінен, екінші разрядтың 0 бірлігі және бірінші разрядтың 7 бірлігінен тұратын сан 607

- Үшінші разрядтың 6 бірлігінен, екінші разрядтың 0 бірлігі және бірінші разрядтың 0 бірлігінен тұратын сан 600

 2. Цифрлармен жаз:

- сегіз жүз тоқсан бес 895=800+90+5

- жеті жүз жетпіс жеті 777=700+70+7

- сегіз жүз бес 805=800+5

- жеті жүз жетпіс 770=700+70

- жеті жүз 700=7 жүзд

 Әр санда неше жүздік бар? Жүздікті көрсететін цифрларды ата.

Әр санда неше ондық бар? Ондықты көрсететін цифрларды ата.

Әр санда неше бірлік бар? Бірлікті көрсететін цифрларды ата.

 3. Бір санды пайдаланып үш таңбалы неше сан көрсетуге болады? Неліктен?

111=100+10+1

222=200+20+2

333=300+30+3

 4,5 -тапсырмалар ауызша орындалады.

 6.Ұзындық және масса бірліктерін пысықтау. Үлес ұғымы

 Ұзындық бірліктері Масса бірліктері

--------------------------------------------------------------------------

 7. Сан қатары.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

10 20 30 40 50 60 70 80 90 100

100 200 300 400 500 600 700 800 900 1000

 Әр қатардағы келесі санды қалай шығарып алуға болады?

Әр бағандағы сандар жоғарыдан төмен қарай қалай өзгерді?

Әр бағандағы сандар төменнен жоғары қарай қалай өзгерді?

 8. Есептерді шығар.

Пияз – 100 кг

? кг көкөніс әкелінді

Картоп - ? кг, одан 3 есе артық

100×3=300 (кг) – картоп

100+300=400 барлығы

Ж: асханаға барлығы 400 кг көкөніс әкелінді.

 10. Тез есептеп үйрен:

 Сабақты қорыту:Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: 8 (2) , 9

 

Автор: dauke | 8-11-2016, 21:02
Қарау саны: 727
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :