» » Менің сүйікті ісім


Менің сүйікті ісім

Атырау обылысы Мақат ауданы Доссор поселкесі

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектебі : Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің

Мұғалімі: Оразова Назымгул Калыбаевна

Тақырып: Менің сүйікті ісім

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер:_еңбексүйгіштік, табандылық, төзімділік

Сынып 3 Оқушылар саны_______

 

Сабақ мақсаты:

Балаларға еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсіндіре отырып ,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақ міндеттері:

Білімділігі:Сүйікті ісі туралы түсініктерін қалыптастыру

Дамытушылығы:Еңбек ету іскерліктерін дамыту

Тәрбиелілігі: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Ресурстар: нақыл сөз, А4 ақ ақағазы, маркер, оқулық, , видеокассета, ән мәтіні

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)

5Тережесін сақтау

2.Тыныштық сәтi. (2 мин)

Су астына саяхат

3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)

«Кім немен ойнайды» өлеңін жаттап келу,өз сүйікті істеріңді суретпен салып келу

-Сүйікті іс дегенді қалай түсінесіңдер?

-Сендердің сүйікті істерің бар ма?

-Сүйікті іспен шұғылдану өздеріңе не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (5 мин)

«Сүйіп істеген іс шаршатпайды»

-Оқушыларға қайта-қайта оқыту.

-Нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

 

5.Мұғалім сыйы (10 мин)

«Құмырсқаның еңбегі» мултьфильмін көрсету

-Фильмнен нені ұқтыңдар?

-Құмырсқалар қалай еңбектенеді екен?

-Олар өз істерін сүйіп жасай ма?

 

6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (10 мин)

Дәйексөздің айтылуына мән беріп,сол туралы өз пікірлерін айтады

1 топ

«Ерекше ісістесең,ел таңырқайды»

2топ

«Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді»

3топ

«Әрбір істі жақсы істеу үшін оны жақсы көру қажет»

Қортындылау:Сүйікті ісіңді сүіп істесең ешқашан шаршатпайды.Сол істі сүйгенің соншалықты,тіпті денең сергіп демалып қаласың. Сондықтан да сүйікті іс өзіңе де, өзгеге де пайда келтіреді.

 

 

7.Топпен ән айту. (4 мин)

«Еңбекшіл бала»

 

8.Үй тапсырмасы. (1 мин)

«Менің жарқын болашағым» тақырыбында сурет салып келу

 

9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

 

 

 

Автор: dauke | 29-01-2017, 17:56
Қарау саны: 1953
    
Жарнама

Пікірлер -
2


Emilionef - 10 ақпан 2017 04:51
Надеюсь я дам вам полезную информацию
-----

ремонт кузова автомобиля

Қолданушы offline GregoryJinue - 22 ақпан 2017 10:30
Опять глюк
-----
windows 7 activator

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :