Жомарт күз » Қазақша білім сайты
Жарнама



Жомарт күз

«Қызғалдақ» шипажай балабақшасы

«Жомарт күз»

(ІІ сәбилер тобының күз мерекесіне арналған ертеңгілігі)

 Дайындаган :

Атырау облысы Доссор кенті

«Қызғалдақ»

санаторлы типті балабақшаның

әдіскері: Аналбаева Жанат Жагоровна

 Доссор кенті 2016 ж

2-ші кіші сәбилер тобына арналған күз мерекесінің ертеңгілігі.

Мақсаты: Балаларды алтын күз мерекесіне қатыстыра отырып, күзгі көкөністер мен жеміс жидектерді ажырата білуге үйрету.Күз мезгілінің берекелі, мерекелі екенін ұғындыру.Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Күз мерекесіне сай безендірілген залға балалар әуен ырғағымен кіреді.

Тәрбиеші:

Алтын күз сәуле шашты даламызға,

Той думан өтіп жатыр қаламызда

Табиғаттың тамаша бір мезгілін ,

Қарсы алмай біздер бекер қаламыз ба?

Құрметті ата-аналар,әріптестер,балалар! Сіздерді бүгінгі "Жомарт күз" мерекесімен құттықтаймыз.Күз барлығымызға молшылық, ырыс, қуаныш әкелсін.Күзіміз әрдайым берекелі, ырысты болсын.

Ортаға қошемет пен балаларымызды шақырайық.

(Күз мерекесіне сай безендірілген залға балалар әуен ырғағымен кіреді)

Тәрбиеші:

-Алма,өрік,шие,алмұрт

Жидек ,жүзім піседі

Қауын,қарбыз,қияр,сәбіз

Дүкендерге түседі

Астықпісіп, орақ түсіп

Қырман дәнге толады

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (күз)

(Балаларға сұрақтар қойып, жауап алу.)

Балабақша меңгерушісі Санатбаева Какима Серікқызына сөз береміз.

Тәрбиеші:

Соңғы шуақ төгіліп, салқынданып тұр аймақ,
Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап.

Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз
Жер қызығын қиялмай, маужырап тұр сары күз.

 "Күн,күн" әнін орындап берейік.

-Дұрыс айтасыңдар, жапырақтар сарғайып, күн салқындайды, жаңбыр жауады, күзде астық жиналады.)

Келші, келші алтын күз,

Келші, келші жарқын күз.

Мерекені жалғастырып,

Ойнап күлші алтын күз.

(Залға қолында жеміс жидек салған кәрзенкесі бар Күз ханшайымы кіреді)

Күз Ханшайымы: Берикова.Д.Б.

Сәлеметсіздерме, балалар!
Сәлеметсіздерме, қонақтар!
Мен - Алтын күзбін!

Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге.

 Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Өзіңмен бірге береке, байлық, мол ырыс әкелгеніңе бізде қуаныштымыз.Енді балалардың өзіңе арнаған өнерлерін тамашалаңыз.Біз саған арнап ән салып береміз

Балалардың орындауында "Алтын күз"әні.

Тәрбиеші:

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Алма пісіп албырап,
Көзді тартқан қоңыр күз.
Мәуе пісіп балбырап,
Маужыраған қоңыр күз.
Алма пісіп албырап,

-Бізге жемістер келіпті, жемістердің өнерін қабыл алыңыздар

Шие – Сұлу:

Мен шиемін,шиемін,
Күнніңкөзінсүйемін.
Қышқылшырынменде бар,
Төменбастыиемін.

Жүзім-Жанмира:

Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақболыптізілдім.
Өрік –Ислам:
Мен өрікпін,өрікпін,
Бау-бақшағакөрікпін.

Алмұрт – Шапал(Диас):
Мен алмұртпын,алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың

Тәрбиеші:

Жауын жауса қуанып,

Көмекке келер қолшатыр.

Қолшатырды алайық,

Шырқап биге салайық.

Балаларымыздың орындауында "Қолшатырларлар" биі

Көзді тартқан қоңыр күз.
Біздің елге келіпті ғой Алтын күз,
Жомарттығын бақыладық бәріміз.
Кім табады, кім табады келіңдер.
Көкөністер өнерін бір көріңдер.
Жеміс – жидектермен бірге көкөністер де келіпті енді соларды тыңдап көрейік.

Қарбыз- Ақылбек:

Теңбіл-теңбілқарбызды,
ТентекСерік жарғызды.

Қызанақ- Аяулым:

Піскенкездеқызанақ,
Көз тартар қызылтүсімен.
Бар маадамсүйсінбей,
Томат шырынынішпеген?

 Пияз –Мақсат (Ильяс):

Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық-барлықтағамға.
Көкөністерішінен,
Мен пайдалы адамға.
«Жау-жау жаңбыр» әнін қабыл алыңыздар

Сәбіз-Диас:
Кім бар сәбізшырынын
Жастайынанішпеген?
Меніжегенадамдар,
Кем болмайды күшке де!

Шапағат-Шалқан:
Кім білмейді Шалқанды?

Адамдар маған таң қалды.

Бәріне сый боламын

Тауып көр менен дарханды
«Көңілді бау-бақша» биі қабыл алыңыздар

Тәрбиеші:

Тентек жел шашып кетіпті
Жапырақтарды сан алуан
Тезірек жинап алайық

Қане, қане кім жылдам?!

Ойын «Кім жылдам?»(Ата-аналармен ойын,жемістер мен көкөністерді ажыратып жинау)

Көрініс: «Шалқан» ертегісін тамашалаңыздар.

Ата: - Шапағат

Әже:-Сұлу

Қыз:- Аяулым

Күшік:- Ильяс

Мысық:-Ислам

Тышқан:-Диас

Ата-аналардың «Жомарт күзге» арналған қолөнер көрмесі.

Күз ханшайымының өнерін тамашалаймыз.

Тәрбиеші:

Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген

«Күз жомарт» әні

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп -көп рахмет.

Автор: dauke | 29-11-2016, 21:17
Қарау саны: 195
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :