Ар – намыс керек адамға » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Ар – намыс керек адамға


Ар – намыс керек адамға

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Атырау облысы Мақат ауданы Мақат кенті М. Баймұханов атындағы орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Ермагамбетова Фариза

Тақырып: Ар – намыс керек адамға

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бойынан дұрыс әрекет құндылығын жарыққа шығару арқылы

ұят, намыс, ар туралы түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі: Ұят, ар, намысты оқушылардың бойында ояту арқылы ар- ұждан

тазалығын сақтай білу ұғымының мән – мағынасын ашу.

Дамытушылығы: Оқушыларға рухани деңгейге жетудің 5 сатысын түсіндіру.

Тәрбиелілігі: Дұрыс әрекет құндылығы арқылы ізгілікке бағыттай отырып,

ішкі ұяты бар, арлы бола білуге үйрету.

Ресурстар

құралдар, мәлiметтер

оқулық, дәптер, видеоролик

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5Т ережесін сақтау

2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

3.Үй тапсырмасын тексеру. 11 ші сабақ Абайдың қара сөздері «Отыз

алтыншы сөзі» оқу талдау.

Сұрақтар: Шығармадан қандай ой түйдіңіз?

Неліктен Абай ұялмас нәрседен ұялғанды – ақымақтық жамандық дейді.

«Шын ұят» дегенді сөзді қалай түсінесіз.

Сабақ барысын талқылау:

4. Дәйексөз.

«Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» Халық мақалы

Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

Мұғалім сыйы

«Адамның атын адамгершілік шығарады» бейнеролик

Сұрақтар:

Бейнероликте кім туралы айтылған?

Әжей неше жаста?

Әжей қандай жұмыстар атқарды?

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1- топ: 1ші жағдаят

2- топ: 2ші жағдаят

3 - топ: 3ші жағдаят

6. Топпен ән айту.

Дүние керуен

7. Үй тапсырмасы.

Оқушы дәптері 21беттегі 2- тапсырма Төмендегі ұғымдарға анықтама жазып келіңдер.

Ар __________________

Намыс ________________

Ұят _________________

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

 

Автор: dauke | 29-11-2016, 21:57
Қарау саны: 404
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :