ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА


ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА
Оңтүстік Қазақстан облысы
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНАМақтарал ауданы, Асықата кенті
«Жеңіс» мектеп – гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Салимова Гүлсара Оразқызы
Тарих пәнінің мұғалімі
Қазақ хандығының 550 жылдығына
Шайбани Абылхайрға сақтадыма кек
Ұлы көшті бастады Керей, Жәнібек
Болашақты болжаған, оны өзгерткен
Ұлыларға ұрпақтары табына бермек.

Батыста шекара Жайықтан қайтты
Ұлы Қасым хандықтың жерін ұлғайтты.
Тәукенің заманын дана халқымыз
«Алтын ғасыр» болды деп, тауып айтты.

Мәмілегер, көреген хандар тұсында
Кетпеді қазақ жері жау уысында
Керісінше, Мәскеумен, көрші елдермен
Қарым-қатынас орнады Қасым тұсында

Қазақтың бағына туған аналар
Қазақтың хандары елге паналар
Халқыңа қызмет ет, сенің міндетің
Деп, батасын берген ата-бабалар.

Жәнібек, Хақназар орны бір бөлек
Хандыққа қосылды халық лек боп лек
Ноғайлар, монғолдар, Сібір халықтары
Тарихтың бағытын ұғынды, демек

Түнде ұйықтамай, күндіз отырмай
Жауларға соққы берді ұлы Таукел
Есімнің кезінде Ташкент шаһары
Қазаққа қосылып шаттанды мың ел.

Тарих сахнасында міне, тұр Есім
Тұрсынға көрсетпей зорлық пен қысым
Данышпан, көреген қасиеттерімен
Жеңді ол жауларды сағаттарда сын.

Отырар мен Түркістан Сайрам мен Созақ
Атауын алды деп мәңгіге қазақ
Жерінен шетінен жауын қудалап
Отанын қорғады көрседе азап

«Абылайлап» жауға шапты Абулмәнсурде
Бабалар аруағы қолдап өмірде
Үш жүздің ханы болды, еді Сабалақ
Суреті аруағы тарих төрінде

Тарихта орнықты, жері кеңейді
Жаулап алды жауыздар, бізді демейді.
Қалалар, аймақтар қолма-қол өтіп
Қазақтың жаулары көпке кемейді.

Хандардың қайсысын айтпасақ та бүгін
Аспанда бұлт тарқап ашылады күн
Олардың ерліктерін мәңгі жырласақ
Мәңгілік ел болуға лайықпыз, мүмкін

Қосқолан тауында жау әскерімен мол
Жеңіске сеніммен бастап келді қол
Он есе көп жауға тойтарыс берді
Салқам Жәнгір, батырлар, Орбұлақта, сол

Ол хандар мәңгілік қалды тарихта
Ол хандар қалмады қиыннан ықта
Әліде тереңірек зерттесек тағы
Ашылады тарихтың қарасы, ағы

Қазақтың хандары мәңгі мақтаныш
Халқының ерлігінен алып жігер-күш
Олар заңгер, саясаткер, олар қолбасшы
Халқын біріктірді, жүзге бөлмей үш.
Автор: dauke | 27-02-2015, 23:13
Қарау саны: 659
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :