» » Ядролық реакциялар. Жасанды радиактивтік


Ядролық реакциялар. Жасанды радиактивтік

Физика пәнінің мұғалімі: Келес Г.

Сыныбы 11

Мерзімі: 18.01.17

Сабақтың тақырыбы

§8.7 Ядролық реакциялар. Жасанды радиактивтік

Мақсаты

Ø Ядролық реакция ұғымының мағынасын түсіну.
Оқушылар өздерінің қабілеттеріне сенімді болуға, ой еңбегінің мәдениетіне, өзін-өзі ұстай білу мәдениетіне, ұжымда жұмыс істей білуге тәрбиелеу

Күтілетін нәтижелер

А) Ядролық реакцияның жүру тәртібін және оның түрлерін түсіну;

В) Ядролық реакцияның негізгі ерекшеліктерін сипаттайды мысалдар келтіреді, тәжірибеде қолдана алады.

С) Ядролық реакцияларды өмірде кездесетін жағдайларына мысалдар келтіріп, қолданылуына қарай маңызын талдап саралайды .

Керекті жабдықтар

11 сынып физика оқулығы, әдістемелік нұсқаулық, есептер жинағы, жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар, бағалау критерийі, видеоролик, презентация.

Қолданылатын әдістер

«Серпілген сауал» , «Ойлан,жұптас, бірік», Миға шабуыл, деңгейлік тапсырмалар, Оқуды және оқыту үшін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек, бағдаршам.

Жұмыс түрі

Топтық, жеке жұмыс

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
б) оқушыларды түгелдеу, «Бүгінгі ақпарат» парақшасын тарату
в) психологиялық дайындық
-Бірде Эйнштейн жолдастарының үйінде қонақта отырғанында 18 жасар қызбен танысты. «Сіздің мамандығыңыз қандай?»- деп сұрады ақ шашты ғалымнан ол қыз. «Мен өз өмірімді физиканы зерттеуге жұмсадым», — деп жауап берді Эйнштейн. «Сіз осы жасыңызда әлі де физиканы оқисыз ба?- Мен оны бұдан бір жыл бұрын- ақ бітіргенмін» деді бикеш. Физикамен қоштасуға болмайды. Қадам бассаң техниканың әрбір жетістігі, микродүние, макродүние, тіпті мегадүниедегі тылсым, жұмбақ құбылыстардың ашылуы физика ғылымының ҒТП -дегі ролінің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Қазіргі 21 ғасыр — ақпарат ғасыры. Бұл ғасырда Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауындағы «Өмір бойы білім алу керек» қағидасы әрбірімізге жол сілтейтін қағида болу керек. Сондықтан білім алу жолында «Талап пен еңбек, бәрін де жеңбек » деген қанатты сөзбен сабағымызды бастаймыз.
с) сыныпты топқа бөлу.Химиялық элементтердің изотоптары арқылы топқа бөлу. Топтар атауы: 1. Протон, 2. Нейтрон, 3. Электрон.

 

 

Үй тапсырмасын тексеру. «Серпілген сауал» әдісі арқылы тексеру.

1. Химиялық элементтің ядросының белгіленуі?

2. Изотоп дегеніміз не?

3. Изобара дегеніміз не?

4. Радиоактивтік дегеніміз қандай құбылыс?

5. Радиоактивтік ыдырау заңы қай ғалымдар ашты?

6. α - ыдыау формуласы

7. β -ыдырау формуласы

8. Электрон қалай белгіленеді?

Заряды қандай? Массасы нешеге тең?

9. Протон қалай белгіленеді?

Заряды қандай? Массасы нешеге тең?

10. Нейтрон қалай белгіленеді?

Заряды қандай? Массасы нешеге тең?

11. Массалық сан дегеніміз не? Қалай белгіленеді, формуласы қандай?

12. Нуклон дегеніміз не ?

1.

-мұғаліммен сәлемдеседі;

- кезекшілік қызметін атқарады;

- сабаққа зер салады.

 

 

 

 

 

 

Өздері таңдаған химиялық элементтің изотоптары бойынша топқа бөлінеді.

 

 

 

 

Оқушылар экранға назар аударып, қойылған сұраққа топпен жауап береді.

 

 

Тұсау кесер

«Ой қозғау». Экраннан суреттер көрсетіп, тақырыпты ашу мақсатында атомның құрылысы көрсетіледі.

Жаңа сабақ. « Ойлан, жұптас, бірік» әдісі. Постер қорғау

Ядролық реакциялар деп атом ядросының басқа ядромен, элементар бөлшектер және γ- кванттарымен өзара әсерелсуі кезінде болатын түрленулерді айтамыз. Ядролық реакцияның жазылуы:

a+A→B+b немесе A(a,b)B

A- бастапқы ядро

а- атқылаушы бөлшек

В- туынды ядро

b- ядродан бөлінетін бөлшек

Радиоактивтілік табиғи және жасанды болып бөлінеді.Табиғи радиоактивтіліктабиғатта кездесетін тұрақсыз изотоптарда байқалады.Жасанды радиоактивтілікядролық реакциялардың нәтижесінде алынған радиоактивті изотоптарда байқалады.

Радиоактивтілік құбылыстардың келесі түрлері кездеседі:

1. α – ыдырау;

2. β – ыдырау;

3. ядролардың γ – сәулелер шығаруы;

4. ауыр ядролардың спонтанды (өз-бетімен) ыдырауы;

5. протондық радиоактивтілік.

α – ыдырау 2Не4 ядросынан тұрады;

β – ыдырау -1е0 электрондар ағынынан тұрады

Ядролық реакцияның энергетикалық шығуы:

∆ E= E01 – E02 немесе

∆ E= [(Mя1я2)- (Мя3я4)] с2

Бөлшектер мен ядролардың реакцияға түскенге дейінгі және реакциядан кейінгі тыныштық энергияларының айырымын ядролық реакцияның энергетикалық шығуы деп атайды.

Егер Е>0 болса, онда реакцияда энергия бөлінеді, тыныштық энергияның есебінен реакция өнімдерінің кинетикалық энергиясы артады. Мұндай реакция экзотермалық деп аталады.

Егер Е<0 болса, онда реакция кезінде энергия жұтылады, кинетикалық энергияның кемуі есебінен жүйенің тыныштық энергиясы артады. Осындай реакция эндотермалық деп аталады.

Мына есептердің шығарылуына назар аудару:

1. ? +42He →3014Si +11p

2713Al +42He →3014Si +11p

  1. Ядроқ реакцияның энергетикалық шығуын анықтау бойынша есеп шығарайық.
    147N +42He →178O +11H Азот атомының массасы 14,003074 м.а.б., оттегінің атомы 16,999133м.а.б., гелийдің атомы 4,002603 м.а.б., сутегінің атомы 1,007825 м.а.б.
    Экранда есептелуі, шешуі көрсетіледі.

 

 

 

Оқушылар топпен пікірлесіп, ақылдасып

Постер жасайды.

 

«Екі жұлдыз, бір тілек» әр топ өздеріне қай топтың постері ұнайды соған жұлдыз жапсырып тілек айтады.

Негізгі бөлім

  1. Есептер шығару. Деңгейлік тапсырма

Жоғары деңгей.

1. № 8.7.4 Жауабы: 2,37

 МэВ

2. Суретте атомның энергетикалық деңгеінің диаграммасы берілген. Мына өтулердің қайсысы жұтылудың ең аз жиілігіне сәйкес келеді?



Жауабы: 4.

Орташа деңгей.

1. № 8.7.1. Жауабы: а) 10n, ә) 3819K, б) 42He, 105B, в) 94Be, 126C

2. Суретте төрт атомның схемасы берілген. Қара нүктелермен электрон бейнеленген. атомына қай схема сәйкес келеді?Ядролық реакциялар. Жасанды радиактивтік

Төменгі деңгей.

Физикалық диктант

1. Атом ядросының басқа ядромен, элементар бөлшектер және γ - кванттармен өзара әсерлесуі кезінде болатын түрленулер ..... ...... деп аталады.

2. Бөлшектер мен ядролардың реакцияға түскенге дейінгі және реакциядан кейінгі тыныштық энергияларының айырымын ...... ....... ....... ......... деп атайды.

3. Ядролық реакция кезіндегі кинетикалық энергиялардың өзгеруі реакцияға қатысқан бөлшектер мен ядролардың тыныштық энергияларының өзгерісіне тең. Мұндай реакция ........ деп аталады.

4. Егер ∆Е <0 болса, онда реакция кезінде энергия жұтылады,

Кинетикалық энергияның кемуі есебінен жүйенің тыныштық энергиясы артады. Осындай реакция ......... деп аталады.

Жауабы:

1. ядролық реакциялар

2. ядролық реакцияның энергетикалық шығуы

3. экзотермалық

4. эндотермалық

Әрбір оқушы өзіне берілген есепті шешеді, түсінбегендерін топпен талқылайды.

Әр топ өзара бір бірінің жұмысына баға беріп отырады.

Формативті бағалау жүргізіледі.

Топтағы әр оқушы есепті шығарады.

 

Әр топтан жоғары деңгейлі оқушы сұраққа жауап береді, ал төмен деңгейлі оқушылар физикалық диктант жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Теориялық тест.

 

Бағалау. (бағалау парағын жинап алып бағалаймын)


Үйге тапсырма: § 8.7. оқу

Есеп:8.7.2, 8.7.5

Рефлекция.

Сабақ соңындағы көңіл- күйлерің қалай? Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Ұнаса басбармақтарыңды жоғары қаратыңдар, ұнамаса төмен қаратыңдар.

Тест тапсырмасын орындайды.

Формативті бағалау

Бағдаршам арқылы

 

Үй тапсырмасын жазып алады.

 

Оқушылар өз таңдауларын жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Мазмұны

Максималды баға

Топтың өзін-өзі бағалауы

Оқушының өзін-өзі бағалауы

Мұғалімнің бағалауы

1

Серпілген сауалдар

5

 

 

 

2

Топпен жұмыс жасау

Постер қорғау

5

 

 

 

3

Деңгейлік тапсырма

5

 

 

 

4

Теориялық тест

5

 

 

 

Автор: dauke | 29-01-2017, 16:49
Қарау саны: 2236
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :