Жемістер » Қазақша білім сайты
Жарнама



Жемістер

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі «коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

 Қаралды: Бекітемін:

Бірлестік отырысы: Мектеп директоры:

Сабырова А.К. Кулиева Ж.Ш.

 Сайыс сабақ «Жемістер»

6«Г» және 6«Д»

Өткізетін: Жумашева Гүлбану

2016-2017 оқу жылы

"Жемістер"

Пәні: Биология
6 «Г», «Д» сынып.
Сайыс сабақ: "Жемістер"
Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, бүкіл тіршілік атаулыны, қоршаған ортаны, тірі табиғатты қорғауға баулу және патриоттық тәрбие беру.
Барысы:
Армысыздар, «Жемістер» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды - деп, сайысымыздың шартымен таныстыра өтейін.
I. Таныстыру.
II. Жоба қорғау
III. Жемістер терейік
IV. Адасқан әріптер
V. Жұмбақтар жарысады
VI. Кім өнерлі кезеңі
VII.Ассорти
I. Таныстыру. Сайысымыздың бірінші шарты таныстыруға кезек берсек.
II. Жоба қорғау Жемістер

 Құрғақ Шырынды

2 топ осы құрғақ және шырынды жемістердің бір түріне сипаттама береді

III. «Жемістер терейік» кезеңі. Бұл кезеңде тақтада ілініп тұрған әр түрлі жемістердің артында жасырылған сұрақтарға жауап береді.

1. Өсімдіктердің тұқымдары қандай жолдармен таралады?

2. Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктерді атаңдар

3. Жемістер нешеге бөлінеді?

4. Жапырақ деген не, ол қандай қызмет атқарады?

5. Өсімдіктердің тіршілігі үшін қажетті заттарды атаңдар?

6. Тозаңдану дегеніміз не?

7. Тамыр дегеніміз не?

8. Гүлдің бөлімдерін атаңдар?

9. Тік сабақты өсімдікті ата?

10.Кіндік тамыр қандай өсімдікке тән?

11.Гүл шоғыры дегеніміз не?

12.Құрғақ жемістер нешеге бөлінеді, және оларды ата?

IV. «Адасқан әріптер» кезеңі. Бұл кезеңде биология пәніне байланысты терминдерді құрастыру арқылы шешімін табу .

ЫҚБТАҚАЫРҚ – (Қырыққабат)

ҚАСМЫРСА – (Сарымсақ)

САБҒЫНҮК – (Күнбағыс)

АРТОП – (КАРТОП)

БІСЗА – (Сәбіз)

ИЯЗП – (Пияз)

ЙАДИБ – (Бидай)

ҚАДЛАҒЗЫҚ – (Қызғалдақ)

V. «Жұмбақтар жарысады» Бұл кезеңде оқушылар Жемістерге байланысты өздері дайындап келген жұмбақтар жасырады.Әр жауапқа 10 ұпай

VI. «Кім өнерлі» кезеңі

(тақтадан парақшаларды таңдап алып артындағы таппсырманың жауабын образға еніп,қимылмен көрсету керек)

1. Гүлдің солуын қимылмен көрсет

2. Судан шығып қалған балық

3. Таңертең ерте тұрған қораз даусын салу

4. Мысықтан қорқып қашқан тышқан

5. Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болу

6. Жылаған нәрестенің даусын салу.

7.Мысық баласының даусын салу.

8.Тұқымнан өніп шыққан өсімдікті көрсет.

VII.Ассорти

Бұл кезеңде оқушылар ( өздері дайындап келген) жеміс-жидектерден жасалған салатты таныстырады

VI. Қорытындылау.
Құрметті оқушылар! осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Биік-биік асулардан көрініп, тек жетістіктерге жете берулеріңе тілек білдіреміз. Қорытынды сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Әділқазылар алқасы жеңімпаз сыныпты анықтап, қорытынды шығарады. Қош сау болыңыздар!

Ілмек сөздер: Жемістер, жеміс, жеміс
Автор: dauke | 11-01-2017, 22:11
Қарау саны: 35
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :