ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҰЛЫҚТАҒАН ИГІ ШАРАЛАР » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҰЛЫҚТАҒАН ИГІ ШАРАЛАР


ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҰЛЫҚТАҒАН ИГІ ШАРАЛАР

 

 ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҰЛЫҚТАҒАН ИГІ ШАРАЛАР

Қазақстанның білім беру және ғылым саласында жүйелі көптеген ғылыми-мәдени мекемелер еңбек етуде. Солардың қатарына музейлердің өзіндік атқарар ролі ерекше. Өйткені музей ғылымның, білімінің, өнер мен мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми-танымдық бағытта қызмет атқаратын өз алдына дербес мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Қазақ халқының болмыс-бітімін, асыл мұраларын, ұмыт болған тарихын, өнерін қазіргі ұрпақтың жадында жаңғыртатын, санасына сіңіретін, сонымен қатар, ел өнері мен мәдениетін барша әлемге паш ететін, шет елден келген қонақтарды өзінің әсемдігі мен жүйелілігі арқылы таңқалдыратын механизмнің бірі. Осындай іргелі мекемелердің бірі – «Астана» Ұлттық сурет галереясы болып табылады.

Бүгінде «Астана» Ұлттық сурет галереясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған шаралар легі жалғасын табуда. Галерея ұйымдастырған көрмелер өнермен танысу, тәрбие, білім беру үрдісінде оқушыларға нағыз ұлттық білім негіздерін беруге мүмкіндік тудырады деп санаймыз. Ол мүмкіндікті, біз көрермен мен галерея арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз ету жұмыстарының нәтижесінде пайдалана аламыз. Өткізілген шаралар түрлі формаларда жүргізіледі. Олар – түрлі акциялар, көрмелер ұйымдастыру, экскурсия жүргізу, лекция оқу, сыныптан тыс жұмыстар, танымдық сабақтар, дөңгелек үстелдер өткізу және т.б..

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», - деген пікірін қолдай отырып, галереяда өтетін әрбір шара ұлттық өнерді дамытудың жаңа бағыты ретінде қызмет атқарып келеді.

«Астана» Ұлттық сурет галереясының ұйымдастыруымен «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорында, Астана қаласының мүгедек балалар қоғамында, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында, Республикалық балаларды оңалту орталығында «Шаттық шұғыласы» қайырымдылық ақциясы өтті.

Қайырымдылық акциясының бақсаты мақсаттары мен міндеттері – мәдениет пен өнер арқылы әрбір баланың тұлғалық ой-өрісін ашу, дамыту. Тәуелсіз еліміздің болашағы болып табылатын кішкентай бүлдіршіндерге ойын мен сайыстар арқылы жақсы көңіл-күй сыйлау, шығармашылық арқылы баланың денсаулығын жақсарту, қабілеттілігін қалыптастыру, ынтасын арттыру болып табылады. Осы орайда, бейнелеу өнерін балалардың сауығу процесін оңтайландыруға пайдалануға болады. Кездесу барысында өнер арқылы балалардың сауығуына септігімізді тигізу мақсатында аппликация, сурет салу және ермексазбен әртүрлі мүсіндер жасау сияқты көптеген шеберлік дәрістер өткізіледі. Өйткені Арт-терапия әдістерінің бұл бағыттағы жетістіктері қазіргі таңда дәлелденген. Сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндер үшін «Менің Қазақстаным», «Алтын күз» атты тақырыпта театрландырылған қойылымдар қойылды.

Галереяда өткен «Ұрпақтар сұхбаты» атты акция барысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл ардагерлері және интернационалист жауынгерлермен кездесу және сұхбаттасу жүргізілді. Іс-шара ҚР Қарулы Күштерінің беделін көтеру және өскелең ұрпақтың патриоттық, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, патриотизм мен Отанға қызмет етуге дайын болуды, Соғыс және Еңбек ардагерлеріне ерекше құрмет пен қошемет танытуға бағытталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Астана» ұлттық сурет галереясында шетелдің сонымен қатар елімізге танымал, Халықаралық конкурстардың жүлдегерлері, отандық суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылды. Мысалы Қырғыз Республикасы және Қытай Халық Республикасы суретшілер Одағының құрметті мүшесі Б. Мырзалиевтің Халықаралық жеке көрмесі, Ресейлік суретші-график Ә. Қойлақаевтың «Ғасырлар түкпірінен», ҚР Суретшілер Одағының мүшелері – мүсінші Е. Есімов пен суретші А. Есімованың, Астана қаласының жас суретшілер қоғамының мүшесі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ж. Молдабековтің «Ұлы дала сыры», К. Нұрдың «Шағылыс», ҚР Дизайнерлер Одағы мүшелері Орал қаласынан шыққан «Women Art Дизайн» шығармашылық ұжымының «Жүректер үндестігі», Қазақстандық жас суретші, мүсінші, сәндік қолданбалы өнер шебері Ж. Нүгербектің «Қыз ғұмыр», суретші әрі дизайнер Г. Сұлтанбекованың «Жан иірімдері», сәндік-қолданбалы өнер шебері Ә. Досанова мен суретші Е. Жетігеновтің «Шабыт үндестігі», суретші, ағаш және сүйек өңдеудің шебері Р. Жүнісовтің "Алақандағы әлем" атты жеке көрмелері, сондай ақ «Алтын Адам» заманауи өнер мектебімен бірлесе отырып, «Түстер симфониясы» атты балалар шығармашылық көрме-байқауы, «Ұлы Дала мұрасы» атты сәндік-қолданбалы өнер туындыларының көрмесі, "Жас Астананың арт өнері" атты ашық аспан астындағы граффити өнерінен шеберлік дәрістері, фотограф, дизайнер әрі суретші А. Байсадықовтың "Көруге әуестік" атты жеке фотокөрмесі, ерте туған нәрестелердің халықаралық күніне орай «Мен мезгілімнен ерте тудым» атты қайырымдылық көрмесі өтті.

Аталған көрмелерге келген көрермендер назарына ұлттық нақышта жасалған түрлі жанрдағы жұмыстар, ерекше мәнердегі композициялар мен таңғайжайып түстік шешімдері бар пейзаж, натюрморт, портреттер, дәстүрлі емес әдіспен салынған графикалық жұмыстардың түпнұсқалық сериясы, қыштан жасалған өнер бұйымдары мен мүсіндік топтамалары, кескіндеме туындылары, көркем фотосуреттер ұсынылды.

Көрмелердің мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында бейнелеу өнерін дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлес қосу, Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерін ұлттық және әлемдік деңгейде насихаттау және дамыту, бейнелеу өнері бойынша талантты балаларға қолдау көрсету, өскелең ұрпаққа мәдени және рухани-эстетикалық тәрбие беру.

Сондай ақ Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарына арнайы бейнелеу өнері бойынша лекциялар циклі ұйымдастырылды. «Қазақстанның бейнелеу өнері», «Қайта өрлеу дәуірінің өнері», «Қазақстанның графика өнері», «Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері», «ҚР Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы» және тағы басқа тақырыптарда лекциялар өткізілді. Лекциялардың негізгі мақсаты - Қазақстанның бейнелеу өнерін дәріптеу, қоғамда бейнелеу өнері туралы пікірді қалыптастыру, қысқаша теориялық білім беру, жастардың бойында эстетикалық сезім тәрбиелеу, көркемдік талғам мен шығармашылық ой қалыптастыру, ұлттық тарих және әлемдік мәдениет бойынша білім беру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Елбасы ұраны – Мәігілік Ел», ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму», 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтағы ұмытылмас қасірет», Ядролық сынақтарға қарсы күрестің халықаралық күніне және Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай «Ядролық қарусыз әлем», Астана қаласы суретшілері және студенттердің қатысуымен «Бірлік түбі – береке», «Жазық дала шексіз уақыт секілді... – Сәндік қолданбалы өнер», «Тәуелсіз елім - тірегім» атты дөңгелек үстелдер, кездесулер, кітаптар презентациясы ұйымдастырылды.

Аталмыш шаралардың мақсаты - Елбасымыздың тұлғалық қасиетін, қайраткерлігін насихаттау, өскелең ұрпақ бойына ұлтжандылық, тарихи сана, азаматтық белсенділік сынды қасиеттерді сіңіруге ат салысу, оларды отансүйгіштік пен патриоттық сезімге баулу, сонымен қатар осы бағытта бейнелеу өнерінің, қылқалам шеберлерінің рөлі мен олардың қосар үлесін ашып көрсету. Жас ұрпаққа Тәуелсіздіктің мағынасын, маңызын, Тәуелсіздік атты тәтті ұғымның жемісін, баға жетпес байлығымыз – ұлт құндылығын берік сақтауымыз керектігін түсіндіру.

«Астана» ұлттық сурет галереясы ұйымдастырған әр шаралар Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналып, жас ұрпақ дүниетанымының дұрыс қалыптасуына, ой-өрісінің жоғары болуына, өнер мен мәдениетке деген көзқарасын қалыптастыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге негізделген. Сондықтан да өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтергенҚазақстанның болашағы жарқын боларына сеніміміз мол.

 

 Алмагүл Қажымұрат

«Астана» Ұлттық сурет галереясының ғылыми қызметкері,

Филология магистрі.

 














Автор: dauke | 22-12-2016, 19:26
Қарау саны: 666
    
Жарнама

Пікірлер -
2


Қолданушы offline Jamesluh - 6 сәуір 2017 12:06
Может кому надо отдам по дешевке Перейти
https://goo.gl/wPVx0P

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :