» » ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ - ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ - ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ - ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ».

Оспанова Толқын Қуанышызы

Абай ауданының білім бөлімі

«№ 14 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Абай ауданы, Абай қаласы, Қарағанды облысы, Қазақстан

 

«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес,

ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»

Ж.Аймауытов

Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты стратегиясы - білім мемлекеттің интеллектуалдық және рухани ресурстарының көзі адамзат капиталының сапасын арттыру. Осыған орай, білім беру жүйесінде жасалынып жатқан реформалар орта білім деңгейін жаңашыл бастамаға бағыттайды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін–білім » делінген.

Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу, оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі. Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалана отырып, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны тәрбиелеу.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, өз іс – әрекетіне лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:

1. Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу.

2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.

3. Проблеманы шеше білу.

4. Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.

Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:

1. Әдіс түрлері.

2. Белсенді практикалық іс — әрекетте болуы

3. Басқалармен қарым — қатынас жасай білу, қорғай білу.

4. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.

5. Топтық тұжырымға келе білу.

6. Топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу.

Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Бала бойындағы қажеттілікті тудыру үшін бірінші міндет үш тілді меңгертіп үйрету керек. Қазақстанда білім саласында қазақ, орыс, ағылшын тілдері оқу тілі ретінде және пән ретінде де қолданылады.

Мақал-мәтелдерді үш тілде үйрену адамның ой-өрісі мен сөйлеу мәдениетінің көркемдік дәрежесін арттыруға көмектеседі, тілін байытып, ақыл-ой деңгейін кеңейтіп жүйеге түсіреді. Біздер үш тілде мақал-мәтелдерді қызығып, зор ынтамен жаттап үйренеміз.

Мақал-мәтелдерді үйрену барысында сабақта «Ғажайып қоржын» ойынын ұйымдастыруға болады. Қоржынға салынған асықтар нөмірленіп, билеттер жасалынады да, қолға іліккен нөмірге билет бойынша жауап қайтарылады.

1.A good name is better than riches – Доброе слова лучше богатства – Жақсы сөз – жарым ырыс.

2.East or west home is best – В гостях хорошо, дома лучше - Өз үйім өлең төсегім.

Мақалдарды бірнеше тілде білу сабақ барысында өзімізге де пайдалы.

Олар да түрлі тарихи жағдайда құрылған, бірақ сонда да халықтың арманын, мақсатын көрсетеді. Белгілі бір ойдың әр түрлі халықтардың, яғни әр түрлі тілдегі қалай айтылатындығын есту қызықты. Сондықтан қандай тілде болсын мақал-мәтелдерді оқып, үйрену керек. Өйткені тіл өзгерсе де, сөз өзгерсе де мақалдың түпкі мағынасы, айтайын деген ойы өзгермейді.

Бірақ ең алдымен өз тілі әркім өз халқының рухани байлығын білу керек. Бұл мақалдарды ағылшын тілінде ғана емес, қазақ, орыс тілі пәндерінде көптеген құрал ретінде пайдалануға болады.

Тақырып бойынша өзіміздің сөздік қорымызды кеңейту мақсатында лексикалық тақырыптар, материалдар қолдану арқылы: мысалы жаңа сөздермен таныстыру, үш тілде аудармасын үйрену, мысалдар келтіру .

Kazakhstan

English

Kazakh

Russian

Country

Ел

Страна

Capital

Астана

Столица

Language

Тіл

Язык

Rivers

өзендер

Реки

Lakes

Көлдер

Озера

National anthem

Ұлттық гимн

Гимн

State emblem

Ұлттық елтаңба

Герб

Independent

Тәуелсіз

Независимость

Climate

климат

климат

Лексикалық тақырып: Астана-Astana-Астана

Астана жайлы не білесіз, кестені толтырып, үш тілде айтып беріңіз.

What do you know about Astana? Complete the chart and speak about Astana in three language

Theme

Тақырып

Тема

1

Culture

Мәдениеті

--------------------

2

Places of interest

Қызықты жерлер

-----------------------

3

tradition

Дәстүрі

------------------------

4

cities

Ірі қала

--------------------------

Тіл байлығымызды арттыру мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізудің ерекшелігі зор. Мәтіндегі сөйлемдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен орыс тіліне аудару, сөздердің үш тілде аудармасын табу арқылы оқушыға сол мәтінді толық меңгертуге болады. Соның нәтижесінде бала үш тілді қатар меңгере алады.

Мәтінмен жұмыс

Тапсырма шарты:

1.орыс, ағылшын тілінде берілген мәтінді қазақ тіліне аудару

2.қазақ тіліндегі мәтінді орыс тіліне аудару

3.мәтіннен етістіктерді табу, оларды өткен шақтағы формаға қою

4.Мәтінді таңдаған тілінде мазмұндап беру.

Үш тілді оқушыға меңгерту кезінде ойын түріндегі жұмыстарды пайдаланудың маңызы зор. Қазақ тілі сабағы үстіндегі ұйымдастырылған ойын түріндегі жұмыстар қолайлы жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

Мысалы «Полиглот» ойыны. Жасырылған сөздерді тауып ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде аудармасын айтуға болады.

The game«Polyglot» find the missing words and say them in Russian and Kazakh.

1.The----------of the country is Astana. (сapital - астана-столица)

2.Kazakh is the state ---------of the country.( language-тіл-язык)

3.The -------of the country is strongly continental. (сlimate-климат-климат)

Ойынды доппен өткізуге болады. Допты кез келген ойыншыға лақтыруға болады. Ойынды бастаушы өткен лексика бойынша сөздерді атай бастайды, ал оқушылар сол сөздердің аудармасын үш тілде айтулары керек. Мысалы: 5 спорттың түрі, 5 мамандықтың түрі, 5 оқу құралдары, 5 жануарлардың аттары.

Енді осы ойынды сіздермен ойнап көрейік. Тапсырма: мақалды аяқтап, орысша, ағылшынша баламаларын табыңыздар.

1.Ас атасы - ... (нан, ....... , ........... )

2.Өнер алды - қызыл ... (тіл, .........., ............ )

3.Отан - ... басталады. (отбасы, ............., ............... )

4.Сабыр түбі сары … (алтын, .................., ................ )

5.Баланың бас ұстазы - … (ата-ана, ................., ............... )

6.Отырған … орын табар (қыз, .............., ................. )

7.Сөз тапқанға қолқа … (жоқ, ..........., ........... )

8.… көпті жау алмас. (дос, .............., ................... )

9.Таумен тасты … бұзар (су, ............, .................)

10.Кітап - ғалым, тілсіз … (мұғалім, ................., ................ )

Белсенділікті арттыруда «Сөзді тап» ойынын алуға болады.

Әр топқа қазақ, орыс, ағылшын тілінде сөз беріледі. Берілген сөзді пайдаланып бірнеше сөз құрастыру.

1.Қарапайымдылық (қазақ тілінде)

2.Самообразование (орыс тілінде)

3.Classroom (ағылшын тілінде)

Осындай шығармашылық жаттығулар пайдалану және топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың салыстыру дағдысы қалыптасады, жүйелі сөйлеуге дағдыланады, қазақ тілін білумен қатар орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылығы оянады.

Үш тілде оқып үйренудің нәтижесінде қабілетті оқушы ретінде неге қол жеткіземіз?

1. Үш тілде әңгімелер құрастыра алады;

2. Өз бетінше әңгімелер, рефераттар жаза алады;

3. Пәнге деген қызығушылығы артады;

4. Өз бетімен білім алуына мүмкіндік беріледі;

5. Қиын грамматиканы оңай, әрі қызықты етіп түсінуге болады;

6. Оқуға белсенділігі арта түсті;

7. Материалды оңай меңгеруге түрткі болады;

8. Сыныптастарымен бірігіп жұмыс жасауға мүмкіндік туады;

9. Ағылшын, орыс, қазақ тілдерінің өмірге керек екеніне көзі жетеді;

10.Үш тілде жазуға, сөйлеуге, ізденуге, қызығуға үйренеді.

Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы — заман талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр.

Бүгінгі жас ұрпақты елдің экононмикасын өркендететін, білім алуда өз бетінше әрекет ете алатын, қоршаған ортасын құрметтейтін тұлға етіп қалыптасыру болашақтың талабы болып отыр. Сондықтан да білім берудегі бүгінгі бетбұрыстың үлкен мәні бар. Олай болса, жаңарған Қазақстанға–жаңаша білім беру үрдісін жетілдіретін, қиындығы мен қызығы мол жұмыста барша қазақстандық ұстаздарға табыстар тілеймін!

 

Әдебиеттер тізімі

1. Верещагина И.Н.,Рогова Г.В. «Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учрежденях.»

2. «Білім туралы» Заңы.2007ж

3. «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі: сыни ойлау оқыту үрдісінде»

4. «ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ

Автор: dauke | 14-01-2017, 19:23
Қарау саны: 2786
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :