Үш тілдің маңызы

Арал аудандық білім бөліміне

№ 13 орта мектебінен

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Нұрбаева Ләззат Қуатуллаевна

Үш тілдің маңызы

Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі.

(Н.Ә.Назарбаев)

Иә, Елбасымыз ана тілінің қадір-қасиетін арттыруға әрдайым баса көңіл аударып келеді. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор. Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы. Біз үштілділікті тәуелсіз еліміз үшін стратегиялық мәні ерекше құбылыс деп бағалаймыз. Ендеше, үш тілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік білім құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі басты қажеттілік. Ата заңымызда да әлемдік тілдердің қай-қайсысында тануға ерік берілген. Мемлекетіміздің саяси, экономикалық, мәдени байланыстары бірнеше тілде білім алуды қажет етеді. Олай болса, жаңа ғасырға лайық даму мен өрлеу жолында келе жатқан елімізді әлемге танытатын бүгінгі мектеп қабырғасындағы білімді ұрпақ болмақ. ҚР «Білім туралы» Заңында «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі және шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген. Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек».

Әдебиет пен тіл – рухани егіз пәндер болғандықтан, оларды бірлікте ала отырып жүргізген сабақтарда үштілділікті қолдану аясында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін, зерттеушілік әрекеттерін дамытып, салыстыру, талдау, дәлелдеу сынды дағдыларын қалыптастыруға түрткі болдық. Сондай-ақ, үндестіктерін табу, салыстыру жұмыстары оқушылардың қызығушылығын оятады. Қазақ тілі-қазақ рухының қан тамыры. Денеге қан жүрмесе, оның тіршілігі тоқтайтыны сияқты, қазақ рухының бойына қазақ тілі арқылы ғана жүретін қан жүрмесе, қазақ ұлты да, сол ұлт құрып отырған Қазақстан мемлекеті де түптің түбінде жойылмақ. Сондықтан тіл тұғырын биікке көтеріп, «Тіл туралы» заңды жүзеге асыру- «ұлтым» деп соққан жүректің міндеті. Ұлтымыздың ұлы байлығы-тілімізді отбасы, балабақша, мектеп болып бірлесіп қолға алуымыз қажет. Білім, тәлім-тәрбие, қарым-қатынас аясы-ұлттық тіл арқылыжүзеге асыру шарт.Отбасы тәрбиесі, ұстаз ұлағатымен ұштасып, бірін-бірі байытып, асқақ арманға, ұлы мұраттарға қанат қағуы керек. Өзін қазақпын деп есептейтін әрбір азамат қазақша ойлап, қазақша жазуы тиіс. Басқаша әрекет- азаматтыққа сын.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, Елбасымыз атап көрсеткендей: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез кезген орайында әрі қарау, әрі қалқан, әрі байырғы, мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тіліміз» мәңгі жасасын демекпін.

 

Автор: dauke | 20-11-2016, 20:26
Қарау саны: 1655
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :