» » Информатика - еліне саяхат


Информатика - еліне саяхат

Тақырыбы:«Информатика - еліне саяхат»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Информатика пәні бойынша алған білімдерін практика жүзінде көрсету

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, компьютерлік сауаттылыққа, ізденпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың типі:ойын түрінде

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:интерактивті тақта, компьютер, оқулық, шар айна.

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру

1.Презентация (Үй тапсырмасы)

2.«Бәйге»

3.«Ғажайып алаң»

4.«Кім жылдам?» (практикалық жұмыс)

І. Презентация (үй тапсырмасы)

Презентация тақырыптары:

1.Дербес компьютер

2.Excelпрограммасы және оның ерекшеліктері

3.Вирустар және антивирустар

ІІ. Бәйге:

1. Құрылғылар тақырыбы бойынша 10,20,30,40 ұпайларды таңдап олардың астындағы сұрақтарға жауап береді.

Информатика - еліне саяхат

10 ұпай –Файл түрінде берілген мәліметтерді магниттік тәсілмен жазып алатын құрылғы (диск)

20 ұпай –Электрондық аспаппен орындалатын, программамен басқару арқылы информацияны автоматты түрде түрлендіруге арналған құрылғы (дербес компьютер)

30 ұпай –Ұзақ уақыт сақтауға арналған ауыстырмалы тасымалдаушылар қалай аталады? (сыртқы жад)

40 ұпай - Адамға барлық құрылғыларды басқару мүмкіншілігін беріп, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен және қолданбалы программалармен байланыс жасаудан босататын, адам жұмысын жеңілдетуге бағытталған ең негізгі компьютердің программалық құрылғысы? (операциялық жүйе)

1. Программалар тақырыбы бойынша 10,20,30,40 ұпайларды таңдап олардың астындағы сұрақтарға жауап береді.

Информатика - еліне саяхат

10 ұпай –Аппараттық жабдықтамалар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстыратын жүйе? (жүйелі программа)

 

20 ұпай –Жүйелі программа түрлерін атаңыз? (операциялық, сервистік, утилитер)

30 ұпай –Жоспарлы экономикалық есептік статистикалық ғылыми – техникалық және басқа да міндеттердің біраз ауқымын шешуге арналған , қолданылуы қарапайым электронды кестелерді өңдеу, мәтіндік және графикалық ақпараттарды жүйелі түрде ұсынылатын программа (Microsoft Excel)

40 ұпай - Жеке пайдаланушыларға өзінің информациялық материалдары бар файлдар архивіне қатынас құруды жүзеге асыра алатын программалар жиыны? (файлдық сервер)

1. Мәліметтер базасы тақырыбы бойынша 10,20,30,40 ұпайларды таңдап олардың астындағы сұрақтарға жауап береді.

Информатика - еліне саяхат

10 ұпай – Мағлұматтар мәлімттер базасында сақталатын ақпараттық жүйенің элементтері аталады? (объект)

20 ұпай – Бірнеше жазбалар үшін мәні қайталанатын атрибут, ең алдымен, екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданады.

(екінші реттегі кілт)

30 ұпай – Объектілердің бұл категориялары программалау жолымен жаңа функцияларды жасау үшін де, мәліметтер базасын басқару жүйесімен жұмыс істегенде де қайталанатын операцияларды автоматтандыруға арналған құрылғы. (Макростар мен модульдер)

40 ұпай - Мәліметтер базасын басқару жүйесінің негізгі 4 қарапайым операциясын атаңыз?

·Кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу

·Кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою

·Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту

·Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу

ІІІ. «Ғажайып алаң»

Сұрақ:

Мәліметтер базасына, программаға немесе мәліметтер жүйесіне енуге тосқауыл қоятын программа, мәлімметер базасындағы кестелермен жұмыс істеу кезінде берілген критериймен анықталатын мәліметтерді ғана экранға шығаратын құрылғы?

Жауабы: Фильтр

ІV. Кім жылдам? (капитандар сайысы)

Берілген кестеден диаграмма құру

Қазақстан халқының ұлттық құрамы

 

2010

2013

2013

2014

2015

Қазақтар

57,1

38

30

32,6

36

Орыстар, ураиндар, белорустар

33,1

51,5

52,1

51,1

48,1

Басқаұлттар

9,9

10,5

17,9

16,3

15,9

Информатика - еліне саяхат

 Марапаттау: Жүлделі орын алған оқушыларды дипломдармен марапаттау.

Автор: dauke | 20-01-2017, 22:04
Қарау саны: 953
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :