Тәрбие-тал бесік » Қазақша білім сайты
Жарнама



Тәрбие-тал бесік

Тәрбие-тал бесік

«Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған, жақсы, жаман болса бала солардан»,-деп Ж.Баласағұн айтқандай, әр ата-анадан зор үміт күтуге болады.Әсіресе қазіргі кезде қазақтың тәлім-тәрбиесі керек-ақ.Меніңше, тәрбиенің көзі-ата-әжелерімізде.Қазақтың отбасында тәрбие мәселесі: алдымен әдептілікке үйретуді көздеген, әке-шеше өз баласына «әдепті бол» дегенді бастыра айтады, иманды, мейірімді болуға, тіл алғыш, шыншыл, ата-ананы құрметтеуді, халық үшін қызмет етуді әрдайым үйретіп отырған.

Ал қазіргі ата-аналар міндетінде осындай жауапкершілік жүктелген бе? Осы сауалды қазіргі жас ата-аналарға қойғым келеді.Қазіргі заманда технология дамыған, баланың көңілі соған ауып кеткен.Ата-аналар таңертеңнен кешке дейін жұмыста, күн көру, табыс табу қамында. Бала тәрбиесіне уақыты шектеулі.

Мен өзім 11 сыныпқа жетекшілік етемін.Сыныбымда 19 оқушы бар, 13 қыз бала, 6 ұл бала.Негізінен сынып ұйымшыл, кез келген жүктелген тапсырманы жұмыла көтереді.Әр түрлі мінезді балалар оқып жатыр. Сыныбымда Балауса, Дина, Ақбота,Әсия,Алтынай, Амина, Бахтияр секілді жанұяда тәрбиелі өскен қыз балалар бар.Бойларынан қазақ қыздарына тән қасиеттердің бәрін көруге болады. «Қыз анадан үйренбей өнеге алмас» деген сөз бар ғой.Осындай асыл аналардың тәлім-тәрбиесін алған қыздарымнан көп үміт күтем.

Аналары «өз аналарымыздан үйренген тәртіптерді қыздарымызға жеткізіп, құлағына құйып отырамыз, бала тәрбиесіне көбінесе шеше жауапты ғой» дегенді сөзге тиек етеді.Міне, ескінің жырын жаңартатын, «Бала нені білсе жастан, ұядан» демекші, осындай ата-аналар болса, нұр үстіне нұр болар еді.Бала тәрбиесіне осындай үлкен бір жауапкершілікпен қарайтын ата-ананың баласы да өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтыны сөзсіз.

Тәрбиенің өзі-тәртіп пен еңбектен басталады ғой, сондықтан баланы жастайынан уақытында тиып, еңбекке баулу қажет.Мектептерде мұғалімдер үйретуден кенде емес.Мәселен, қазақтың салт –дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптейтін «Наурыз мерекесі» мектебімізде ерекше аталып өтеді.Әрбір сынып қазақ халқының ұлттық киімдерін киіп, ұлттық тағамдарын дайындап, сынып бөлмелерін безендіріп, ұлттық ойындар ойнайды, би билеп, ән шырқайды.

 

 

Мереке қызықты да тартымды өтеді.Міне, мектепте ұстаздар үлкен тәрбиелі де мәнді шаралар өткізіп, оқушы бойына дарытады.Ал оны ары қарай жалғастыратын ата-ана болса.

Қазіргі заманда бір-екі бала туып, сол баланың тәрбиесіне емес, оның құрбысынан кем қалмасын деп-бағалы киім, компьютер, көлік әперіп қамтамасыз етеді.Бәрі дайын. Енді мұндай балалардың мәселесі бола ма? Бәрі болсын, бірақ сол бала қиналмай тапқан заттың қадірін білмей өспей ме? Басқаның еңбегін қадірлей білмейтін балалар осыдан шықпай ма?

Сондықтан белгілі әдеп-ғұрып, тәрбие көріп өскен бала қайтсе де жақсы қасиеттерді өз бойына сіңірері сөзсіз.Кезінде бала ата-ана әперген киімді киіп, үлкен адам келе жатса, алдынан кесіп өтпей, құрмет көрсететін. Өйткені ата-анасы солай үйретті.

Ал қазіргі бала үлкенді тосып, өткізбек түгілі, қағып кетуге бар.Көліктерде үлкендер түрегеліп тұрып, балалар орындықта отыру әдетке айналған. Соларды көргенде үйлерінде үйретпей ме, тәрбиесі қайда деп қынжыласың, «қазақшылығын» үйрететін үйінде үлкен жоқ па екен деп налисың.Сол себепті балаға халқының салт – дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын үйрету керек.

Айтарым, бала тәрбиесін тек мектепке ғана жүктеп қоймай, жанұядан дамытып, өрбіту басты мақсат. Өнегелі ұл-қызың өссе – өз отбасыңның мерейі емес пе?!

 

Мамандандырылған «Мұрагер» мектеп-интернатының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Абдильдина Сая Кенесбековна

 

Автор: dauke | 9-12-2016, 21:31
Қарау саны: 245
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :