Атадан қалған асыл сөз » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Атадан қалған асыл сөз


Атадан қалған асыл сөз

Тәрбие сағаты: «Атадан қалған асыл сөз»

Мақсаты :

Бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогиканы, ата-дәстүр, салт-сананы ұғындыру мақсатында көптеген жұмыстар жүргізіп келемін. Оқушыларды жастайынан мектеп ішінде өтетін өнер сайысына қатыстырып, өз білгендерін ортаға салып, тыңдаушы қауымға ,ата-аналарға сынатып отыруды жөн көрдім.

Бастауыш сынып оқушыларын халықтық салт-дәстүрден нәр алып өсуіне , инабаттылыққа, мейірімділікке, тәрбиеліболып өсуіне көңіл бөлу. Оқушыларды ата сөзіне қызықтыру. Өнегелі сөздер, қолдан үлкейтіп салынған ата мен немере суреті, мақал-мәтелдер жазылып, тақтаға ілінді.

Оқушылар бірде әдеби монтаждарын айта бастады.

1-оқушы: Айдана

-Жерден ауыр не?

-Судан терең не?

-Оттан ыстық не?

-Көктен биік не?

2-оқушы: Қарақат

-Жерден ауыр дегенім-ақыл-білім

-Судан терең дегенім-оқу-ғылым.

-Оттан ыстық дегенім-адамның өмірі.

-Көктен биік дегенім-тәкәппардың көңілі.

3-оқушы: Әлишер

-Алты алаш деген кім?

4-оқушы:Батыржан

-Алты алаш деген

-Алаша ханның балалары: Қазақ,Қырғыз, Қарақалпақ,Өзбек, Түркімен,Жайылхан.

5-оқушы: Дәурен

-не жетім?

6-оқушы: Нариман

-Жаңбыр жаумаса жер жетім.

-Басшы болмаса ел жетім.

-Ұқпасқа айтылған сөз жетім.

7-оқушы: Райымбек. Не тәтті?

8-оқушы: Аружан. Ананың сүті тәтті.

9-оқушы:Гүлнұр. Не жұмсақ?

10-оқушы: Айнұр. Ананың қолы жұмсақ.

11-оқушы: Али. Не қатты?

12-оқушы: Диана. Атаның жүрегі – қатты.

13-оқушы: Диас. Әкім деген сөзді ажырата білесіңбе?

14-оқушы: Алихан. «Ә» дегені әділ бол.

«К» дегені кекшіл болма , көпшіл бол

«І» ілтипатты бол,

«М» дегені менмен болма ,мейірбан бол.

15-оқушы: Әдемі.

-Көп жасаған қария.

-Ақылы теңіз дария.

-Көп өнеге сөзі бар.

-Сөзі соқпақ , өзі – нар

16-оқушы:Дильназ.

- Дүниеде не қымбат?

-Адам қымбат.

-Адамға не қымбат?

-Бала қымбат.

-Жансызда не қымбат?

-Гауһар қымбат.

Тәрбие сағатымыз аяқталуға жақын қалды, ортамызға үлкен ақсақалды атамызды шақырып бата сұрайық оқушылар.

17-оқушы:Асланбек. Бата береді.

Әлемнің бетін жарық ет,

Ұл қызды түгел білімді ет.

Келесі оқу жылына,

Аман есен түгел жет.

Меккедегі Мұхамбет

Түркістанда Қожа Ахмет

Осы айтқан тілеуімді

Құдай қаласа, қабыл ет.

Әмин!

Мұғалім:

-Міне балалар, біз тәрбие алатын «Атадан қалған асыл сөздер» көп екен. Әлі де оқып, біле береміз. Ең үлкен кісі – аталарың,әкелерің. Сол кісілерді тыңдап сыйлап өсіңдер.Өсиеттерін есте сақтаңдар.

-Сабақ соңы оқушылардың өздері дайындаған ән- күймен аяқталады.

Маңғыстау облысы,

Бейнеу ауданы,

Тәжен ауылы

«Тәжен мектеп –балабақша кешені» КММ

Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі

Мадешова Күләш Сәуірғалиқызы

Автор: admin | 10-01-2017, 09:51
Қарау саны: 47
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :