Ең кіші ортақ еселік тақырыбына есептер шығару » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Ең кіші ортақ еселік тақырыбына есептер шығару


Ең кіші ортақ еселік тақырыбына есептер шығару

Тақырыбы:Ең кіші ортақ еселік тақырыбына есептер шығару.

Мақсаты мен міндеттері:

Дамытушылық:Сандар туралы білімдерін дамыту.

Білімділік: Ең кіші ортақ еселікті бекіту. Сандардың бөлінгіштігін жалпылау. Сандардың бөлінгіштігіне берілген есептерді алгебралық тәсілдермен шығару дағдыларын қалыптастыру. Математикалық сөйлеу мәдениетіне үйрету.

Тәрбиелік: Творчестволық құлшынысқа, өз ойын еркін дәлелдеп жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың құрылымы:

I.Ұйымдастыру кезеңі (пәнді үйренуге мотивация беру, сабақтың мақсаты мен құрылымымен таныстыру).

II.Өтілген сабақты еске түсіру.

III.Өтілген материалдарды бекіту.

IV.Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау.

V.Үйге тапсырма.

Сабақта қолданылатын құралдар:оқулық, интерактивті тақта, таратпа материалдар, презентация.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі (пәнді үйренуге мотивация беру, сабақтың мақсаты мен құрылымымен таныстыру).

Мұғалім: Өткен сабақта біздер «Ең кіші ортақ еселік» ұғымымен танысқан болатынбыз. Бүгінгі сабағымыз «Ең кіші ортақ еселікті» бекіту сабағы. Сабағымыздың құрылымы сандардың бөлінгіштігін, ең үлкен ортақ бөлгіш, ең кіші ортақ еселік туралы алған теориялық білімдерімізді еске түсіру, оларды есептер шығару барысында қолдану.

Бүгінгі сабағымыз өз ерекшелігі бар сабақ. Өйткені біздер «Ең кіші ортақ еселік» еліне саяхатқа шығамыз. Саяхат барысында бірнеше аялдамаларға тоқтаймыз. Ол аялдамаларда білімдерімізді, шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетіп, саяхатымызды жалғастыруға мүмкіндік аламыз. Әуелі саяхатқа дайындығымызды тексерейік. Өткен сабақта үйге берілген тапсырмалардан сұрақтарың бар ма? (Үй тапсырмасының жауаптарын оқушылар интерактивті тақтадан тексереді). Енді саяхатымызды бастайық.

ІІ. Жеке жұмыс.

Бірінші аялдама – «Ауызша сұрақтар» аялдамасы. Оқушылардың теориялық білімдерін тексеру мақсатында ауызша сұрақтар беріледі:

1. Натурал сандар дегеніміз не?

2.Жұп цифрлар

3.Тақ цифрлар

4.ЕҮОБ

5.ЕКОЕ

6.8дің бөлгіштері

7.7нің 4 еселігін ата

8.Өзара жай сандар

9.ЕҮОБ(7,11)

10.ЕКОЕ(4,15)

ІІІ. Оқушылардың өткен сабақты игеру деңгейлерін тексеру және оларды жан-жақты дамыту мақсатында «Тапқырлық» аялдамасы алынды.

Топтық жұмыс: Мұғалім: Екінші аялдама – «Тапқырлық» аялдамасы. Бұл аялдамада есеп берілген сол есептерді дұрыс шешу арқылы ізделінді сөзді табу керек.

Есеп:. Берілген есептерді дұрыс шығарсақ елімізде өткізілгелі отырған дүниежүзілік көрменің атауы шығады.

 

Тапсырмалар

Жауабы

Сәйкес келетін әріп

1

ЕКОЕ(72;180)

11

С

2

Асқар 15 сәбізді неше ең көп дегенде неше қоянға тең бөліп бере алады?

300см

П

 

3

110 қызыл,99ақ және 154 сары түстерден бір гүлшоғындағы әр түс саны бірдей болатындай неше гүлшоғын жасауға болады?

360

Э

 

4

Қанаттың бір қадамының ұзындығы 75см,ал Мақсаттікі 60см.Егер олар бір нүктеден шықса,қандай қашықтық өткеннен кейін олардың іздері беттеседі?

4

О

5

Берілген сан 2ге де,3ке де бөлінуі үшін 86* санындағы жұлдызшаның орнына қандай цифр қою керек?

15

К

Оқушылар есепті дұрыс шығарса төмендегі сөз шығуы тиісті: ЭКСПО

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі туралы мәлімет беру (слайдпен)

Оқушылардың теориялық білімдерін есептер шығару барысында қолдана алу деңгейін тексеру мақсатында«Қате тұжырымды анықтау»аялдамасы алынды.

Мұғалім: Үшінші аялдама – «Қате тұжырымды анықтау» аялдамасы. Бұл аялдамада тұжырым ақиқат па, әлде жалған ба, соны анықтаулары керек және де ақиқат тұжырым 1 санымен, жалған тұжырым 0 санымен өрнектеледі.

1.Егер сан 3-ке бөлінсе, ол сан 9-ға да бөлінеді.

2.1cаны жай санға да, құрама санға да жатпайды.

3.Барлық жай сандар тақ.

4.120005құрама сан.

5.147 адамды үш командаға тең бөлуге болады.

6.Егер қосылғыштардың біреуі берілген санға бөлінсе, қосынды да сол санға бөлінеді.

7.Егер көбейткіштердің біреуі берілген санға бөлінсе, көбейтінді де сол санға бөлінеді.

Жауабы: 0101101

« Сергіту » аялдамасы.Оқушы осы сабаққа арнап өзі шығарған өлеңін оқиды.

«Танымдық» аялдамасы алынды.Бұл аялдамада оқулықпен жұмыс орындалады.

Топтық жұмыс.

Оқулықпен жұмыс: №720-723

ІҮ. Cабақты қорытындылау, рефлексия.

Мұғалім: Саяхат барысында нені еске түсірдік?

Оқушылар: Ең үлкен ортақ бөлгішті табуды, ең кіші ортақ еселікті табуды және сандардың бөлінгіштігін еске түсірдік.

Мұғалім: Неге үйрендік?

Оқушылар: Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікке берілген мәтін есептерді тани білу мен шығара білуге үйрендік. әсіресе «ЭКСПО» сөзіне берілген күнделікті өмірде қолданылатын есептер ерекше ұнады.

 

Ү.Үй тапсырмасы: №732

ҮІ. Оқушылардың білімін бағалау.

 

 

 

Автор: admin | 26-12-2016, 10:37
Қарау саны: 186
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :