Көкіністер » Қазақша білім сайты
Жарнама



Көкіністер

Сабақ жоспары

Мұғалім дефектолог – Сатаева Гүлнар Сабақ №

Тақырыбы: Көкіністер

Түзету мақсаты: Көкініс туралы түсініктерін қалыптастыру. Күзгі жер байлығы туралы ұғымдарын кеңейту.

Түзету бағыты:

● Ұсақ моторика мен дәм сезу, ауыз қуысының жұмысын дамыту.

● баланың ойлау, ойлану қабілетін ояту.

● тілдің сөздік қорын дамыту.

● Ойын жеткізу, түсіндіру, талқылау қабілеттерін ашу.

● Сөзбен сөзді байланыстыра отырып сөйлету.

● Есту, көру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Күздегі бақша суреттері,көкіністердің суреттері,боямақтар.

Түзету жұмыстарының бағыты

Сабақ бөлімінің мазмұны

Көрнекілігі

Релаксация

Ұйымдастыру бөлімі

1.Қимылды жаттығулар: «Өсімдіктің тұқымы»

Дефектолог. Мен сіздерді кіп-кішкентай көкіністің тұқымына айналдырамын.Жерге отырамыз. Күннің шуағы тұқымды қыздырады. Жаңбыр жауады. Тұқым өседі. Өсіп-өсіп өсімдікке айналады. Балалар жайлап қолдарын көтеріп,күннің көзіне жақындайды. Күннің көзі қатты қыздырады. Өсімдік басы салбырап, жерге иіледі. Балалар бастарын салбыратып,төмен қарайды.Еденге отырады. Жаңбыр жауады. Қайтадан басын көтереді.

Жатттығуды қайталайды.

 

 

Көре отырып қабылдау, зейінін қалыптастыру.

Тақырыпты ашу.

Дефектолог.

Біз бүгін базарға барамыз. Базардан анамызға қажетті көкіністерін сатып аламыз.

Базардағы көкөністердің суреттері.

Жалпылама қорытындылау

Дефектолог.

2.«Көкіністердің атын ата» ойыны.

Анамызға қажетті көкіністердің атын атаймыз. Суреттердегі көкіністерді атаймыз. Осы көкіністерді бір сөзбен «көкіністер» деп атаймыз.

 

Есту қабілеті және қабылдау,ұсақ моторикасын дамыту.

Дефектолог.

Сатып алынған көкіністерді сумкаға салуға көмектесеміз.

3. «Көкіністерді жинау» ойыны

«Біз қапқа қызылшаны саламыз». Балалар қайталап отырып,келесін сала береді.

4. «Суретті боя» ойыны

Боямақтағы көкіністердің суретін өзінің түсімен бояимыз.

Ақ қағаздағы жартысы салынбаған суреттерді қарындашпен салып аяқтайды.

Дәм сезу

Дефектолог.

Жасалынған салаттың ішінде не бар екенін дәм арқылы айыру.

5. «Дәмімен атын тап» ойыны.

Балалар көздері байлаулы көкіністердің дәмін татып, атын атайды.

Ыдыста кішкене бөліктерге бөлінген көкіністер, көз байлайтын байлағыш.

Көру жадын тексеру

Дефектолог.Көкіністер қайда өседі екен?

6. «Суреттердің атын ата және есіңе сақта»

Суреттегі көкіністердің атын ататып, «көкіністер» деп аталатынын түсіндіріледі.

Көкіністердің суреттері

Жандандыру.

7.«Қызанақты» мүсіндеу.

 

 

 

 

8. «Артығын тап» ойыны.

Суреттердегі артық суретті табу керек.

Суреттердің бәрі көкіністер болса, арасынан біреуі жеміс болады.

Қорытындылау

Біз не білдік?

Бүгінгі саяхат ұнады ма?

Қандай ойын ұнады?

 

 

 


Көкіністер

Автор: admin | 22-12-2016, 09:40
Қарау саны: 225
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :